Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет126/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   172
Байланысты:
index

Х= А* В (1) С
Мұнда, Х – препараттың қажетті мөлшері, кг;
А-жұмыс ерітіндідегі белсенді хлор мөлшері,%;
В-жұмыс ерітіндінің қажет мөлшері, л;
С-құрғақ препараттағы белсенді хлор мөлшері,% А.А.Поляков ол үшін Печников кестесін ұсынады.
Хлорлы әкті түссізденген ерітінділер, судағы өлшеммен (взвесь), құрғақ күйде қолданады. Ең көп түрде түссізденген ерітінді күйінде қолданылады, онда 0,6-2% хлор болғаны жөн. (суда ерітілген хлор газының молекуласын – «белсенді», яғни өзге заттармен химиялық реакцияларға түсуге қабілетті дейді).
Қи сақтайтын алаңдарды, асқазан құрамын, қоқысты, қи жүретін жолдарды, шайынды жолдарын дезинфекциялау мақсатында 10 және 20% хлорлы әктің 2,5 немесе 5% белсенді хлоры бар өлшемін қолданады.
Өңделетін беткейлерге оларды электронасос көмегімен 1л/м2 есебінде шашады. Құрғақ хлорлы әкті суланған беткейлерге біркелкі етіп бөліп салады.
Сөндірілген әк - (ақ ұлпа (пушонка), кальций гидрототығы) - әкті сумен сөндіреді, осы кезде көп мөлшерді жылу бөлінеді. Сөндірілген әкті мал соятын, тағам қоймаларының, инкубаторлардың қабырғаларын, едендерін ақтау және дезинфекциялау үшін қолданады.
10% жаңа сөндірілген әк ерітіндісін дайындау үшін үлкен ыдысқа 1 кг затқа 1 литр жылы су құяды, сонда экзотермикалық реакция пайда болады да, жылу түзіледі және ұсақ түрге дейін ұнтақталады. Содан кейін 9 литр су құяды.
Хлор (Сll2)– оны сұйытылған күйінде қысым астында балондарда сақтайды да, қолданыстағы нұсқауларға сәйкес шайынды суларды, санитарлық сою орындарын, карантин орындарын, изоляторларды дезинфекциялау үшін қолданады.
Хлор газы адамдар мен жануарлар үшін улы, бояу, материалдар, ұлпаларды бұзып, металл коррозиясын тудырады. Оларды ет және құскомбинаттар цехтарында қолданады.
Кальций гипохлорит - әк немесе сарғыш кристалды зат, хлордың иісі бар. Тығыздығы 0,3-0,9 т/м3. Гипохлоритті қыздырған кезде ыдырайды, 1800С температурадан жоғары болса, ыдырау одан тез болып, жылу бөлінеді. Гипохлорит суда осы теңдік арқылы гидролизденеді: ClO+H2O=HCL=OH. 00С температурада суда 21,8% ериді, 250С болғанда - 25%.
28-Кесте. Препараттағы белсенді хлор мөлшері МЕМСТ 13392-67 және МРТУ 6-01-70-66.

Құрамы

Бейтарапталған гипохлориті

кальций

2/3 негізгі тұз

1 сұрып

2 сұрып

3 сұрып

1 сұрып

2 сұрып

Белсенді хлор (аз
емес)

70

60

50

55

50

Ерімейтін қалдық
(көп емес)

6

15

Регламентке түспейді

-

-

Химиялық жағынан бұл препарат өте белсенді ерітінділері күшті тотығу қасиетіне ие болады. Сақтау кезінде гипохлоридттің тұрақтылығына оның құрамы, сонымен қатар сыртқы факторлар – температура, жарық, ауамен араласуы әсер етеді. Егер кальций гипохлоритін 7 сағат бойы 900С температурада, құрғақ, СО2-ден босатылған ауада сақтаса, құрамында белсенді хлор мөлшері 6% төмендейді, ал ылғалды СО2 бар ауада -24% белсенді хлорды жоғалтады (Фурман, 1976). Әсер ету күйі бойынша кальций гипохлориті, хлорлы әктен 2,2 есе көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет