Қазақ ССР Ғылым Академиясы Президумының
академик-хатшысы қызметін атқарушы - Ж. Ержанов
(Қаз. Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
біріккен ведомствлық архиві. Қор 2, іс 1.)
Иә, бұл о дүниелік болғандарға тірілердің көрсеткен құрметі мен парызы деп ұққан дұрыс шығар. Тоқтаңыз, тек құрмет пен парыз ғана ма? Шын мәнінде олар Қазақстан ғылымының аяғынан нық тұрып, басқа республикалар академияларымен терезесінің тең болып, ғылым ордасын құруға ат салысқан нағыз ғалымдар мен азаматтар емес пе! Сондықтан тек құрметтің айналсында қалмай бүгінгі жастарға олардың еңбегі мен ел үшін атқарған қызметтерін, ашқан жаңалықтары туралы айту шын парызымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |