"Шетел педагогикасындағы халықтық педагогика мәселелері "
Халық педагогикасы дегеніміз тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық білім тәрбие тәжірибесінің жиынтығы.
Тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи сатыларынан бастау алады.Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та қайшылықты жолын басып өтті.
Ян Амос Коменский және халықтық тәрбие .
2. К.Д. Ушинский тәрбиенің халықтық тәрбие. 3. А.С.Макаренко тәжірбиесіндегі тәрбие.
Ян Амос Коменский (1592-1670) - ұлы чех педагогы- демократ, өз отанының патриоты, өз дәуірінің жарқын ойшылдарының бірі. Ол өзінің «Ұлы дидактикасын» «Чех дидактикасы», «Чех грамматикасы», «Чех поэзиясы», «Кәрі чехтардың даналығы» атты еңбектерінен кейін жазды.
Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеясының өзегі – пансофизм- өркениеттердің жинақтаған білімін қорытындылау және ол білімді барлық адамдарға мектептер арқылы өз тілінде жеткізу. Ғалым адамзатты барлығына бірдей даналыққа, нақты білімге – пансофияға– үйретуді армандады және пансофиялық мектеп, яғни жалпыға бірдей даналық мектебі жобасын құрастырды.
Я.А.Коменский халықтың рухани мәдениетінде ана тілі- анағұрлым құнды қазыналардың бірі деп білді, ол халықтың педагогикалық мәдениетіне, ана тіліне терең құрмет білдірілген. «Кім үлгеріп, адамгершілік жағынан артта қалса, сол адам озғаннан бұрын артта қалады»,- деп ол халық мәтелін қайталап, адамгершілік тәрбиесінің аса қажеттілігін атап көрсетеді
К.Д. Ушинский педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушы. Оның “Балалар әлемі”, “Ана тілі”, “Педагогикалық антропология” – атты еңбектері орыс педагогикалық әдебиетіннің баға жетпес классикалық болып есептеледі.
К.Д. Ушинский халық тұрмысын жақсартудың негізгі жолы мен құралы білімді тарату, халық ағарту ісін кеңінен дамыту деп ұғынды.
“Қоғамдық тәрбиедегі халықтық туралы” (1857) мақаласында мынадай маңызды қорытынды жасайды: ол халықтық тәрбие жүйесінің тәрбиелік күші кез келген абстрактылы педагогикалық жүйеден артық деп санады.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939) - кеңестік педагог. Педогогика тәжірибедегі бұрын болмаған қараусыз калған жетім балаларды жалпылай қайта тәрбиелеудің тәжірибесін жүзеге асырды.
А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.
Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеды. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.
Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды. Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік педагогикасымен алынған “Еңбек – бүкіл мектеп жұмысының орталығы” деп аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды.
Макаренко педагогикалық теория тәрбиенің практикалық тәжірибесін жинақтауға құрылуын талап етті. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммуна мектептерінде бағдарламалық материалды орналастырудың кешенді жүйесі қолданылмады.