Шешендік өнерге үйрету әдістемесі пәні туралы түсінік



бет3/7
Дата06.02.2022
өлшемі22,85 Kb.
#80563
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шешендік тапсырма 2

Жиренше шешен-(1406-1473) халық арасына атақ-даңқы кеңінен таралған айтулы шешен.
Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (15-16 ғасырлар) тұсында өмір сүрген, ақыл мен парасаттың үлгісі болған, шешен адам.
Жиренше шешен кедей отбасынан шыққан. Ол ханның кеңесшісі, ақылшысы болған, Қазақ хандығын құруда ханға пайдалы кеңестер берген. Жиренше шешеннің атынан айтылған халықтың есінде сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер ел аузындағы мұралар. Жиренше шешен жайлы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр ретінде көрініс тапқан.
Жиренше шешен жайлы аңыз-әңгімелер қарақалпақ, қырғыз, түрікмен сияқты түркі тілдес халық ауыз әдебиетінде де бар. Жиренше шешен туралы әңгімелерді үш салаға бөліп қарастырады. Біріншісінде, Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтатын, ақыл- парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам болса, үшіншісінде, әйелі Қарашаш және басқа қарапайым халық өкілдерімен өзара қарым-қатынасы туралы бейнеленіп суреттеледі.
Жиренше шешен қазақ әдебиетінде Алдар көсе, Қожанасыр сияқты аңызға айналған бейне.
Жиренше шешен жайында Қазақ Совет Энциклопедиясында былай делінген: «Жиренше шешен-қазақ ауыз әдебиетіндегі кейіпкер, ақыл-парасаттың, тапқырлықтың символы. Қазақ аңыздары бойынша Жиренше шешен-тарихта болған Жәнібек (Әз-Жәнібек) ханның тұсында өмір сүрген кісі. Алайда Жиренше шешен туралы нақты тарихи деректер аз. Ол жөніндегі шығармалардың дені көп халыққа ортақ сюжеттерге негіз болған. Қазақтан өзге, түркі, моңғол және үнді-еуропа халықтарының фольклорында Жиренше шешен туралы шығармалар кездеседі. Қазақ фольклорында Жиренше жайлы ертегі, әңгіме бір топ...» (Қ.С.Э.4-том.).
Белгілі қазақ шешендері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би-дау жанжалды шешетін, ел бірлігі мен жердің тұтастығын ойлаған билер болған. Әз-Тәуке хан тұсында "билер кеңесі" бекіткен "Жеті жарғы" әдет-құқықтық заң жасалған. Сол кезде осы билердің атақ-даңқтары шыққан. Олар келешекке үміт артып, халықтың тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін ақылы мен күш-жігерін, өмірлік мол тәжірибиелерін аямай көп жұмыстар атқарды. Шешендер халқының бақытты шақтарын, қуанышы мен күйінішін жырлаған, туған елге қатер төнген сәтте, ел намысын көтерген, халықтың көкейіндегісін айтып, әділет жоқшысы болған. Қалмақ ханының қарақшылық шабуылдарына қарсы қазақ халқының ұзақ жылдарға созылған азаттық күресімен байланысты, көптеген батырлар жырларын, шешендік сөздерді тудырғаны, таратқаны мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет