Бірінші хатшысы Н. Оңдасынов (қ. 708, 34. І. 206. б. 154-155)
***
Қазақстан КП ОК бюросының 1961 жылғы қарашадағы
Қаулысы «Батыс Қазақстандағы мұнай және газ мәселелері бойынша ІІ-ғылыми-
техникалық конференция өткізу туралы». Қазақстан КП ОК бюросы 1959 ж. мамыр айында Гурьев қ. өткізілген Батыс Қазақстандағы геологиялық-барлау жұмыстарының тиімділігі мен мұнай кен орындарын ұтымды пайдалануға арналған конференция Каспий ойпаты мен Маңғыстау аудандарындағы мұнай мен газға геологиялық-барлау жұмыстарының негізгі бағыттарын анықтағанын атап өтеді. Нәтижесінде геологиялық-барлау ұйымдарының күшімен екі жылда Прорва, Боранқұл, Жетібай және Өзен сияқты мұнай мен газдың ірі кен орындары ашылды.
Геологиялық-барлау жұмыстарын одан әрі ұтымды жүргізу және жеделдету, әрі ашылған кен орындарын игеру мақсатындағы Қазақстан КП ОК Қаулысы: Қазақ ССР Геология және Жер қойнауын Қорғау Министрлігіне, Қазақ ССР-ы Ғылым Академиясына, Қазақстан КП Гурьев обкомына, Гурьев Халық Шаруашылығы Кеңесіне КСРО Гиология және жер қойнауын қорғау Министрлігімен бірлесе отырып тиісті ғылыми-зерттеу және геологиялық-барлау мұнай-газ институттарының қатысуымен 1962 ж. мамыр айында Гурьев қаласында ІІ- ғылыми-техникалық конференция шақыруға рұқсат етілсін.
Конференцияны даярлау және өткізу үшін келесі кұрамда комиссия құрылсын: Есенов – Қазақ ССР Геология және жер қойнауын қорғау министрі—төраға
Өтебаев С.У. – Гурьев Халық шаруашылығы Кеңесінің төрағасы
Борукаев – Қазақ ССР-ы Ғылым Аадемиясының академигі
Сәдуақасов – Қазақ ССР-ы КП ОК өнеркәсіп, транспорт бөлім меңгерушісінің орынбасары
Исенов – Қазақстан Халық шаруашылығы Кеңесінің жанар-жағар май басқармасының бастығы
Дьяченко – Қазақстан КП Гурьев обкомының хатшысы
Иванов – Батыс Қазақстан геологияляқ басқармасының бастығы
Конференцияға қатысу үшін бағдарлама мен ұйымдастыру жоспарын талдап жасау комиссияға жүктелсін.