ШАҒын жинақталған бастауыш мектептің КӨкейкесті мәселелері тлеуқұл Ә. С



Дата23.08.2017
өлшемі94,66 Kb.
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тлеуқұл Ә.С.

Тараз мемлекеттік педагогика институты, Тараз қаласы

bina.bazi@mail.ru

Ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Сарыбекова Қ.Н.


Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында шағын комплектілі мектеп - оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып-комплектісі бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетіледі [1,6].

Республика шағын комплектілі мектептің үш типі бар:

Біріншісі — бастауыш шағын комплектілі мектеп;

Екіншісі — негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;

Үшіншісі — жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп.

Олардың бәріне тән қасиеттер:



  • тек біріктірілген сынып комплектінің болуы (бұл бастауыш шағынкомплектілі мектепте басым),

  • тек біріктірілген сынып комплектінің және бала саны аз және
    сыныптардың болуы;

  • тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы (бұл негізгі және орта
    шағын комплектілі мектепте басым).

Шағын комплектілі мектеп — қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттармен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.

Шағын комплектілі мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде білім беруді реформалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат болар еді.

Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін мұндай мектептер барынша мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға қарамастан, бұл типтердегі мектептерде оқу-тәрбиепроцесін ұйымдастыруда кейбір қолайлы жағдайлар бар екендігін естен шығармауымыз керек. Олар:

1. Ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық


ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының үй-жағдай, ата-
анасының тәрбие мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби
мамандықтарына дейін білуге мүмкіндік бар. Бұл жағдай оқушының
дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып жоспарлауға мүмкіндік береді.

2. Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығына бағытталған


сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туғызады.

  1. Оқу материалын толық меңгеру - оқушылар үшін өте күрделі
    үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшелігін
    нақтылы ескере отырып, оқу ісін жақсартуға арналған мүмкіндіктерді
    пайдалануға болады.

  2. Шағын комплектілі мектептерді оқушылардың өз бетімен көбірек
    жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана
    отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге,
    қорытынды жасай білу дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін үнемі есте
    ұстау керек. Үй тапсырмаларын оқушының білім дәрежесі мен қабілетін
    ескере отырып, даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн[2,3].

  1. Сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқу
    материалын меңгеруін, білім санасын, дағды біліктерін және танымдылық
    белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті.

  2. Практикалық, лабораториялық және экскурсия сабақтарында
    оқушыларды түгелдей қамтып, жұмыс жүргізуге сыныпта балалардың
    аздығы қолайлы жағдай туғызады.

7. 0қушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. Өйткені олардың ата-аналары ауылдағы мамандық иелері. Ал, оқушылар болса жастайынан еңбекке араласады.

8. Шағын комплектілі ауыл мектептері оқушылардың бойына табиғатты қорғау, оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар [2,3].

Шағын жинақталған мектептерде сынып комплектілері шектеулі болғандықтан ондағы оқушылардың саны азаюына байланысты /негізгі орта мектептерде/ қазір 5-7 мұғалім еңбек етеді. Ал штаттық жұмыс орнының кестесі негізгі орта мектепте сыныптан тыс тәрбие ісін ұйымдастырушыны, кітапханашыны, шаруашылық жұмысты меңгерушіні көздемейді. Бұл функциялардың барлығын директор, не мұғалім орындағандықтан олардың қызметтері сөзсіз күрделенеді. Мұндай жағдайда ауыл мұғалімі өз жұмысының нәтижелілігін арттыру үшін бүкіл оқу - тәрбие процесіне ықпал ететін факторларды ескеріп, оларды барынша тиімді пайдалануға тиіс. Сондай факторлардың бірі – ауыл оқушыларының алуан түрлі танымдылығы мол өнімді еңбектерге ертеден қатыса алуы. Егер олар ұйымдастырылса балалар да қажетті кәсіптік іскерлікке тәрбиелеу мүмкіншілігі барынша өрістейді. Ауылды жерде оқушылар әртүрлі жерде өнімді еңбектерге тартылады: төрт түлік малды күту, әр жақты қолөнер іскерлігін меңгеру, жеміс, дән-дақыл өсіру, табиғатты қорғау істері, т.с.с. және де бұл еңбек түрлерінің жыл мерзімімен, жердің территориялық ауа-райының ерекшелігіне сәйкес өзгермелілігі балалардың үлкендердің көмегімен еңбектің әр саласына сапалы дайындық алуларына мүмкіндік береді. Қазақтың қолөнерінде пайдаланылатын табиғи материалдардың физикалық, химиялық қасиетерімен таныстыру жұмысын ауыл мұғалімі әр сабақта іске асырып, ауыл шаруашылық өнімдерін шығару технологиясындағы ғылым заңдарының пайдаланылуын көрсете алса, мұның өзі оқушылардың әр жақты терең политехникалық, дайындық, кәсіптік білім алуларына, еңбек қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Себебі, ауылды жердегі еңбектің бәрі өнімді еңбек және сан алуан болғандықтан, ол дұрыс ұйымдастырылған уақытта, балаларға сапалы еңбек пен кәсіптік тәрбие беруге болады. Бұл ауыл аймағының өзіне тән факторын пайдалану ұстаздан арнаулы дайындықты керек етеді.

Келесі, оқу-тәрбие жұмысының тұтас жүйесінде балаларды еңбек пен кәсіби бағытта баулуда тиімді пайдалануға болатын фактор - балалардың ауыл шаруашылық еңбек пен өндіріс технологиясы бойынша өзіндік тәжірибелерінің болуы. Оның негізгі бір себебі-балалар, жастайынан үлкендерге көмекшілікті /еңбек дәстүрімен/ үздіксіз жасауға тартылады және өнімді еңбекке жиі қатысулармен кәсіпкерлікке тән дағдылары, іскерліктері ертеден қалыптасады. Осыған тағы да бір ықпал етуші фактор-маусым мен ауылдағы жүргізілетін дәстүрлі қыруар көлемді жұмыстарды бүкіл ауыл болып, үлкен - кіші түгелдей қатысуымен /үй көтеру, төл алу, егін салу, жайлауға шығу, шөп шабу, т.б./ жұмыстарды уақытында іске асыру болып табылады. Осындай ұжымдық өнімді істерге ұдайы ат салысуымен де балалар өзіндік деңгейде кәсіпкерлік тәжірибе алады.

Ауыл мектебінің жұмысына шешуші әсер ететін фактор - ол ата - ананың, ұлтымыздың әдет-ғұрпы, кәсіптік еңбек дәстүрлері, мәдениеті. Олай болатыны, көне заманнан бері жас ұрпақтың бойында еңбек пен кәсіп дағдылар негізінде халықтың еңбек дәстүрімен және отбасының кәсіби үлгісімен қалыптасқан[3,58]. Негізінде, отбасындағы еңбектің көпшілік түрлері - өнімді еңбек болып келеді. Ал ондай еңбектің баланы жан-жақты тәрбиелеуде орасан зор маңызы бар екені педагогика ғылымы мен тәжірибеде жеткілікті дәлелденген. Жасөспірімдер күнделікті өмірде үлкендерге көмектесу кезінде көп тәжірибе алады, өздерінің жеке басына тән іскерлігін қалыптастырады, кәсіпке қызығушылығын дамытады.

Мектепте бастауыштағыдай 5-9 сыныптар бойынша да қосып оқыту қолданылады. Қосып оқытуда маңыздысы – сабақ кестесін ыңғайлы жасау. Көбінесе алғашқы, соңғы сабақтарды ретіне қарай қоймай жекеленген пәндерді дара оқыту қолайлы. Мұндағы ескертетеін бір нәрсе – қосып оқытатын сыныптардағы кейбір пәндердің сәйкес келмеуі. Ондайда 15 пайыздық өзгеріс енгізу құқықты пайдаланып, оқылмай қалатын пән есебінен, не болмаса үйірме, факультет есебінен сағат қосу арқылы мектеп ұжымы тығырықтан шығады. Ал, дене тәрбиесі, еңбек сабақтарында алғашқы әңгімелер мен соңғы қорытынды бөлігі бірге жүргізіліп, сабақтың негізгі бөлігі алма кезек жеке өткізіледі.

Бірнеше пәннен сабақты бір мұғалімнің оқытуы мұғалімнің шеберлігін, білімдігін, төзімділігін талап етеді, көп іздену, үлкен дайындық, еңбекқорлық қажет. Негізінде қосып оқытудағы жақсы жетістік деп, қосылып оқыған сыныптардың бағдарламаларды жеке оқыған сыныптар тәрізді жеткілікті меңгерулерін айтамыз.

Мұғалімнің қосылып оқыған сыныптарда ауысып отыруы оқушыларды сергітеді және мұғалімге де жұмыс істеу жеңіл соғады.

Қосып оқыту, тәжірибелерге қарағанда, жоғарғы сыныптарда өте қиын, әсіресе математика, физика және химия, тіл сабақтары мұғалімге қиыншылық туғызады. Көбірек түсіндіру керек болғанда мұғалім нені түсіндіру, қалай түсіндіру керек екенін күнделікті тезис ретінде дайындап алып, оқушыларға тоқ етерін айтып, өздігінен жол ашуы керек. Уақытты үнемдеу үшін сабақ сұрау әдістемесін ықшамдау шарт /тест, үлестірмелі қағаз, сабақтан тыс жеке жазба жұмыстар орындату, тараулар бойынша сынақтар өткізу, т.с.с/ .

Бағдарламада қосып оқыту үшін арнайы сағат берілмеген, сондықтан бір сыныпты оқытсаң да, төрт сыныпты қосып оқытсаң да бірдей талап қойылады - 45 минутта тиісті білім берілуі қажет.

Тәжірибелі ұстаздар қосып оқыту барысында бағдарламаны дәлірек орындау үшін мынадай тәсілді қолданады. Сыныптың бүгінгі сабаққа дайындығы анықталған соң, бір сыныппен мұғалім жұмыс жасағанда, екінші сыныпта оқушылар топқа бөлініп, мұғалім нұсқауына сәйкес жұмыс жасайды. Әр топ өзінше жетекші оқушы болады. Ол мұғалім нұсқауымен жанындағы оқушыға басшылық жасайды.Мұғалім екінші топқа ауысқанда бірінші топ өздігінен жұмысқа кіріп кетуі шарт. Жұмысты осылай жүргізу мұғалімге қиын болғанымен, оқушының білімінде нәтижелілік болады. Енді үй жұмысын сапалы орындауға ата-аналар тартылады. Ол үшін ата - ана сабаққа қатысады, сол арқылы олар қосып оқытудың қиындығын өз көздерімен көреді де баласына үнемі көмекке келеді. Жалпы қосып оқытатын сыныптар мен жеке оқитын сыныптар бағдарламасы бірдей болуы және бірдей талап қойылуы қиындау соғады. Екі сыныпқа бір сағатта екі бағдарламаны меңгеретін мұғалім мен бір сыныпта жұмыс істейтін мұғалім еңбегін бірдей бағалау әділетті емес, сол себепті шағын жинақталған мектептерде білікті ұстаздар мынадай ұсыныстар жасайды[4,83].

Қосылып оқитын бастауыш немесе жоғарғы сыныптарда негізгі пәндерді 60 минуттан /бастауышта 30 минут екі сағат/ оқытылуы жөн;

Бірігіп оқитын сыныптар ерекшелігіне қарай оқулықтар шығарылуы керек;

Шағын жинақталған мектептің арнайы курстан өткізіп, жоғарғы оқу орындарында қайта даярлау қолға алынуға тиіс;

Бірігіп оқытатын сынып мұғалімдері мен жеке оқытатын мұғалімдердің еңбекақы көлемінде елеулі өзгеріс болғаны дұрыс;

Қазір шағын жинақталған мектепте әрбір пән маманына сағат тауып беру қиын. Сондықтан олар пәнаралық байланысты білулері шарт. Мысалы, ұстаз физик болса, ол электрик те болу, еңбектен де сабақ бере алуы, математик болса информатиканы да, физиканы да, химияны да меңгеретіндей болуы қажет. Бұл жағдайда мұғалімнің жан-жақтылығына қарай білімге, іскерлікке ынталы, ұстазға еліктейді. Пәнаралық байланыс, сабақтастықтың жүйелі іске асуына пәндік апталықтар мен мектепішілік тексерулердің үлкен көмегі тиеді. Және де қазіргі шағын ауылдарда мәдени - ағарту жұмыстары мұғалімдер мен оқушылардың басшылығымен іске асады. Бұған ата-ананың, өнер иелерінің де септігі тиіп жатады. Беделді, білімді және іскер ата-аналардан комитет құрылады. Ол мектептің барлық өзекті мәселелерін шешуге қатысады. Ата-аналардың барлық оқу – тәрбие процесіне үзіліссіз қатысулары мектептің тұтас педагогикалық жүйесімен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Ұлы ақын Абайдың шығармалары арқылы оқушыларды жан - жақты қалыптасқан тұлға ретінде жүйелі тәрбиелеуге болатынын көптеген мектеп тәжірибелері мен белгілі Қазақстан ғалымдары да әдістемелік ұсыныстар берген. Мұның өте маңыздысы – оқушыларды қазіргі нарықтық кәсіпкерлік еңбекке дұрыс тәлім-тәрбиелік бағыт бере алуында. Ақын шығармаларында қазіргі тұрмысқа қажет, жеке бастың өмірін мазмұнды ететін кеңестер жетіп жатыр: «Мағлұмға жаның ашып, ішің күйсін» дейді ақын, себебі дұшпандық, залымдық, қулық т.б. мағлұм, бишара, қайратсыз адамдардың ісі, сондықтан оларға жанашырлықпен қарап, үлгі, өнеге көрсету керек екенін айтады. Ақынның терең ақыл ойларының мәнін тек мұғалім ғана аша алады.

Шағын жинақталған мектептердің алдына қойған мақсаты оқу үрдісінің жоғары нәтижесіне жету үшін озық үлгі тәсілдерін кеңінен насихаттап, әр ұстаздардың тәжірибелерін молайтуға бағытталған.

Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерудің, содан кейін оны оқу мазмұны, оқушыларды жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарап таңдап пайдаланудың маңызы зор.

Болып жатқан білім беру процесін реформалау кезеңінде, ауылдағы шағын жинақталған мектептегі оқушының, әрі сынып санының азаюына байланысты бір мұғалім бірнеше пәндерден сабақ жүргізуге мәжбүр болып отыр, ал бұл ұстаздардан аса білікті дайындықты қажет етеді. Осындай себептерден олар үнемі әдістемелік көмек алуға білім берудің жаңа стандартына, тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларына көшуге байланысты қайта дайындықтардан мезгілінде өтіп отыруға міндетті.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы.-Астана, 2007.

  2. Мейірманқұлова T. Білім берудегі инновациялық технологиялар. - Алматы, 2000.

  3. Қалиев С. Шағын комплектілі мектептер проблемасы. Ж.: «Қазақстан мектебі», 2009 №7, 11-13 б.

  4. Анисин Н.М. Большие заботы малокомплектной школы.-М.;Просвещение, 2006,-160с.

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
2016-04 -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
2016-04 -> Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті
2016-04 -> Кескіндеме өнерінің шығу тарихы
2016-04 -> ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы
2016-04 -> ТӘкен әлімқҰловтың ӘҢгімелеріндегі өнер адамдарының бейнесі жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
2016-04 -> Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Қазақ ауыз әдебиеті мен антикалық Әдебиет дәуіріндегі фольклористиканың Өзара үндестігі
2016-04 -> Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі. Мұқан А.Қ


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу