ҰШҚан ұЯ (роман)



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата02.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#108006
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Б.Момышұлы Ұшқан ұя

Бұйра шашы ұйысқан.
Сом денесі — құрыштан.
Нар санындай білекті,
Нақ арыстан жүректі.
Нағыз қайрат кезінде,
От ойнаған көзінде
Басқан жері ойылған,
Сақтанып жүр дойырдан.
Тас мүсіндей таймаған
Осы сенің қайнағаң.
Бітімі де ерекше.
Сəлем салшы, бөлекше,
—  дегенде  Үбиан  иілді.  Жұрт  бір-бірін  шымшылап,  бір-бірінің  санын
соққылап, əйелдер жағы беттерін шымшылап мəз.
Жартыбай  судан  тұншығып  шыққандай  енді  қыбырлады.  Өтепке
қызарақтай қарады да:
—  Ой,  у  жеген  ит-ай,  ақыры  сол  уыңды  құсып  тындың  ба?..  Келіннен
ұят болды-ау, — дей берді.
Тағы  бір  құрдасының  лыпылдаған  мінезін  мінеп,  Өтеп  ащы  тілмен
түйреп алды.
Елпілдеген құрақтай,
Көлкілдеген сынаптай.
Ешкі ішінде шұнақтай


Анау тұрған жылтырға
Сəлем салшы сұратпай.
Жұрт риза болып қол соғып жатыр.
Өтеп енді екі жастың татулығын айтып, өмірде сыйласып өтіңдер деген
өсиетті  айтып  кетті.  Əрі  ағалық  ақылын,  əрі  ауылдың  артқан  міндеті  осы
деп айтты.
Қаптың аузы бос тұр деп,
Құрт ұрлама, келіншек.
Өзің жатып байыңды.
Тұр-тұрлама, келіншек.
Бір нəрсеге керісіп,
Сұңқылдама, келіншек.
Ер атағын ескермей,
Еріңе сен дec бермей,
Əрбір сөзін өш көрмей,
Ерте кетіп, кеш келмей,
Ынтымақта бол дейін.
Ата жолы сол дейін,
Өсиетті ұмытсаң,
Жарық сенің қор дейін...
Осы тұсқа келгенде жұрт ішінен бір кемпір:
—  Айналайын-ай,  ел  көкейін  тауып  айтып  отыр  ғой,  көп  жасағыр,  —


дей берді. Өтеп термесін жалғастырып отыр:
Ал, ағайын, ал дейін
Келініңіз бал дейін.
Бет ашайын тап қазір
Көрер көрік бар дейін.
Оған дейін, шырағым,
Маған сəлем сал дейін.
Өтеп  осы  тұста  əпкемнің  басындағы  төгіліп  тұрған  сəлкеш  орамалын,
қолындағы  оқтаудың  ұшымен  іліп  алып  көтеріп  тастады.  Жұрт  жамырап
бата бере бастады. Үбиан əпкем иіліп сəлем салып тұр.
— Көп жаса, балам.
— Алдыңнан жарылқасын.
— Ізетіңе ризамыз.
— Əмісе солай бол, шырағым!
— Үлкенді сыйлаған қор болмас!
— Босағаң құтты болсын.
— Етегіңе бала жармассын.
— Еліңнің сүйіктісі бол.
Ел осылайша дүркіресіп отырғанда, Өтеп алдына жиналған ақшаларды
жиып алып сытылып шығып бара жатқан. Бес-алты құрдасы қуа жөнелді.
— Ə, қу, бізді құралақан қалдырмақпысың?
— Тəбəрік болсын, бізге де бірдеме бер.


— Мынауың ырымға жаман ғой.
— Біз де саған тілеулес боп отырдық қой, — десіп сыртта Өтепті ортаға
алып жатыр. Анау құтылмасын білді-ау деймін, үлестіріп тынған сияқты.
Осылайша  отқа  май  құйылып,  Үбиан  да  ошақ  иесі  болып  шыға  келді.
Келіндерін ел оң босағаға жайғастырып, жаңадан дастарқан жая бастады.
Бұл  кезде  қожа  енді  ояна  бастағандай  еді.  Манадан  ел  беташардың
қызығына  беріліп,  ерекше  көңілденіп  жатқанда,  ол  самарқау  мүлгіп
отырған  болатын.  «Мұның  маған  қатысы  жоқ.  Өзіме  тиесілі  несібіме
келгенде  көрермін»  дегендей  мамаурай  берген.  Енді  аздап  тіл  бітіп,  елдің
сұрағына  жауап  беріп  отыр.  Кеседегі  шайын  қос  қолымен  бүркеп  алып,
оқта-текте əрең ұрттайды.
Əлден  соң  ол  ишарат  белгі  берді.  Сол  кезде  кəрлен  кесеге  толтырып
тұнық су əкелінді. Майлыбай оған күміс теңге тастады да, қожаға ұсынды.
Қожа судың бетін ақ орамалмен бүркеп, əлденені күбірлеп оқи бастады. Бір
қарасам,  екі  жігіт  Аюбайды  дедектетіп  ішке  алып  кірген  екен.  Мен
некеқияр  басталғанын  сезе  қойдым.  Екі  жұбай  үйдің  екі  босағасында
қарама-қарсы  жайғасты.  Қожа  əлгі  екі  куəгер  жігітті  шақырып  алып,
жұбайлардың  аты-жөнін  біліп  келуді  тапсырды.  Əлгі  екеуі  Аюбай  мен
əпкемнің  алдына  кезек-кезек  тақақтап  барып,  қайтып  келді.  Қожаға
баяндап жатыр.
— Күйеу бала — Аюбай, Майлыбай мен Зылиханың ақ некесінен туған
ұл. Дінмұсылман. Жасы жиырма бесте.
—  Қалыңдық  —  Үбиан,  Момыш  пен  Рəзияның  ақ  некелі  қызы,  жасы
жиырма бірде.
Қожа  енді  куəгер  екі  жігіттен:  «Бұл  міндетті  бұлжытпай  орындауға
Алла  алдында,  халық  алдында  ант  етесіздер  ме?»  —  деп  сұрады.  Аналар
«ант етеміз» десті.
«Куəге жүрер алдында жуынып-шайынып, адалданып, күнəдан арылып
келдіңдер  ме?»  —  деді  қожа  қайтадан.  Анау  екеуі  «күнəдан  пəк»  екенін
айтысты.
—  Барыңдар,  екеуінен  де  сұраңдар!  Бұл  неке  көңілдің  қалауынан,


жүректің  балауынан  шығып  па?  Көңілдің  көркімен,  жүректің  еркімен
қосылып па?
Екі  жігіт  қолдарына  ұстатқан  орамалдың  ұшынан  тізбектесіп  қосыла
сайрай жөнелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет