әр түрлі серотипті құс тұмауы-ел аумағында сонғы 6 ай бойы;
-құстардың Ньюкасл ауруы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
дифтерит-шешегі, орнитоз, туберкуллез-аспергилез, ұйректердің обасы- аң шаруашылық аумағында немесе мекендейтін жерде соңғы 6 ай бойы;
Жабайы жануарлар (жабайы қанаттылар) және экзотикалық жануарлар сояр алды ветеринарлық қарауға жатады, ал ұшалар (басы және ішкі мүшелері) – сойыстан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады. Ет адамға тағамдық қолданысқа жарамды болуы керек.
Ұшаларда анық көрінетін мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың мөрі, онда жабайы жануарлар сойылған ет комбинатының атауы немесе номері болуы керек. Бөлшектелген етте қорабында немесе кесектерде таңбасы болады (ветеринарлық мөрі). Таңбалау этикеткасы жақсы жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе ашқан кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек.
Кедендік одақтың аумағына енгізуге келесі өзгерістері бар еттер жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлық-санитарлық қарау кезінде індеттік ауруларға тән өзгерістер және гельминттермен зақымдалғаны анықталса, әр түрлі заттармен уланған жағдайлар байқалса. Ұшалар трихинелезге тексерілу тиіс, нәтижесі теріс болу керек, құрамында консерванттары бар, сальмонеллалар немесе басқа бактериялық инфекцияның қоздырғыштары болса; бояғыш заттармен және ион мен ультра күлгін сәулелерімен өнделген; түсі өзгерген, сақтау барысында жібіген; сақтау барысында мұздатылған сан етінің қалыңдығында температурасы – 80С жоғары болса (сақтау кезінде – 180С жоғары болу керек), салқындатылған кезде 40С жоғары болса. Еттің микробиологиялық, физико- химиялық, химико-токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.
Балық, шаянтектілерден, ұлулардан алынған өнімдерді және олардан өңделген өнімдерді кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына және Тараптар арасында енгізуге және тасымалдауға тек дені сау гидробионттар (балықтар, ұрықтандырылған уылдырықтар, су аңдары, шаян тектілер, ұлулар, омыртқасыздар, бақалар, және т.б.), экологиялық таза қоймаларда өсірілген немесе алынған (акватория), МЭБ «Су жануарларының санитарлық кодексі» бойынша қарастырылған қауіпті жұқпалы аурулардан бос шаруашылық аумағынан жіберіледі.
Балық өнімдері паразиттерге, бактерияларға және вирусты инфекцияларға зерттелуі керек. Жіберілетін нормадан артық мөлшерде паразиттер анықталса, балық өнімі қазіргі таңдағы белгілі әдістермен залалсыздануы керек. Кедендік одақтың аумағына келесі балықтар жіберілмейді: мұздатылған, терендікті дене температурасы -180С жоғары болса; сальмонелалармен және басқада бактериялы қоздырғыштармен зақымдалса; жұқпалы ауруларға тән өзгерістермен; органолептикалық тұрғыдан сапасы төмен; сақтау кезінде дефростацияға ұшыраған; улы балықтар тұқымы: (tetraodontidae, Volidae, Diodontidae Canthigasteridae); адам денсаулығына қауіпті биотоксиндері бар балықтар (ciguatera); бояулармен, ион және ультракүлгін сәулелерімен өнделген.
Қос ұлулар, тікенек денелілер, сауыттылар және теңіз гастроподтары (әрі қарай ұлулар) тазалау орталықтарындағы арнайы тазартудан өтуі тиіс.
Кедендік одақтың аумағына енгізуге келесі өзгерістері бар еттер жіберілмейді: Балық өнімдеріне ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізгенде олар тағамға қолдануға жарамды болу керек, құрамында табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар, антибиотиктер, пестицидттер және де басқа дәрі-дәрмекті заттар болмауы керек. Балық өнімдерінің микробиологиялық, химико-токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіші, ұлуларда фикотоксиндер және басқада ластайтын заттар болса, ветеринарлық- санитарлық талаптарға сай жүргізіледі.