Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет38/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер

* * *


Жазалаушы  отряд  шегіншектей  соғысып,  Меркеге  қарай 
жылыстай  берді.  Отряд  бастығы  Аркадий  Приходько  Мерке 
поштасына  жетіп,  Ташкенттен  Әулие-Ата  арқылы  келе  жатқан 
отрядтың  жедел  көмекке  жетуін  талап  етіп,  телефон  арқылы 
орталықпен  хабарласуға  асықты.
Сол ниетті сезген Тұрар Ақкөзге:
– Ақа, жігіттерді дереу Меркеге жеткізіп, поштаны алу керек. 
Мыналардың  алдаусыратып  шегінгеніне  еліге  бермей,  тез 
Меркені  алайық,  –  деді  ат  үстінен  айқайлап.
Ақкөз жауап орнына, оң жақтағы селенді нұсқап:
– Мынау Көзміңке ме? – деп сұрады.
– Иә, Кузьминка, ар жағында – Мерке.
– Көзміңке болса, соны шабамын! Маңырақтың кебінін кисін. 
Тұлдыр қалдырмай өртеп жіберемін. Тарт солай қарай!
–  Ақа,  болмайды!  –  деп  Тұрар  ақжал  аттың  шылбырына 
жармаса  берді.  –  Ақа,  оныңыз  жарамайды.  Кузьминкада 
мұжықтар мен қатын, бала-шаға. Олардың жазығы жоқ. Меркеге 
тез жетейік, тілімді алыңыз, Ақа! – Тұрар Ақкөздің алдын кес-
кестеп  жан  дәрменде  дауысы  өктемірек  шығып  кетті.
–  Не  деп  тұрсың,  жарқыным?  Көзміңкенің  жазығы  жоқ  та, 
Маңырақтың жазығы бар ма еді? Онда қатын, бала-шаға жоқ па 
еді? – Ақкөздің жанары шарасынан шыға қаңғалап кеткен екен. 
Алдында  кім  тұрғанын  ол  көрмеуі  де  мүмкін.  Мынандай  қан 
толған көз бірдеңені көруі екі талай.
– Ақа, мына отрядтың алдын орып, Меркеге жетейік. Әйтпесе, 
олар бұрын жетіп бекініс жасап алады. Одан кейін қалаға кіруіміз 
қиын болады. Бізге қазір ең алдымен поштаны алу қажет. Әйтпесе 
қазір мыналар жаңа әскер шақыртады.
– Қайдан?
– Ташкенттен, Әулие-Атадан...
–  Е,  ол  әскер  келіп  жеткенше,  мен  Көзміңкенің  көзін 
жоймаймын  ба?
–  Айтпады  демеңіз,  ақсақал.  Кузьминкаға  тиіссеңіз,  бүкіл 
халықтың  түбіне  жетесіз.  Обалы  мойныңыз  көтере  алмас 
зілмауыр  жүк  болады.  Бүйтіп  тәжікелесіп  жататын  уақыт  емес 


қазір.  Жарлық  беріңіз  мына  адамдарыңызға.  Мерке!  Тек  қана 
Мерке!
Ақкөз  Ақжалдың  басын  тартып,  жүрісін  саябырлатты  да, 
бешпетінің  жанқалтасынан  мүйіз  шақшаны  алып,  насыбайды 
алақанына аямай төгіп, астыңғы ерніне қағып салды. Сыздықтата 
бір  түкіріп  тастап,  шашақты  қайыс  тығынын  бекітіп,  мүйіз 
құтыны  ердің  қасына  тықылдатып  үндеместен  тұрып  алды.
Тұрар шыдай алмай Ақкөздің қасындағы Досмайылға айқай 
салды:
–  Досеке,  мына  жігіттерді  тез  жинап  Меркеге  бұрыңыз! 
Болыңыз!  Тез!
Досмайыл Ақкөзге қарайлап, қипақтай берді.
Бұлар  осылайша  ары  тарт,  бері  тартпен  тұрғанда  қарулы 
отрядтың  бір  бөлігін  көтерілісшілерді  жасқай  тұру  үшін 
тосқауылға  қалдырып,  қалған  бөлігімен  Аркадий  Приходько 
аттарын ақ көбікке малындырып, Меркеге қарай зымырап бара 
жатты.
Көтерілісшілер уақытты өткізіп алды.
Тұрар  Кузьминканы  сақтап  қалды,  бірақ  оның  есесіне 
уақыттан ұтылды да, Меркеге дер кезінде кіре алмай, тек түбіне 
барып қоршап тұруға мәжбүр болды. Жазалаушы отряд бекініс 
жасап,  пулеметтерін  қойып  үлгіріп  еді.
– Поштаны ала алмадық. Ағайын, еңді бір ақыл бар: мына қара 
жолдың бойындағы телеграф бағандарын құлатыңдар. Әулие-Ата 
жағынан да, Пішпек жатынан да. Сым үзілсе, Меркедегі отряд 
жан-жақпен хабарласа алмай қалады. Кәне, жылдам! – деп Тұрар 
жігіттерге Ақкөздің ықтиярынсыз-ақ бұйрық беріп жіберді.
– Ә, мұның дұрыс. Мұның ақыл. Осы бір ызыңдап тұратын 
сым  темірден  жақсылық  жоқ.  Қиратыңдар,  жігіттер.  Әулие-
Ата  жағына  сен  бар,  Әлтай.  Пішпек  жағына,  Шәкі,  сен  бар. 
Сарбаздарыңды  қасыңа  ал!  Қиратып  тастаңдар,  жын-перінің 
тілін!  Сым  темірді  сөйлетіп  қойған  құдай!  Ақырзаман  осы 
шығар,  сірә!  –  деп  Ақкөз  шақшаға  тағы  да  қол  салды.
– Ә, Тұрар балам, – деді ол насыбайлы ерінін томпайтып, тілін 
насыбай  атқан  адамның  әдетінше  сәл  сақауландыра  сөйлеп.  – 
«Көз – қорқақ, қол батыр» деген осы. Әлгінде ғой, осы соғысты 


бастамайық, күте тұрайық, әлдеқайдағы Қордаймен, Алматымен, 
әлдебір Әли батырмен, Бекболат батырмен қол ұштасайық, тіпті, 
айшылық  жерде  жатқан  Аманкелді  батырмен  жалғасайық  деп 
балалық жасадың. Ойталда үйіріліп жата берсек, мына жеңісті 
бізге  кім  беретін  еді?  Бұл  сапар  құдай  оңдап,  әруақ  қолдап, 
жарақты жауды жапыра жеңдік. Осының өзі менің халқымның 
жүрегіне  сенім.  Енді  бұрынғыдай  жүрексінгенді  қояды.  Білдің 
бе, Тұрар? Сенің оқығаның бар, ал менің көргенім көп.
Тұрар  басын  шайқап  күрсінді.  Мына  аңқау  батырдың  қазір 
шылымын  күннің  өзінен  тұтатқандай  масаң  қалпын,  шадыман 
көңілін бұзу ыңғайсыз да сияқты. Бірақ ащы шындықты айтпай 
тағы  болмайды.
– Жеңісіңіз құтты болсын, Ақа! Халық қаһарланса, алынбайтын 
қамал жоқ екені рас. Басынан бақайына дейін қаруланған жауға 
бесақа, сырық, сойылмен қарсы шығу көзсіз ерлік. Бірақ, бұл жолы 
қолыңыздың көптігімен жаудың аптығын бастыңыз. Қарасаңыз, 
сіз жағынан шығын да көп. Оларда бар зеңбірек пен пулемет бізде 
жоқ. Оларда бар әскери винтовка бізде жоқ, орынсыз шабуылдап, 
қыршын  жандарды  нөсердей  оққа  қарсы  «атойлатып»  баудай 
түсіріп қыра беруге біз, сірә, көп шыдамаспыз. Жау осымен тынды 
екен деп ойламаңыз, Ақа. Бұларда күш көп. Ол күш кеп кешікпей 
келіп те жетеді. Әне сондағы сойқанға дайын болайық. Жаңағы 
шайқаста өлген солдаттардың қаруларын жинатып алыңыз. Сірә, 
елу шақты винтовка болып қалар. Біз үшін ол да медеу. Өзімізден 
шейіт болғандардың сүйегін жинап, жүзін жасыру керек.
– Сенікі ақыл, балам. Талай боздақтан айырылдық, – деп Ақкөз 
сәл еңсесі түсіп, кең көкірегі қарс айырылып кеткендей «аһ» деп 
жалын ата күрсініп салды. – А бірақ әділет соғысы құрбансыз 
болмас. Ол өлгендер – шейіт. Олар бақытты. А бірақ Көзміңкені 
алдырмағаның  жанымды  әлі  қинап  тұр.  Әлі  де  болса,  аттанып 
көрсек қайтед?
– Жоқ, Ақа! Жоқ! Әділет соғысы ондай болмайды. Онда мәңгі-
бақи  қарғыс  таңбасын  анау  май  маңдайыңызға  басып  аласыз. 
Болмайды!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет