Тапсырмамен жұмыс Төмендегі екі суретті салыстыр. Ұқсастығын, айырмашылығын тап. Сосын екеуі туралы суреттеп жаз.
Қай ұя қарлығаштікі, ал қайсысы қараторғайдікі? Екеуін салыстыра отыра әңгімелеу.
Қозы, лақ, құлын, бұзау, бота жайлауда адасып қалды. Суреттен төлдерді енелерімен табыстыр. Қателеспеу үшін тірек сөздерді пайдаланып, оларды бір - бірімен салыстыр, ұқсастарын тап. Олардың түстері қандай болуы керек? Боя.
Көбелектерді көрсетілген белгі бойынша боя. Көбелектерге мұқият қара, шатастырып алмас үшін не істеу керек? Қалай айырамыз? Олардың көлемін, түсін, қанаттарын ұзындығын салыстыр.
Адамдарды, заттарды, жан - жануарды суреттеп салыстыратын мәтіндер салыстыра отырып сипаттау деп аталады.
Әр түрлі нәрсенің ортақ белгісі сипатталады және салыстырылады.
Алдымен бір нәрсе сипатталады. Кейін екіншісі алдыңғысымен салыстырыла отырып сипатталады.
Мәтіндерді мұқият оқы. Өз аулаңдағы үйіңді әр бөлмеге сәйкес салыстыра отырып сипатта. Сенің аулаң мен мәтінде жазылған ауланың қандай ұқсастығы бар? Жаз.
Егер белгілі бір заттарды немесе құбылыстарды бір - бірімен салыстыра отырып суреттесе, ол салыстырмалы суреттеу болады.
Ал екі адамның ұқсастығын, айырмашылығын салыстыра отырып берсе, ол салыстырмалы мінездеме болады.
Өлеңді оқы. Көнек пен Тұраптың мінездерінде қандай ұқсастық бар, қандай айырмашылық бар?
III. Қорытынды. *Мәтіннен Базарбектің аталарының мінезін сипаттаған тұсын тап, Туыстарыңның біріне жағымды мінездеме беріп көр