Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет36/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер

* * *


– Міне, Маңырақ, – деді Бектен болыс атының тізгінін тарта 
тоқтап.
Реті келсе, болыс енді әрі қарай барғысы жоқ. Осы жерден кері 
қайтпақ.
Жазалаушы отряд жарды жағалай тақыр тастаққа қоныстанған 
қотыр  ауылдың  іргесіне  таяп  келді.  Маңырақ  ауылына  бұл 
қоныстың  жайсыз  екені  сонша,  мына  тұрысы  жауыр  есекке 
қиғаш мініп отырған адамды елестетеді. «Бір ауыл елді асырай 
алмаймын-ау»,  –  деп  тастақ  жер  ыңғайсызданатын  сияқты. 
«Тақыр  жердің  тасын  теріп  мазасын  алдық-ау»,  –  деп  ел 
қысылатын тәрізді. Әйтеуір бір үйлесімсіздік сонадайдан көзге 
ұрады.
Жылы-Бұлақтың бойынан айырылып, Маңырақтың шаңырақ 
көтерген  жері  осы.  Қайран  Жылы-Бұлақтың  жәннаты  жерін 
переселендерге  беру  жөнінде  қағазға  қол  қойып,  мөр  басқан 
мына  Бектен  болыс.  Қанша  пара  алғанын  өзі  біледі,  мына 
Кузьмин кулак, бәлкім пристав Сокольский біледі. Пара жөнінде 
документ  тігілмейді,  архивте  сақталмайды.
Жылы-Бұлақты Кузьмин бастаған кулактарға сатқанда адасып 
қалған  ар-ұят  Бектеннің  шұбар  бетін  енді  қытықтап  тұрған 
шығар,  өйткені  Маңыраққа  жақындағысы  жоқ.  Әлде  әлсіз 
елден сескене ме екен. Өйткені Маңырақ халқы таңның атысы 
– орнынан Бектенді қарғап түрегеледі, күннің батысы – Бектенді 
қарғап,  жатар  орынға  қонақтайды.
– Рұқсат болса, мен енді қайтайын, – деді Бектен тоқпақ жал 
торы айғырдың тізгінін ептеп бір езулей тартып. – Жұмыс бастан 
асып  жатыр,  мырза.  Тізімнің  шатағы  әлі  біткен  жоқ.  Іздеген 
Маңырақтарыңыз міне. Енді менің керегім жоқ шығар.
Кузьмин гүж ете қалды:
– Постой, тамыр, постой. Осы Маңырақтың бір сүмелегі менің 
малымды  сыпырып  айдап  кетті.  Сен  әуелі  соны  өндіріп  бер. 
Содан соң баратын жағыңа бара бер. Қарай гөр, қайтып кетпекші!
–  Кузьмин  мырза  дұрыс  айтады,  –  деп  қостады  ротмистр 
Приходько. – Осы ауылдың тізімге іліккен еркектері кімдер? Олар 
қайда? Менің дерегім бойынша, олар көтерілісшілерге қосылған. 


Сіз  управитель  мырза,  әуелі  соларды  түгелдеп  шығыңыз.  Мал 
жағын онан соң көре жатармыз.
–  Бектен,  сен  немене,  бәрімізден  ақылдымын  деп  ойлайсың 
ба?  –  деп  пристав  ежірейді.  –  Қазір  бұл  кәззап  ауылдың  күлі 
көкке  ұшады.  Оған  мына  біз  кінәлі  де,  сен  адал  болып  шыға 
келмекшісің  ғой.  Жоқ,  Бектенка,  не  көрсек  те,  бірге  көреміз. 
Әйтпесе, біз бұл Маңыраққа сенсіз де жол таба аламыз. Айда, 
әуелі  Тайлақтың  үйін  көрсет!  Содан  соң  ротмистр  мырза 
айтқандай,  тізім  бойынша,  жігіттерді  түгендейміз.
Бектен  болыстың  үстіндегі  жадаң  қат  боз  камзолдың 
жауырыны  қарауытып  суланып  бара  жатты.  Мейіздей  қатқан 
денесін қазанға салып қайнатқандай, қара тер тұла бойын жауып 
жүре  берді.  Байқаусызда  басындағы  әшекейлі  ақ  қалпағын 
астындағы тақиясымен қоса сыпырып ала жаздап, лезде басынан 
өз қолын өзі үрейлене тартып алды. Басынан тақиясын алғанын 
әлі  күнге  жан  баласы  көрмеп  еді.
Жылда-жылда  жазғытұрым  су  тасқыны  мүжи-мүжи 
кемерленіп  кеткен  жар  қабақтың  басында  құлаған  үйлердің 
морыған  дуалдары  тұр.  Мына  Маңырақ  ауылына  төніп  келген 
тажалдай дәрменсіз елді қорғағысы келгендей әлгі дуалдар бүгін 
ерекше сұсты көрінеді. Басындағы байғыздың да дауысы ащы, 
қаза бойың аза тұтады. Ескі дуалдың көлеңкесінде жусап жатқан 
ешкілер ғана қайғысыз. Бұл ауыл – ешкілі ауыл. Ешкіден басқа 
малдың  Маңыраққа  мәйегі  құтаймаған.  Бірлі-жарым  арыған 
тулақ жылқы тұяғын ауылдың жігіттері қақпайлап мініп, Ойталға 
түсіп  кетті.  Тіпті,  өгіз  мініп  кеткендері  де  бар.
Піл мініп, түйе мініп соғысқандарды тарих біледі, ал өгіз мініп 
сарбаз болғандарды кәрі құлақ тарих жарықтық ести қойды ма 
екен...
Ер-азаматы,  қараң-құраң  малы  кеткен  ауыл  –  көшкен  елдің 
жұрты сияқты жұтаң. Кәрі-құртаң, бала-шаға, қатын-қалаш қазір 
ауылды  қамалап  келген  қарулы  әскерді  көріп,  індеріне  кіріп 
кетіп,  терезелерінен  баспалап  қарайды!  Балалар  әскерді  қызық 
көріп, жеркепелерінің сора басып кеткен төбесіне шығып, қарап 
тұр  еді,  шешелері:  «Жүгірмекші  –  жүгірмек,  жуадай  солып, 
қыршыныңнан  қиылғыр!  Өлетін  бала  молаға  қарай  жүгіреді. 


Өлейін  деп  пе  едің!  Түс,  ойбай!»  –  деп  балаларын  желкелеп-
желкелеп,  кепелеріне  қуып  тыққан.
Бүкіл  ауылда  жалғыз  қара  көзге  түсті.  Бұл  Тайлақтың 
немере  ағасы  Жапарқұл  дуана  болатын.  Бетінің  әжімі  еменнің 
қабығындай айғыз-айғыз, сақал-шашы қара құманды ұнға тығып 
алғандай аппақ. Ақ пен қара осы адамның бір басында бір-бірімен 
жарысқа түскендей: терісі тым қап-қара да, сақал-шашы тым ақ.
Жапарқұл кілең мылтық асынып, қылыштары салаңдап, жарау 
ат мінген әскерді көзі көрмесе де, тамашалағандай, қолымен көзін 
көлегейлеп,  басын  шайқап,  таңдайын  қақты.  Бұтындағы  жүнін 
сыртына  қаратып  киген  қаудырақ  тері  шалбарды  алақанымен 
бұрқ  еткізіп  бір  ұрып  қойды.  Жапарқұл  бұл  шалбарды  қыста 
жүнін ішіне қаратып, жазда сыртына қаратып киеді. Қыстығы да, 
жаздығы да осы.
– Ой-хой, мынау баяғы Сыпатайдың асындағы көкпар ғой! – 
деп айдалаға айқайлап сөйлей, таңдайын тағы да тақылдатты.
Аттылар  таяна  бергенде,  қаһарлы  дүбірден  Жапарқұл 
жамандықты енді сезгендей күл төбеден төмен қарай қорбаңдап 
қаша  жөнелді.  Аяғындағы  қолқылдақ  кебісіне  шалынып, 
етбетінен жығылды да, тұруға шамасы келмей, иегі селкілдеп, ақ 
шел  көзі  аспанға  қарап  қолын  ербеңдетті.
Қалың қол тоқтады да, Бектен алға дара шығып, шалға:
– Тайлақтың үйі қайсы? – деді.
Шал  тілі  күрмеліп  қалған  шығар,  селкілдеген  иегін  үнсіз 
бұрып, ауыл шетіндегі жартыкеш жеркепені нұсқады. Жеркепенің 
жарты  төбесі  жабылып,  жартысы  жабылмай  қалған  екен.
– Ауылдың адамдары қайда? Аманбай, Аманқұл, Жаманқұл, 
Кенжелер қайда? Қоқанбай қайда?
Болыстың  сұраған  кісілерінің  бірде-біреуі  жоқ  еді,  соған 
өзі  кінәлі  болғандай  Жапарқұл  күні  бұрын  екі  қолымен  басын 
қорғалап,  кемсеңдей  бастады:
– Білмеймін, аттарына жайдақ мініп кетіп қалған. Бір жерде 
көкпар бар ма, қайдам...
– Өтірік айтады, кәрі төбет! Тұр орныңнан! – деп енді пристав 
таяп келді де, жерде жатқан жарымжан шалды атпен омыраулатып 


тұрып, еңкейіп барып, дырау қамшымен жоннан ала тартып кеп 
жіберді.
Алғашқы  қамшы  солдаттарға  қу  қамысқа  тиген  шырпы 
отындай  әсер  етті.  Тек  әмір  күтіп  жалаңдап  тұр.
– Тінтіңдер! – деді ротмистр солдаттардың пейілін танығандай.
Сол-сол-ақ  екен,  талма  түстің  тымығында  оқыстан  құйын 
үйірілгендей Маңырақтың боз-бораны шыға берді. Қақылықтап 
қашқан  тауықтар  байбалам  салды.  Қаңсылап  қашқан  сабалақ 
иттер  ауылдан  әрірек  барып,  қаңсыған  қара  тұмсықтарын 
аспанға  қаратып  ұли  бастады.  Жуындыға  тоймаған  соң  иттің 
де жүні түлемей, бөкселеріне қомыт жамап қойғандай қобырап 
жүр. Көгенде жатқан лақтар біреу бауыздап жатқандай бұршаққа 
буынып,  кебенек  келгендей  бақырып  ол  жатыр.
– Көкпар! Көкпар! – деп қырылдады бет-аузы қан-қан болып, 
аттардың  тұяғының  астында  қалған  Жапарқұл.  –  Дода!  Дода! 
Сыпатай! Сыпатай! – Шал байғұс әлі таңқалып, таңдайын қағып 
жатыр.
Тайлақтың  жартыкеш  жертөлесінен  солдаттар  Тайтақайды, 
бой жетіп қалған қызы Күләйді сүйреп алып шықты. Өңі кеткен 
боз  көйлегінің  омырауы  жыртылған  Тайтақайдың  бір  мамасы 
суалған  сиырдың  желініндей  салаңдап  кетіпті.  Жерге  түсіп 
қалған жыртық жаулығын алайын деп еңкейе беріп еді, солдат 
мылтықтың  дүмімен  итеріп  жіберді.  Тайтақай  бір  қолымен 
шашын  басып,  екінші  қолымен  әлгі  солдаттың  өзін  итеріп  кеп 
жіберіп еді, солдат серең етіп құлап қалды. Оған басқалар қыран 
күлкі  болды.
– Не деген күшті қатын! – деп бастарын шайқады.
Тайтақайды пристав тани кетті.
– Е, мынау баяғы Айбар мырза мен Бектен мырза құда болатын 
тойда  бізді  алдаған  қатын  ғой.  Ах,  сайтан!  Ах,  дию!  Әлі  тірі 
екен той. О жолы тыр жалаңаш шешінбеп едің, енді шешінесің, 
кәрі  дию!  О  кезде  жасырақ  еді,  қартайып  қалған  екен.  Бірақ 
қарулысын қайтесің әлі! Сенің байың Тайлақ – үлкен қылмыскер. 
Қожасының малын ұрлап, көтерілісшілерге қосылып кетті. Сол 
үшін  оның  үй  іші  қырылуға  тиіс,  –  деді  пристав  Тайтақайға 
ежірейе  қарап.


–  Менде  бай  жоқ.  Тайлақ  деген  адамды  біз  білмейміз.  Не 
істеп жүргенін және білмейміз, ол үшін біз неге жазаланамыз? 
– деп әйел бет бақтырмады. – Әй, болыс, құдайшылығыңды айт 
мыналарыңа!
–  Не  қыласың,  сорлы,  қасарыспай,  қарсыласпай,  жаныңды 
арашалап  қалсаңшы,  айтқанына  көне  бер,  –  деді  болыс  аяған 
болып.
–  Қой  де,  мыналарыңа!  Сен  ғой,  қарабет,  осыларды  онсыз 
да  шықпа  жаным  шықпа  деп  отырған  Маңыраққа  бастап 
әкелген.  Құдай  бар  болса,  ана  басың  жерде  шіріп,  аруақты 
аттап атала болған миыңның орнына жылан ұя салсын да! Тіфу, 
қарабет!  –  Тайтақай  ат  үстіндегі  болыстың  бетіне  түкіріп  кеп 
жібергенде,  Бектен  оған  қамшы  көтере  алмай,  бетін  жеңімен 
сүртті.  Мына  айылын  жимаған  адуын  қатынның  соншалықты 
алысқа түкіргеніне тан қалған ротмистр атының тізгінін тартып 
шегініңкіреп  кетті  де,  өзіне-өзі:
– Ат! – деп команда берді.
Оқ Тайтақайдың жыртық омырауына тиген екен, салбыраған 
мамасының  үстімен  жылғалай  жылжып  аққан  қан  емшектің 
үрпіне  жетіп,  жерге  тырс-тырс  тама  берді.  Тайтақай  дем  ала 
алмай, аузын аптыға ашқан күйі әлдене айтуға аузына сөз түспей 
қалғандай аңтарылып бір сәт тұрып еді, Күләй қыз:
– Апа! – деп шыңғырып жібергенде, есіл Талбүбі – Тайтақай 
есіктің көзіне жәй ғана сылқ етіп бүктетіліп отыра кетті. Өмір 
бойы  зілмауыр  ит  тіршіліктен  енді  бір  демалайыншы  деп, 
өзіне-өзі тұңғыш рет ерік беріп, тізесін еркін бүгіп, тұла бойы 
қорғасындай  балқып,  исініп  кеткен  емшегінен  қып-қызыл  сүт 
саулап,  қырқасына  өмірі  су  шықпайтын  Маңырақтың  үстіне 
қызыл дария пайда болып, Тайтақай сол теңізде жүзіп бара жатты.
Әйел өлімі Кузьминді өзгеше күйікке салды. Ол жауға кеткен 
малды  өндіріп  алмақ  еді,  мына  Маңырақта  тышқақ  лақтардан 
басқа ештеңе көзге түспейді.
– Малы қайда бұлардың? Оу, пристав мырза, ротмистр мырза, 
бір  жабайы  қатынның  өлімімен  менің  малымның  қарымы 
қайтпайды  той.  Мына  қызды  мен  залогқа  ұстаймын.  Маған 
байлап беріңдер. Ақымақ әкесі көтерілісшілерді көндіріп, малды 


қайтарсын. Өйтпейді екен, бұл иттің қызы ит өлімімен өледі, ол 
үшін  мені  жауапқа  тарта  алмайсыңдар,  –  деді  Кузьмин.
–  Малыңыз  қарақшылардың  қазанына  түсіп  кетті-ау  деп 
қорқамын.  Біздің  дерек  бойынша,  онда  алты  мыңға  тарта  қол 
бар.  Олар  сіздің  малыңызды  жемегенде,  жел  оппайды  ғой, 
–  деді  ротмистр  маузердің  үңгісін  үрлеп  тұрып.  –  Одан  да 
тезірек Ойталды шабуылдайық, мүмкін малыңыздың біразы әлі 
желінбеген  шығар.  Мына  қарғыс  атқан  ауылда  топырлап  тұра 
бергеннен  ештеңе  өнбейді.  Ал  ана  жабайы  қызға  көзіңіз  түсіп 
тұр екен, залогқа ала қойыңыз. Қарашы, шыңғыруын, бұларда да 
туысқандық  сезім  бар,  таң  қаламын.
Мырзалардың  ишарасымен  екі  солдат  Күләй  қызды  байлап 
атқа өңгермекші еді, ойламаған жерден бейшара жетім өлі анасын 
құшақтап,  сол  жас  әруақтан  ғаламат  күш  алғандай,  еңгезердей 
еркектерді  бұлқына-бұлқына  лақтырып-лақтырып  жіберді.
Баяғыда мына Бектен баласын Айбардың қызына үйлендіріп, 
ұлан-асыр  той  болғанда,  осы  Күләй  мына  өліп  жатқан  шешесі 
Талбүбіге ілесіп тойға барамын деп жылап еді.
– Барғызбасың барғызбас, байғұс балам, – деп шешесі со жолы 
оны ілестірмей қойған. Онда бұл тұлымшағы селтиген нәресте 
еді, үстіндегі көйлегі ескі еді; қазірде сол көйлегі түскірдің оңып 
тұрғаны  шамалы:  қызыл  ала  шыт  көйлек  мына  солдаттармен 
алыс-жұлыста бір жеңі қолтығынан қақырап кетті де, сызылып 
атқан таңдай жаңа көтеріліп, томпайып тұрған алмасы жарқ ете 
қалды.  Солдаттардың  есірігі  қозып,  қайта  жармасып,  қармай 
бергенде, қыз қаша жөнелді.
–  Қайда  қашып  құтылады,  мисыз  жабайы,  –  деп  ротмистр 
езуін қисайтты. Әлгі екі солдат далақтап қуа жөнелді. Аттылар да 
аңтарылмай, солай қарай беттеді. Ротмистр қынабынан қылышын 
суырып алып, пысықтығы ұстап, Тайлақ кепесінің жанында үюлі 
тұрған  шөмелені  қылышпен  сұққылай  бастады.  Әлдебіреулер 
жасырынып жатқан жоқ па дегендегісі.
Не  болғанын  ә  дегенде  өзі  де  түсінбей  қалды.  Албастыдай 
әлдене  атылып  келіп,  қара  санын  қапқанда,  ротмистрдің 
астындағы  ат  үріккеннен  жалт  беріп  еді,  Приходько  бұрқ  етіп 
жерге  аунап  түсті.


Шөмеледе жаңадан күшіктеп төрткөз қара қаншық жатыр екен. 
Ауылда  осынша  ойран  болып  тұрғанда,  төрткөз  қара  қаншық 
өз күшіктерін бәледен жасырып, үн шығармай жан сауғалап-ақ 
жатқан.  Ал  енді  пішенді  жалаңдаған  қылыш  тінткілеген  кезде, 
оның  да  өз  балаларын,  өзін  қорғап,  әрекет  қылғандағы  түрі 
жаңағы...  ротмистрдің  қара  санынан  бір-ақ  алып  түсті.
Солдаттар қара қаншықты атып өлтірді. Отрядтың фельдшері 
жалма-жан ротмистрдің шалбарын жыртып жіберіп, санына ине 
тығып, дәрі бүрікті.
– Бұл ит құтырған болуы мүмкін, сақтық керек, – деп шіңкілдеді 
фельдшер өз әрекетін ақтамақ болып.
– Өртеңдер қарғыс атқан ауылды, ауру таратады әйтпесе. Тез 
өрте! – деп бұйырды жантайып жатқан ротмистр.
Шық  етіп  тасқа  тас  тиіп,  арасынан  иненің  жасуындай  от 
шықса, лап ете қалайын деп тұрған қау лезде қара түтіні бұрқ-
бұрқ етіп, жалқын сары от ойран дүниенің жалауындай желбіреп 
шыға-шыға келді. Үйлердің төбесін жапқан қу қамыс, үйме тезек 
жаппай жанып, Маңырақ тамұқпен таласып, тірі жау мен тілсіз 
жау тізе қоса тасыраңдап кедей ауылды лезде орап алды.
Бұл  кезде  солдаттардан  жанұшыра  қашқан  Тайлақтың  қызы 
өздерінің  бұрынғы  бұзылған  тамының  орнына  келіп  жетіп 
артына  бұрылып  қарап  еді,  ауылдың  үстінде  сары  жамау  қара 
жалау желбіреп тұр екен. Өрт қызуы мұнда да жеткендей, тозақы 
аптап алып барады. Әлгі екі солдат таяп қалды. Сонда қыз байғұс 
басқа амалы құрыды да, жар қабақтан төменге өзін-өзі тастап кеп 
жіберді. Жарқабақтың асты биылғы су тапшылықтың өзінде түйе 
бойламайтын терең иірім еді, қыз көпке дейін зым-зия көрінбей 
кетті де, бір кезде су бетіне шашы жайыла шығып жанталасып 
арғы жағаға қарай малти берді. Қабаққа келіп жеткен солдаттар 
ойланып жатпай, жаттығу кезінде қарақшы көздегендей, асықпай-
саспай гүрс-гүрс ата бастады. Қыздың ербеңдеген қол-аяғы тына 
қалып,  қайтадан  көрінбей  кетті.  Тек  су  бетінде  жайылған  қара 
шашты  толқын  шіркін,  балдырдай  шұбатып,  ағыстың  ығымен 
ырғалтып, бұлаңдатып әкетіп бара жатты.
– Иттер, неге аттыңдар? Оның тірі болғаны керек еді ғой! – деп 
ротмистр  ақырды.  Қайтадан  атқа  қонып  алыпты.  Мына  түріне 


қарағанда,  зор  майданнан  жеңімпаз  болып  шыққан  кемеңгер 
қолбасшыдай,  жарқабаққа  атының  басын  тіреп,  үзеңгіге  аяғын 
шіреп  тұр.
Бектен  болыс  қолға  түскен  тұтқындай  қылтанақсыз  басы 
кеудесіне салбырап, еңсесі есек таптағандай мүлде түсіп кетіпті. 
Кім біледі, Маңырақ опатының о бастағы себепкері өзі болғанын 
іштей мойындап, обалдан, зауалдан қорқа ма екен...
Енді жиырма бес жылдан кейін Гитлердің солдаттары Хатынь 
деген  селоның  адамдарын  түгел  отқа  жағып,  үйлерін  өртеп 
жібереді. Гитлердің өзі де бензин құйған кілемге оралып өртелген 
соң, көп жылдардан кейін Хатынь селосының жойылып кеткен 
үйлерінің орнына бас-басына бір-бір мұржа тұрғызылып, оған жез 
қоңыраулар ілінеді. Мұржалардан бәрібір енді түтін шықпайды, 
бірақ  лүп  еткен  жел  тұрса  жез  қоңыраулар  өлген  аруақтардың 
үніндей  сыңсып  қоя  береді.  Жел  де  сойқанның  бір  түрі:  оның 
лебі сезілген сәтте өлі әруақтардың сүйегі сырқырайтын шығар.
1916  жылы  да,  одан  кейін  де  Маңыраққа  ешкім  ескерткіш 
тұрғызған  емес.  Жез  қоңыраулар  орнына  мұнда  шеңгел 
қоңыраулар  ызыңдайды.  Бір  қызығы,  бұрын  қылтық  өспейтін 
тастақ  қырқаға  он  алтыншы  жылғы  опаттан  кейін  адыраспан 
қаптап,  шоңайна  қаулап,  шеңгел  шығатын  болды.
1916 жылғы 15-тамызда Маңырақ үстіне көтерілген жалқын 
жамау  қара  жалау  тым  алыстан  көрініп  тұрды.  Мұны  Ойталға 
шоғырланған көтерілісшілер де көріп, енді найза, қылыш қайрап 
жата  бермей,  жаумен  бетпе-бет  келу  керек  екенін  ұғынып, 
аттарына  қонған.  Ойдан-қырдан  жиналған  сарбаздарды  соғыс 
өнерінің әліппесімен таныстыруға да мұрша келмеді. «Жалаңаш 
барып жауға ти, бір Алла өзі біледі ажалымыз қайдан-ды» деген 
қайран  ерлер  зеңбірекке  қарсы  шоқпармен  қаруланып,  тура 
ажалдың  апанына  қарай  аттанған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет