Екі топтың балаларында да үн жоқ.
-
Апай, бұлар
бәрімізге жамандық жасап отыр.
Сабыр күйіп кетті. Бұлар бүкіл топтың намысын қорғап
отырса, Күләштің мынасы несі?
-
-
Бұлардікі жамандық емес, қастандық.
Мақсат шоршып түсті:
-
Қастандық! Мүмкін, одан да сорақы бірдеңе шығар?
Серік пен Еркіннің көздері жыпылықтай бастады.
Біз ешкімге жамандық ойлаған жоқпыз.
-
Бар болғаны аттарын жыққанбыз.
Сара апай енді өз шәкірттеріне шүйлікті:
-
Күләш
дұрыс айтады. Сендер ештеңе түсіндіңдер ме өзі
?
Анар апай Сабыр мен Мақсатқа бұрылды:
-
Сендер ше? Бір нәрсе ұқтыңдар ма, жоқ па?
Әбден
намыс буып алған төртеуі ондай терең сөзді
ұғарлық
халде емес еді.
-
Анар Баетқызы, осыны түсінуді өздеріңе қалдырсақ кайтеді? Ойлансын, —
деді Сара апай.
-
-
Сөйтсек, сөйтейік, Сара Жомартқызы. Ал қазір Сабыр мен Мақсаттың бүлдіргендерін
бәріміз жабылып ретке келтірейік, —
деді Анар апай.
-
Сөйтеміз бе, мейлі, ендеше.
Екі апайдың
келісімге келе кетуі Сабырға ұнаған жоқ:
-
Неге? Олар шашқанда, біз өзіміз жинағанбыз. Жинасын өздері.
Мақсат оңай көнді:
-
Сабыр, жүр жинаймыз.
Сабырды енді кім тыңдасын, екі топтың балалары шәк
-
шәлекейі шыққан алаңқайды ретке
келтіруге кірісіп кетті.
Сабыр шеттеп қала берген, сол сәт Күләш жүгіріп келіп, қолынан тартты:
-
Жүр, Сабыр, жалғыз қалған жақсы емес.
-
Бара бер, жинаңдар Серік пен Еркіннің алаңқайын!
-
Алаңқай солардікі ме екен?
-
Енді кімдікі?
-
Бәріміздікі.
-
Айтасың. Біздің өз алаңқайымыз бар.
-
Біздің де, аналардың да алаңқайы —
балабақшанікі.
-
Ал балабақша кімдікі?
-
Біздікі.
-145-
Достарыңызбен бөлісу: