КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫНДА ЖӘНЕ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ОДАҚТЫҢ АУМАҒЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ
БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БІРЫНҒАЙ ТӘРТІБІ Кедендік одақтың кедендік шекарасында және кедендік одақтың кедендік аумағында ветеринарлық бақылауды жүзеге асырудың біртұтас тәртібі жайындағы ереже Еуразиялық экономикалық құрылымның мемлекетаралық одағының шешіміне негізделіп, үкімет басшыларының деңгейінде 2009 жылдың 11-шы желтоқсанынан бастап еңгізілді.
Бақылаудағы тауарды өндіретін, қайта өндейтін немесе сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдар мен тұлғаларды бақылау тәртібі, ветеринарлық бақылауға алынған тауарлардың сынамасын алу және нысандарды тексеруді өткізу жайындағы Біртұтас тәртібі бойынша жүргізіледі.
ШКВББ лауазымды тұлғалары міндеттерін орындау барысында басқа да атқарушы күштердің лауазымды тұлғаларымен байланысады. Олар: өткізу пунктінде бақылау жүргізетін пунктінің әкімшілігі, кеме ұстаушылар, агенттік қызметтер мен фирмалар, басқа ұйымдар мен кеңселер және де шектес мемлекеттердің өткізу пунктіндегі ветеринария саласының мамандары. Мемлекеттің ветинспекторлары өздерінің өкілетін пайдалана отырып тауарларды сақтайтын, өндіретін нысандарды жаппай тексеруге құқылы. Қызметтерін атқару барысында ШКВББ-ның лауазымды тұлғаларының өздерімен бірге қызмет куәлігі болуы керек және де олар Екі Жақтың заңнамасы бекіткен үлгідегі қызмет киімін киуі қажет. Бақылауға алынған тауарларды кедендік одақтың шекарасынан өткізу – арнайы соған арналған өткізу пунктілерінде ғана рұқсат етіледі немесе Екі Жақтың келісімімен олардың заңдарына сәйкес ветеринарлық бақылауға арналған құралдармен қамтамасыз етілген жерде өткізіледі.
Бақылауға алынған тауарларды кедендік одақтың ішінде Бір Жақтың аумаңынан Екінші Жақтың аумағына өткізу, транзиттеу (тасымалдау) барысында бақылаудағы тауардың Жақтардың өкілетті мүшелерімен және Екі Жақтың жетік мүшелері –экспорттаушылармен берілген ветеринарлық сертификаты болуы керек. Бақылаудағы тауарларды кедендік одақтың аумағына кіргізгенше ветеринарлық сертификаттар орыс тілінде және әкелуші елдің (экспорттаушы мемлекеттің) тілінде толтырылуы міндет.
Жақтардың аумағына еңген бақылау тауарларының қолданылуын (сақтау, өңдеу, малдарға азық ретінде пайдаланылуы, жою т. б. ) және сынамасын алуын Жақтардың өкілетті органдары орындайды.
Ветеринарлық бақылауды жүргізу барысында ветеринарлық сертификатты Біртұтас ветеринарлық талаптарға сәйкес екендігін рәсімдеу үшін зертханалық зертттеулердің хаттамалары қабылданады. Ветеринарлық сертификаттарды басқа да ветеринарлық жолдама құжаттарды нысанға келтіру барысында және де ветеринарлық бақылаудың барлық түрлерін жүргізу барысында жұмсалған шығындар Екі Жақтың заңнамасына сәйкес өтеледі.