ІІІ.Сергіту сәті.
ІV.Дәптермен жұмыс
Ширату.
1.Өлеңді мәнерлеп оқы және жаттап ал.
Тұрған аяқ,
Қашұан аяқ.
Оңға, солға
Басқан аяқ.
Үлкен аяқ,
Кішкене аяқ.
Ара шағып,
Іскен аяқ.
Қисық аяқ,
Түзу аяқ.
Шолақ аяқ,
Ұзын аяқ.
Бүтін аяқ,
Сынық аяқ.
Жүреміз біз
Мұны да аяп.
(Қадыр Мырза Әлидің аудармасы)
2.Суретте.
Қашқан аяқ қандай болады?
Ал ұзын аяқты қалай суреттейсің?
3.Жұмбақты шеш.
Қаласы бар, үйі жоқ; өзені бар, суы жоқ.
Орманы бар, бүрі жоқ; бақшасы бар, гүлі жоқ.
(Географиялық карта)
V.Суреттеу түріндегі жұмбақ.
1.Жұмбақты шеш.
Бүктегенде бір уыс,
Шаңырақтай жайғанда,
Қолтығына тығылып,
Жүреміз күн жауғанда.
59
Суреттегі жәндіктердің неге ұқсайтынын суретте. Сол сенің жұмбағың болсын.
. Өзің жұмбақ құрастыр.
Жұмбақтың үш түрлі құпиясы болады.
жасырылып отырған заттың аты аталмайды;
оған ұқсас зат туралы айтылады;
-жасырылып отырған затты тез табу үшін оның айрықша белгілері суреттеледі.
4.Жұмбақтарды жалғастырып жаз. Ол үшін берілген суреттерді пайдалан.
Көк темірден ілгегі,
Бір кереге түймелі.
Оңай ашып-жабады,
Үлкен-кіші ________
Оң жағымда бес сарбаз,
___________бес сарбаз.
Көк ала костюм _______
Күннің көзін сүйеді.
VІ.Сабақты қорытындылау
сабақ
Сабақтың тақырыбы: Болған оқиға. Болған оқиға ма, ойдан шығарылған әңгіме ме?
Мақсаты: 1.Оқушыларға болған оқиға мен ойдан шығарылған әңгіме туралы түсінік беру; 2.Тапсырмаларды орындату арқылы отырып, олардың айырмашылығын таба білуге үйрету;
3.Оқушылардың тіл байлықтарын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Екпін туралы түсінік алады.
Сабақтың көрнекілігі: журналдар, 2-сыныпқа арналған «Шешендік өнер
әліппесі»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақ.
Егер шын мәнінде не болғаны туралы айтылса, ол болған оқиға.
Мұндай оқиға әдетте бірінші жақтан баяндалады.
60
Ал ойдан шығарылған әңгіме көбінесе үшінші жақтан баяндалады. Кейде бірінші жақпен баяндалуы да мүмкін. Әңгіме қызықты болу үшін ойдан шығарылады
1.Екі мысалды оқы. Қайсысы ойдан шығарылған? Қайсысы шын мәнінде болған оқиға? Оларға ат қой.
Үйге жаттап келуге тақпақ берілген еді. Қас қарайғанша ойнап жүріп, тарс есімнен шығып кетіпті. Енді қайтпек керек? Екі көзімді уқалап – уқалап қызарттым. Аузыма жарты парақ қағазды умаждап-умаждап салып алдым. Тісі ауырып, ісіп кеткен баланың дәл өзі болып шыға келдім.
Апай менің «жағдайымды» көрді де:
-Ерлан, тісің ауырып отырса, қиналмай-ақ қой. Келесі сабақта айтарсың, - деді. Ой қуанғанымды көрсең!
***
Алмас пен Ернұр сөйлесіп отыр.
-Кеше біз тауға бардық, - деді Алмас. Әкем түлкі соғып алды.
-Біз әкеммен көлге бардық. Әкемнің қармағына кит ілінді.
Үлкеееееен болғанда үлкен , - деді Ернұр да қалыспай.
ІІІ.Сергіту сәті.
ІV.Дәптермен жұмыс
Ширату.
1.Өлеңді мәнерлеп оқы және жаттап ал.
Үсті –басы кір,
Бұл-бір.
Сөзі дөрекі,
Бұл-екі.
Аяқ-қолы күс,
Бұл-үш.
Бергіш-ақ серт,
Бұл-төрт.
Айтқанға көнбес,
Бұл –бес.
Осындай Аман,
Сондықтан жаман
(Ермек Өтетілеуов)
2.Суретте.
Аман секілді баланы қалай суреттейсің?
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
______________________________________________________
3.Мақалдың мәнін біл.
Көп ақылды жиналса,
61
Қиын істі бітірер.
Көп ақымақ жиналса,
Оңай істі бүлдірер.
Басы бар әңгіменің соңы болады.
Ал осы екеуінің ортасында негізгі бөлік жатады.
2.Әңгімені мұқият оқы. Басын, негізгі бөлігін, соңын белгіле. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» (Ыбырай Алтынсарин) 3.Суретке мұқяит қара. Қайсысы басы, қайсысы аяғы?
V.Сабақты қорытындылау
62
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Балтабай Адамбаев «Шешендік сөздер».Алматы «Отау»1992жыл
М.Г.Габдулин,Б.А.Адамбаев. «Шешендік сөздер»Алматы «Жазушы»1967жыл.
«Қазақтың би-шешендері» Н,Төреқұлов,М.Қазыбеков.Алматы «Жалын»1993жыл
Г.Қосымова, «Қазақ тілі шешендік өнер»алматы «Мектеп»2011жыл
М.а.Жұмағұлова «Тіл негізі-көркем сөз»Павлодар,2010жыл
6.М.О.Ауезов «Бес ғасыр жырлайды»Алматы «Жазушы»1989жыл
Ханғали Сүйіншалиев «19ғасыр әдебиеті»Алматы «Ана тілі»1992ж
63
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«ӨРКЕНИЕТ» ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
ИЗДАТЕЛЬСТВО НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКОГО ЦЕНТРА «ӨРКЕНИЕТ»
Электрондық почта: kabinet-2020@mail.ru
Байланыс телефоны:
87768438855
87051526879
87752577768
64
65
Достарыңызбен бөлісу: |