ҰШҚан ұЯ (роман)



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата02.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#108006
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Б.Момышұлы Ұшқан ұя

Ішсем тамақ болмайды шай антұрған,
Əйт, шүу десем жүрмейді тай антұрған
Ат бер десем бермейді бай антұрған
Шай шіркінді шығарған бай антұрған.
Шу дегенде суырылған құла мықты,
Сынығыңды бекіткен сына мықты.
Қалай ғана құр ауыз аттанайын,
Тым болмаса қимады-ау быламықты.
Біздің  елде  жұқпа  дейтін  тамақ  болады.  Қамырды  жұқалап  жайып,
ыстаған  қазан  түбіне  кептеп  жапсырып  пісіреді.  Қамыр  жабысып  күймес
үшін қазан түбін құйрықпен майлап отырады. Жұқа піскен нанды қатырма
дейді.  Қатырманы  суға  не  сүтке  салып  қайта  пісіріп  былбыратады  да,
үстіне сары май салып орап дастарқанға қояды.
Бір үйге қонақтар түсіпті. Үй иесі сараң бай екен. Аузынан берекелі сөз
шықпай,  əйеліне  қайта-қайта  «қонақтар  жұқпа  істеңдер,  жұқпа  істеңдер»,
— дей беріпті.
Пейілі  тар  үйден  тамақ  ішіп  жарымасын  білген  қонақтардың  үлкені
мұқата сөйлепті.
—Байеке,  сонша«жұқпа-жұқпа»  дей  бердіңіз.  Жұқпайтын  болса,
құдағиды  əурелеп  қайтесіз,  —  деп  орындарынан  тұрып  шығып  кеткен
екен...
Осы  сияқты  əңгімелерді  көп  білетін  Құлжабай  нағашым  бізді  күлкіге
қарық қылып отырушы еді.


Түскі  тамақтан  кейін  Құлжабай  шыбықтарын  қайтадан  жонуға  кірісті.
Кейбіреуін істіктеп, үстіктеп жатыр. Жуандау шыбықтың екі ұшынан ұстап
иді  де,  алға  созып  қарады.  Кендір  жіппен  екі  басынан  байлап  тартты.
Ұшталған  шыбықтың  біреуін  алып  өзі  жасаған  «садақпен»  кірер  есіктің
маңдайшасын көздеп атты. «Оғы» нысанаға дəл тиді.
— Мінеки, Сұрмерген осылай «атқан», — деді.
Отырғандар  күлісіп,  біз  сияқты  балалар  мəз  болып  жатырмыз.  Əрине,
садақты  маған  берді.  Содан  бастап  мен  ауылдағы  садақшы  «Сұрмерген»
атандым...
Боран саябырси бастады. Үлкендер ауа райын болжалдап:
— Əй, ертең жоқ, арғыкүні қойып қалар, — десіп отырды.
Айтқандай-ақ  боран  да  басылды,күн  де  ашылды.Бұғаудан  босанған
долы 
арыстанша 
қайраттанып, 
Момынқұл 
мен 
Құлжабай 
үйдің
маңдайшасына  дейін  басып  қалған  үртік  қарға  күрек  салды.  Күреген  жоқ,
текшелеп  ойып  лақтырып,  есік  алдынан  сыртқа  жол  ашты.  Сай-жылғаның
қайда  екенін  аңғара  алмай  аң-таңбыз.  Айналаның  бəрі  күнге  шағылысып
көз  қаратпайды.  Аппақ  дастарқандай  теп-тегіс,  тып-типыл  төңірек  шетсіз-
шексіз ұлғайып кеткендей. Үш-төрт күніміз қар басқан үйді аршып, суатқа
жол  салумен  өтті.  Бұлақ  басындағы  бытырап  жатқан  ауылдың  түтінін
көргеніміз болмаса, əлі қарым-қатынас жоқ.
* * *
1921  жыл  еді.  Ел  етек-жеңін  жинап  тойына  бастаған  кез.  Жаздың  бел
ортасы  болатын.  Ауыл  қара  жол  үстіндегі  жайлауда.  Үлкендер  қыстау
басында пішен шауып, егін суарып жүрген. Малшылар Ақсай бөктеріндегі
жайлауда қоныс тепкен.
Мен қозы баққан балалармен бірге жүремін. Шілік ойнаймыз.
Осындай  ойын  қызған  шақ  еді.  Кенет  қара  жолдың  бұйра  шаңын  баяу
түтіп торқасқа мінген жолаушы келеді екен. Бізге жақындағанда ат тізгінін
тежеп, тіл қатты.
— Əй, балақайлар, бері келіндер!


Біз тобымызбен жүгіріп бардық. Бір байқағанымыз — жолаушының ат-
тұрманы,  киімі  ел  адамдарына  қарағанда  өзгешелеу  екен.  Ширатқан  қара
мұртты,  қырынған  көк  иекті,  қара  көз,  атжақты,  қыр  мұрын  жігіт  бізге
қарап жымиып тұр. Жас шамасы отызды жағалап қалған сияқты. Ол кілем
қоржынына  қол  салып  бір-бір  уыс  өрік  үлестірді.  Сонан  соң  қамшысын
шошайта сілтеп, бізге тіл қатты.
— Ана ауыл Үсен əулетінің тұрағы ма?
— Иə, — деп шу ете түстік біз.
— Дəуренбай тірі ме?
— Иə, атам əлі өлген жоқ, — деді менен екі-үш жас кіші Мырзабай.
Ат үстіндегі жігіт езуін жиып күліп алды.
— Сен өзің кімнің баласысың?
— Мырзабаймын ғой.
Жігіт тағы да мейірлене жымиды.
— Атаңның кімі боласың?
—  Атам  мен  апамның  баласымын  ғой.  Егер  сенбесеңіз,  мына
балалардан сұраңыз.
Жігіт енді қарқ-қарқ күлді.
— Неге сенбейін, айналайын. Сендім, қарағым, сендім.
— Бұл — Дəуренбай атамның үлкен ұлы Ормантай көкемнің баласы, —
дедім мен білгірсініп.
— Ал, сен өзің кімнің баласысың?
— Момыштың баласымын.
— Əлгі молда Момыш па?


—  Иə,  молда  атамның  баласы,  —  деп  менен  бұрын  Мырзабай  жауап
қатты.
Жолаушы бізге тағы да үш-төрт өріктен үлестіріп берді де, ауылға қарай
тартты.  Біз  танымайтын  кісінің  берген  базарлығына  мəз  болып  қозымызға
қарай жүгірдік...
Əкем бір күміс білезікке мəймөңке шауып нақыстап отыр еді. Сырттан
дауыс естілді.
— Момыш! Үйдемісің?
Əлдекімнің  қырылдақтау  үнін  естігенде,  əкем  орнынан  ұшып  тұрып,
сыртқа ұмтылды. — Ассалаумағалейкүм.
— Уағалейкүм салам.
— Үйге кіріңіз, Дəуке...
Əлгі қалтырақ үннің қарт кісінің даусы екенін енді білдім.
Дəуренбай  ақсақал  төрге  жайғасып,  бүкіл  омырауын  қаптаған,  (жас
кезінде  ол  кісіні  жеңгелері  «қабасақал»  дейді  екен)аппақ  сақалын  сипады.
Дəуренбай  атамның  əдеттегідей  өзгешелеу  толғанып  отырғанын  сезді  ме,
əкем мені сыртқа жұмсады.
— Əй, сен бара бер...
—  Отыра  берсін.  Ешқандай  оңашалайтын  ағат  сөз  жоқ,  —  деді
Дəуренбай атам.
Дəуренбай 
Бабастың 
үлкен 
баласы 
екен. 
Өз 
бетімен 
ауыл
қыдырмайтын,  шақырмаса  бармайтын  ерекше  сыпайы  кісі  десетін.  Сол
кезде жетпістен асқан шағы болар, шамасы.
— Ал, Дəуке, екі құлағым сізде, — деді əкем аздан соң.
— Сенер-сенбесімді білмей отырмын, Момыш.
— Неге? Не боп қалды, Дəуке?


— Өлген тірілді дегенге сенесің бе? — деп үлкен қой көзімен əкеме тік
қарады.
— Сен десеңіз, сенейін, Дəуке, — деп əкем жымиды. — Жұмбақтамай-
ақ айта берсеңізші.
—  Жұмбақ  па,  жоқ  əлде  шынымен-ақ  ақиқат  па.  Сенер-  сенбесімді
білмей отырмын дегенім сол ғой.
— Тəңірі-ай, енді не болса да айтсаңызшы, — деп əкем тықыршып тағы
да жымиды.

— Жүр біздің үйге. Есітеріңді сонда естисің, — деп Дəуренбай орнынан
тұрды...
Олар кетті. Мен аң-таң болып үйде қалдым.
Əкем түн ортасында оралыпты...
Мал  өргізіп  болған  соң  өзі  тағы  да  Дəуренбайдың  үйіне  қарай  беттеді
де,  жұмбақ  үсті  жұмбакты  шеше  алмай  мен  қалдым.  «Кешегі  жігіт  кім
екен?»,  «Дəуренбай  атам  неменеге  сенер-сенбесін  білмей  жүр  екен?»,
«Əкем  ол  үйге  неге  қайтадан  кетті?»,  «Өлген  тірілді  дегенге  сенесің  бе?»,
«Сен десеңіз, сенейін...»
—  Шырағым-ау,  сен  əлі  үйде  екенсің  ғой.  Өзге  балалар  өрісте
қозыларының  соңында  жүр,—  деген  əжемнің  даусынан  селк  ете  қалып,
орнымнан ұшып тұрдым. Жалма- жан үйден жүгіре шықтым...
Екі  күн  өтті.  Қозы  қайырып  жүргенбіз.  Қос  салт  атты  қара  жолмен
күнбатысты  бетке  алып  аттанып  барады  екен.  Біреуі  —  бұрнағы  күні
балаларға  өрік  үлестірген  торық  асқа  атты  жігіт,  екіншісі  —  көк  дөненге
мініпті.  Бұл  —  Мырзабайдың  əкесі  Ормантай.  Үшінші  күні  Мырзабай  да
қозы  қайырысуға  шықты.  Бəріміз  жаңалық  білуге  құмартып  Мырзабайды
ортаға алдық. Алайда жарытып ештеме айта алған жоқ.
— Қайдан білейін. Мені атамның үйіне жолатпай қойды. Əйтеуір өздері
күбірлесіп сөйлеседі. Көп адамның басын да қоспады. Молда атам, Аққұл
атам, Тоқмырза атамдардан бөтен ешкім де болған жоқ.


Мырзабай одан өзге ауыз тұшыр əңгіме айта алмады...
—  Молдеке,  анау  күні  Дəуренбайдың  үйіне  келген  жігіт  кім  екен?  —
деп сұрады əкемнен бір туысымыз.
—  Ормантай  оралған  соң,  бір-ақ  білерсіңдер.  Əзірше  сабыр  ете
тұрыңдар, —деді əкем оған...
Қара жолдан қос дөңгелекті үш сарт арба, бір топ аттылар көрінді. Атты
топтан үш жігіт суырыла шығып, ауылға қарай құйындата шауып келді.
— Сүйінші! Сүйінші.
Дəуренбай  атам  көзі  жасаурап,  қол-аяғы  дірілдеп,  қызыл  түлкінің
терісін  əлгі  жігіттерге  ұсынды.  Менің  əкем  жарты  уыс  күміс  теңге  салды.
Өзгелер  де  жамырасып,  жақсы  хабар  əкелген  жігіттерді  сыйлап  жатқанда,
естігеніміз қуанышты жалғыз сөз еді. Жұрттың бəрі:
—  Жаңа  туысқандар  келді.  Жаңа  туысқандар  келді,  —  деп  елпілдей
жүгірісіп жүр.
Ауыл  адамдары  қарсы  алуға  шықты.  Екі  жақ  бір-біріне  жақындағанда,
бір  шоқша  сақалды  шал  атынан  ырғып  түсіп,  елпелектей  жүгірген  күйі
ауыл адамдарын бастап келе жатқан Дəуренбай атамның алдына:
— Əруақ! Əруақ! — деп етпетінен жығылды.
У-шу,  ығы-жығы.  Бұрын  бейтаныс  кісілер  көрісіп,  құшақтасып,
сыңсыласып, төс түйістіріп опыр-топыр араласып кетті...
«Өлген тіріледі дегенге сенейін бе, Момыш?»
«Сен  десеңіз  сенемін...»  деген  жұмбақтың  шешімі  осы  екен  деп  екі
нүкте қоя тұрайық:
Сөйтсек,  əлдеқашан  ұмытылған  Қабаш  тіріліп  елге,  өзі  қарабет  болып
қуылған  ататегі,  адал  қонысына  қайтқан  екен.  Оның  баласы  алпыстан
əлдеқашан  асқан  Бапыш  деген  кісі  болып  шықты.  Дəуренбай  атамның
алдына жығылған сол кісі екен. Қабаштың немерелері Ыстықұл мен Əбдіш
екен.  Елін  іздеп  келген  жігіт  сол  Ыстықұл  болып  шықты.  Ал  шөберелері


Айнаш, Оспан, Əмір, Əлиялар да келіпті. Бапыштың кемпірі мен екі келіні
жəне бар. Қабаш тіріліп қайтты дегеннің мəні осы еді.
Қабаш  елден  жиырма  бесінде  кеткен  екен.  Ал  оның  тұңғыш  баласы
Бапыш ауылды алғаш рет алпыстан асқанда көріп отыр. Олар келген жылы
əкем  алпыстың  бесінде  болатын.  Дəуренбай  атам  шамасы  жетпістің
бесеуінен асқан кезі болса керек. Сонда Дəуренбай атам Қабашты он бір-он
екі жасында көрсе керек.
Қабаш елден кеткен соң, Ташкентке жақын Шыршық өзенінің жағасына
барып бір-ақ тоқтайды. Осында бір орта диқанға жалданып жүреді. Күріш,
бау-бақша,  мақта  өсіруді  үйренеді.  Кірпіш  құйып,  үй  тұрғызу,  аяқ-киім
жамау сияқты өнерлердің де дəмін татады. Осылайша ол қолынан іс келетін
икемді жігіттердің санатына қосылыпты.
Сөйтіп  жүріп  ол  екі  жылдан  соң  жалданған  үйдегі  кіші  кенаимды
(жеңгей)... алып қашып, ізіне су құйып жоқ болыпты...
Бапыш  Термез  қаласының  маңындағы  өзбек  ауылында  туады.  Бапыш
жетіге  келгенде,  Самарқанның  салқын  тауларының  бөктеріне  қоныс
аударады.
—  Иə,  балам,  біз  Құли  деген  ел  боламыз.  Атамекеніміз  Алатаудың
Ақсай-Көксай  деген  бөктерлерінің  баурайында  еді.  Мыңбұлақ  аталатын
жайсаң жер еді ғой. Жазы салқын, қысы қатал келеді...
Құлилардың  ішінде  біз  Үсен  деген  тарауына  жатамыз.  Үсем  болса
Өтеулі,  Батырбек,  Əжі  ұрпақтарына  бөлінеді.  Біз  болсақ  Өтеуліденбіз.
Менің  ағам  Бабас  дейтін  кісі  болған.  Менен  мүшел  жас  үлкен  еді...  Мен
ағайыныммен араздасып жиырма бес жасымда осы жаққа ауып кеткенмін...
Сендер  менің  бетімді  жауып,  асымды  бергеннен  кейін,  сол  елді  тауып,
үйірлеріңе қосылу жағын ойлаңдар, — деп қарт Қабаш көз жұмған екен...
—Ол  кезде  менің  кішкене  бала  кезім.  Неге  ренжіскендерін  аңғара
алмаппын. Қайдан білейін, — дейді Дəуренбай.
—  Мен  онда  жарық  дүниеге  келмеппін  де...  Ағайын  арасында  бола
береді  ғой,  Қапеке,  ол  жағын  қазбалай  беріп  қайтесіз...  Құдайға  шүкір,
үйіріңізге бала-шаға, немерелеріңізбен топтана қосылып отырсыз, — депті


менің əкем.
— Əйтеуір маған бір жұмбақ, — депті Бапыш терең күрсініп.
Жаңа туысқандар ұқыпты еңбекқор екен. Біздің ауылға тез сіңісіп кетті.
Ыстықұл  ауылсовет,  аудандық  советтерге  қатысып,  ел  ішіндегі  белгілі
активтердің  қатарында  болып  жүрді.  Оның  Оспан  дейтін  ұлы  менімен
түйдей жасты еді. Бірге өстік. Əбдеш те өз қатарынан қалып көрген емес...
«Жаңа туысқан» деген жанама ат бір-екі жылда-ақ ұмытылып еді.
* * *
Қабаштың  басын  «қасқалаған»  Бабастың  кенжесі  Орманқұл  еді.  Ол
Момынқұл,  Құлжабайлармен  құрдас  екенін  айттық  қой.  Атын  атаған  соң
сол кісінің де құлағын аздап шулаталық. Орманқұл орта бойлы, ат жақтау,
қалың  қара  қасты,  мұнар  көз,  қыр  мұрын,  қара  мұрт,  қабасақал  жігіт  еді;
Жалғыз  аты  жазатайымда  мертігіп  өліп,  Орманқұл  біздің  ауылдың  тілімен
айтқанда  пиязда  кедейлік  кешкеніне  төрт-бес  жылдай  болған.  «Атсыздың
аяғы  тұсаулы»  дегендей,  қу  томар  кедейдің  өзі  болғандықтан,  ол  жиын-
тойдан қашқақтап, қыстауынан ұзай қоймайтын. Тұйық тірлік кешіп, көңіл
көтерері  жалғыз  домбырасы  еді.  Жұрт  аралап  жұғымсыз  боп  та  көрген
емес.
Біздің үйде көп жатып зеріккен Құлжабай басқа жегжаттарын аралаған
соң қайта оралды.
— Əдейі ымырт жабылғанда келді... Мына Орманқұлды біреу болмаса,
біреу көрігі қала ма деп қара жолдан қайрылып орағытып жеттік, əпке, —
деді əжеме күлімсірей қарап.
—  Жақсы  бопты,  шырағым.  Келгендеріңе  қуаныштымыз,  —  деді  де
апам енді Орманқұлға ойысты. — Апаң қалай, жақсы ма, қарағым?
— Шүкір, əнеу күндері аздап тұмауратып еді, енді айықты.
—  Мына  қақыраған  қыста  менің  де  оқта-текте  түшкіріп-пысқырып
қалатыным  бар.  Ондай-ондай  бола  береді.  Апаңның  амандығына  шүкір,
қарағым.  Қысылмай-қымтырылмай  жайбарақат  жайғасып  отырғын,


шырағым.
Сонан соң апам ошақ басындағы келініне тіл қатты:
—  Қазанға  Орманқұлдың  сыбағасын  атап  салыңдар.  Тамақ  алдындағы
шайды тездетіңдер.
Əкемнің жай сұрасқанына Орманқұл:
—  Иə,  солай.  Шүкір,  молдеке...  Лəпбай...  Əрине...  əбден  сөйтті  ғой...
Жүдə  болмаяқ  қойды  ғой...  Тіптен  айтпаңыз,  молдеке...  Сөйтті  білем,  —
деп қысқа жауап қатып отырды.
Шай  үстінде  Құлжабай  жүрген  жерлерінің  əңгімесін  айтып  отырды.
Біраз əңгіме араласқаннан кейін бірнеше шумақ өлеңнің аяғында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет