«шетелдер тарихының тарихнамасы»



бет1/4
Дата17.11.2016
өлшемі0,58 Mb.
#1915
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

№1 басылым


ПОӘК

042-14 -5 -02.01.20. 14/03-2014




«Шетел тарихының тарихнамасы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені





«ШЕТЕЛДЕР ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ»

5В020300 «Тарих»

мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

СЕМЕЙ

2014
Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий

Тарихи үрдіс теориясы- тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе.Факт- «шындықтың үзігі» ретінде өздігінен ештеңе де білдіре алмайды, тек тарихшы ғана оны өзінің идеялық- теориялық көзқарасына орай,сөйлете алады.Тарихи үрдіс теориясының бірі екіншісінен зерттеу пәні мен тарихи үрдіске көзқарастар жүйесі арқылы ерекшеленеді.Әрбір схема – теория қаншама фактінің ішінен өзінің логиксына сай фактіні таңдап алады.Тарихи зерттеу пәні арқылы әрбір теория өзінің кезеңдестіруін ,ұғымдық аппаратын анықтап,өз тарихнамасын құрады.Тек тарихи фактілер ғана ақиқат, ал оларды ұғыну қашан да субъективті болады.

Тарихи таным теориясы- тарих ғылымы пәнінің негізгі ұғымдары мен тарихи үрдістің категорияларын танудың негізгі принциптері мен зерттеу әдіс- тәсілдерін анықтайтын ғылыми методология.
Тарихи факт- өткеннің нақты оқиғасы.Адамзаттың бүкіл өткені тарихи фактілерден өрілген,олар өте көп.Нақты-тарихи фактіні біз тарихи деректерден аламыз.Тарих ғылымында жай және күрделі фактілер бар.Алғашқылары оқиғаларды бідлірсе, соңғылары өзіне түсіндіру,ұғыну сәтін де қамтиды.күрделі фактілерге тарихи үрдістер мен құрылымдарды түсіндіру жатады.

Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға негіз болатын айғақ. Т.деректердің түрлері:жазба,заттық,этнографиялық, фольклорлық, тілдік,кинофотодерекер.

Тарихи қозғалыс - өзара байланысты тарихи уақыт және тарихи кеңістік категорияларынан тұрады.

Тарихи уақыт үнемі алға жылжып отырады.Тарихи уақыттағы қозғалыстың әрбір үзігі мыңдаған материалдық және рухани байланыстардан тұрады.Әрі ерекше және қайталанбайды.Т.У. ұғымы бірнеше рет өзгерді, ол тарихи үрдісті кезеңдестіруден көрінеді.ХVIII ғ аяғына дейін тарихшылар тарихи кезеңдерді билеушілердің атына қарай бөлді.ХVIII ғ.француз тарихшылары жабайылқ, варварлық және өркениеттік кезеңдерді ұсынды.Х1Хғ.соңында материалист-тарихшылар қоғам тарихын формацияларға (алғашқы-қауымдық.құлиеленушілік,феодалдық,капиталистік, коммунистік) бөліп қарай бастады.ХХ1 ғ.басындағы тарихи- либералдық кезеңдестіру ,қоғам тарихын:дәстүрлі,индустриялық және ақпараттық (постиндустриялық) кезеңдерге бөледі.

Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын табиғи-географиялық, экономикалық, саяси,қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы.

Тарих философиясы-жүйелік философияның маңызды бір бөлігі.Бұл терминді Ф.М.Вольтер,1765ж.өзінің «Тарих философиясы» атты еңбегінде енгізді.Алайда,философиялық-тарихи идеялар көне заманда туындай бастады.Тарих фил-ң бірнеше типтері бар.1)Онтологиялық немесе субстанционалды Т.Ф. Орыс дәстүріңде оны историософия деп атайды.2) Сыни,рефлективтік немесе аналитикалық т.ф.

Тарихилық принципі-құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуы.олардың нақты жағдайлармен байланысында қарау.Бұл принцип тарихи құблстардың пайда болу себептерін,түрлі этаптардағы сапалық өзгерістерін анықтап, диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге айналғанын түсінуге мүмкіндік береді.

«Анналдар мектебі» («жаңа тарих ғылымы»)- Францияда, Марк Блок пен Люсьен Февр негізін қалаған «Анналы»(1929-1939), «Анналы социальной и экономической истории» (1939-1941) журналының төңірегінде пайда болған ғылыми бағыт.Тарих ғылымында революциялық өзгерістер енгізді.Оның мәні: тарихи баяндаудың орнына тархи мәселелілікті ,яғни қоғамның барлық жақтарын суреттеуді кіргізді.Пәнаралылыққа үлкен мән берілді.

Детерминизм және индетерминизм- себептіліктің орны мен ролі туралы мәселенің қарама-қайшы философиялық концепциялары.Дет.барлық құбылыстардың жалпыға ортақ,заңдылық байланысын мен себептілік шарттылығы туралы ілім.Индет.себептіліктің жалпылық сипатын жоққа шығарады.

Каузалдық- себептілік.Құбылыстардың бір бірімен шарттылығының қажетті генетикалық байланысын анықтайтын философиялық категория.

Марксизм- К.Маркс пен Ф.Энгельс жасаған философиялық.экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастардың жиытығы.Оған: философиялық материализм мен диалектика,қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы,қосымша құн теориясы,тап және таптар күресі теориясы т.б.жатады.

Менталитет-(лат.-ақыл,ойлау,ойлау бейнесі) үлкен әлеуметтік топтың (халық, ұлт, тап,сословие) дүние түйсігін анықтап,мәдени дәстүр бірлігін бекітетін әлеуметтік-психологилық күйі.

Парадигма- мәселенің немесе зерттеу міндетінің қойылуы мен шешімінің үлгісі және де белгілі бір ғылыми қоғамда белгілі бір тарихи кезеңнің барысында үстем жағдайда болатын зерттеу әдістерінің жиынтығы.

Пассионарлық теория- Л.Н.Гумилев тарихи үрдісті этностар өмірінің динамикасы мен өзараәрекеті деп қарастырды.Пассионарлық – бұл жекелеген тұлғалардың өз алдына қойған нақты және қияли мақсаттарына қол жеткізу жолында өз өмірін құрбан ете отырып, басқаларды өз соңынан ерте білетін жоғары мақсатшлдығы.

Позитивизм- гуманитарлық ойдың, барлық ақиқат білім жеке ғылымдардың қызметі нәтижесінде ғана алынатындығын мойындау принципіне негізделген бағыты. Оның негізін қалаушы француз ойшылы О.Конт.Поз-к парадигманың шеңберінде тарихи методология эмпирикалық мәліметтерді анықтап,суреттеу жәнереттеуге бағытталды.Яғни теориядан бас тартты.

Провиденциализм-тарихты діни тұрғыда,құдайдың еркімен болатын нәрсе деп түсіну.Ол- барлық әлемдік діндерге тән.

Революция-төңкеріс,өзгеріс.Кең мағынада – қоғамның барлық сферасындағы терең өзгерістер.Тар мағынасында- аса шиеленіскен тарихи процестер кезінде жаңа және күні өткен ескі қоғамдық қатынастар арасындағы күрестің неғұрлым өткір формасы.Маңызды белгісі- өкіметтің бір таптан екінші таптың қолына өтуі болып табылады.

Өндіріс құралдары- адамдардың материалдық игіліктерді өндіру процесінде қолданатын құралдар мен заттардың жиынтығы.Еңбек құралдарына машина, жабдықтар т.б. және өндіріс нәтижесі жатады.Жалпыға ортақ еңбек құралы жер болып табылады.Еңбек заты- адам еңбегі арқылы өңделуге жататынның барлығы кіреді.Адамдар өндіріс құралдары арқылы өндіріс заттарына әсер етеді.

Өркениет-(лат.civilis-азаматтық,мемлекеттік)-1)Мәдениеттің синонимі; маркистік әдебиетте сондай-ақ, материадық мәдениетті білдіреді.2)Қоғамдық дамудың,материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі, сатысы (антикалық өркениет, қазіргі өркениет). 3)Тарихи үрдістің жабайылық пен варварлықтан кейінгі белгілі сатысы.

Эволюция- қоғам мен табиғаттағы өзгерістер, олардың бағыты,тәртібі,заңдылықтары турал түсініктер.

Эпистемология- таным теориясы.

2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы
1 тақырып. «Шет елдер тарихының тарихнамасы» пәні, оның ғылымдар жүйесіндегі орны, міндеттері

1.Тарихи ғылымның дамуы және тарихнаманың пайда болуы

2.Тарих ғылымындағы тарихнаманың орны,маңызы.

3.Пәнаралық байланыстар, пәннің міндеттері.

Тарихнама ежелгі грек тілінен аударғанда «история» - тарих және «графия»- тарихты сипаттап жазу дегенді білдіреді. Тарихнаманы ең алдымен адамзат қоғамын танудың аса маңызды түрлерінің бірі болып табылатын тарих ғылымының тарихы деп түсіеген жөн. Сондай-ақ тарихнама деп белгілі бір тақырыпқа немесе тарихи дәуірге арналған зерттеулерлің жиынтығын атайды.

Шетелдер тарихының тарихнамасы тарихшы студенттерді оқыту барысында негізгі элемент болып табылады. Тарихты зерттеу әдісінің дамуымен, тарихшылардың алдында жалпы тарихи үрдісте өз халқының орынын анықтау мәселесі тұрды. Осыған байланысты, көрші халықтардың ортағасырлық тарихы түпкілікті зерттеле бастады. Демек, дүние жүзі халықтарының тарихи даму процесінің заңдылықтарын іздеу әдісі қалыптасты. Шетелдік тарихнаманы оқыған кезде студент ежелгі дүние мен орта ғасырдан бастап Еуропаның тарихи ғылымының генезисін және одан әрі дамуын көре алады. Түрлі тарихи дамуда үлкен рол атқарған мектептермен және бағыттармен таныса алады. Бұнда «Орта ғасырлар тарихнамасы», «Ресейдің тарихнамасы», «жаңа және қазіргі заман тарихнамасы» бірге топтастырылады.

Шығыстанушылар әдетте тарихнамалық зерттеулер жасауда батыстықтардан артта қалған. Олар тарихнамалық зерттеулердегі методология мәселелеріне көп көңіл бөлмейді. Тарихнама үшін тарихи көзқарастардың басқа қоғамның ғылымдағы, экономика, құқық, философиядағы көріністері үлкен мағынаға ие. Тарихнама пәнінде ғылыми-тарихи білімдердің пайда болуы және жинақталуы, тарихи ойдың дамуы, тарих ғылымының қалыптасуы және дамуы, әр кезеңдегі тарихи таным мен ойлаудың заңдылықтарын ашады.

Адамзат жазуды пайдаланғанға дейінгі кезеңде тарихи білімнің кейбір белгілері ауыз әдебиеті үлгілерінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз- әңгіме, шежірелерде сақталып келді.Адамзат өзінің өткеніне терең мән беріп, одан тағлым алу мақсатында маңызды оқиғалар мен жайттарды түрлі жазу құралдарының беттеріне, кейіннен қағаз п.б. шақта хатқа түсіруге мүдделі болған.Ал жазуы жүйелі түрде дамымаған халықтар тарихты ауызша жеткізіп отырды.

Тарихи оқиғалар түрлі көзқараста, өз еліндегі саяси ұстанымдарға, идеологияға,таным дәрежесіне негізлеліп баяндалып отырды.Мыс. ежелгі заманда тарихи оқиғалар мен үрдістерді сипаттауда діни-мифологиялық көзқарас басым болды да, тарихи баяндар «белгілі бір күштің еркімен» болатын құбылыс ретінде түсінілді.Бірте-бірте тарихты танудың біршама жетілдірілген жолдары қалыптаса бастады.Тарихты жүйелі түрде жеткізудің алғашқы қадамдары ежелгі Грекияда жасалды. Тарихтың атасы атанған Геродот өзінің «Тарих» атты еңбегін дерек көзіне сүйене отырып,сол заманғы көзқарастар негізінде жазды, алайда сыни талдау жасай алмады.Антикалық тарихшлардың қатарында сыни тұрғыдағы, оқиғалардың себеп-салдарлық байланысын ашуға тырысқан авторлар да қалыптаса бастады.Осындай бағытта жарық көрген шығармалардың бірі- Фукидидтің «Тарихы».Кейіннен бұл дәстүрді Рим тарихшылары да жалғастыра бастады.

Ортағасырлық дәуірдегі тарихи білімінің сыртқы сипаты антикалық дәстүрде болды. Дегенмен, ортағас.тарихи сананың түбегейлі ерекшелігі: адамзаттың дамуы, оның мәні, мақсаты және қозғаушы күштері туралы жалпы концепциясы – христиандық түсінік негізінде дамыды. Жалпы алғанда, тарих ғылымының, сонымен бірге тарихнаманың дамуының гуманистік, рационалистік-ғылыми, ағартушылық, романтизм, позитивистік кезеңдері мен Гегель негіздеген идеалистік, К.Маркс негіздеген материалистік бағыттары белгілі.

Тарихнама – тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы. Сондықтан да ол үнемі тарихнамалық зерттеулер деген ұғыммен тығыз байланысты. Тарихнамалық зерттеулер белгілі бір дәуірде пайда болған тарихи танымның сипатына тән және де әлеуметтік функциялар атқаратын принциптердің негізінде жүргізіледі. Тарихнамалық зерттеулердің міндеттері тарих ғылымының даму талабы мен қажеттіліктеріне байланысты айқындалады. Және қол жеткізген тарихи таным мен тарихи ойдың деңгейіне, зерттеу әдістеріне тікелей тәуелді болады.

Тарихнамалық зерттеулер ғылым ретіндегі жалпы тарихи мәселелермен тығыз байланысты. Тарих-қ зер-р тарихи танымның даму жолдарын бірізді қарастыра отырып, тарих ғылымының қозғаушы күштерінің, әртүрлі бағыттағы ғылыми мектептердің пайда болуының және ауысмының заңдылықтарын анықтайды. Олардың тұжырымдамаларының өз заманындағы қоғамдық өмір мен тарих ғылымының дамуына қосқан үлесін білдреді. Тарихнамалық зерт-рдің тарих ғылымын дамытуға қажеттілігі өз кезегінде, бұрын ғылыми айналымда болған деректердің шынайылық дәрежесін сыннан өткізіп, жинақталған фактлік материалдарды жаңаша ой елегінен өткізуді талап етеді.

Тарихнамалық зерттеудің мынадай негізгі аспектлері бар.

1-ден, тарихи таным өзінің даму сатысында әлеуметтік қызметке ие және сол әлеуметтік қызмет тарихтың түрлі кезеңдерінде қаншалықты, қалай жүзеге асырылуын анықтайды. Зерттеудің бұл аспекті тарих ғ. мен қазіргі кезді өзара байланыста ала отырып тарихи танымның әлеуметтілігінің аса маңызды дерегін зерттейді, тарихи танымның тарихшының әлеуметтік позициясына тәуелді екенін қорытындылайды.

2-ден, теориялық – методологиялық принциптерді зерттеу әрбір тарихи ой тұжырымның бағыттарына тән. Бұл үшін бір жағынан тарих ғылымы, екінші жағынан философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, теориялық жаратылыстану ғылымдары арасындағы байланыстарды ашу қажет.

3-ден, тарихи еңбектердің деректанулық базасын, деректерді пайдаланудың сипатын, нақты зерттеу әдістерін талдау.

4-ден, тарихи зерттеулердің проблемасын, оның дамуы мен кеңеюін талдау.

5-ден, тарихи ойдың әртүрлі бағыттары мен түрлі мектептер қалыптастырған ғылыми тұжырымдамаларды зерттеу. Бұл бір жағынан кереғар көзқарастардың жойылу процесін дәйектеуге, екінші жағынан, тарих ғылымының дамуындағы сабақтастықты ашып алдыңғы кезеңнің объективті шынайы нәтижелерін жаңа жағдайда пайдалануға қолайлы мүмкіндік тудырадв.

6-дан, тарих саласындағы зерттеу жұмысының түрі мен ұйымдастырылуын, оған қоса ғылыми мекемелер мен мұрағаттар жүйесін, мамандар даярлау мәселелерін, баспа қызметін, тарихи тұжырмдарды пайдаланудың түрлерін, оларды насихаттауды зерттеу.

Тарих –қ зерт-ң түрлі аспектлері өзара тығыз байланысты. Тек тарихнамалық материалдарды кешенді түрде зерттеу ғылымның негізгі желісін тұтастай көрсетуге, жекелеген мәнді құбылыстарын қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Тарихнамамен айналысу зерттеушінің нақты тарихи материады терең білуін, біліктілікті, сонымен бірге ғылымның методологиялық ұстанымдарын жан - жақты меңгеруін қажет етеді.

Тарихнама тарихи білімнің даму тарихын зерттейтін ғылым саласы ретінде өзінің алдына нақты мақсат- міндеттерді қояды.

Тарихнама ғылымының мақсаты- нақты тарихи жағдайларда тарихи ойдың негізгі бағыттары мен ұстанымын анықтайтын тарихи танымның әлеуметтік негіздерін көрсету. Тарихнамалық мәдениетті қалыптастыруда студенттерді тарихнамалық зерттеуде историзм (тарихилық принципі-құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуы, олардың нақты жағдайлармен байланысында қарау. Бұл принцип тарихи құбылыстардың пайда болу себептерін, түрлі этаптардағы сапалық өзгерістерін анықтап, диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге айналғанын түсінуге мүмкіндік береді) принципін саналы түрде қолдануға бағыт беру. Шетелдер тарихы тарихнамасының маңызды міндеті тарихи ғылымның даму заңдылықтарын анықтау және тарихи ойдың түрлі бағыттарының теориялық-методологиялық принциптерін үйрену. Тарихшылардың басты обьектісіне тарихшылардың еңбектері жатады. Тарихи ғылыми мекемелер, мерзімді баспасөз ұйымдары, тарихи ғылым саласында кадрлар даярлау тарихнамашылырадың басты зерттеу жүйесіне жатады.

Тарихнама ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы, мәдениеттану және саясаттану пәндерімен тығыз байланысты.



Студент шетелдердің ежелгі, орта ғасыр, жаңа және қазіргі заман тарихының нақты мәселелеріне өз бетімен тарихнамалық талдау жасай білуі, тарихи даму бағытының дүниетанымы мен методологиялық құрылымына әр елдің ұлттық, әлеуметтік, және саяси даму ерекшеліктері әсер ететінін дәлелдей білуге дағдылану керек.

Ғылымның міндеттері:

-тарихнамалық деректерді жинақтау, жүйелеу;

-тарихнамалық фактлерді жинап, оларға талдау жасау;

-тарихнамалық фактлердің тарихи оқиғалар мен үрдістерді зерттеу деңгейін сараптау, ұтымды жағы мен кемшіліктерін анықтау;

-ғылыми еңбектерге баға беру;

-тарихнамалық деректердің саяси-әлеуметтік жүйелер мен идеологияға тәуелділігін анықтау;

-белгілі бір мәселенің зерттелмеген тұстарын тауып, келешек ізденушілерге тың тақырыптар ұсыну.

Біздің оқитын пәніміз- «Шетел тарихының тарихнамасының» мақсаты мен міндеттері осы негізде анықталады.



Тақырып 2. Антик заманындағы тарихи ойдың дамуы. 2 сағ.

1.Гректердің тарихи ойлары мен әдебиетінің пайда болуы.

2.Ертедегі грек тарихшылары.

3.«Прагматикалық» тарихнаманың қалыптасуы.

4.Ертедегі Римдегі тарихи ойдың дамуы.

Антикалық тарихнама- антика заманында грек және латын тілдерінде жазылған тарихи шығармалардың жиынтығы. Бұл кезеңнің хронологиялық шегі мөлшермен б.э.д. 1000- 500 жылдар шамасы деп алынады.

Өз дамуының ең басында тарих, ең алдымен көркем прозаның жанры түрінде болды.Оның пайда болған жері кішіазиялық Иония, нақтылай түссек, архаикалық дәуірдің аса үлкен мәдени ошағы болған Милет қаласы. Ионийлік ұлы ғұламалар табиғат әлемін біртұтас, ал адам қоғамы оның бір бөлшегі деп санады.алғашқыда олар эпикалық дәстүрді жалғастырып, поэтикалық формада жазды.Біртіндеп сыни және ғылыми сипаттағы жаңа жанр туындай бастады. Б.э.д. У1 ғ. эпосқа тән космос, құдайлар, гректерге белгілі жерлер мен халықтар жайлы көптеген түсініктерге жаңаша мән беріліп, дәстүрлі поэзия мен мифологиядан өзгеше жаңа типтегі шығармалар- прозалық суреттеулер пайда болды.Олардың авторларының назары тек ағымдағы шындыққа ғана берілмей қазіргіні ұғынуға мүмкіндік беретін, өткенге де ауып отырды.

Мифтер мен эпосты қайта қараған шақта оларды мазмұндап қана қоймай,сын тұрғысынан таңдау жасалып басқаша ұғыну байқалды.Бізге дейін келіп жеткен бұл шығармалардың үзінділерінен ұққанымыз, олардың авторлары негізінен қалалардың негізін қалаушылардың шежіресіне, түрлі халықтардың салт- дәстүріне көп мән берген.Барлық авторларға ортақ нәрсе- көне аңыздар мен мифтер шынайы оқиғаларды баяндайды деп сенді және олардағы қиял-ғажайып дүниелерді алып тастаса болды,ақиқат орнайды деп ұқты.Егер фактлер мағынасыз болса, оларға басқа басқадай түсінік беріп сенетіндей ету керек деп саналды.Мұнай еңбек «тарих» деп аталды және оқиғаның куәгерінің баяндауы, тексеру, сұрау деген мағынаны білдірді.Ал, олардың авторларын логографтар( гр.logos-сөз, шығарма) деп атады.Кейінірек бұл термин бірнеше мағынада қолданылды,алайда оны алғашында қара сөзді өлең сөзге қарсы қою мақсатында пайдаланған.

Логографтар ауыз және жазба деректерден мәлімет алып көлемі жағынан үлкен, білімі жағынан біршама кең еңбектерді туғызды.Б.э.д. У ғ. логографтар бүтіндей бір елдерлің тарихын баяндайтын ауқымды дүниелер туғыза бастады.Харон Персияның, ал Ксанф- Лидияның тарихын жазды. Олардың ерекшеліктері:фактографияшылдық- оқырманға нақты, шынайы деректі жеткізу және бір тақырып туралы жекелеген әңгімелерді механикалық түрде біріктірді де олардың ішкі байланысын ашып синтез жасауға ұмтылмады.

Грек тарихи ойының дамуына үлкен үлес қосқан «тарихтың атасы» атанған Геродот болды(б.э.д.490/80- 425 ж. шамасы). Геродоттың өмірбаяны туралы мәлімет өте аз.Өзінің ұстазы Гекатей Милетскийден көп тәлім алған ол, өз тарихын жазғанда ұстазының жолын қуып отырды. Бірақ, өз зерттеулерінің өзегі ретінде адамды алды, міне бұл Геродоттың үлкен жаңалығы болды.Геродот сондай ақ, тұңғыш әмбебап тарихшы болды, яғни бір елдің немесе бір халықтың тарихын баяндаумен шектелмеді. Оның 9 кітаптан тұратын «Тарих» атты еңбегі- «жерлерді суреттеуден» шын мәніндегі тарихқа нық қадам жасау болды.Логографтардан айырмашылығы түрді материалдарды Шығыс пен Батыстың күресі тақырыбының төңірегіне біріктірді. Поэзия Гомердің есімімен басталса, грек тарихнамасы Геродоттың есімімен басталады. Адамзат істерінің ағымын баяндау үшін, «тарих», «зерттеу», «білу» сияқты ұғымдардың байланысын нақ осы Геродот негіздеді. Тарих себепті шартталған және салдарлы, көп жағдайда күтпеген жағдайларға әкелетін өзара байланыстағы оқиғалар тізбегін баяндау тұрғысында қалыптасты. Геродоттың көзімен қарағанда, тарихтың пәні таң қалдыратын ұлы істер, алтарихшының міндеті «өткен оқиғалар уақыттың ізімен ұмыт болмас үшін» кешегі туралы білімді сақтау болады.

Геродот сонымен қатар тарихи әдіс саласында да ізашар болды: ол бірінші болып тарихи сюжетке мәселе ретінде келіп, алдына нақты танымдық міндет қою арқылы эллиндер мен варварлар бір- бірімен неліктен соғысып отырған деген сұраққа жауап іздеді. Геродоттың бойында тарихщылаудың (историописание) әртүрлі екі принципі- рационалдық пен мифологиялық тоғысып жатты.Алғашқысы тарихшы өзі куә болған фактлерге, соңғысы бұрынғы өткен заман туралы көбінесе ауыз әдебиетінен алынған деректерге негізлелген.Оның түсінуінше, әлемді бөлінбейтін күш билейді, дүние тәртібінің басты принципі- адам өмірінің сызығын анықтайтын-өлшем (тәубашылдық) заңы.

Грек тарихи ойының одан әрі дамуы б.э.д.У ғ. соңында Фукидидтің (460-396жж.мөлш.)

Есімімен байланысты.Геродоттан айырмашылығы, тарихтың пәнін анықтаған шақта эллин дүниесінен әрі бармайды. Оның еңбегі- Пелопоннес соғысы туралы баяндама (б.э.д.394/3-391/90жж.), яғни жуықта аяқталған «қазіргі» тарих туралы.Фукидидтің еңбегі де антикалық дәстүрге орай,баяндамаға негізделді.Кейіпкерлерді бірінші жақтан сөйлете отырып, оларда өз тұжырымдарын ұтымды өткізіп отырады және де шығарманың тілі көркем де шешен болып шыққан.

Фукидид- оқиғаларды түсіндірудегі рационалистік әдіс пен шынайы тарихи деректерді іріктеуге негізделген прагматикалық ғылыми тарихнаманың негізін қалаушы.Оның екі ерекшелігі бар.Біріншіден,тарих индивидтардың үстемдікке қол жеткізуі -билік пен мемлекет үшін жүргізген күрес жолындағы оқиғалардың тізбегі ретінде түсініледі.Прагматикалық тарихнаманың екінші сипаты «практикалық пайдалылық», яғни тарих сабағының әрқашан құнды болатындығы.

Фукидид өз мақсаты-«ақиқатты табу», шынайылық пен шыншылдық деп,мәлімдегеніне қарамастан көп жағдайда субъективтілік танытты,оқиғаларды біржақты қарастырып келді.

Тарихшы ретінде Фукидидтің еңбегінің маңызы құжатты деректерді (келіссөздер мәтіні, ресми қаулылар т.б.) кеңінен қолдануы,хронологияны жасау және өзі ашқан әдісі -өткенді ретроспективтік қорытындылар жасау арқылы қалпыны келтіру болып табылады.

Егер грек тарихының классикалық кезеңіндегі тарихи сана гректер мен варварлардың өзара жауластығын түсінуге жұмылса, эллиндік дәуірде ол адамзат әлемінің тарихи біртұтастығын түсінуге бағытталды. Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы нәтижесінде пайда болған байтақ империя грек дүниесінің біртұтас әлеміне тартылды.Геродот пен Фукидид жасаған әлем келбетімен танысу кейінгі ұрпақтың тарихи ой көкжиегін одан әрі кеңітті, бұл жағдай өз кезегінде жаңа типтегі тарихтың пайда болуына әсер етті.Оның идеясы Полибийдің (б.э.д.210-128) атақты «Жалпы тарих» атты еңбегінен көрінді.

Полибий тарихты Геродотша өткеннің оқиғаларын баяндау мағынасында емес, өз заманына сай- адам әрекеттеріне арналған ерекше түрдегі зерттеу және адам рухына оң әсер ететін ойлау формасы деп түсінді.Оның ойынша, өткенді тану бәрінен бұрын адамдарға пайда әкелмек.

«Жалпы тарихта» тарихи шығарма жазудың өзіндік канондарын жасай отырып, Полибий:тарих жалпы сипатта болып Батыста да , Шығыста да өтіп жатқан оқиғаларды бірдей қамтып, синхронды мазмұндалуы қажет деп саналған түбегйлі талаптарды ұсынды.ОЛ тарихи шығарманың жаңа типі- жалпы тарихты жасады. Тарихтың пәні бұрынғыдай әскери- саяси тақырыппен шектеулі болса да, басты назарда оқиғалық тарих емес, ондағы қақтығысушы саяси күштердің динамизмі болды.

Ертедегі Рим тарихнамасының қалыптасуына ертедегі грек және эллиндік тарих жазу тәсілдері терең ықпал етті.Сонымен қатар,римдіктердің тарихи идеясы дәстүр ұғымдары мен мекеніне тікелей байланыста болды:олар уақыт есебін қаланың негізі қалануынан бастады және Рим бүткіл дүниенің орталығы деп саналды.

Рим тарихнамасының негізі- республика, сосын иперия идеясы, азаматтық игі істер,салт- ж-дәстүрлермен сәйкестікте болатын Мәңгі қаланың тарихы болды.Римдегі тарихи шығармалардың ең көне жанры-анналдар (лат.аnnus-жыл) понтифик- абыздар жыл сайын жүргізіп отырған оқиғалардың жазбасы.

Республика кезеңінің белгілі тарихшысы-Гай Соллюстий Крисп (б.э.д.86-35жж.). Оның «Катилинаның бүлігі», «Югурта соғысы» және аяқталмай қалған «Тарих» атты еңбектері бар. Соллюстийдің назарын фактлер емес, тарихтың геройлары, жақсы, жаман қасиеттерден тұратын адам аударды.Ол өз еңбектерінде оқиғалардың уақытын бұрыс көрсетуге жол берсе де ондағы адамдардың айшықты жанды бейнесін баса көрсетті. Цезарь мен Соллюстийге дейін Рим мемлекетінің шынайы түрде жазылған біртұтас тарихы болған жоқ. Бұл ойды Республика мен Империяның аралығында өмір сүрген Тит Ливий (б.э.д.59- б.э. 59жж.), Август заманының атақты тарихшысы жүзеге асырды.Оның әйгілі «Негізі қаланғаннан бергі Рим тарихы» (мөлш.б.э.д.27- б.э.9 жж) атты еңбегі142 кітаптан тұрды. Автордың түсінігі бойынша бүкіл тарих Римнің төңірегіне шоғырланған, Рим тарихы көп тарихтың бірі емес, жалғыз дана және жалпы тарих болып саналады, өйткені Рим бүткіл әлемді білдіреді. Ливийдің шығармасы осы пікіріне орай, кейінгі кезеңде басқа халықтардың, тарихын жазуда үлгі, модель ретінде жүрді.

Империя кезеңінің тарихшыларының қатарында П.К.Тацитті (мөлш.59- 120жж.) атауға болады.Оның негізгі тарихи еңбектері-«Тарих», «Анналдар».Тацит шығармаларында негізгі орын тарихтың көшін анықтайтын жеке тұлғалар мен адамдарға берілді.

Рим тарихнамасының соңғы ірі өкілі - Аммиан Марцеллин (мөлш.330-400жж). Оның тарихи шығармасы «Әрекеттер» («Деяния») деп аталады және ол эллиндік рухта жазылған.

Қорыта келгенде, антика заманындағы тарихи сананың ерекшелігі: өткенді даму үрдісі ретінде түсіне алмады. Тарих уақыт ағымында бір бірін алмастырып отыратын оқиғалар мен құбылыстардың жиынтығы деп саналды. Түрлі тарихи ахуалдар уақытпен бөлінгенімен өзара ұқсас,ал тарих біртипті оқиғалардың тізбегі тәріздес болды.Гректер де, римдіктер де тарихты түсінуі дәстүр, бабаларының мұрасын маңызды игілік ретінде қабылдады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет