Шиелі ауданы №45 «Аќ Орда» мектеп – гимназиясы


Адам және қоғам білім саласы



бет5/8
Дата05.02.2022
өлшемі246,01 Kb.
#22286
1   2   3   4   5   6   7   8
1.4. Адам және қоғам білім саласы
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байыту және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үрдісін ұйымдастыруды көздейді.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең аузымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Мектепке өзін-өзі тануды оқыту төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:

  • адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

  • оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

  • қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:

  • өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

  • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

  • өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  • адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

  • өзімен-өзіүндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

  • жасампаздықпен белсенділік, адамзаттылық және елжандылық таныту;

  • өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

  • қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет