Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет41/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   172
Байланысты:
index

Маймылдарды кедендік одақтың аумағында және (немесе)

Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау маймылдар жіберіледі, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:

  • Рифт алаңының қызбасы, туляремия - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;

Маймылдарды экспорттайтын шаруашылықтар мен әкімшілік аумағында адам мен жануарлар арасында ешқашанда келесі аурулардың ошақтары кездеспеу керек: гемморагиялық қызба түрлері (Ласса, Эбола, Марбург т.б), маймылдардың шешегі, адам обасы.
Кедендік одақтың аумағына жіберілетін іріктелген маймылдар экспортер-елінде, арнайы базаларда 30 күндік каратинде тұрады. Карантин кезінде әр басты клиникалық қараудан және міндетті тұрде термометриядан өткізеді. Сол уақытта диагностикалық зерттеулер өткізіледі:
-гемморагиялық қызба тұрлері (Ласса, Эбола, Марбург, Денге, сары қызбасы, ВИЧ, лимфатикалық хориоменингит), маймылдардың шешегі, А,В,С гепатиті, В герпесінің қоздырғыштарына антиденелердің барына тексереді;

  • энтеробактерия топтарына: эшерихий, сальмонелла, шигелл, кампилобактерия, лепра, риккетсиоздар, боррелиоздардың

қоздырғыштарына антиденелердің барына тексереді;
-туберкулезге.

Ет өнімдері мен азықтық ет шикізаттарын кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау жануарлардан алынған және арнайы ет өндейтін комбинаттардан, мал сою кәсіпорындарынан алынған ет жатады.
Кедендік одақтың аумағына экспортқа жіберілетін жануарлар мен ет және басқа да азықтық ет шикізаттары, сояр алды ветеринарлық қарауға жатады, ал ұшалар (басы және ішкі мүшелері) – сойыстан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады. Ет және басқада еттен жасалған өнімдер адамға тағамдық қолданысқа жарамды болуы керек.
Ұшаларда анық көрінетін мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың мөрі, онда мал сойылған ет комбинатының атауы немесе номері болуы керек. Бөлшектелген ет қорабында немесе кесектерде таңбасы болады (ветеринарлық мөрі). Таңбалау этикеткасы жақсы жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе ашқан кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек.
Ет және басқада ет шикізаты жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау, аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес шаруашылықтан немесе әкімшілік аумағынан шығарылады, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:
А) барлық жануарлар түрлері үшін:

  • сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы;

  • аусыл – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;

Б) ірі қара малы:

  • лейкоз – шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;

  • бруцеллез, туберкулез - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

  • ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы және қойлардың скрепи – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел аумағында;

  • ірі қара малдың обасы, контагиозды плевропневмония - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;

  • В) қойлар мен ешкілер:

  • - ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы және қойлардың скрепи – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел аумағында;

  • аденоматоз, меди-висна, артрит-энцефалит – шаруашылық аумағында соңғы 36 ай бойы;

  • блутанг- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;

  • ІҚМ обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;

  • ҰҚМ обасы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;

  • туберкулез, бруцеллез, ешкі мен қойлар шешегі- шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы; Г) шошқалар:

  • африкалық шошқа обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;

  • трихинеллез- шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

  • шошқалардың репродуктивті-респираторлы синдром-

шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

  • шошқалардың энтеровирусты энцефаломиелиті (Тешен ауруы) - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

  • шошқаның везикулярлы ауруы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;

  • шошқаның классикалық обасы – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;

  • Ауески ауруы – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел аумағында;

Кедендік одақтың аумағына енгізуге немесе Траптар арасында тасымалдауға келесілер жіберіледі:

  • трихинеллезге зерттелген, теріс нәтиже берген шошқа ұшалары; - жануар текті азықтарды қабылдамаған жануарлардан алынған.

Кедендік одақтың аумағына енгізуге немесе Тараптар арасында тасымалдауға келесілер жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлықсанитарлық қарау кезінде, ауысылға, обаға, анаэробты инфекцияға, туберкулезге, лейкозға және басқада ауруларға тән өзгерістер және гельминттермен зақымдалғаны анықталса (цистицеркоз, трихинеллез, саркоспоридиоз, онхоцеркоз, эхинококкоз және т.б.), және де әр түрлі заттармен уланған кезде; сақтау кезінде дефростацияға үшыраған; бұзылу белгілері байқалған; мұздатылған санның бұлшық етінің қалыңдығында – 80С жоғары болса, суытылған ет үшін – 40С жоғары болса; ішкі мүшелерінде, ұлпаларда қан талаулары, алынбаған абцесстер болса, бөгелектердің жұмыртқаларымен, лимфа түйіндері алынып тасталса, механикалық қоспалар, етке сай емес түспен, иістенсе, дәмі болса (балықтың, дәрілік заттардың, шөптердің және т.б.); консервілеу заттары болса; сальмонеллалар немесе басқа да бактериялық инфекцияның қоздырғыштары болса; бояушы заттармен өңделсе.
Еттің микробиологиялық, физико-химиялық, химико-
токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет