Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Облыстық білім сапасын бағалау қызметі



бет2/3
Дата09.04.2020
өлшемі1,07 Mb.
#62106
1   2   3
Байланысты:
1 нұсқа


PIRLS

Аудан атауы




Қала, ауыл атауы




Мектеп атауы




Оқушының аты-жөні




сыныбы





Тапсырма 1

Әдеби мәтін




Саз балшық түйіршігі


Жоғарыда ескі мұнараның ішінде шеберхана орналасқан. Бұл қыш-құмыра шеберханасы болатын,онда түрлі-түсті жылтырақтары бар бөшкелер, қыш-құмыра дөңгелектері, күйдіруге және кептіруге арналған пештер және әрине, саз балшық та көп еді. Терезенің жанында қақпағы ауыр,үлкен қобди тұрған болатын.

Оның ішінде әдетте сазбалшық сақтайтын. Түбінде, ең бұрышында ескі, кеуіп қалған саз балшық түйіршігі жатыпты. Ол өзінің соңғы рет қашан қолға алып иленгенін есіне әрең түсірді. Қобдидің қақпағы күн сайын ашылып отырды. Төмен қарай бір дорба не бір кесек саз балшық алуға қолдар созылатын. Саз балшық түйіршігіне жұмыспен айналысып жатқан адамдардың көңілді базары естілетін.

«Менің кезегім қашан келер екен?»,-деп ойлайтын ол. Қобдидің ішінде,қараңғылықта күндер өтіп жатты, ал саз балшық түйіршігі үмітін жоғалта бастады.

Бір күні шеберханаға мұғалімімен бірге бір топ балалар келді. Бірден бірнеше баланың қолы саз балшыққа ұмтылды. Біздің түйіршік соңғы болып еді, ақыры алынды!

Көзін күнге сығырайтып қарап: «Бұл үлкен сәттілік!»,-деп ойлады ол.



Бала саз балшықты қыш дөңгелегіне салып, бар күшімен айналдырып иледі.

«Керемет!»,-деп ойлады біздің түйіршік. Бала дөңгелек айналғанша саз балшықты керіп созып алуға тырысты. Сол уақытта түйіршік өзінің жуық арада затқа айналатынынан толқығанын сезді. Бірақ бала бірнеше құмыра жасау әрекеттерінен кейін бастапқы ойынан айныды. Ол саз балшықты илеп тәптіштеп шар жасап қойды.

«Арттарыңнан жинайтын уақыт келді»,-деп мұғалім айтып еді, балалардың бірдеңені уқалап, сүртіп, кептіріп отырғаны естілді. Әр жерден су тамшылап тұрды.

Бала саз балшық түйіршігін терезенің жанына тастап, достарының артынан жүгіре жөнелді. Біраз уақыттан соң шеберхана босап қалды. Бөлмеде тым-тырыс,қараңғы болып кетті. Саз балшық түйіршігін қорқыныш билей бастады: ол қобдидегі дымды аңсап,қауіп төніп тұрғанын түсінді. «Бәрі біттті»,- деп ойлады ол.


  • Енді мен осы жерде қалып, кеуіп тас сияқты қатайып қаламын.

Ол ашық терезенің жанында жатқан болатын. Қозғалатын күші жоқ,ылғалдың кетіп бара жатқанын сезінді. Алдымен күн күйдірді,содан кейін кешкі жел соқты,саз балшық түйіршігі тас сияқты қатайып бара жатты. Ол үмітін үзді. Бірақ, бұл түйіршіктің ішінде, тереңде, жібергісі келмеген су тамшысы қалыпты.

«Жауын жауса екен»,-деп ойлады.



«Су керек»,-деп күрсінді.

«Өтінемін»,-деп, әйтеуір, үмітсіз құрғақ денесінен әрең шығарды. Жанынан өтіп бара жатқан бұлт кішкентай ғана саз балшық түйіршігіне жаны ашып, ғажайып нәрсе болды. Жауын-шашынның үлкен тамшылары ашық терезеден саз балшық түйіршігіне түсті.

Жауын-шашын түні бойы жауды, таңға таяу түйіршік жұмсарып қалды.

Шеберханадан дауыстар естілді.

«Ой-ой-ой!»,-деп, әйел айқайлап жіберді. Ол қышшы болатын және осы шеберханада жиі жұмыс істейтін еді.

«Біреу бүкіл демалыс бойы терезені ашық қалдырып кетіпті! Енді мына жерді жинауға тура келеді. Мен сүлгі тауып алғанша, сен саз балшықпен жұмыс істей тұр»,-деп қызына айтты.

Кішкентай қыз бала терезенің жанында жатқан саз балшық түйіршігін көріп қалды.

«Маған керегі осы сияқты»,-деді ол.

Көп кешікпей саз балшықты илеп, әр түрлі пішіндер жасай бастады. Саз балшық түйіршігіне қыз баланың саусақтары тамаша болып көрінді.

Қыз бала жұмыс істеп, ойланып отырды және қолдары белгілі бір мақсатпен қозғалып жатты.

Саз балшық түйіршігі дөңгелек, іші қуыс бір нәрсеге айналып бара жатқанын сезді. Бірнеше шымшымнан кейін тұтқасы пайда болды.

-Анашым, анашым, мен тостаған жасап қойдым!,-деп қыз бала анасын шақырды.

-Керемет!-деді анасы. -Сөреге қойып қой, оны пештің ішінде күйдіреміз. Содан соң жылтырақпен жауып, кез-келген ұнатқан түске бояй аласың.

Көп кешікпей кішкентай тостаған жаңа үйге көшуге дайын болды.Енді ас үйдегі сөреде басқа тостағандар, табақшалар мен сапты аяқтардың жанында тұрады. Олардың барлығы әр түрлі, арасында өте әдемілері де бар.

- Таңғы ас ішетін уақыт келді! - деп анасы жаңа тостағанды үстелге қойып,ішіне ыстық шоколад құйып,шақырып жатыр.

Қыз бала абайлап ұстап тұр. Саз балшық түйіршігі өзінің жаңа пішінінің жылтыр сызықтарын сезіне отырып, өзін сондай бақытты сезінді.Қыз бала өз жұмысын сондай тамаша атқарды!

Біздің кішкентай тостаған: «Ақыры,мәні бар затқа айналдым ғой»,-деп мақтаныш сезімі биледі.


«Саз балшық түйіршігі» мәтіні бойынша сұрақтар

1. Әңгімедегі оқиғалар қандай тәртіппен болғанын көрсететіндей сөйлемдерді нөмірлеп шық. 1-ші нөмір қойылып тұр.
___ Жауын-шашын саз балшық түйіршігіне ылғал беріп, жұмсартты.

___ Бала саз балшық түйіршігінен құмыра жасауға тырысты

___ Қыз бала саз балшық түйіршігінен тостаған жасады

___ Саз балшық түйіршігі кеуіп қалды



1 Саз балшық түйіршігі қобдиде жатты

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет