Әдебиеттер және оқу құралдары тізбесі:
Негізгі: 1. Сейтембетов Т.С. Төлеуов Б.И. Сейтембетова А.Ж., Биологиялық химия-Қарағанды, 2007.
2. Сеитов З.С. Биологиялық химия. – 2007
3. Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия, 1994
4. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологиялық химия. – М.2005,2007
5. Биохимия под ред.чл.-корр.РАН, проф. Е.С. Северина.-М.2005, 2007
Қосымша:
1. Биохимия сүрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред.басшылығымен,-Астана, 2003.
2. Ленинджер А. Биохимия. – Москва, Мир, 1974
3. Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003
4. Кольман Я., Рем К.Г. Наглядная биохимия, - М.:Мир, 2004
5. Кужман М.Н. Биохимия в формулах, схемах и таблицах. Учебное пособие по биохимии человека и животных. – Воронеж: ВГУ, 1975
6. Николаев Л.А. Биокатализаторы и их модели. – Москва: Высшая школа: 1989
7. Степанов В.М. Молекулярная биология. Структура и фунция белков. – Москва: Высшая школа, 1996
8. Уильямс Б., Уилсон К.методы практической биохимии- Москва: Мир, 1978
9. Филиппинович Ю.Б. Основы биохимии. – Москва: Высшая школа, 1999
10. Фролов Ю.П., Серых М.М., Макурина О.Н., Кленова Н.А., Полковкин В.Г. Биохимия и молекулярная биология. Учебное пособие для вузов. – Самара: Самарский университет, 2004
11. Биохимия в вопросах и ответах. Под ред.чл.-корр. НАН РК, д.х.н., проф. С.М. Адекенова, - Астана, 2003
12. Преображенский Н.А., Евстигнеева Р.П. Химия биологически активных природных соединений.-Москва: Химия, 1970
Оқытуға қосымша ұсынылатын материалдар
Оқу әдістемелік кешені.
Бағдарламамен қамтамасыз ету.
ТОҚ (бейне материалдары).
Плакаттардың (кестелердің, сызбалардың, сұлбалардың және т.б) тақырыптық жинағы.
ШҚО, Өскемен қаласы
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Акимбаева Жанар Норлановна
Эссе
Мен арнайы пән оқытушысымын.....
Мамандық таңдау – бұл адам баласының жан қалауымен құпталған өмірлік шешімі. Әр адам өз мамандығын дұрыс таңдай отырып, оған құрметпен қарауы керек. Ал, адамның өмірлік мақсаты қалаған мамандығымен ұштасып, бағындырар биігі орайласып жататыны анық.
Өткенге көз жүгіртсем, мектеп қабырғасынан қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды армандадым. Үнемі өз ұстаздарыма еліктеп бала оқытуды, сабақ беруді қиялыма серік еттім. Арманым орындалып жоғары оқу орнының қазақ тілі және әдебиеті мамандығын 1996 жылы үздік аяқтап, міне сол уақыттан бері, 28 жыл бойы қара шаңырақ Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде еңбек етіп келемін.
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан», – деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, бағытынан таймасы анық. Осы қағиданы бойға сіңіріп, қаншама білікті маман тәрбиелеудеміз.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2023 жылғы Республикалық педагогтер съезінде: «Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Бүгінде білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды. Сондықтан, азаматтарымыз жаңа заманға қажетті дағдыларды үйренуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бұрын «алған дипломың өмір бойы азық болады» деген түсінік бар еді. Енді оның орнын «Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида басуы керек» – деп бүгінгі мұғалім мамандығының жауапкершілігін ерекше атап өткен болатын.
Алғаш колледжде еңбек жолымды бастағанда арнай пәннен дәріс оқып тұрып, сабақта басты қандай мәселеге көңіл бөлу керек деген сұрақ мені толғандырған еді. Болашақ қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдеріне ерекше назар аударатын мәселелерді жан- жақты қарастыра келе, дәуірдің дара ұстазы Қ.Бітітбаеваның «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» әдістемелік оқулығына сүйеніп, әдебиетті оқытуда басты ескеретін жайттың бірі – көркем шығарма табиғатын жан-жақты таныту мәселесі екеніне көзім жетті. Бұл дегеніңіз, әрбір білім алушыны классик жазушылардың шығармаларын оқуға қызықтыру мен оқыту мәселесі.
Көркем шығарманың табиғатын, мазмұнын толық біліп тұрған маман, мектепте қазақ әдебиеті пәнінен сенімділікпен сабақ берері анық. Бұл ұстанымымды басқа мамандық иелерін оқытуда да қолданып, нәтижесін көріп келемін.
Сонымен қатар, арнайы пәндерді оқытуда Қ.Бітібаева технологиясын ақпараттық технологиялар негізінде, заман талабына сай пайдалану болашақ мамандардың білімін толықтыратыны анық.
Арнайы пәндерді оқытуда ақпараттық – коммуникациялық және инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін, сондай-ақ, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану білім беру үрдісінде тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушылардың ақпараттық білімін қалыптастыру қазiргi таңда педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Әр шәкіртімнің жетістікке жетуі, білімді азамат болуы мен үшін үлкен мәртебе. Ел ертеңі үшін еңбек еткен ұстаздардың ұлылығы да осында дер едім. Олай болса, өмір бойы оқып, білімімді жетілдіріп, заман талабына сай шәкірт тәрбиелеуде өз күшімді аямай, еңбегімді еселей беретініме сенімдімін.
Қазіргі заман талабына сай бейімделген, білімді, қоғам өміріне белсене қатысатын, шығармашылықпен ойланатын, ұлттық құндылықтарды, арнайы пәндердің заңдылықтарын терең меңгерген, білікті тұлғаны тәрбиелеу менің ұстаздық парызым.
Достарыңызбен бөлісу: |