ЖАЛПЫ ТҮСІНІК Зат есім дегеніміз — лексикалық тұрғыдан алғанда өз алдына мағыналық дербестігі бар сөздер. Өзімізді қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі де зат есімдер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (тағам, жылқы, су, жұлдыз, жел, көйлек, терек, түтін, қойын, ызың) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстрақциялы үғымдардың (мінез, ырым, үялшақтық, пікір, наным, шама, нарық, ынсап, жоқшылық, күдік, ырыс) аттарын да білдіре алады.
Зат есімнің семантикалық өрісі мейлінше кең екендігін аңғарту үшін бұл тұста оның қамтуына кіретін сөздердің мына секілді лекси-калық топтарын ішінара атап өтудің өзі-ақ жеткілікті. Мысалы, оған тұрмыстағы түрлі заттар мен нәрселердің аттары да (бөрік, қасық, үй, қалам, асық, жүген, тұз, өрік), жан-жануар аттары да (түйе, бөрі, ара, шіркей, балық, үйрек, лашын), өсімдік атаулары да (шынар, қайың, терек, жусан, изен, тобылғы), табиғат денелері мен құбылыстарының аттары да (тас, дауыл, боран, қар), адамның кәсібін, мамандығын, қабілетін, тегін, қоныс-тұрағын білдіретін сөздер де (етікші, шопан, дәрігер, ғалым, ақын, мүсінші, суреткер, өзбек, қыпшақ), әдет-ғүрыпқа, салтқа, ойын-сауыққа байланысты айтылатын сөздер де (той, шілдехана, аужар, айтыс, көкпар) жатады.
Тұлғасы жағынан алғанда зат есімдердің бірқатары түбір сөздер болып келетін болса (көз, от, мал), бірқатары әр түрлі сөз табынан жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер болып келеді (аңшы,те- 45
бінгі, білім). Сол сияқты зат есімнің екі түбірдің бірігуі арқылы жа-салған түрлері (кәріқыз, бірқазан, баспасөз) мен қос сөз тұлғалы түрлері де (жүн-жұрқа, сай-сала, келін-кепшік) бар. Екі сөздің тір-кесі белгілі заттың атауышы ретінде қолданылғанда да ондай лексикаланған тіркестер (көк құтан, тау теке, темір тікен) зат есім қатарында танылады.
Сөйлемдегі өзге сөздермен грамматикалық қарым-қатынаска тү-суіне орай зат есімге тәуелдік, жіктік, септік жалғаулары жалғанып отырады, сондай-ақ олар сөйлем ішінде не жекеше, не көпше тұлғада айтылады. Осыған сәйкес оның өзгерілу жүйесін зат есімнің жіктелуі, тәуелденуі, септелуі, жекеше, кепше түрде қолданылуы деп аталатын ірі-ірі категорияларға бөліп көрсетуге болады. Сонымен бірге зат есімге тән басты-басты грамматикалық категориялар қатарында жалқылың пен жалқылық (яки жалқы есім мен жалпы есім), жақтылық пен жаңсыздық категорияларын өз алдына бөліп атаудың орны бар. Төменде осы аталған категория-лардың әрқайсысы өз алдына жеке-жекө сөз болмақ.