ІІІ. Қортынды
Рефлексия
32-сабақ
Тақырыбы: Сипаттау мәтіні
Мақсаты: Оқушыларға тілдік белгілер әріптерден тұаратыны туралы және тыныс белгілер туралы мағлұмат беру.
Әдісі : түсіндіру, ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ВЕНН диаграммасы
Көрнекілігі: журнал, ВЕНН диаграммасы, Ғабит Мүсірепов портреті .
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мен оқушы баламын,
Оқу ,білім аламын.
Мәтін түрін игеріп,
Сабақта белсенді боламын.
ІІ. Қызығушылығын ояту
-Мәтін неден құралады ? ( Сөйлемнен )
-Мәтін деген не ? ( Жазбаша , ауызша ойды жеткізу )
-Мәтіннің атауын не деп атаймыз? (Тақырып )
-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады? (Негізгі ойға ,мазмұнына )
-Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? (Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтін құрайды )
-Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ,Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады )
-Мәтін қандай бөліктерден тұрады? (Басы, негізгі бөлімі, соңы )
-Әр бөлік қалай жазылады? ( Абзацтан және жаңа жолдан басталып
жазылады.)
-Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? (Әңгімелеу, сипаттау,пайымдау )
-Әңгімелеу мәтіні деген не?
- Сипаппау мәтіні дегеніміз не?
- Демек, балалар сипаттау мәтіні дегеніміз зат немесе құбылысты
суреттеп, сипаттайтын мәтінді айтамыз.
Кез келген затты түріне, түсіне,сапасына,пішініне қарай сипаттайды екенбіз.
Достарыңызбен бөлісу: |