«шебер қолдар» Вариативтік компонент



Дата07.10.2019
өлшемі52,16 Kb.
#49321
Байланысты:
шебер қолдар дайын
шебер қолдар дайын, шебер қолдар дайын, шебер қолдар дайын
«НұрМақсат» бөбекжай бақшасы

Әлеуметтік білім беру саласы бойынша



«ШЕБЕР ҚОЛДАР»

Вариативтік компонент
Тәрбиеші: Шәкенова Ш.Ш

2019-2020 оқу жылы



Түсінік хат

 Ұсынылып отырған вариативті компанент «Шебер қолдар» балаларға қосымша білім беруде баланың білімін, шеберлігін көрсету. Баланы шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Балаларды шығармашылыққа тарта отырып, он саусағынан өнері тамған дарынды баланы тәрбиелеу. Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді - 2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді.

Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті дарынды балаларды тәрбиелеу.

Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір - бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.


Бұл бағдарламаны жасауда балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты 5-6 жастағы балаларға арналған. Жоспарланған жұмыстың түрлері: әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады. Балалар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін көрмеде көруі.

Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі балабақшаларға көрмеге жұмыстарды шығару. Қажетті қажетсіз заттармен жұмыс жасау үйретіледі. Бағдарлама түрлі әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. 

Балалардың өздігінен ізденіп, ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның шығу тарихын, қалай пайда болғанын түсініп ғана қоймай, оларды өз қолдарымен жасап, сәндік - қолданбалы өнерді қайта жаңартуға, оған жаңа мазмұн беруге баулу.

Үйірме жұмыстарының үстімен, әр балаға дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, балалардың бейнелі ойлай білу, өз ойларын өнер туындысына айналдыра білу, шығармашылық, жаңашылдық мүмкіндіктерін дамыту.

Баланың бойындағы қабілет пен дарынды зерттеу және дамыту арқылы, тиянақтылыққа, табандылыққа тәрбиелей отырып бастаған ісін аяқтап шығуға дағдылануға үйренеді. 

Ата - баба мұрасын бала бойына ұлттық өнер үлгілері арқылы сіңіріп, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым ұлттық нақышта бұйымдарды жасау әдістерін меңгеруге үйренеді.

Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, өндіру материалдарын үнемді пайдалана білуге, еңбек мәдениеті мен еңбекті қорғаудың бастапқы элементтерін меңгертуге бағыттау.

Баланың бейнелі ойлау, өз ойындағыны нобай, сурет, сұлба, сызбалар мен жазықтыққа шығара білу қабілеттерін қалыптастыру.

Бұйым жасаудың тиімді әдіс - тәсілдерін, технологиясын пайдалануды игерту арқылы балалардың шеберлігін арттыру.

Қалдық материалдардан көркем бұйымдар, макеттер жасау арқылы оларға екінші өмір сыйлауға, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға тәрбиелеу болып табылады.



Мүсіндеудің мақсаты:

Мүсіндеудің бала тәрббиесінде алатын маңызы өте зор.

Мүсіндеу арқылы баланың саусақ маторикалары дамиды, ой-қиялы артады, эстетикалық талғамдары қалыптасады.

Міндеттері:

1. Мүсіндеуде техникалық дағдылар мен іскерліктерін қалыптастыру.

2. Шығармашылық іс-әрекет процесіне, көркем шығармалары мен қазақ халқының және өзге де халықтардың шығармашылығына эмоционалдық қарым-қатынастарын білдіруге тәрбиелеу.

Мазмұны:

Сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру:сазбалшық жұмсақ, бөліп алуға, илеп мүсіндер жасауға болады.

Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету,

Кесекті алақан арасында және жазықтықта түзу және домалақтау арқылы илеу іскерліктерін жетілдіру.

Бөліктері бірнеше заттарды мүсіндеу, дұрыс орналастыру, қатынастарын сақтау, бір-бірімен біріктіру тәсілдерін көрсету.

Мүсіндеуді сазбалшықпен, ермексазбен, тұзды қамырмен пайдалануға болады. Соның ішіндегі тұзды қамырды пайдаланудың ерекшелігі басым түседі.



Тұзды қамырдың артықшылығы:

  1. Көп шығын шығармай, өзіңізге керек уақытта дайындап алуға болады.

  2. Тез жуылады, дақ қалдырмайды.

  3. Ауызға түскенде қауіпсіз.

  4. Мүсіндегенде қолға жабыспайды.

  5. Кептіруге болады.

  6. Боялған қамырмен жұмыс істеуге болады, дайын мүсінге сурет салуға қолайлы

  7. Тұзды қамырдан жасалған ойыншықтармен қорықпай ойнауға болады

  8. Лакпен қатырса, ұзақ мерзімге сақталады.

Тұзды қамырдан мүсіндеу жасау балабақша тәрбиеленушілеріне өте қолайлы.

Бекітемін:

«НұрМақсат бөбекжай

бақшасы меңгерушісі

Керимбекова Л. С

Вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің күнтізбелік- тақырыптық жоспары.



Білім беру саласы: «Шығармашылық» Тарау: «Шебер қолдар»

Р\с

Айы

Тақырыбы

Сағат саны

Апта күні

1

Қыркүйек

1. «Күз сыйлығы»

2. «Добым, добым дөңгелек»

3. «Менің үйім»

4. «Терезесі бар көңілді ашық хаттар құрастыру»



1

1

1



1




2

Қазан

1. «Жүзік»

2. «Алтын балық»

3. «Қауырсыннан ыдыстарды жасау»

4. «Әртүрлі жеміс дәндерімен жұмыс.»



1

1

1



1




3

Қараша

1. «Үйрек»

2. «Торғай»

3. «Умаждалған қағаздан мозайка»

4. «Әртүрлі жеміс дәндерімен жұмыс.»



1

1

1



1




4

Желтоқсан

1. Үй жануары «Қозы»

2. «Шыршаға арналған ойыншықтар»

3. «Жіппен бейнелеу жұмыстары Жіптен жасауға болатын»

4. «Табиғи материалдармен жұмыс»



1

1

1



1




5

Қаңтар

1. «Мен, менің достарым жануарларым»

2. «Аққала»

3. «Әшекей бұйымдар жасау»

4. «Ермексазбан тасбақа жасау»



1

1

1



1




6

Ақпан

1. «Ұшақ»

2. «Машина»

3. «Қағаздан гүл жасау»

4. «Мұнара құрастыру»



1

1

1



1




7

Наурыз

1. «Анама арналған гүл»

2. «Қуыршаққа арналған моншақтар»

3. «Ою – өрнек. Ою – өрнектің шығу тарихы.»

4. «Ермексазбен көлік жасау»



1

1

1



1




8

Сәуір

1. «Түймедақ»

2. «Адам бейнесі»

3. «Ермексазбен пингвин жасау»

4. «Қасықтар жасау»



1

1

1



1




9

Мамыр

1. «Гүлді алма ағашы»

2. «Үлкен және кіші саңырауқұлақтар»

3. «Кағаздан жасалған кәрзеңке»

4. «Кеме құрастыру.»



1

1

1



1







Барлығы




36





Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Күз сыйлығы» Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.Балалардың талабын арттыра отырып, көкөністер мен жемістерді ажыратып білуге білімдерін дамыту. Тұзды қамырмен мүсіндеу әдістерін пысықтау қол қимылын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тұзды қамырды еркін қолдану арқылы көкөніс-жемістердің мүсінін жасауды үйрету.

Көрнекілігі: Күзгі бақ көрінісі. Күз және жеміс-көкөніс суреттер

Сөздік жұмыс: қамқорлық, төрт түлік мал. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: алма-яблоко, қияр-огурец.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы

Рефлексивті коррекциялау

- Балалар, бізде бүгін ерекше күн.

- Біз оқыту іс-әрекетімізді шаттық шеңберінен бастайық.


Ия балалар, әрбір арайлап атқан таңымызға, келген жаңа күнімізге қуанайық.

-деп оқу іс-әрекетімізді бастайық.

Бүгін аптаның нешінші күні?

Жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Айларын атаңдар.

Күз мезгілі екенін қалай білеміз?


-Дұрыс айттыңдар.

-Балалар, біз күз мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?

Қанекей кім айтады?
-Ғажайып сәт:

Көңілді әуенмен, күз кіреді.

Сары жібек көйлегімді

желбіретіп,

Жапырағын ағаштың

селбіретіп.

Тойға бөлеп елімді

«Күз» боп келдім

Нұр тамшысын аспанның

мөлдіретіп.

Балалар, біз де күзге тақпақ айтып берейік.

-Рахмет балалар!

- Мен сендерге ойын алып келдім.

- Жарайсыңдар балалар!

Дәмін татып қай жеміс екенін тез және тура таптыңдар.

Сергіту жаттығуы.

Ойын: «Ғажайып қоржын».

мақсаты: қоржыннан алған жеміс-көкөністерді атау.



Алма – домалақ, түсі қызыл, сары, жасыл, дәмі тәтті.

Қияр – сопақша, түсі жасыл.

Сәбіз – түсі қызыл-сары, өте дәмді.

Анар – домалақ, дәмі қышқыл-тәтті.

Барлық көкөніс пен жемістер дәруменге бай.

Алма мен қиярдың мүсінін жасалу тәсілін балаларға көрсетіп,оларды екі орталыққа бөлу:

I – Жемістер орталығы.

мақсаты: алманың мүсінін алақан арасында тұзды қамырды есіп жасау.

II – Көкөністер орталығы.

мақсаты: қиярдың мүсінін алақан арасында тұзды қамырдан жасау.

Қонаққа кім келді?

Қандай жеміс пен көкөністің мүсінін жасадық?

Ұйымдастырылған оқу іс-ірекетінберілген тақырыпта сұрақ-жауап арқылы қортындылау, балаларды мақтау.



Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Ал қанекей бәріміз!

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме Апайлар!!!

Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша!
Балалар сұрақтарға толық және нақты жауап береді.

Ағаштардан сары, қызыл, қоңыр жапырақтар ұшып жерге түседі.

Ауа-райы суық болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жылы киінеміз

Эльдар:

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Зере:

Түсіп жатыр аулада

Ағаштардан жапырақ.

Алтын күзім келді ма?

Сарғайыпты жапырақ.

Жомарт күз

Жемісті мол теретін

«Күз» дос екен біздермен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен «Күз» деген!
Ойын: «Дәміне қарай тап!»

Орнымыздан тұрамыз,

Бау-бақшаға барамыз.

Алма теріп аламыз,

Жүзім теріп аламыз.

Сәбіз, қияр тереміз,

Бәрін себетке саламыз,

Тобымызға келеміз,

Қолымызды жуамыз.

Орнымызды табамыз.

Балалар сергіту сәтін іс-қимылмен жасайды.

Алма,қияр,сәбіз, анар.


«Шебер қолдар» тақырыбында балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.


Күз келді!

Алма, қияр.


Балалар өзінің іс-әрекетін әңгімелейді, мүсіндеген жұмысына баға береді.



Күтілетін нәтиже :

Білуі немесе хабардар болуы: Күз мезгілінде барлық жеміс, көкөністер пісіп, жиын-терім болатынын түсіне білді.

Қалыптасқан әдет: Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне қызығушылық танытады.

Істей біледі: Балалар өз бетімен іс-әрекет жасап, алма мен қиярдың мүсінін жасауды меңгере білді.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Тақырып: «Добым, добым дөңгелек, Тоқтамайсың дөңгелеп»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға тобымыздағы ойнауға арналған доптар туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Достастыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әр түрлі, әр түсті доптар.

Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, сүлгі.
Сөздік жұмыс: қамқорлық, төрт түлік мал.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: Доп-мяч

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш: 06-04-«Б» №18
Балалар сендер кілемінің үстінде отырып ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

Кілемнің үстіне қараңдаршы сендерді әдемі, дөп - дөңгелек доптар күтіп тұр. Сендермен ойнағымыз келеді дейді. Ал сендердің доппен ойнағыларың келеме?Олай болса ең алдымен, топтың ішінде доппен қалай ойнау керек екендігі туралы ережені есімізге сақтап алайық.


- олай болса, топтың ішінде доптармен қалай ойнасақ болады?


- Доптар сондай жеңіл олар секіргенді, дөңгелегенді ұнатады. Олар биікке секіріп, алысқа дөңгелеп тыңдамай қоюлары мүмкін. Сол үшін сендер оларға топтың ішінде қалай ойнау керек екендігін үйретіңдер.

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!

Балалар ия жақсы көреміз.

Балалар доптарды көріп, ойнағылары келетіндерін айтады.

Доппен ойнағанда қандай оқыс жағдайлар болуы мүмкін? (допты тым биікке лақтырсақ, жарықты сындырып аламыз, алысқа лақтырсақ терезеге тигізіп алуымыз мүмкін немесе басқа заттарды да құлатып алуымыз мүмкін)


(бір - бірімізге дөңгелетіп, еденге соғып немес бір - біріміздің қолымызға лақтырамыз т. б.)
Балалар жауабы
Доппен ойнай отырып, олардың дөңгелек, жұмыр екендігін анықтайды

Іздену барлау

Енді доптарымыз біраз демалсын, кілемнің үстінде қалдырайық та үстелімізге келіп отырайықшы.
- Балалар доп қандай болады екен? (Добымызға қарап,

«Добым, добым дөңгелек, тоқтамайсың дөңгелеп» деп айтсақ болама?


Біздің тобымызда бұлардан басқа қандай доптар бар? Және ойнаған доптарымыз кішкентай болған. Ал мұналар қандай? (үлкен) Демек доптар үлкен, кішкентай пішінде бола береді екен.
Мен сендерге бүгін тұзды қамыр арқылы доп жасауды үйреткім келеді. Сендер әрқайсыңда өз қолыңнан жасалған доп болғанын қалайсыңдар ма?
Олай болса мұқият болайық. Бізге ол үшін қандай құралдар қажет екен?(өзім жасау жолдарын көрсетемін)
1. Доптың көлемі мен түсін анықтаймыз. Сол доптың түсіне сәйкес тұзды қамырда таңдаймыз.
2. Тұзды қамырды жұмсартамыз
3. Екі алақанымыздың ортасына тұзды қамырды салып дөңгелетеміз
4. балаларға ауада осы іс - әрекеттерді орындатамын
5. Өз беттерімен жұмыс істейді (көмегімді қажет еткен балаға көмектесемін)

дөңгелек, дөңгелегенді ұнатады

Доп туралы 2 шумақты қайталап айтады
Үстел үстіндегі заттарды атайды. (тұзды қамырды, тақтайша, сүлгі)
Мұқият тыңдайды
Ауада қайталайды
өз еріктерімен допты мүсіндеді


Рефлексивті – қорытындылау

Сонымен барлығымыз тұзды қамыр арқылы не жасап алдық?

Допты жасаған сендерге оңай тиді ме? Ендеше кімнің добы әдемі болғандығын жәнеде ата - аналарымызға көрсету үшін көрмеге орналастырайық.


Үйге барған соң да осылайша тұзды қамыр арқылы доп жасап алуларыңа болады.
(доппен еркін ойнауға рұқсат беріледі)
Балалар жауабы

Доп жасадық
Ия. Доп жасаған оңай екен.

Көрмеге жұмыстарын орналастырып, ең әдемі допты таңдайды





Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамытады. Қалыптасқан әдет: Түстерді ажырата біледі.

Істей біледі: Мүсіндей алады

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Менің үйім»

Мақсаты: Балаларға пластикалық ыдыстардан,пенопластан әр түрлі заттар жасауға үйрету.

Қажетті-құрал жабдықтар: пластикалық ыдыстар , пенопласт.

Көрнекілігі: Әр түрлі, әр түсті доптар.
Сөздік жұмыс: қамқорлық, үй

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: Дом-үй

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы күш

 

 



 

 

Ізденуші-ұйымдастырушы

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Рефлексивті-түзетуші



      Жылулық шеңбері

Балалар жарты шеңберге тұрып, бір –біріне жылы лебіз білдіреді.

Балаларға әр түрлі үйрлерді көрсету.Мысалы адамның үйі, күшіктің үйі, мысықтың үйі.

Балаларға өз үйлерін жасауды

үйрету.

Пластикалық ыдыстарды , пенопласты пайдалану арқылы үй жасауды үйрету.



Қауіпсіздігіне баса назар аудару.

Дидактикалық ойын:

«Тышқан мен мысық»

Шарты: Мысық өз үйінде ұйықтап жатады.Оны пайдаланған тышқандар мысықтың үйін шашуға шығады.

Мысық оянып, тышқандарды қуғанда олар өз індеріне кіріп кетеді.

Жасаған жұмыстарын көрмеге қою.

Балалар жұмыс жасайды.

Қорытындылау.

Балаларды мадақтау.



 

 

 



Жылы лебіз білдірді.

 

 



 

 

 



Мұқият тыңдайды.

 

 



Қызыға тамашалады.

                            Күтілетін нәтиже

Балалар ұқыпты жұмыс жасай білді.



Істей біледі: Мүсіндей алады

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Терезесі бар көңілді ашық хаттар құрастыру»

Мақсаты: Балаларды ашық хат  түрлерінің ерекшеліктерімен сонымен қатар ашық хатты әшекейлеу түрлерін үйренеміз;

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз,қайшы,желім, фото.

Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, сүлгі.
Сөздік жұмыс: қамқорлық, төрт түлік мал.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: хат-письмо

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тақырыбын,мақсатын хабарлау

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Ашықхат қандай болуы керек? Әрине көңілді. 2. Сурет бойынша жұмыс 31-32бет. 3. Күн бейнесі көтеріңкі күйден хабар береді. Терезе ашықхаттың жалпы композициясының ішіне кіруі тиіс. Алдымен қалың қағаздан өзімізге қажет өлшемдерді тік төртбұрыш етіп қиып аламыз. Терезенің пішіні мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Дөңгелек терезені циркульмен сыз.1-3 суреттерде көрсетілген ашықхаттарда көбелек, фотосурет ішкі жағынан желімделген. Бейнебір көбелек гүлдерге қарай ұшып бара жатқандай.4-сурет 2-3 суреттердегі композицияның негізінде жасалады. Безендіру барысында аппликация, «оригами» фигураларын және өз шеберлігіңді пайдалануыңа болады.

Сергіту сәттері: Туған күнмен құттықтау ашықхаттарын құрастыр.



ІV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу. – Қағаз деген не? Қағаз – әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. - Қағазды қалай жасайды?

- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ): Қағаз дайындау. (кесу, тесу)

V. Қорыту. Ашық хаттардың түрлерін дайындау


Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!

Балалар ия жақсы көреміз.


Балалар сұрақтарға жауап беріп жұмыстарын жасайды.

 Сергіту сәті:   

Орнымыздан тұрамыз,  

  Жел улейді у – у

 Қанатымызды жаямыз            Құйын соғар зу - зу

Оңға солға бұрылып,               Қатты – қатты жел соқты,

Сірігіп біз қаламыз.     Жапырақтар қол соқты




Іздену барлау



дөңгелек, дөңгелегенді ұнатады



Рефлексивті – қорытындылау

Балалар жауабы



Көрмеге жұмыстарын орналастырып, ең әдемі допты таңдайды



Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Хаттарды жасай алады.

Қалыптасқан әдет: Түстерді ажырата біледі.

Істей біледі: Мүсіндей алады


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Тақырып: «Жүзік»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға зергерлік өнер туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сөздік қорларын бейнелі дұрыс жеткізе білу іскерліктерін, шығармашылық қиялдарын дамыту.

Тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрлерін және үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зергерлік бұйымдар, алқа, білезік, жүзік

Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, қылқалам сүлгі.
Сөздік жұмыс: Зергер, шебер.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: Жүзік-кольцо.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балалар, жылдың неше мезгілі бар? Аптаның неше күні бар?

Балалар, біздер өткен іс-әрекетімізде нені мүсіндедік? Қане, бәріміз есімізге түсірейік. Нені мүсіндедік? Ал енді бүгін біздер жүзікті мүсіндейік және оны бояумен бояйық. Сонда мүсіндеген жүзігімізді әжемізге сыйлаймыз. Ал, мына жерде зергерлер бұйымы көп екен,сендер нені көріп тұрсыңдар? Бұны кімдер тағады?

Бұл жерді не деп атаймыз?

Дүкендегі заттарды кімдер сатады?

Балалар, сендерге не ұнады?



Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!

Жылда 4 мезгіл бар.

Аптада 7 күн бар.

Доптың бейнесін.

Алқа, білезік, сырға, сақина өте көп екен.

Әжелер, тәтелер, апалар, тағады

Зергерлік дүкені деп атаймыз. Сатушы сатады. Ал,біздер сатып алушылармыз.

Жүзіктің ұнағанын айтады.



Іздену барлау

Алдымен, сендер қалай жасалу жолдарын түсініп алыңдар, әуелі қамырымызды жақсылап араластырып оны тұзға былғаймыз, сонда тұзға былғанған қамырымыз дайын болады. Енді одан жүзікті мүсіндейік, алақанымызды арасына салып жұмсартып алып, оны ұзынша етіп аламыз. Соны екі саусағымыздың ұшымен екеуін біріктіреміз. Сонда жүзігімізді мүсіндедік. Енді өзіміздің қалаған бояуымызбен бояймыз.

Сергіту сәті:

Балалар тәрбиешіні зейін қойып тыңдайды.

Тәрбиешіге қарап жүзікті мүсіндеуге кіріседі.

Оңға-оңға түзеу тұр Солға-солға түзеу тұр, Алға қарай бір адым Артқа қарай бір адым Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.


Рефлексивті – қорытындылау

Балалар, біздер не жасадық, зергерлер, шеберлер деген кімдер?

Олар не жасайды? Зергерлік бұйымдар сендерге ұнай ма? Ойын : «Сақина» ойынымен аяқтау.



Жүзік жасадық.

Зергелік бұйымдар жасайды.




Күтілетін нәтиже

Білуі немесе хабардар болуы: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамытады. Қалыптасқан әдет: Түстерді ажырата біледі.

Істей біледі: Мүсіндей алады

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Тақырып: «Алтын балық»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға балық туралы жан-жақты түсінік беру, тіршілік ортасымен таныстыру, алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау, есу тәсілдерін жалғастыру.

Дамытушылық: Мүсіндеуде саусақ қимыл-қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру, бірнеше бөліктен тұратын заттарды бір-біріне біріктіруді дамыту.

Тәрбиелік: Саусақ ептілігімен пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Балықтардың суреттері, аквариум.

Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, қылқалам сүлгі.
Сөздік жұмыс: алтын балық, балдыр, жүзу, аквариум, ұлу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: Балық – рыба.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Жұмбақ жасыру:



Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ. Бұл не?
- Балалар, дұрыс шештіңдер. Бүгінгі мүсіндеу ерекше болмақ. Өйткені біз жай балық емес, ертегідегі біздің тілегімізді орындай алатын балықты мүсіндейміз. Ол үшін біз балықтар туралы жан-жақты мәлімет алайық.
- Балықтың аттарын білесіңдер ме?
- Балықтар қайда тіршілік етеді?

Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі.

Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес!

Ол- балық.



Балықтар - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі:
Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс, дем алады. Желбезек арқылы балықтарға суда араласқан оттегі түседі.

Іздену барлау

1.Балықтың денесін жасау үшін тұзды қамырды алақанға салып, айналдыра отырып домалақ пішінге келтіру.
2.Домалатылған пішінді екі алақанның арасына салып, жаншу арқылы жалпақтау.
3.Қанатын есу.
4.Құйрығын есу, жалпақтау арқылы жасайды
5.Заттарды бір-біріне біріктіру.(денесіне қанаттарын, құйрығын өз қалаулары бойынша әсемдеу.
Заттарды бір-біріне біріктіруде, саусақ ептілігімен пішінді бұзбай таза, ұқыпты орындауға қадағалау.)
Тосын сый:
6.Осы кезде өзен, су тасқыны естіледі. Су перісінің қызы кіреді.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, мен су перісінің қызымын, суда ғана өмір сүремін. Мен сендердің балықты мүсіндеп жатқандарыңды көріп, еңбектеріңе риза болып, аквариум ала келдім, өйткені балық суда ғана тіршілік етеді.
Тәрбиеші: - Рақмет, сізге су перісі!
Біз жай балықты емес, тілегімізді орындайтын балықты мүсіндедік аквариумыңызға рақмет! Сергіту сәті:


Тұп-тұнық мөлдір суда
Балық жүзіп жүр екен
Біресе керіледі, біресе жиырылады
Біресе құмға тығылады.

Рефлексивті – қорытындылау

Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастыру.
- Балалар ақ тілектеріңді айтып, балықтарыңды мына аквариумға жібере қойыңдар.
- Жұлдыз, сен қандай тілек айтасың?
Су перісі балалардың жұмыстарына баға береді.
Балалар өз бетінше жұмыс жасайды


Балалар мүсіндеген балықтарын көрмеге қояды.
- Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін.т.с.с.



Күтілетін нәтиже

Білуі немесе хабардар болуы: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамытады. Қалыптасқан әдет: Түстерді ажырата біледі.

Істей біледі: Мүсіндей алады

Қолданылған әдебиеттер: 

1. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. Өмірбекова Маргарита 
Шаяқыновна 
2. Ай сайын шығатын республикалық әдістемелік журнал. Мектептегі 
технология. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. ЖШС «Педагогика - Пресс» 
баспаханасы. Алматы қаласы. 
3. «Ою-өрнектің жасалу жолдары» Авторлары: Толенбаев С. 
Омирбекова М. Алматы «Қағанат ЛТД» 1993 ж. 
4. Қазақтың тұрмысы мен мәдениеті. Авторы: Кенжеахметұлы 
Сейт «Алматыкітап» ЖШС 2006 ж.

5. Құрастыру және қол еңбегі (әдістемелік нұсқау) Алматыкітап 2003 Ф.Жумабекова, А. Ойшыбаева 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет