Шыңғырлау аудандық ОКЖ-нің «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасында «Жарқ еткен жалын» атты библиографиялық-ұсыныстық тізім, ОКЖ кітапханаларында «Шыңда сөнген Алтайдың ақиығы», «Өлеңге өлердей-ақ ғашық еді...», «Оралхан мұрасы-мәңгілік қазына», «Аппақ дүниені аялаған», «Қазақтың асқақ жыршысы», «Ел есіндегі есім», «Оралхан Бөкей – сырлы сөздің сардары», «Жасын ғұмыр жазушы» кітап көрмелері безендірілді.
Акция аясында О.Бөкейдің шығармаларын таныстырып, насихаттау мақсатында аудандық орталық кітапханасы аудандық «Серпін» газетіне «Әдебиет сүйгіш қауымға Оралханнан» атты мақала жариялады. Мақалада жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, кітап қорындағы әдебиеттер тізімі берілді.
Сәуір айының 18 жұлдызында аудандық кітапхананың оқу залында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Шыңда сөнген Алтайдың ақиығы» атты Оралхан Бөкеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған шолу болып өтті. Оқырмандар ақынның өмір жолы, шығармаларымен таныстырылып өтті.
Алмаз селолық кітапханасында мамырдың 17 күні «Алтын арқау жазушы» атты библиографиялық шолу өткізілді.
12 шілде аудандық балалар кітапханасында «Аппақ дүниені аялаған» атты әңгіме өткізілді. Әңгіме «Арай» жазғы балалар демалыс орталығында өткізілді. Әңгімеде Оралхан Бөкейдің өмірбаяны, шығармашылығы туралы мәліметтермен таныстырылып, «Кербұғы» әңгімесі оқылды.
Аудандық орталық кітапханасында өткізілген «Жарқ еткен жалын» атты әңгімеде қазақ әдебиетінде айшықты орын алған, әлемдік танымдылыққа ие болған жазушы туралы, оның шығармаларындағы отансүйгіштік рухы көрініп тұрғаны, хикаяттары нағыз шеберліктің жемісі екендігі айтылып өтті.
Шыңғырлау «ДӘН» ЖШС кітапханасында өткізілген «Орны бөлек Оралхан» атты әңгімеде кітапханашы Оралхан Бөкейдің шығармашылығымен таныстырып, жазушының «Қайдасың қасқа құлыным» повесін оқыған оқырмандар шығармадағы кейіпкерлердің образын ішкі жан дүниесін табиғат құбылысымен байланыстыра суреттеу арқылы баяндап берді.
Ақсуат селолық кітапханасында «Өнерге өлердей ғашық еді» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға жасөспірімдер мен көпшілік оқырман қауым қатысты. Шара барысында О.Бөкей бар жанрда бағын сынап, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы екендігі айтылып, әсерлі эсселері, кейіпкерлер жанының нәзіктігімен ерекшеленетін әңгімелері туралы ой бөлісті.
Аудандық балалар кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында көркемсөз оқу сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1 кезеңде Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романынан үзінді оқуға арналса, сайыстың 2 кезеңі байқауға қатысушының өз таңдауы бойынша О.Бөкейдің бір әңгімесі немесе повесінен үзінді оқу, 3 кезеңде Оралхан Бөкей туралы ойлар мен өлеңдер оқылды. Байқау кезеңдерінен үздік болып танылған 3 жеңімпаз анықталды. 1 орынды Шилі мектебінің 8 сынып оқушысы Айбарша Лекерова иеленсе, 2 орынды Шыңғырлау мектебінің 5 сынып оқушысы Қадыров Бекжан иеленді. 3 орынды Шилі мектебінің 8 сынып оқушысы Кежекова Милана иеленді.
Оралхан Бөкейдің шығармаларын насихаттау мақсатында әдістемелік библиографиялық бөлімде «Оралхан Бөкей – сырлы сөздің сардары» атты ауызша журналдың әдістемелік құралы дайындалды.
Ш
Шыңғырлау ОКЖ.
«Жарқ еткен жалын» кітап көрмесі.
Шыңғырлау ОКЖ.
«Өз отыңды өшірме»
көркемсөз оқу сайысы.
ыңғырлау ОКЖ.
«Аппақ дүниені аялаған»
кітап көрмесі.
Достарыңызбен бөлісу: |