Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның арқалайтын жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса керек. «Бай мен қонақ» өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын сюжет баяндалады. Бай үйіне келген қонақ пен үй иесі арасындағы диалог сол дәуірдегі қазақ аулының психологиясын, этикасы мен эстетикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін, рухани түсінігінің деңгейін сипаттап береді. Мұнда да Абай жырлаған тоғышар кейіпкерлер бар. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық» адам баласын қалай аздыратынын ұлы Абай қандай шебер айтып кеткен болса, Шәкәрімнің мұндағы кейіпкерлері де алдында асы бар, істер ісі жоқ, тойғанына мәз, бірін-бірі кемсітуге құмар мүгедек жандар. Шәкәрім айналасында болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға әрдайым сергек қарады. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең философиялық ой бар. Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді. Қуана тұрып, ол халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман еңбек адамынікі болу керектігін айтады