Құрастырушы-автор: Р.Ш.Ибраева
Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшесі,
№4 «Қуаныш» балабақшасының әдіскері, Қызылорда қаласы
Ортаңғы топ балаларына арналған «Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту» бағдарламасы
( Вариативтік компонент)
Кіріспе
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты талаптарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту жұмыстарын жүргізуде үстел-үсті, қуыршақ, конус, саусақ театрларының, сонымен бірге сахналық қойылымдардың рөлі өте үлкен. Сахнада балалар өздерін ертегі кейіпкерлерінше сезініп, ой-қиялдарын ұшқырлайды. Өздері сүйіп тыңдайтын ертегі кейіпкерлерінің бейнелерінде ойнау - олар үшін зор қуаныш сезімін тудырады. Сахналық қойылымдар мазмұны арқылы балалар лексиканы меңгереді, диалогке түседі, ертегідегі жануарлардың дауыстарын, қимылдарын айнытпай салып, барынша көрсетуге тырысады. Соның нәтижесінде, балалардың шығармашылығы дамиды, қызығушылықтары артып, қуанады.
Тәрбиешімен бірлескен шығармашылық барысында қабілетті, мектепке дейінгі бала тұлғасын дамытуға мүмкіндік туады. Ұлы педагог А. Сухомлинский: «Скрипа ұстаған адам жамандық жасай алмайды» - дегенді жиі қайталаған. Олай болса, театр мен көркем өнер арқылы бала көкірегіне сондай скрипка ұялатып, оны ойната білу педагогтің басты міндеті болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |