Тақырып: «Табиғат жайлы әңгімелесу»
Мақсаты: Балалардың дүние танымын, тіл байлығын дамыту.
-Табиғат дегеніміз не?
Табиғат –жер , тау, ағаш, су, орман, өсімдіктермен жан-жануарлардан тұратын қоршаған орта.
Мақал-мәтел:
«Адамның табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
Еңбек: Топ ауласын бұтақтардан, қоқыстан тазалау.
Мақсаты:Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы:
«Өз үйінді тап»
Ойын шарты: Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар –бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде –ит, үшіншісінде –мысық, төртіншісінде –аю, қоян. Тәрбиешінің «Серуенге шығамыз» деген нұсқаумен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан жүреді. Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды. Тәрбиешінің «Жаңбыр жауа бастады» деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орнын ауыстырып, қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |