Шахта дайындау цехтарының блоктары


Балқыту цехының негізгі сипаттамасы



бет2/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#96070
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
курс жум4-1сем
курс жум4-1сем
1.1. Балқыту цехының негізгі сипаттамасы

Жезқазған мыс балқыту зауытында– кен алудан таза мыс өндірісіне дейін толық технологиялық кешен бар. Шикізат базасының негізі – рений мөлшері жоғары мыс және мыс-қорғасын-мырышты кендері. Флотациялық байыту кезінде, олардан мыс, қорғасын және мырыш концентраттарын бөліп алады. Жезқазған мыс балқыту зауыты құрамына кіретін балқыту цехтары мен концентраттарды өңдеу, көрсетілген, жалпы ықшамдалған технологиялық сұлба бойынша жүзеге асырылады. Мыс алу технологиялық сұлбасының негізгі құрамдастары – байыту фабрикасы, штейнге балқытып өңдеу, штейнді конвертерлеу және қара мысты тазалау (рафинирлеу). Балқыту:1) сұйық күйдегі ақырғы өнімді алу үшін балқыту пештерінде материадарды (кентасметалл, т.б.) өңдеу процесі (мысалы, домналық оттектік конвертерлік балқыту); 2) осындай өңдеудің бір реттік циклі, сондай-ақ, осы процестің нәтижесінде алынған ақырғы өнімҚазақстанда 1975жылы А.М. Қонаев, С.М. Қожахметов, т.б. мысқорғасын және мырыш алудың оттектің қатысуымен өтетін циклонды электртермиялық балқыту технологиясын жасап,оны Ертіс полиметал комбинатында, ал Қожахметов, т.б. мыс және мыс-мырыш қорытпаларын сұйық ваннада балқыту технологиясын жасап, Балқаш мыс қорыту зауытында өндіріске енгізді.Мыс өндірісінің жалпы ұқсастығына қарамастан, бұл зауыттардың технологияларын құру кезінде, негізделген ерекшелігі – әртүрлі сульфидті мыс кендері мен концентраттарын балқыту үшін түрлі агрегаттардың пайдаланылуы болып табылады. Қазіргі кезде, Жезқазған мыс балқыту зауытында екі аймақтың – Шығыс Қазақстан мен Жезқазған мыс концентраттары өңделуде. Аз мөлшерде Балқаш мыс концентраттары да өңдеуге алынады. Өңделінетін концентраттардың сипаттамалары. Көріп отырғандай, Шығыс Қазақстан мыс концентраттары, мыс мөлшері бойынша кедей, алайда, оларда күкірт пен мырыш мөлшері жоғары. Шығыс Қазақстан мыс концентраттарының минералогия-лық құрамы шамамен ұқсас және негізінен халькозин, халькопирит, пирит және аз мөлшерде кварц және алюмосиликат түрінде көрсетілген. Қорғасын және мырыш сульфид түрінде шоғырланған. Интерметаллидтер – мышьяк пен сурьманың темір және мыспен қосылыстарының – аз мөлшері байқалуда. Еске салып кететін жайлардың бірі – белгілі уақытқа дейін көрсетілген концентраттар Ертіс мысқорыту зауытында өңделген. Зауытта концентратты өңдеу технологиясының құрылуы, тек мыс алуды ғана емес, сонымен қатар мырыш бөлінуін қарастырды. Мәселен, бұл зауытта мырышқұрамды мыс концентраттарын өңдеу үшін, Қазақстанда алғаш рет, жоғары технологиялық және экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ететін «КИВЦЭТ» процесі құрылды. Осыған қарамастан, 2000 жылдың басында, бірқатар, әлі күнге дейін белгісіз себептермен зауыт жұмысын тоқтатып, жабылды. 90-жылдардың басында Балқаш мысқорыту зауытында, қазіргі күнге дейін көрсетілген концентраттарды өңдеуге мүмкіндік беретін, жоғары эффективті автогенді «Ванюков процесі» енгізілді. Жезқазған және Балқаш мыс концентраттарына тән ерекшелік, күкірт концентрациясының аз мөлшері, ал мыс пен кремнезем мөлшерінің жоғарылығында болып табылады. Сонымен қатар, Жезқазған мыс концентраттарының құрамында асыл металдардың ауқымды мөлшері (600 г/т Ag) және рений (25 г/т дейін) бар. Бұл концентраттар рений алудың шикізат көзі болып табылады. Жезқазған мыс концентраттары, негізінде, келесі минералдармен көрсетілген: халькозин, халькопирит, борнит және кварц.
Сәтбаев және Балқаш концентраттарының рационалдық құрамы минералдар мөлшері, % Сәтбаев Балқаш Cu2 S 26,0-30,0 0-12,0 Cu5 Fe S4 18,0-20,0 1,0-3,5 Cu Fe S2 6,0-9,0 12,0-13,0 Fe S2 1,0-2,0 49,0-50,0 Pb S 2,0-4,0 - Zn S 1,5-2,5 - SiO2 25,0 17,0 Al2O3 4,0 5,0 CaO 0,5-1,0 0,5 MgO 0,5-1,0 0,5 қалғаны 8,0-9,0 1,3
Жезқазған мыс балқыту зауытында бұл концентраттарды өңдеу үшін электрпештері қолданылады. Металлургия саласында қолданылып жүрген электрпештердің теориялық және практикалық негіздері кең қамтылған. Ғылыми әдебиеттерде бұл процесс жайлы көптеген мәліметтер бар, сондықтан, Қазақстанда қолданыс тапқан автогенді «Ванюков процесіне» ерекше көңіл бөлуді жөн көрдік. [2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет