13 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тыңдау мәнері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дұрыс тыңдауды, оқуды, жазуды үйрету. Оларды тыңдап түсіне білу түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа деген зейіндерін арттыру, шығармашылық және ойлау қабілеттерін жетілдіру, бір бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Сәлем берген баланы кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы, кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық.
Достарыңызбен бөлісу: |