Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын



бет2/2
Дата05.11.2016
өлшемі1,07 Mb.
#509
1   2








Семей – 2011 ж.


Алғы сөз:
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана 1999 жылдан бері «Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін» электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде дайындап шығарып келеді.

Әдебиеттерді насихаттауда және еліміздегі көрнекті оқиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Мұнда туған өлкеміздің тарихы, экономика және мәдениет саласындағы маңызды оқиғалар туралы, мерейтойлары аталатын белгілі жерлес тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар мен әдебиеттер тізімі берілген.

Аталып отырған күндер тізбесі айы бойынша реттеліп, қысқаша анықтамалар мен әдебиеттері берілген даталар жұлдызшамен белгіленген. «Айы мен күні белгісіз даталар» туралы анықтамалар мен әдебиеттері берілген және хронологиялық тәртіппен енгізілді.

Күнтізбе аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткішімен жабдықталған. Құралды құрастыру жұмысы 2011 жылдың мамырында аяқталды.

Күнтізбені құрастырушылар: З.Т.Мағауина – Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхананың ақпараттық-библиография бөлімінің меңгерушісі, С.К.Титова - ақпараттық-библиография бөлімінің библиографы, Т.О.Түсімбаева – Қазіргі заман тарихы құжаттама орталығының (ҚЗТҚО) бөлім меңгерушісі.

Күнтізбе мұғалімдерге, кітапханашыларға, өлкетанушыларға, өлкесін танып білгісі келетін оқырмандарға көмекші құрал ретінде арналған.

Күнтізбе туралы ой-пікірлер туындаса, төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:

071400


Абай көшесі, 86

Абай атындағы әмбебап кітапхана,

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Телефон: 56-10-76

E-mail: semeybib@yandex.ru

Семей аймағы бойынша 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер:

1 қаңтар* Жаңбырбаев Әбілқасым, актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі,

туғанына 85 жыл (1927)

1 наурыз* Ысмайылов Төлеужан, ақын, туғанына 80 жыл (1932-1973)


24 наурыз* Есімжанов Төлеуғали, ақын, туғанына 70 жыл (1942-1978)

26 наурыз* Оспанов Мұратбек, ақын, туғанына 50 жыл (1962)


13 сәуір* Батыс Сібір Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің ашылғанына

110 жыл (1902)
5 мамыр* Әбдірахманов Төкен, жазушы, аудармашы, туғанына 95 жыл

(1917-1990)


15 мамыр* Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың

Жарлығымен Семей қаласы Курчатовта Ұлттық Ядролық

Орталықтың құрылғанына 20 жыл (1992)

2 маусым Бірінші облыстық жастар фестивалінің өткеніне 55 жыл

(1957)

7 маусым* М.Әуезвтің «Еңлік-Кебек» пьсасының Абай ауылының Ойқұдық



деген жерінде қойылғанына 95 жыл (1917)
13 маусым* Ибраев Мерғали, ақын, туғанына 70 жыл (1942-1997)
16 маусым Черепанов Дмитрий, жазушы, туғанына 105 жыл (1907-1992)

27 шілде* Құлжанова Нәзипа, ағартушы, аудармашы, қоғам қайраткері,

туғанына 125 жыл (1887-1934)
1 қыркүйек Семей мал-дәрігерлік институтының ашылғанына 60 жыл

(1952)
28 қыркүйек* Әуезов Мұхтар, классик жазушы, туғанына 115 жыл (1897-1961)

8 қазан* Байсейітов Рымбек, Республиканың еңбек сіңірген экономисі,

Қазақ КСР-нің Қаржы министрі, туғанына 90 жыл (1922-1991)


9 қазан* Әміренов Тәңірберген, ақын, туғанына 105 жыл (1907-1985)

31 қазан* Семей педагогика институтының ашылғанына 75 жыл (1937)


29 қараша* Тілеужанұлы Зейнолла, жазушы, туғанына 70 жыл (1942)
5 желтоқсан* Лекеров Асқар, жазушы, туғанына 100 жыл (1912-1964)
6 желтоқсан* Баймұратов Нұрлыбек, ақын, туғанына 125 жыл (1887-1969)
15 желтоқсан* Нұршайықов Әзілхан, Қазақстанның халық жазушысы, туғанына 90 жыл (1922-2011)
19 желтоқсан* Шәріпов Әди, жазушы, туғанына 100 жыл (1912-1993)
23 желтоқсан* Алтынбаев Қалихан, айтыскер ақын, туғанына 85 жыл (1927-2002)
Айы, күні белгісіз, аталып өтілетін және еске алынатын күндер:
* Алаш Қозбағаров, қазақтан шыққан тұңғыш гинеколог-акушер, туғанына 95 жыл

(1917-1997)

* Жанғазы Молдағалиев, Кеңес Одағының батыры, туғанына 95 жыл (1917-1943)

* Әсет Найманбаев, ақын, әнші, туғанына 145 жыл (1867-1923)

* Мұқа Әділханұлы, ақын, домбырашы, скрипкашы, әнші туғанына 155 жыл (1857-1927)
*** *** ***

Семей тоқыма фабрикасы, іске қосылғанына 80 жыл (1932)

Бұрынғы Алаш қаласының (Семейдің сол жақ жағалауы) Жаңасемей атанғанына 85 жыл

(1927)


Семей губерниясының 1-әйелдер съезінің өткеніне 85 жыл (1927)

Семей радио-телевидениесі, қазақ радио комитеті негізінде іске қосылғанына 50 жыл (1962)



1 қаңтар Әбілқасым Жаңбырбаев,

туғанына 85 жыл (1927)
Абай ауданының тумасы Әбілқасым Жаңбырбаевтың балалық шағы ашаршылық жылдарына дәл келді. Сол зобалаң жылдары екі туыс үйдегі жеті баладан жалғыз өзі ғана аман қалды. Басқа балалар аштықтан қайтыс болды.

Әкесі баласының өнерге деген бейімділігін байқап, бес жасында гармон сатып әпереді, халық музыкасын үйретеді. Кейіннен қалаға көшіп келгеннен кейін де концерттерге барып жүреді.

1934 жылы қаладағы 16-мектепке барып, жеті жыл оқиды. Хор үйірмесіне қатысып, гармонда, балалайкада ойнайды.

1942 жылы Семей облыстық музыкалы драма театрына қабылданып, құрмет демалысына шыққанға дейін жемісті қызмет етіп, күрделі рольдерді аса шеберлікпен сомдады. Мұнда ол « Жалбырдағы» молданы, Сырым мен Кебекті,«Ақан сері-Ақтоқтыдаы» Науанды, «Қозы Корпеш —Баян сұлудағы» Қарабай, «Комиисар Ғаббасовтағы» Сабыржан, «Шыңғыс хикаясындағы» Рамазан, Ленин т. б. бейнелерді сомдады. Әбекең сахналық өмірінде үлкенді- кішілі 330-дей роль ойнады, соның әр қайсысы бір мектеп болды.

1958- 1973 жылдар аралығында «Қан мен тер», «Жаушы», қырғыз фильмі «Толқын жағада өледі» деген киноларға түсті. Әртістікпен қатар режиссерлық қызметті қатар алып жүрді. С Адамбековтың «Аюбайдың ажалы», А.Шамкеновтың «Адасқан қазы», Б.Мұқаевтың «Қош бол, менің ертегім» т.б. қойылымдарын қойды.

Көп жылғы еңбегі ееленіп «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды.


Әдебиеттер:
Әбішева С. Мақсат биігі // Семей таңы.-1983.-4 август.

Әбішева С. Ленин ролін ойнаган актерлер // Мәдениет және тұрмыс.-1977.-№11.-6 б.

Жаңбырбаев Ә. // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия 4-том / Бас ред. Р.Н. Нұргалиев.- Алматы, 1989.-251 б.

Қамбаров Ж. Сахнагер: ( Халық әртісі Ә. Жаңбырбаевтың өмірі жайлы туралы сыр) / Ред. К. Дәуменұлы, Д.Жұмабекқызы. // Семей қаласы, 1997.



Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна .-Алматы: Қазақпарат, 2004.-760 б.

Қамбаров Ж. Біздің Әбекең // Семей таңы.-2002.-20 желтоқсан.

Кеңесқызы 3. Өнерлінің өрісі кең: (Әртіс Ә. Жаңбырбаевтың шығармашылығы туралы) // Семей таңы.-1997.- 29 наурыз.



Мұқаметқаликызы А. Театр тарланы // Ертіс өңірі.-2005.-12 мамыр.-29 б.

1 наурыз Төлеужан Ысмайылов,

туғанына 80 жыл (1932-1973)
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, Қайнар орта мектебінің түлегі - Төлеужан Ысмайылов бұрынғы «Социалистік Қазақстан» совхозының Аққора деген жерінде дүниеге келді. Әкесі Мұхамеджан колхоз басқармасы бола жүріп, 1942 жылы әскерге алынып, майданнан оралған жоқ. Қаршадайынан жетім қалған Төлеужан Шоң деген жерде бастауыш класты бітіріп, кейін Қайнар орта мектебінде оқыды. Төлеужанға ақындық нағашы жұртынан дарыды. Шешесі де домбырашы, әнші болған кісі. Арғы тегі атақты жыршы Жанақтан бастау алатын Төлеужан орта мектепті 15 жасында аяқтаған. Одан КазМУ-дің журналистика бөлімінде оқыды. Сонда оқып жүріп-ақ өлеңдері жарялана бастады.

1951 жылы университетті тамамдаған соң, «Жазушы» баспасында редактор болып, соңынан Қазақстан жазушылар Одағында кеңесші, Павлодар, Қызылжар облыстық газеттерінде, «Лениншіл жас» газетінде жемісті еңбек етті. Төлеужан таланты жөнінде белгілі қаламгер Т.Ахтанов: «Мен көрген ақындардың ішіндегі кесек талант – Төлеужан Ысмайылов еді» дейді. Төлеужан шығармасының кең қанат жаюына көп көмек жасаған жазушы Ә.Нұршайықов болды.

Төлеужан талантты ақын ғана емес, талантты журналист те болды. Оның қаламынан туған көркем очерктер мен мақалаларды жүрт қызыға оқыды. Өкінішке орай, ол әдебиет үшін он шақты жыл ғана еңбек етті. Тіршілігінің соңында ауыр дерт өкпе ауруымен арпалысты.

Ақынның козі тірісінде үш кітабы жарық көрді.: «Әлдекімге бір шапалақ « /1958/, «Есіл» /1959/, «Америка трагедиясы» /1962/ бәрі де отыз жасқа дейін жазылған дүниелер.

Ақынның әдеби мұрасының бір саласы- аударма болды. Үлкен күрделі, еңбек Т.Драйзердің «Американ трагедиясы» романының көркем тілмен аударылуына ерекше көңіл бөлінген. Көптеген орыс ақындарын қазақша шебер сөйлете білген Төлеужанның аудармашы ретіндегі құдіретін көрсететін екі үлкен еңбегі бар: А.С.Пушкиннің «Батыс славян жырлары»; екіншісі- М. Лермонтовтың «Мцыри» поэмасы.

1984 жылы шыққан «Сырымды айтам» деген кітабы бірнеше өлендерден, сатиралар және поэмалардан тұрады.


Әдебиеттер:
Ысмайылов Т. Сырымды айтам: Өлендер мен поэмалар/ Құраст.М.Сәрсекеев.- Алматы: Жазушы, 1984.-160 б.

Ысмайылов Т. Абыралымен арыздасу; Туған жерде тұрмын мен; Кездесу; Үйленем деушілерге кеңес; Ойланатын әңгіме: (Өлендер) // Семей таңы.-1992.-27 маусым.

Ысмайылов Т. Алғашқы махаббат туралы баллада.- Семей таңы, 1972.-14 ноябрь.

Ысмайылов Т. Жылқышы: (поэма) // Семей таңы.-1977.-8, 11 январь.

*** *** ***

Ахметбекова А. Жай оғындай жарқ еткен: (Ақын туралы толғаныс) // Семей таңы.- 1992.- 11 шілде.

Ибрагимов Т. Ақын сыры: (Ақынның «Сырымды айтам» атты кітабы туралы ) // Семей таны.-1985.-2 февраль.

Қасым А. Ақын тағдыры туралы ақиқат айтылды ма? // Дидар.-2010.-19 қаңтар.-5 б.

Мауқаев Б. Көңілі ақ, жүрегі таза еді: (Ақын өмірі туралы) // Семей таңы.- 1991.- 4 қыркүйек.

Қошқарбеков Д. Абыралыдан шыққан ақын-жазушылар: (Т. Ысмайылов туралы бар) // Абыралы асулары: Тарихи очерк.- Алматы: Санат, 1995.-76-79 б.

Сәрсекеев М. Өлең деп соққан пәк жүрек: (Ақынның туғанына 60 жыл толуына орай) // Семей таңы.-1992.- 2 шілде.

Сәрсенбекова Д. «Мен қалай Аққорамды қия аламын» // Семей таңы.-2003.-17 қаңтар.-4 б.

Смағұл Ғ.Мәңгілік жас рухым- өлендерім: (Ақынның 60 жылдық мерейтойына орай) // Семей таңы.-1992.-1 мамыр.

Туғанбай Қ. Ақын трагедиясы: (Естелік) // Семей таңы.-1992.-2 шілде.

Шығыр Қ. Біздің өлең- періште ойдың перзенті: (Ысмайылов-ақын) // Жас алаш.-2000.-9 қыркүйек.

22 наурыз Төлеужан Есімжанов,

туғанына 70 жыл (1942-1977)
Ақынның туған жері Шұбартау ауданындағы Алғабас совхозы. Семей қаласындағы мектеп-интернатты бітірген соң Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетіне сырттай түсіп ауылына оралады. Онда озі оқыған мектепте бастауыш кластарға сабақ береді. Аудандық комсомол комитетіне қызмет етеді. Ақын мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ облыстық, республикалық баспасөз беттерінде көлемді мақалалары жарияланып тұрды.

Әдебиеттің әр алуан жанрында қалам тербеген жазушы Төлеуғали Есімжановтың алуан түрлі шығармашылық қырларын танимыз.

Ақын ретінде ол «Тынысым менің - туған жер» атты үлкен мұра қалдырды. Журналист Есімжановтың тағы бір қыры көкейтесті проблемаларға батыл үн қосқан ойлы очерктерінен танылады. Бүл жанрдағы еңбектері Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, республикалық «Ара» журналында қызмет істеген жылдары үзбей жарияланып тұрды.

Өзге ұлттың тілін өз тілінде сөйлеткен шебер аудармашы. Оның өлеңдерінде өз замандастарының ортақ ойын, сырлы сезімін жеткізуге құштарлық аңғарылады. «Сыр», «Далада тудым«, «Бүл кең дала» т.б. өлендерінде көптің көңіліндегі туған жерге деген сағыныш пернелерін дөп басады.

Ақынның тағы бір қыры сатиралық еңбектерінен де көрінеді. Тілге ұста, өткір ақын шағын-шағын сықақтардың тұтастығына да үлкен көңіл бөледі.

«Мамыр айы — махаббат айы» жинағының прозалық шығармалары Т.Есімжановтың жазушылық қарымының айғағы. Кітапқа әр жылдары енген жарық көрген повестері мен әңгімелері енген. Жинақ ауыл өміріне арналған прозалық туындылардан тұрады.


Әдебиеттер:
Есімжанов Т. Аяулым: Өлеңдер, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1975.-87 б.

Есімжанов Т. Белгісіз солдат туралы жыр // Жаңа өмір.-1975.-14 январь.

Есімжанов Т. Қарагер: (Хикая) // Жаңа өмір.-1973.-24 ноябрь.

Есімжанов Т. Мамыр айы - махаббат айы: Повестер мен әңгімелер. —Алматы: Жазушы, 1989.-320 б.

Есімжанов Т. Тынысым менің туған жер: (Өлең) // Жаңа өмір.-1968.-7 ноябрь

*** *** ***

Әлімжанов Б. Қанаты қатқан қарлығаш: (Т.Есімжановтың «Мамыр айы — махаббат айы« атты кітабы туралы) // Жұлдыз.- 1979.-№ 4.-221-223 б.

Манабаев А. Жас қаламға жақсы тілек: («Аяулым« атты жинағы туралы) // Семей таңы.-1975.-26 март.

Раев Қ. Іңкәр жүрек іздері: ( Т.Есімжановтың шығармашылығы хақында) // Семей таңы.-1990.-17 тамыз.

26 наурыз Мұратбек Оспанов,

туғанына 50 жыл (1962)
Мұратбек Оспанов Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қарауыл селосында туған. 1979 жылы орта мектепті бітірген соң аудандық «Совхоз туы» газетінде әдеби қызметкер болып бір жылдай қызмет етті.

Ең алғашқы өлендері мектеп қабырғасында оқып жүргенде «Шыңғыстау» газетінде жарияланды, студент кезінде жазылған өлендері 1987 жылы шыққан «Аудитория« атты жинаққа енгізілді.

1980 жылы Алматыдағы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түседі. Міндетті әскери міндетін өтеп қайтқан соң, оқуын жалғастырып 1987 жылы бітіріп шығады.

1980-90 жылдары «Жас алаш» республикалық газетінде Семей, Өскемен, Павлодар облыстарының меншікті тілшісі ретінде сол кездегі өзекті мәселелерде қалам тартқан ұтқыр журналист ретінде танылды. 1980-89 жылдары «Семей таңы» газетінде қызмет етті.

М.Оспанов мерзімді басылымдарда жиі жарияланып, өзі тұстас поэзияның жас жүйріктерімен жарысқа түсіп, қырланып та, шындалып та қалған ақын. Топтама жырлары жас ақындардың ұжымдық жинағына енді. Ақын өлендері халық көмейіндегі айтылмақ ойды дөп басады. «Сандықтас» атты өлең жинағында:

«Қалдырса деп бір мүра үрпағыма,

Қамшы бастым талаптың тұлпарына.

Бар сырымды ішіне бүктедім де, «Сандықтас» - деп ат қойдым жинағыма дейді ақын Мұратбек.

1985-87 жылдары республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты болды. Республикалық «Абай» журналының Бас редакторы.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, талантты журналист Мұратбек Оспанов өзінің өткір тіл, алғыр ойымен аудандық «Совхоз туында» тіл ашып, «Семей таңындай» қара шаңырақтан қанаттанып, «Жас алашта» жалындап жана білген қаламгер көркем сөзбен ғана емес, қараөлеңімен де мойындатып, оқырман жүрегінен жол таба білді.


Әдебиеттер:
Оспанов М. Мұнайшы: Поэма // Ертіс өңірі.-2010.-20 қаңтар.-13 б.

Оспанов М. Сандықтас: (Өлендер, балладалар, толғаулар).-Алматы, 1997.-155 б.

Сапышев А. Терт таған: (Ақынның 40 жасқа толуына орай) // Семей таңы.-2002.-26 сәуір.-12 6.

Оспанов М. Көлеңкедегі көшет: Повесть // Жалын.-1992.-17 маусым.

Оспанов М. Көзімнің алды көп емес...// Қазақ әдебиеті.-2004.-17 қыркүйек.-12 б.

*** *** ***

Бәшей К. Жұлдыздардың жарығымен жыр жазған // Ертіс өңірі.-2004.-2 желтоқсан.

Жүрекадыр Жұлдыздай жанған жыр: «Сүмбіле» атты кітабы туралы // Семей таңы.-2004.-19 қараша.-2 б.

Мырзақанүлы М. Жерұйық //Ертіс өңірі.-2005.-9 маусым.-З б.

Тастағанов М. Ақын елдің арадағы //Ертіс өңірі.-2005.-24 қаңтар.-27 б.



5 мамыр Төкен Әбдірахманов,

туғанына 95 жыл (1917-1990)
Ақын Төкен Әбдірахманов бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданының Қызылтас деген жерінде дүниеге келген. 1937 жылы Зайсанда педагогикалық училищені бітіріп, Алматыда КазПИ-дің тіл-әдебиет факультетін бітірген соң Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, «Пионер» журналының бас редакторы болып қызмет істеді. 1951 жылдан КазПИ-де аға оқытушы, доцент, көп жылдар педагогикалық қызметтерде болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Қарғаш» 1952 жылы шықты. Халық ауыз әдебиеті негізінде жазылған «Қожанасыр хикаялары», «Екі ертегі», «Қарша қыз» өлең кітаптары жарық көрді. «Ана тілі» оқулығының авторы.

Ғ. Тоқайдың, С.В. Михалковтың, В.А.Осееваның, ағайынды Гримдердің т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. «Құрмет Белгісі» және т.б. медальдармен мараппатталды.
Әдебиеттер:
Қазақ ССР Қысқаша энциклопедия 4-том, 1989.-136 6.

Құттықтаймыз: (Ақынның туғанына 70 жасқа толуына орай) // Қазақ әдебиеті.-1987.-1 май.-10 б.

Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық.- Алматы: 1987.-58 б.


7 маусым М.О. Әуезовтің

«Еңлік-Кебек» пьесасының

сахнаға қойылғанына 95 жыл (1917)
Бүгінгі жан-жақты дамыған көп-салалы мәдениетіміздің үлкен арнасы - қазақтың ұлттық театр өнерінің дүниеге келуі, прфессионалдық үлгіде қалыптасуы мен дамуы М. Әуезовтің есімімен тығыз байланысты. Ол тұңғыш театрдың творчестволық өміріне ұзақ жылдар бойы араласып, негізгі репертуар қорын жасап, оның бағыт - бағдарын анықтаған драматург.

1917 жылы мамыр айында - Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат киіз үйі әдеттен тыс оқшау тігіледі де, оған тағы бір ақ отау іргелес қондырылады. Мұның өзі бұрын- сонды болып көрмеген көрініс, дала мінезі емес, қала құлқы болатын іргелес екі киіз үйдің бірі артистер ойын көрсететін театр сахнасы да, енді бірі-жалпы жұрт ойын көретін театр залы ретінде. Осының бәрін ойлап тауып, қолдан істеп жүрген жиырмадағы жас семинарист Әуезов Мұхтар еді.

Өз шығармашылығының прологы болып табылатын кейін бес рет қайта қаралып, идеялық- көркемдік жағынан әбден жетілдіріліп, классикалық трагедияға айналдырылған «Еңлік- Кебек« пьесасындағы рольдерді орындаушылар да сол ауылдың адамдары еді.

Сөйтіп, 1917 жылы 7 маусым айында Абайдың баласы Тұрағұлдың кенже қызы Ақылияның ұзатылуына сый ретінде Әйгерім ауылында қойылады. Кебектің рөлінде Ақкенже Ақмағамбетов, Еңліктің рөлінде Ахмет Әуезов ойнады. М. Әуезов әрі режиссер, әрі қоюшы, әрі суфлер болады. Міне, осы кештен бастап қазақ әдебиетінде драматургия деген жанр пайда болады.
Әдебиеттер:
Абай елі: Альбом-шежіре.-Алматы: «Өнер», 1994.-276 б.

Қараева Р. Тұңғыштың жетпістегі тұсаукесері // Жас алаш.-1996.-13 маусым.

Қуандықов Қ. Қанды жол: («Еңлік-Кебек» қазақ сахнасының тұңғышы және актерлер туралы) // Жұлдыз.-1968.-№ 10.-143-151 б.

Мұхаметханов Қ. «Еңлік-Кебек» солай туған // Семей таңы.-1987.-16 сентябрь.



15 мамыр Семей қаласы Курчатовта Ұлттық Ядролық

Орталықтың құрылғанына 20 жыл (1992)
1992 жылы 15 мамырда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық Ядролық Орталық құрылды. Бұл дата қаланың жаңа тіршілігінің өзіндік жаңа көкжиегі еді. Еліміздің ғылыми әлеуетінің артуымен, ядролық физиканың еліміздің экономикасында жаңа мазмұнға ие болуына байланысты қаланың атына «ғылым қаласы» деген анықтауыш қосылып айтылатын болды.

Елбасының бейбіт бастамасын бүкіл қазақстандықтар бір кісідей қолдауда. Бұның нақты көрінісі ретінде ядролық сынақтарды тоқтату туралы Келісімнің ашылуынан кейін Қазақстан атынан келісімге Премьер-Министр Қ.Тоқаев қол қойды. Келісім 2001 жылдың 14 мамырында ратифакцияланды және Қазақстан үшін 2001 жылы 14 желтоқсанда күшіне енді. Бұдан кейінгі жылдары Қазақстан келісім кезінде алға қойған міндеттердің іске асуын және оның орындалуын белсенді түрде қадағалап отырды.

Жаппай қырып жоятын ядролық қаруды сынауды тоқтату туралы Келісім ұйымның атқарушы хатшысы Тибор ҚР мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаевпен 2010 жылдың қаңтарында Венадағы кездесуде ядролық сынақты тоқтату және таратпау жөніндегі Қазақстанның ұстанымын, қосып отырған жоғары бағалады.

Әдебиеттер:

Байжұманов Т. Ұлттық ядролық орталық – ел мақтанышы // Семей таңы.-2010.-15 шілде.-2 б.

Бақытқызы А. Ұлттық ядролық орталық // Дидар.-2006.-14 қазан.-2 б.

Сейсенұлы Д. Курчатов қандай қала? // Егемен Қазақстан.-2003.-5 желтоқсан.-10 б.

Смағұлова Е. «Полигон жаңғырығы және ядролық қарусыз әлем» // Семей таңы.-2009.-1 қазан.-2 б.



13 маусым Мерғали Ибраев,

туғанына 70 жыл (1942-1997)
Мерғали Ибраев 1942 жылы 13 маусымда Абай ауданы Қарауыл селосында туған. Орта мектепті бітірген соң, Семейдің педагогикалық институтына түсіп, армия қатарына барып келген соң аудандық газетте бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып жауапты қызметтер атқарды.

Ибраевтың ақындық өнерінің негізі әріде жатыр. Ол - қазақтың ұлы ақыны, әлемдік деңгейдегі ғұламасы, Абай туған топырақтан бастау алғаны болар. Ұлы ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбаймен өкшелес Шәкір Әбенов, Тәңірберген Әміренов сияқты зиялы шешендердің рухы болар. Ақынның өз әкесі Жанғали, атасы Ыбырай да дарынды адамдар болған екен.

Қаламы үшқыр журанлист өлеңді ойлы да өрнекті жазатын ақын ретінде де таныла бастайды. 1970-1978 жылдары «Лениншіл жас» газетінің Семей, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарады.

1969 жылы Қазақстан жастарының «Жас керуен» атты жинағына енген бір топ өлеңдерінен бастап «Темір тұлпар», «Күміс тау», «Өнегелі өркен», «Құтты қоныс», «Судағы сәуле» атты жинақтары жеке-жеке кітап болып басылып шықты.

Ақынның «Судағы сәуле» өлеңін жазудағы шеберлігі - туған жер, Отан, табиғат, махаббат туралы айта отырып, соның бәрін лирикалық каһарманның өзіндік сезім шарпуына бөлеп, өз жүрек дүрсілін айта білетіндігі. Ал ел тарихы, өнер тағдыры туралы жазылған шығармаларды көп оқыған ақын «Қалалар мен мамонттар» деген өлеңінде бүгін жоқ болған каланың кешегі салтанатын асқан көрегендікпен суреттей білді. Адам образын жасау шеберлігі «Мінез» деген өлеңінде айқын көрінеді.

Ақын туралы көптеген каламгерлер жылы лебіздерін білдіреді: «Абайға арналған мүшәйраның ішінен өзімізге ұнағаны -Мерғалидың толғауы болды» (Ғ.Мүсірепов, 1971 ж.). «Қалқаман-Мамырдың қабылдануы зор қуаныш. Ал, музыкасын автордың өзі жазуы қуаныштың көкесі» (Ә.Сәрсенбаев, 1985 ж.)

«Мерғали ақын және шын ақын» - деп жазушы Роллан Сейсенбаев айтқандай, оның ақындық әлемінің тақырыбы сан алуан, өлең дастандары терең мазмүнға құрылған, ақындық шеберлікпен өрнектелуімен оқырманын баурап алады.

Ақын қысқа ғұмырында 40-қа жуық ән мен күйдің авторы. Оның өлеңдеріне жергілікті сазгерлер ән жазып, ақын туындыларын ел жүрегіне ұялата түсуде.

Әнші, сазгер Т.Рахимов музыкаландырған «Ерке жирен», «Қаламқастың қыздары-ай» әндерін автордың өзінің орындауында тыңдаған тыңдаушы ләззаттанып, шынайы рахатқа бөленеді. Ақынның ұлттық театр өнерінің дамуына лайықты үлес қосқан драматургтік еңбегі ерекше. Күй атасы Қүрманғазы өмірінен жазылған «Жігер» пьесасы түңғыш драма. Сол секілді «Қалқаман-Мамыр», «Құрманғазы», «Шәкәрім», «Қайырлы таң, әке» секілді драмалық шығармалары Қарағанды, Семей театрларында қойылып, көрермендердің жоғары бағасын алған.

Табиғатында сегіз қырлы, бір сырлы Мерғали ақынның өмір жолындағы басты қызметі журналистік болып табылады. Жаңалықты жылдам сезгіш, қоғам, заман көшінің алдыңғы сапында болу, өз ұлтын сүю, оның болашақ тағдыры, мәдениетін, тілін, рухани байлық, салт-дәстүрін марапаттау оның журналистік туындыларының өзегі. Ақын, журналист әдебиетке сіңірген еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Журналистер Одағының сыйлығымен бағаланды.


Әдебиеттер:
Ибраев М. Ағаларым: (Өлеңдер) // Семей таңы.-1999.-24 маусым. Ибраев М. Ибраев М.Жарияланбаған жырлар // Семей таңы.-1997.-18 желтоқсан.

Ибраев М. Жеңіс туралы баллада // Семей таңы.-1985.-9 май.

Ибраев М. Жоғалған өзен // Семей таңы.-1990.-18, 20, 26, 27 көкек;

1991.-6 шілде, 3,10,17 тамыз; 1992.-12, 18 маусым.

Ибраев М. Жүмбақ жолаушы: Дастан // Жас алаш.-1992.-13 маусым.

Ибраев М. Күміс тау: Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы: Жалын, 1979.-72 б.

Ибраев М. Құтты қойнау: (Семей облысы туралы). - Алматы: Жалын, 1986.-80 б.

Ибраев М. Семей көне қала // Семей таңы.-1990.-20 қазан.

Ибраев М. Өнегелі өрен: (Жыр кітабы).- Алматы: жазушы, 1985.-88 б. Ибраев М. Темір тұлпар: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1975.-31 б.

***

Алтынбаев Қ. Біздің Мекен // Семей таңы.-1992.-11 маусым.

Жанғалиев Т. Ағаға ақталу. Мерғали. Еліме // Семей таңы.-1999.-20 мамыр.

Жанғалиев Т. «Жоғалған өзен» жанашырын тапты: (Кітабы туралы) // Семей таңы.-1999.-2 қыркүйек.

Жүнісов Қ. Ақынның аты өлмейді // Дидар.-1998.-26 маусым.

Жанғалиев Т. «Баба» деп қойдым атыңды // Дидар.-1998.-12 наурыз.

Ибрагимов Т. Өксітіп кетті: (Естелік) //Семей таңы.-1997.-18 желтоқсан.

Досаев Т. Қаламына канат біткен: (Ақынға-50 жыл) // Семей таңы.-1992.-11 маусым.

Матаев X. Асыл азамат: (Ақынның өмір жолдары туралы) // Семей таңы.-1997.-18 желтоқсан.

Мерғали Ыбырайұлының рухымен сырласу: (Жыр дәптерінен) // Сарыарқа.-1998.

18 қараша.

Мұхаметқалиқызы А. Ақын – ғұмыр: (60 жас) // Семей таңы.-2002.-27 қыркүйек.

Мұхаметқалиқызы А. Күмбезді түннің моншағы // Семей таңы.-2003.-17 қаңтар.-13

Сапаев Ғ. Қаламдас дос еді // Семей таңы.-1997.-18 желтоқсан.

Ыбыраев М.Ж. (Қазанама) // Семей таңы.-1997.-6 қараша.

27 шілде Нәзипа Құлжанова,

туғанына 125 жыл (1887-1934)

Нәзипа Сегізбайқызы 1887 жылдың 27 шілдесінде Қостанай облысы, Жанкелді ауданында туып өскен. 1982 жылы Ленинградтағы Орталық Мемлекеттік архив деректері бойынша Торғай облысындағы бірден-бір оқу орны – Қостанайдағы орыс-қазақ әйелдер прогимназиясының барлық төрт жылдық курсын ойдағыдай бітіріп шыққан (1898-1903).

1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін ойдағыдай аяқтап, біраз уақыт сол училищеде көмекші мұғалім болып тағайындалады. 1905 –20 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен.

Қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет Географиялық қоғамның мүшесі болған Нәзипа Құлжанова 1914 жылы 26 қаңтар күні Семей қаласында ұлы Абайдың қайтыс болғанына байланысты он жыл толуына орай әдебиет кешін ұйымдастырып, сол кеште орыс тілінде тамаша баяндама жасап шығады. Ақын Абайдың өлмес даңқының сыр-сипатына терең баға береді. Алғаш рет Абай өлеңдерінің орысша аудармасынан үзінділер оқиды. Бұл Нәзипаның ең басты тарихи еңбегі болып табылады.

Ол Орыс Географиялық қоғамының мүшесі ретінде қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарын, ауыз әдебиеті мен фольклорлық шығармаларын зерттеп, оларды кеңінен насихаттаумен айналысты.

Нәзипа Құлжанова Семей қаласында оқу-ағартаушылық саласында елеулі еңбектер сіңірді, қазақ баспасөзінде қызмет атқарады. «Қазақ», «Сарыарқа» және «Алаш» газеттеріне әйел мәселесіне байланысты мақалалар жариялайды.

1917 жылы Семей облыстық қазақ съезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР Оқу ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі комиссияның белді мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі Орталық Комитеттің құрамына мүшелікке енген.

Нәзипа 1930-жылдардың басында Мәскеуге барып Н.К.Крупскаямен кездесіп көптеген ақыл-кеңестер алады. Әлі де еңбек етіп, көлемді туындылар жазбақ болған журналист, ағартушы Нәзипа Құлжанова 1934 жылы Алматы қаласында дүниеден өтеді.


Әдебиеттер:
Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар. Құраст. Д.Дәуренбекова.-Алматы: Қазақстан, 1993.-17-29 б.

Әділбекқызы Ж. Семей Орыс Географиялық қоғамы және қазақ зиялылары // Абай.-2004.-№1.-61-64 б.

Байжұманова Н. Ұлы ақынды ұлықтаған Нәзипа // Семей таңы.-2007.-30 тамыз.-3 б.

Ибраев М. Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар // Семей таңы.-1990.-4 тамыз.

Кәрібжанова Г. Нәзипа Құлжанова және Ресей Географиялық қоғамы // Қазақ тарихы.-2003.-№3.-21-23 б.

Қуантайұлы Н. Қазақтың алғашқы журналист қызы // Ертіс өңірі.-2003.-9 қазан.-29 б.

Мағауина З. Қазақтың ардақты қызы // Семей таңы.-2007.-24 мамыр.-3б

Шаянбаева С. Семейдегі алғашқы әйел мұғалімдер // Қазақ тарихы.-2004.-№1.-62-68 б.; Ертіс өңірі.-2003.-4 желтоқсан.-16


28 кыркүйек Мұхтар Әуезов,

туғанына 115 жыл (1897-1961)


Мұхтардың өскен ортасы, ұшқан ұясы - бір кезде қазақ сахарасында мәдениеттің ордасы сияқты болған Абай ауданына қарайтын Шыңғыстау деген жерде. Ескіше сауаты бар атасы Әуездің көмегімен 7-8 жасқа келгенде арабша хат таниды. Осы кезден бастап қазақ әдебиетінің әр түрлі үлгілерін және ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, Абай өлеңдерін жаттап, оқи бастайды.

Бала кезінде тұңғыш көрген ақыны — Абай болды. Мұхтар ең алғаш Абайды көргенде алты жаста екен. Ең алғаш сауатын ашқан оқу құралы - Абайдың қолжазба өлендері. «Атамыз бізді өзінше оқытатын,- деп еске алады Мұхтар-... аздап қара таныған соң, өлеңнің бірінен соң бірін жаттадым. Арасында Лермонтов, Фошкин, Крылов, Татьян мен Анагин тәрізді құлақ естімеген өзгеше есімдер кездесіп қалады. Молдаға ұқсап атамыз бізге таң атқаннан күн батқанға дейін кітаптан бас алғызбайтын». Сөйтіп, болашақ жазушының тұңғыш тәлім-тәрбие алған алтын бесігі, қанаттанып үшқан ұясы — Абай мектебі болды.

1907 жылы он жасында Семейдің бес кластық училищесіне оқуға түсіп, жақсы оқитын шәкірттің бірі болады. Осы училищенің 3-класында оқып жүріп, «Дауыл» деген тақырыпта шығарма жазып, оқушылар арасында ерекше көзге түсіп, талантты оқушы екенін көрсетті. Училищені үздік бітірген соң, 1912 жылы Семейдің мүғалімдік семинариясына оқуға түседі. Сол семинарияны үздік бітірген екі оқушының бірі Мұхтар болды. Семинарияда оқып жүргенде дарынды жасты толғандырған мәселе: өнер, білім, мәдениет, әйел тендігі, еңбекші қамы болды. Жазушы әрқашан да Абай атасының өнегелі сөздерін есінен есінен шығарған жоқ.

Семинарияны бітіріп шыққаннан кейін Әуезов ең алғашқы еңбек жолын өзінің туған ауылында Шаған болысындағы мектепте мүғалім болудан бастады.

Жазушының білім алған мемлекеттік оқу орындары мыналар: Семейдің бес кластық училищесі (1908-1914), мұғалімдер семинариясы (1915-1919), Ташкенттегі Орта Азия университетінің (САГУ) аспирантурасы (1923-1924), Санкт-Петербург университеті (1924-1928). Осындай оқу орындарын бітірген және өз бетімен көп ізденген ағартушы-ұстаз, ғалым-жазушы.

М.Әуезов үлкен өмірлік, шығармашылық жолдардан өткен жазушы. Ол жиырма жасында өзінің жазушылық алғашқы қадамын «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазып, қазақ даласында театр өнерінің бастапқы үлгісін көрсетті.

Дарынды жас жазушы «Еңлік-Кебек» пьесасын тарихта болған уақиға негізінде жазған. Және Еңлік-Кебек Мұхтардың туып өскен жерінде ХҮІІІ ғасырдың соңғы кезінде болған тарихи шындық. Пьеса күні бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан тозбайтын дүние.

Осы пьесадан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Қыр суреттері», «Жетім», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қаралы сұлу». «Қилы заман» секілді атақты шығармалары мен 1926 жылы қазақтың тұңғыш театрының сахнасын ашқан «Еңлік-Кебек» және «Қаракөз», «Бәйбіше тоқал» секілді драмалық шығармалары оқырман назарын бірден өзіне аударды. Ол осы туындыларымен өзінің қүдіретті талант иесі екенін көрсетті. Жазушы, ғалым, педагог, қоғам қайраткері М.Әуезов аса құнды еңбектері үшін халық құрметіне бөленіп, жазушылық сатысының ең жоғарғы сатысына шыққан еді.

М.Әуезов - журналист те болды. Оның ең алғашқы публицистикалық мақалы 1917 жылы жазылған «Адамдық негізі - әйел» атты еңбегі. Онда жазушы әйел тұрмысына, қоғамда алатын орнына азаматтық ой-пікір тұрғысынан пайымдаулар жасаған. Адам тәрбиесіндегі ананың, әйелдің алар орнын ерекше бағалай білген жас Мұхтардың толғақты мәселесі бүгінде негізгі тақырыбына айналып отырғаны шындық.

Атақты «Абай жолы» эпопеясы қазақ өмірінің энциклопедиясы, осы роман-эпопеясы арқылы Абайды бүкіл әлемге паш етті. Осы роман арқылы жазушы ең алдымен өз халқының қадыр-қасиетін алдымен қазақ халқына, сонан кейін бүкіл дүние жұртына айғақтап берді.

Бенжамен Матип: «Қазақтар туралы бұрын ештеңе естімеген едім. Енді оларды өте жақсы танимын. Жақында ғана М.Әуезовтың тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Шынында қазақтар неткен ғажап халық» деп жазған еді.

Шыңғыс Айтматов: «Орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі ортаазиялық көркем ойдың жоне біздің барлық көрші отырған халықтарымыздың рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов сондай әсер етті»,-деп жазушының терең білімділігін қүрметтейді.

М.Әуезовтің Абай жөнінде жазған мақалаларының ішіндегі ең көлемді мақалаларының бірі «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласы.

Жазушының ерекше бір бауырмалдығының бірі-туысқан халық әдебиеттерін қадірлей білуі еді. Соның бір дәлелі өз елінде қудалауға түскен көрші қырғыз халқының атақты «Манас» жырын әлемдік ғылыми маңызы туралы тебірене жазып қорғап шыққаны туралы басылымдарда жарияланды.

М.Әуезов прозаның барлық жанрында еңбек етті. Сонымен қатар орыс әдебиетінің классиктері Л.Толстойдың, И.Тургеневтің, Н.Гогольдің және т.б. жазушылардың шығармаларын тәржімалады. Отыз жылдан астам уақыт бойы аудармамен айналысқан жазушы қазақ-орыс әдебиетінің жақындасуына көп септігін тигізді. Көптеген орыс және шет ел пьесаларын аудара келе М.Әуезов драматургиялық және аудармашылық саласында шеберлік үлгісін көрсетті. Көп ұлтты әдебиетті өркендетудегі зор еңбегі үшін Ленин орденімен, екі рет Қызыл Ту орденімен және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Жазушының Алматыда мемориалдық музей үйі бар.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие беретін қаладағы байырғы оқу орны — Семей педагогикалық колледж- М.Әуезов атында, өйткені, осы оқу орнында жазушы білім алып қана қоймай, өзі ұстаздық еткен. Абай музейі жанына және қаланың Жаңасемей бөлігінде ескерткіш, Бөрліде жазушының музей үйі бар, Абай атындағы совхоз, көшелер бар.


Әдебиеттер:
Әуезов М. Менің өмірбаяным.-Кітапта: Әуезов М. 1 том.-Алматы,1967.-21-27 б.

Әбдезұлы Қ. Қара шаңырақ һәм Әуезов қолтаңбасы // Дала мен қала.-2009.-14 қыркүйек.-9 б.

Жанаева Ш. Мұхтар Әуезов тіл туралы//Ертіс өңірі.-2003.-14 ақпан.-7 б.

Жұртбай Т. Әуезов және алаш идеясы // Абай.-2009.-№1.-23-33 б.

Мұқаметханов Қ. Мұхтар кешкен қилы заман//Абай .-1993.-№З.-78-82 б.

Тебегенова Э. Әлем мәдениеті тарихын зерттеуші// Абай.-2003-№1.-16-20 б.

Тілепов Ж. Мұхаң зерделеген мақал-мәтелдердің жанрлық болмысы// Абай.-2003.-№ 2.-33-38 б.

Ысқақов М. М.Әуезов — театр сыншысы // Жұлдыз.-1985.- №11.-196-199 б.




8 қазан Рымбек Байсейітов,

туғанына 90 жыл (1922-1991)
Рымбек Смақұлы Байсейітов 1922 жылғы 8 қазанда Семей облысының Абыралы ауданы Қайнар ауылында туған. Еңбек жолын 1939 жылы совхоз есепшісі болып бастады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап аяғына дейін Калинин және 1-ші Балтық бойы майдандарында шайқасты. 1943 жылы КОКП мүшелігіне өтті. Соғыстан кейінгі жылдары Р.Байсейітов Семейдің қаржы органдарында: учаскелік инспектор, аға инспектор, аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің аға бухгалтері, облыстық қаржы басқармасында бөлім бастығы болып істеді.

1951 жылы Қазақ ҚСР Қаржы министрлігінің салық, алым және дайындау басқармасы бастығының орынбасары, содан кейін осы басқарма бастығы, мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы болып тағайындалды.

1961 жылдан Қазақ КСР қаржы министрінің бірінші орынбасары, 1973 жылы республика Министрлер Кеңесінің баға жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1974 жылдан бастап зейнет демалысына шыққанға дейін Қаржы министрі болды.

Ол қаржы жүйесінің қалыптасуына, халық шаруашылығы салалары мен мәдениеті, ғылым мен білімді қаржыландыруда айтулы үлес қосты.

Екі мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталды.

Семейде өзі оқыған қаржы-экономикалық колледжіне және Семей қаласының бір орталық көшесіне есімі берілді.


Әдебиеттер:
Байжұманов Т. Туған жерге тағзым //Семей таңы.-2002.-25 қазан.-12 б.

Байсейітов Рымбек Смақұлы.-Алматы, 2002.-272 б.



9 қазан Тәңірберген Әміренов,

туғанына 105 жыл (1907-1985)
Халық ақыны Тәңірбергенов 9 қазанда 1907 ж. Абай ауданы Саржал ауылында туған. Әкесінен жеті жасында жетім қалып, үлкен шешесі Зылиханың қолында тәрбиеленеді. Ауыл молдасынан оқып хат таныған Тәңірберген ел ауызындағы аңыз, әңгіме, өлең-жыр, ертегілерді үйреніп, жатқа айтатын болған. Халық жырының үлгісімен өзі де ойынан өлең шығаратын болған.

Ақынның өлендері 1930 жылдан бастап республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жариялана бастады. Ақын 1943 жылы желтоқсан айында Алматыда өткізілген респуликалық аындар айтысында өзін айтыскер ақын екенін мойындата білген жүйріктердің бірі.

Кезінде Т.Абдырахманова, Қ.Алтынбаев, Ш.Әбеновтермен айтысқа түсіп, жыр додасында өзінің бет-бейнесін, ақындық келбетін жұртшылыққа таныта білген айтыскер.

Т.Әміреновтың өлеңдері, айтыстары жинақ болып басылып шықты: «Ақындар айтысы» /1958/, «Ақындар шықты айтысқа» /1960/, «Пернедегі термелер» /1965/, «Айтыс» 3-том, 1967 жылы «Жұмбақ тас өлеңдер жинағы, 1977 жылы « Жол мұраты» атты өлендер жинағы шықты.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы өлеңді серік етіп, халық өміріндегі үлкенді-кішілі оқиғаларға өз үнін қосып келе жатқан ақын шығармаларының ішінде: «Жұмбақ тас, «Сары атан», «Батыр» дастандары көлемі кіші болғанмен, айтар ойы қомақты. 1973 жылы шыққан «Қанды қанжар» дастаны халық жауларының қолынан қаза тапқан Зейіт деген жігіттің ерлігін, азаматтық парасатын дәріптейді. Ал «Батыр» дастаны Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев туралы.

Халық алдында сіңірген еңбегі бағаланып Еңбекте үздік шыққаны үшін медалімен, Жоғары Советтің Құрмет грамотасымен мараппатталды.


Әдебиеттер:
Алтынбаев Қ. Айтыс дауылпазы: ( 60 жаста ) // Семей таңы .- 1967 .-31 қазан.

Алтынбаев Қ. Ертіс өңірінің ерен жүйрігі: (ақынның туғанына 80 жыл ) // Семей таңы .- 1987 .- 21 мамыр.

Қазақтың белгілі ақыны: (Т.Әміренов туралы қазанама) // Қазақ әдебиеті.- 1985.- 19 шілде.- 15 б.

Елеуғожин Б. Өмірді өлеңіне өзек етіп // Семей таңы.-1979 .- 9 февраль.

Манабаев А.Тарлан ақынның таңдамалысы («Жол мұраты» атты кітабы туралы) // Семей таңы.- 1977.- 24 март.

Манабаев А. Жұртшылық қошаметі // Семей таңы .-1977.- 22 ноябрь.

Шәкербайқызы К. От жүрек, ұқпа құлақ, зерек ақын: (ақынның туғанына 90 жыл) // Үш анық .- 1997 .- № 19 ( қазан ).

31 қазан Семей педагогика институтының ашылғанына

75 жыл (1937)
Республика өңіріндегі түңғыш жоғары оқу орны - педагогикалық институт 1937 жылы Семей қаласында өмірге келген. Жалпыға танымал ресми құжаттарға сүйенсек, аталмыш оқу орны одан бұрын осында 1934 жылы ту тіккен екі жылдық мүғалімдер институтының тұғырында туса керек. Ал кең тарамаған кейбір деректер бойынша 1930 жылдан қызмет атқара бастағанын айғақтайды.

1930-1937 жылдар арасындағы уақыт Республика ауқымында адами (гуманитарлық) әрі іргелі жоғары білім беретін жоғары оқу орындарының тууына әзірлік кезең болып табылады. 1939 жылы оқу орнына Н.К. Крупская есімі берілді.

Семей шаһарында ірге тасын қалаған педагогикалық институт өзінің алдына тарих пен қоғам қойған мақсаттар мен міндеттерді абыроймен толық іске асырып, жаңа және жоғары басқышқа, белеске көтерілді.

Қазақстан республикасы Үкіметінің 1999 жылғы қыркүйектің 22 күнгі № 1436 қаулысымен Семей мемлекеттік университеті Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті деп аталды. Сонымен Семей университеті бұрынғы педагогика, технологиялық, зоотехникалық-малдәрігерлік институттарымен бірге қаржы институтын да қарамағына алып, төрт жоғары оқу орны негізінде жұмыс істеп келеді. Оқу орны қысқа мерзім ішінде өзін әбден танытып, отандық жоғары оқу орындарының ең үздіктерінің қатарындагы іргелі ордаға айналған оқу ордасы. Университет ұжымы мақсаткерлікпен еңбектеніп, екпіндеп өрлеу үстінде.

Сегіз мыңнан астам студентке мыңнан астам адам қызмет көрсетеді. 20 оқу корпусы, 3 спорт кешені бар, 1 млн. дана кітап қоры мен мерзімді баспа студенттер игілігіне берілген.

Жастардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Аспирантура, докторантура, ғылым кандидаты дәрежесін беретін кеңес жұмыс істейді. Ресейдің жоғары оқу орындарымен шығармашылық және ғылыми тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Университет жанынан орта арнайы білім беретін колледж ашылды. Оның мақсаты - үзіліссіз білім беруді қамтамасыз ету. Бір сөзбен айтқанда, университет өсу процесі үстінде немесе нарық заңы бойынша үнемі ізденісте. Жаңа модель бойынша жоғары оқу орындары студент санына байланысты қаржыландырады. Жоғары оқу орнына қабылдаудың ерекшелігі - бұрын мамандар даярлау жоғарыдан жоспар бойынша бекітілсе, қазір нарық заңына сәйкес, елімізге кімдер, қанша маман қажет - осыны зерттеу жүргізу арқылы мемлекеттік тапсырыс ретінде жариялайды. Демеушілер арқылы студенттерге стипендия тағайындалады.

Университеттің материалдық-техникалық базасы да нығая түсті. Оқу орнын бітірушілерге де сұраныстар түсуде. Бұрынғыға қарағанда ауыл шаруашылығының сәл болса да оңала бастауы осы салаға қатысты мамандықтарды талап ете бастады. Университеттің болашақ дамуындағы мақсаттарының бірі - ұлттық сипаты мен болмысын жоғалтпай, соны жаңғырта отырып, халқымыздың ата кәсібімен айналысып, ет-сүт өнімдерін өндіруді ғылыми тұрғыда жетілдіру.



Университетте мемлекеттік тіліміздің оқытылуына, мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлініп, сұранысты толық қамтамасыз ету шаралары қарастырылуда. Студенттер білім алып қана қоймай, өнерін де дамытуда шаралар ұйымдастырылады. Университеттің ұлттық аспаптар оркестрі құрылып, тұсаукесер рәсімі өткізілді. Республикалық байқауларға қатысып, лауреат атанғандар да бар. Сонымен қатар, ұстаз суретшілердің көшпелі көрмесі үйымдастырылып, республика қалаларына өнер сапарымен шыға бастады. Ақындар мектебі жұмыс істейді
Әдебиеттер:
Ахметбекова А. Сүйсініп елі ақынға мән бергендей: (Оқу орнына Шәкәрім аты берілді) // Семей таңы.- 1999.-4 қараша.

Әділбаева А. Білім мен ғылым ордасы // Семей таңы.-2009.-29 қазан.-11 б.

Білікті кадр тәрбиелеу-парызымыз // Егемен Қазақстан.-2000.-18 шілде.

Еспенбетов А. Білімнің қарашаңырағы: (Семей пединститутына - 60 жыл) // Семей таңы.- 1997.- 18 қазан.

Еспенбетов А. Ұшқан ұям, алтын бесігім: (СМПИ-на 75 жыл) // Семей таңы.-2009.-8 қазан.-3 б.

Сыдықов Е. Семей университеті- классикалық үлгідегі оқу орны: // Арна.-2000.- 9 маусым.




4 желтоқсан Алмахан Мұхаметқалиқызы,

туғанына 50 жыл (1962)

Ақын бұрынғы Мақаншы ауданы Жарбұлақ селосының тумасы. Әдебиетке деген құштарлығы мектеп қабырғасынан басталды. Сөз өнері нағашы атасы Саяхметтен дарыған. Мектеп қабырғасында жүргенде жазған өлеңдері республикалық басылымдарда 1976-1979 жылдары «Балдырған», «Қазақстан пионерінде« жарияланып тұрды. Ақынның ең бірінші халыққа танылуы 1979 жылдан басталды.

Дәстүрлі байқауға байланысты сол жылы үлкендер арасында аудандық айтыста бірінші орынды жеңіп алып, Жарбұлақ совхозының бетке ұстар ең жас ақыны атанды. Кейіннен Семейге келіп әдебиет сүйер қауыммен танысып, өзінің жазба ақын екенін мойындады. Сөйтіп өнердің ең қиын жолын тандады. Ақын жырлары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жиі жариялана бастады.

1991 жылы Семейдің мұғалімдер даярлайтын пединститутының тіл-әдебиет бөлімін ойдағыдай аяқтап, көп жылдар Абай қорық мұражайында ғылыми қызметкері болып Абай мұраларын зерттеді. 1999 жылы полигон тақырыбына байланысты «Семей таңы» газетіне 140 шумақтан тұратын «Құрсақсыз ана» деген жан тебірентерлік поэмасы шықты.

1999 жылы Өскемен қаласында өткізілген жазба ақындар мүшайрасында 1-жүлделі орынды жеңіп алды. 1999 жылы «Жансая» атты тұңғыш жыр жинағы шықты. 2002 жылы «Жыр-ғұмыр» атты екінші жинағы басылып шықты. «Абай әлемі» атты телехабарды ұйымдастырушы.

Ақын 2002 жылдың 3 қазан айында марқұм М.Ибраевтың 60 жылдығына орай өткізілген облыстық мүшайрада 1-орынды жеңіп алды.

2010 жылдан бастап ақын Астана қаласында қызмет етеді.

Әдебиеттер:


Мұхаметқалиқызы А. Тұсау кесер жырлар //Семей таңы.-1988. 15 қазан.

Мұхаметқалиқызы А. Қардай сезімнің сәттілігі: (Өлең) //Үш анық.-1993.-3 қаңтар.

Мұхаметқалиқызы А. Жыр ғұмыр: (Жыр кітабы) // Семей қаласы,2002.

Мұхаметқалиқызы А. Құрсақсыз ана: Поэма // Семей таңы.-1999.-9 қыркүйек.

Мұхаметқалиқызы А. Ақын - ғұмыр: (Ақын М.Ибраевтың туғанына 60 жыл толуына орай) //Семей таңы.-2002.-27 қыркүйек.

Мұхаметқалиқызы А. Ақындар ақиқаттың алдаспаны // Ертіс өңірі.-2005.-7 шілде.-12 б.

Мұхаметқалиқызы А. Бір күнде туған газетім // Семей таңы.-2010.-24 наурыз.-20 б.

Мұхаметқалиқызы А. Қазақ мәдениетіндегі тұрмыс құралдары // Семей таңы.-2004.-27 қыркүйек.-3 б.

***

Қасымжанұлы С. «Мұң менің мәңгі ұстазым»: «Ақынның жаңа шыққан кітабы туралы) //Ертіс өңірі.-2010.-24 наурыз.-20 б.



Абай өлеңдері туралы зерттеу мақалалары:
Мұхаметқалиқызы А. «Буынсыз тілің»...(Абай өлендерінің 100 жылдығына орай) //Семей таңы.-2001.-26 қазан.

Мұхаметқалиқызы А. «Қуанбандар жастыққа» //Семей таңы.-2001.-9 қараша.-З б.

Мұхаметқалиқызы А. «Вадим» поэмасы // Семей таңы.-2001.-24 тамыз.

Мұхаметқалиқызы А. «Осы қымыз қазаққа»... //Семей таңы.-2001.-12 қазан.-11 б.

Мұхаметқалиқызы А. Абай өлендерінің мерейтойы: (Ақынның бес өлеңіне 100 жыл) // Семей таңы.-2001.-19 тамыз.

Мұхаметқалиқызы А. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» //Семей таңы.-2002.-6 қыркүйек.-З б.

Мұхаметқалиқызы А. Абай жүрегінің теңізі: (Абайдың туғанына 157 жыл толуына орай) // Семей таңы.-2002.-9 қыркүйек.

6 желтоқсан Нұрлыбек Баймұратов,

туғанына 125 жыл (1887-1969)
Нұрлыбек Баймұратов 1887 жылы 6 желтоқсанда Бесқарағай ауданы Балапан деген жерде туған. Нұрекеңе өлең он жасында дарыпты. Сол кездегі тәжірибелі Абайдың хатшысы болған ақын Ахметшәріп баланың бойында булығып шыға алмай тұрған өнердің барын бірден байқайды. Баланы бір айдай қасына ертіп, білгенін үйретеді, ақындық жолға баулиды.

Алғашқы ұстазынан осылай тәлім алған ақын 15 жасынан ақындық жолын ұстана бастайды. Нұрлыбектің балалық, жастық шағы жетімдік, жоқшылық құрсауында өтті. Соған мойымай домбыраны серік етіп, дархан еліне еркелеп өсті. Әр ақынның өзін танытатын бір кезеңі болады.

1922 жылы Семей қаласында ақын Иса Байзақовпен айтысады. Кезінде М. Әуезов бұл айтысты аса жоғары бағалаған. Баймұратовтың тұңғыш баспасөзде жарялаған шығармасы «Қала сұлуы» атты поэмасы. Ол 1925 жылы Семейде шығатын «Таң» журналында басылған.

Ақынның республика жұртшылығына кеңінен танылған кезеңі 1939 жыл. Осы жылдың 21-27 маусым күндері Қазақстан жазушыларының Алматыда өткен 11-ші сиезінде делегат ақын суырып салма шумақтарымен ұлы жиынды құттықтаған. Сол съезд үстінде Нұрлыбек СССР Жазушылар Одағына мүшелікке қабылданады.

Нұрлыбек айтыс өнерін жете меңгерген тұлға. Оның атақты ақындармен айтыстары көп болған. 1939 жылдары «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілген. Ол 1943 жылы қарағандылық М. Жапақовпен, 1944 жылы Т. Көбдіковпен айтысқан. Сол жылдары

Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров сынды халқымыздың қас батырларын жырға қосты. Саңынан «Ер Төлеген» атты дастан жазды. Азамат соғысының оқиғаларын суреттеген «Қанды жорық» атты дастаны 1962 жылы кітап болып шықты.

Нұрлыбек ақынның өмірінде жазықсыз жала жауып, тар қапасқа қамап, азап тартқызған күндері де аз болмаған. Қазақтың біртуар марқасқа ұлдары- М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Ә.Қашаубаев т.б. басқалармен қоян-қолтық араласып, халқына қызмет көрсеткен перзенті 1969 жылы 8 қарашада 82 жасында дүние салды.

1992 жылы Башкөл совхозының орталығы Жаңа-Николаевкада ақынның мұражайы ашылып, басына ескерткіш орнатылды.


Әдебиеттер:
Баймұратов Н. Өлендер мен поэмалар.-Алматы: Қазмембаскөркемәдеббас, 1957.- 144 б.

Баймұратов Н. Қазына: өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1982.- 240 б.

Баймұратов Н. Ер Төлеген : Поэма.- Алматы : Жалын, 1985.- 25 б.

Баймұратов Н. Қанды жорық: (Поэма).- Алматы: ҚМКӨБ, 1962.- 124 б.

Баймұратов Н. Аттаныңдар: жинақ .- Алматы: 1965.- 97 б.

Байұүратов Н. Бейбітшілік туралы // Лениншіл жас .- 1961.- 13 июль.

Баймұратов Н. Заман үні: ( Өлең) // Қазақ әдебиеті.-1961.- 1 декабрь.

Баймұратов Н. Әлемге аты әйгілі: (Өлең) // Семей таңы .- 1970.-18 апрель.



***

Түгісов У. Ақиық ақыны еді Семейдің // Арна.- 2000.- 31 наурыз.- 20 б.

Шәріпов Е. Нұрлыбек ақынның мерейтойы (110 жыл толуына орай ) // Семей таңы.- 1997.- 30 қыркүйек.

Кәкенов Т. Төкпе ақын: ( 110 жылдығы қарсаңында) // Семей таңы.- 1997.- 24 маусым.

Ертіс атырабының бұлбұлы: (туғанына 105 жыл) //Үш анық .-1992.-№ 14 ( шілде).

Жүрегімнің қанына қаламымды малайын: (Ақынның туғанына 115 жыл) // Ертіс өңірі.-2003.-9 мамыр.- 25 б.

Иманжапар М. Бір суреттің сыры // Ертіс өңірі.-2009.-3 маусым.-12 б.

Нұрлыбектің өмірбаяндық өлеңі: Асыл мұра // Семей таңы.-1990.- 21 шілде.

Алтынбаев Қ. Ертістің ерке сүлейі (Ақынның 100 толуына ) // Семей таңы.- 1987 .- 16 декабрь.

Мұқаметханов Қ. Тілі- алмас, қаламы болат найза: (туғанына -95 жыл) // Семей таңы .- 1982.- 19 ноябрь.

Алтынбаев Қ. Арқаның арқалы жүйрігі: (ақын шығармашылығы туралы) // Семей таңы.- 1977.- 10 август.

Қорабаев Р. Жыр дүлділі (туғанына 90 жыл) // Семей таңы.-1977.- 15 декабрь.



15 желтоқсан Әзілхан Нұршайықов,

туғанына 90 жыл (1922-2011)
Жазушы Ә.Нұршайықов Жарма ауданының Ақбұзау ауылында туған. Бала Әзілхан ауылдағы орта мектепті бітірген соң, Алматыға тау-кен институтының жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, бір жыл оқыған соң бұл оқуын тастап кетеді де, Семей қаласындағы Абай атындағы педучилищеге барып түседі.

1941-1945 жылдарда Қызыл Армия қатарында қызмет етті. Майданда жүргенде де қолына қаруы мен қаламын қатар ұстап жүрді. Өзінің жауынгер жолдастарының майдандағы ерліктерін мадақтап, үнемі өлендер, очерк, мақалалар жазып жүреді. Олар майдан газеттерінің, республикалық газет беттерінде жарияланып тұрды.

Ең алған еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған жазушы бұрынғы облыстық «Екпінді» газетінде (қазіргі «Семей таңы»), республикалық «Қазақстан пионері» газетінде, «Соц.Қазақстан» газетінде, Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде қызмет етті.

«Нұршайықов - әдебиеттің әңгіме, повесть, новелла секілді шағын жанрларында жарқ етіп көрініп, өнімді еңбек еткен жазушы. Оның қаламынан туған «Ескі дәптер», «Махаббат жыры», «Әсем», «Ботагоз» атты лирикалық повестер - бүгінгі прозаның аясына өзінше жаңа леп, жаңа бояу қосқан шығармалар» («Қазақ әдебиетінің тарихы» 1967,3 том,131 б.)

1970 жылы ол өзінің тұңғыш романы «Махаббат, қызық мол жылдарды» романын жазып бітірді. Роман кезінде әр жастың жастығының астынан түспейтін болды. Әрбір жас осы романның рухымен тәрбиеленді. Ешқашан құнын жоғалтпайтын бұл кітап қазір де оқушы қауымның қолынан түскен жоқ. Романның негізгі мақсаты — адамгершілік, эстетикалық тәрбие, жан дүние тазалығын, мөлдір махаббатты паш ету.

«Адамшылықтың алды - махаббат, ғаділет сезім» - деп ұлы Абай айтқандай, жазушы шығарма оқиғасын махаббат төңірегінде құра отырып, жас кейіпкерлердің сүйіспеншілік қасиеттерін ашып көрсетеді. Романдағы Ербол, Меңтай, Жомартбек, Тана, Майра бейнелері арқылы әр адамға өмірді дұрыс түсіне білуге ой салатындай жан тебірентерлік шығарма. Бұл роман ешқандай «жалаңаштанбай» қазақи мінезімен суреттелген, лайланбаған тұнық роман.

Атақты «Ақиқат пен аңыз» атты романда қазақ халқының қаһармандық бейнесін көрсету үшін даңқы аңызға айналған Бауыржан бейнесімен ғана шектелмей, аспан тәңірісі Талғат Бигелдиновті, фашизм ордасына алғаш ту тігуші Р.Қошқарбаевты, партизан Қ.Қайсеновты келістіре суреттейді.

1985 жылы қазақтың ұлы жазушылары М.Әуезов пен С.Мұқанов туралы «Екі естелікті» жазды.

Ғажайып сөз зергері, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың және А.Фадеев атындағы әскери әдебиет Мемлекетаралық сыйлығының лауреаты Ә.Нұршайықовтың «Ұлыма«, «Монолог», «Майдан жазбалары», «Автопортрет» атты туындыларынан басқа жастардың адал-достығы мен махаббаты туралы «Махаббат, қызық мол жылдар», жауынгер-жазушы Б.Момышұлының өмірі мен ерлік жолына арналған «Ақиқат пен аңыз» романдарымен-ақ белгілі тұлғалардың легіне енген. Жазушыға «Ақиқат пен аңыз« кітабы үшін Мемлекеттік сыйлық берілген. Ә.Нұршайықов алғаш публицист ретінде танылып, кезінде әйгілі қаламгерлер сапына «Алыстағы ауданда» атты деректі повесімен қосылған жаңашыл жазушы. Жазушының айтуынша, ол өзін бірінші - журналистпін, екінші - жазушымын деп санайды.

Жазушы тек көркем шығармалар жазып қана қойған жоқ, 1987 жылы «Өмір орнектері» атты әдеби күнделігі шықты. Сонымен қатар, «Қаламгер және оның достары» атты әдеби еңбектерімен де таныс. Кітапта өз замандастары туралы да, сонымен катар: М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы, Ы.Жақаев сияқты алыптар туралы да жазды.

«Мен отыз шақты кітап жазған жазушымын. Соның ішінде мұра боп қалады-ау дейтін дүнием екеу. Оның бірі - «Махаббат, қызық мол жылдар», екіншісі - осы «Ақиқат пен аңыз». Оқырманым үлгі алатын кейіпкерім де екеу. Бірі - Меңтай, бірі – Баукең» -дейді жазушы («Қазақстан сарбазы», 2002,13.12).

Қазақстанның Халық жазушысы Әз-аға 2011 жылы ақпан айында дүниеден өтті.


Әдебиеттер:
Нұршайықов Ә. 4 т. Шығармалар жинағы .-Алматы: Жазушы,1992 Т.1:Роман,повесть және әңгімелер.-432 б; Т.2-.Роман,майдан жазбалары мен эсселер.-448 б.

Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз: Роман-диалог.- Алматы:Жазушы, 1976.-384 б.

Нұршайықов Ә. Екі естелік: М.Әуезов пен С.Мұқанов туралы хикая,эсселер.-Алматы:Жалын, 1985.-176 б.

Нұршайықов Ә. Қаламгер және оның достары: Эпистолярлық роман.-Алматы: Өлке,2000.-440 б.

Нұршайықов Ә. Мен: Ғұмырнамалық роман// Жұлдыз.-1998.-№8; №9.

Нұршайықов Ә. Өмір орнектері: Әдеби күнделіктер.-1-кітап.-Алматы:Өлке,2000.-608 б.

Нұршайықов Ә. Өткелдер:Өмірбаяндық роман// Жұлдыз.-1997.- №2.-27-63 б.; №3.-45-106 б.

Нұршайықов Ә. Оққа ұшқан газет// Дидар.-2001.-16 қазан.

Нұршайықов Ә. Халима: Мәңгілік махаббат жыры// Семей таңы.-2002.-9 мамыр.

Нұршайықов Ә. Семей мен үшін ыстық // Ертіс өңірі.-2009.-14 қазан.-10 б.

Нұршайықов Ә. «Абай» майданда бізбен бірге болды // Семей таңы.-2010.-21 қазан.-3 б.

***


Әдебиетіміз Әз-ағадан айырылды (1922-2011) // Дидар.-2011.-14 ақпан.-7 б.

Әз-аға сексеннің сеңіріне шықты// Семей таңы.-2002.-27 желтоқсан.

Ермек С. Дәрісханаға халық жазушысының есімі берілді // Семей таңы.-2009.-14 қазан.-3 б.

Зүкенов М. Тана - Тұрсын: (Жазушы кейіпкері туралы) // Семей таңы.-2003.-7 наурыз.-4 б.

Елеукенов Ш. Ерлікке жаралған ұрпақ жазушысы// Қазақ әдебиеті.-1992.- 4 желтоқсан.-4 б.

Кәкішев Т. Шынайы өмір жыршысы// Қазақ әдебиеті.-1992.-4 желтоқсан.-5 б.

Молдашева Р. Махаббат жыршысы өмірден өтті // Семей таңы.-2011.16 ақпан.-11 б.

Төлеуов С. Ақбұзауын аңсаған Әз-аға:Семейдегі сапарын жазушы «Семей таңынан» бастады // Семей таңы.-2003.-19-25 қыркүйек.-1.5 б.

Ыдырысов Д. Әз-аға және оның өмір өрнектері// Дидар.-2001.-12 маусым.-4 б.

19 желтоқсан Әди Шәріпов,

туғанына 100 жыл (1912-1993)
XX ғасырдың басындағы дүрбелең, 1930-жылдардағы ашаршылық, 1937 жылғы қанды қырғын, 1941-1945 жылдардағы соғыс, одан кейінгі қазақ халқының тіршілігі, 1912 жылдың 19 желтоқсанында дүниеге келген Жарма ауданы, Малиновка селосынының тумасы Әди Шәріповтің көзімен көріп, көңіліне тоқыған ұзақ өмір жолы.

Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Бір тонның тарихы» атты повестерін халқымыз жылы қабылдап, сүйіп оқитын шығармаларына айналды.

Ұзақ жылдар бойы жазушы әдебиеттану ғылымында жемісті еңбек етті. Ол- филология ғылымының докторы, 350-ден астам ғылыми мақалалар мен зерттеулердің, монографиялардың авторы.

Көп жылғы еңбектері еленіп Ленин, Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі ордендерімен т.б медальдармен мараппатталды. Кембридж университетінің халықаралық библиографиялық орталығы шығарған «Планетаның аса көрнекті адамдары» атты анықтамалыққа есімі енгізілді.

Көрнекті қаламгер, зерделі ғалым, мемлекет қайраткері 1993 жылдың 4 қарашасында 81-ге қараған шағында қайтыс болы.
Әдебиеттер :
Шәріпов Ә. Әке қабірі басында: Повесть // Жұлдыз.-1984.-№ 5.-101-136 6. Хрестоматия. Орта мектептің 9-класына арналған .-Алматы:Мектеп, 1982.-228 б.

Шәріпов Ә. Қазіргі дәуір және қазақ совет әдебиетінің даму проблемалары.-Алматы: «Ғылым», 1973.-287 б.

Шәріпов Ә. Қапастағы жұлдыздар: Повесть және жол хикаясы.-Алматы: Жазушы, 1971.-296 б.

Шәріпов Ә. Таңдамалы: 2 томдық.- Алматы: Жазушы, 1982.

Шәріпов Ә. Сахара қызы: Роман.-Алматы: Жазушы, 1979.-427 б.

Шәріпов Ә. Өмір белестері // Қазақ әдебиеті.-1980.- 25 сәуір.

***

Арынұлы Р. Әлдидің әлемі: (Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Ә.Шәріпов) // Ертіс өңірі.-2011.-22 маусым.-11 б.



Әдібаев X. Азамат жолы // Лениншіл жас.-1982.-31 желтоқсан.

Бейсенбаев С. Жерлесіміз туралы сөз // Рауан.-1992.-26 маусым.

Майтанов Б. Кемелдік асуы// Жалын.-1982.-№ 12.-194-196 б.

Мұхамадиұлы М. Әди ағаға: Арнау // Рауан-1992.-26 маусым.

Нағметов А. Өмірінң өзегі ерлік пен достық //Қазақстан мүғалімі.-1982.-24 желтоқсан.

Награда тапсырылды // Қазақ әдебиеті.-1985.-21 маусым.-2 б.



23 желтоқсан Қалихан Алтынбаев,

туғанына 85 жыл (1927-2002)
Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаев- республикамызға аты мәлім, әрі жазба, әрі суырып салма ақындардың бірі.

1927 жылы 23 желтоқсанда Жарма ауданының Малай колхозында туған. Шешесі Сағила Смаққызы халық ақыны С.Әлімбетовтің жақын қарындасы. Әкесі Қалиасқар домбырашы, өлеңші, шежіре кісі болған. Қалиханның өзі де жастайынан С.Әлімбетов; Т.Көбдіков; Н.Баймұратов, Т.Әміренов секілді ақындардан үлгі алып өсті. Көрнекті өнер иесінің ерекше қасиеті- ұлттық өнеріміздің алтын қазығы — ауыз әдебиетін терең білетіндігі, халқымыздың өткен-кеткен тарихынан, көне шежірелерден мол хабардарлығы, шұрайлы тіл байлығы, тіліміздегі ескі сөздердің мағынасын жетік ажырата алатындығы.

Айтыс өнеріне 1957 жылдан бастап белсене араласып келе жатқан ақын талай ұлы дүбір сайыстарда суырылып шығып, абыройға ие болды. Оның кезекті бір айтыста қолма-қол тауып айтқан "Үш бәйтерек" деген өлеңі көпшіліктің сұрауымен баспа бетінде қайта жарық көріп, ел аузынан түспейтін аңызға айналып кеткені шындық.

Ақын онға тарта поэмалардың авторы, шағын да шымыр поэзияның нағыз асыл маржаны деп айтуға тұратын лирикалық өлендері бар ақын. Жеке басылып шыққан "Мамай батыр" поэмасы күні кеше ғана өткен ұлы ақынымыз Абайдың 150 жылдығы қалай өткендігі туралы туралы жазылып,

«Семей таңы» газетінің ішінде кітапша болып шыққан "Жер кіндігі - Қарауыл" атты суреттеме дастаны ғажайып дүниелер!
Әдебиеттер:
Алтынбаев Қ. Жеңіс туралы: ( Өлең) // Дидар.- 1999.- 8 мамыр.

Алтынбаев Қ. Жер кіндігі- Қарауыл": (Өлең) // Семей таңы.-1995.- 21 қараша.

Алтынбаев Қ. Ақындарға ақ тілек: (Өлең) // Семей таңы.- 1995.- 24 маусым.

Алтынбаев Қ. Өмір белестері.- Бір қақпайлар.- Көзбен көріп ішпен біл.- Егерде: өлендер // Үш анық.- 1992.- 21 қараша.

Алтынбаев Қ. Қалың ормандай.- Қаракерей.- Арғын болсаң-Алтай бол....- Төртуыл мен Садыр.- Ноқтағасы Балталы // Үш анық.-1992.- 1-7, 19- 20 номірлер.

Алтынбаев Қ. Өзім туралы: Өлендер // Семей таңы 1992- 3 қазан.

Алтынбаев Қ. Ақырғы айқас: Дастан // Семей таңы.- 1991.-12, 26 маусым.

Алтынбаев Қ. Ақтайлақтың шөбересіне жауап: Әдеби мұрасы жайлы // Семей таңы.- 1990.- 28 шілде.

Алтынбаев Қ. Қиял қанатында:( Өлендер, айтыстар, дастан)-Алматы: Жазушы, 1985.- 96 б.

Алтынбаев Қ. Армысың 60! : (Өлең) // Семей таңы.- 1982.- "10 декабрь.

Алтынбаев Қ. Балалықпен бетпе- бет:( Әңгіме) // Семей таңы.-1981.- 19 ноябрь.

***


Аханов Б. Қарымды ақын //Семей таңы.-2002.-18 қазан.

Аханов Б. Үлгі едің жастарыңа //Дидар.-2002.-12 қараша.-4 б.

Әбдікәкімұлы Т. Асқаралы ақын 65 жаста // Үш анық.- 1992.-21(қараша).

Зүкенов М. Ескі сөздің қамқоры еді Қалекең //Семей таңы.-2004.-8 қазан.-4 б.

Мұхамадиұлы М. Қалбаның қара дауылы //Ертіс өңірі.-2003.-20 қараша.-26 б.

Омарбаева Д. Үстазыма: (Ақынның туғанына 70 жылдығына арнау ) // Семей таңы.- 1997.- 7 қазан.

Төлебаева Қ. Қалихан Алтынбаевтың этнографиялық әңгімелері // Семей таңы.-2009.-9 шілде.-4 б.

Төлеуов М. Ақынымызды қашан ардақтаймыз? // Семей таңы.-1997.- 1 шілде.

Туғанбаев Қ. Жүрісіңнен жаңылма, жүйрігім : Ақын 60 жаста // Семей таңы.- 1987.- 25 декабрь.

Айы мен күні белгісіз даталар
Дулат Бабатайұлы,

туғанына 210 жыл (1802-1871)
Халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындарының бірі — Дулат Бабатайұлы, бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданының Қызылжолда деген атамекенінде 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған. Бізге жеткен өлендерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын боған.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманының шындығын бірқыдыру бере білді. Жеке кісілерге арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға« т.б. өлендерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білді.

Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан
қаласында «Өсиетнама» деген атпен кітап болып шықты. Бұнда
ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны -Шәкір Әбенов.

Ол патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.

Ақын өз заманындағы осы патшаның отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап, кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды толғаулар айтады:

«Сырымды менің сұрасаң, Тұманның суық суындай,

Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам.

Сорғалаған нөсердей, Жырын тыңда Дулаттың,- деп толғанады.

Дулат шығармашылығында елеулі орын алатын батырлар жыры үлгісіндегі, Отанды қорғауға арналған патриоттық мәні бар «Еспенбет» атты толғау. Бұл шығармашылығында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігін сөз қылады. Дастанның бір ерекшелігі, тек батырдың жеке тұлғасы ғана емес, сонымен бірге халық бейнесі қоса суреттеліп отырады. Ақын жорыққа аттанған қалың топты табиғаттың жойқын күшіне балап, ерекше шабытпен, әсерлі жырлайды.

Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. Оның мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Атап айтқанда, «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға жем тілеп» деген өлеңдерінде орынсыз мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп, кішіпейілділікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздайды. Адам бойындағы асыл қасиеттерді ардақтаған ақынның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні бүгінге дейін жойылған жоқ.

Ақын шығармаларында орын алатын маңызды мәселенің бірі - оқу, өнер-білім. «Өнер, білім оқып біл, Өнер алды қызыл тіл,

Оқып алса, керек сөз Алтынға құйған балмен тең,-деп, өнер- білімнің оқу арқылы табылатынын, көп ізденуді, еңбектену керек екенін ескертеді. Жырау өлендерінің тілі шешен, өткір тартымды.

Дулат ақын өзінің «Бесінші сөз« немесе «Ата қоныс арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баянды етеді. Ол қазақ халқының Жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап келгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мақтайды.

Абайдың ел пысықтарын, би-болыстардың мінез-қүлықтарын бейнелеулері Дулат ақынмен үндесіп жатыр. Бұл тұста ақынның Дулатқа үңіле қарай отырып, оның кейбір жақтарын толықтыра түседі. Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына үлес қосты.

Дулат ақын шығармаларының көбі XIX ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты қазақ әдебиеті аренасына шықты. Оның өзіндік орны бар. Дулат толғаудың асқан шебері болғандықтан өлеңдерінің барлығы дерлік еркін ұйқасты. Ақын өлеңдері ауызша тараса да, қызыл империя тұсында әркімнің қолында сарғайған қағазда сақталып қалды. Ақынның алғашқы өлең жинағы «Өсиет-нама» деген атпен 1880 жылы Қазанда басылды. Тек халқымыз тәуелсіздігін колына алғаннан кейін ғана, 1991 жылы ақынның бір топ шығармаларын құрастырып, «Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарды.

Шығармашылығын зер салып, зерттеген ғалымдар көп. М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Қ.Мұхаметқанов, М.Мағауин т.б.

Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Р.Сыздықова: «Дулат-Абайдың алдында өткен қазақ сөз зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Ол мәдени-рухани дүниемізден өз орнын, үлкен орнын алуға тиіс ақын»,- деп бағалаған.

Ақын жыраулық пен ақындық өнерді ұштастыра білді. Кейде жыраулар үлгісінде төгілте термелеп, шешен нақылдар шығарса, кейде ағыла, ақтарыла арнаулар, суретті лирикалар жазды.

2003 жылы Аягөз қаласында XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлының туғанына 200 жыл толуына арналған мерекелік шаралар өтті. Онда Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.Құл-Мұхаммед бастатқан зиялы қауым, жыр дүлдүлі, шымырқанған шымыр жырларымен елдік пен ерлікті асқақтатқан Дулат ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толғаныстары айтылды.
Әдебиеттер:
Бабатайұлы Д. Қазаққа толғау // Парасат.-1992.-№5.

Бабатайұлы Д. Елді бастар ер қайда?: Өлең // Халық кеңесі.-1991.-13 тамыз.

Бабатайұлы Д. Жігіт болар ма екенсің?.-Алматы: Жалын,1985.-15 б.

***


Айтұлы Н. Ұлттың ұлы жаршысы// Егемен Қазақстан.-2003.-3 қыркүйек.-З б.

Дулат Бабатайұлы //Абай: Энциклопедия.-Алматы: Атамұра,1995.-213-215 б.

Дулат Бабатайұлы// Сүйіншәлиев X. XIX ғасыр әдебиеті.-Алматы:»Ана тілі», 1992.- 6-30 б.

Дулат Бабатайұлы// Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті,2001-б.271-287.

Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық /Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев .- Алматы: Жазушы, 1989.-Т. 1.-Б.197-212.

Жарықбаев Қ. Ұлт рухын оятушы ақын // Халық кеңесі.-1992.-4 қыркүйек.

Қожакеев Т. Дулат - сықақшыл жырау // Семей таңы.-1967.-1 июль.

Құл-Мұхаммед М. Тұнық жырдың тумасы// Егемен Қазақстан.-2003.-6 қыркүйек.-І б.

Раев Қ. Дулат шығармаларындағы эпитет сөздердің танымдық-эстетикалық мәні // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2001.-№8.-36 б.

Өмірәлиев Қ. Дулат - қазақ әдебиетінің Абайға дейінгі дәуірдегі ірі өкілі // Қазақстан мектебі.-1966.-№ 5.-62-68 б.

Сәбитов А. Дулат Бабатайұлы отарлау саясаты туралы// Қазақстан мектебі.-1992.-№ 1.-49-53 б.

Сәдуақасұлы Ә. Тарихынды танып біл.-Алматы: «Шартарап»,1996.-94-95 б.

Шәкерұлы Ғ. Дулат Бабатайұлы // Дидар.-2002.-15 маусым.

Мұқа Әділханұлы,

туғанына 155 жыл (1857-1927)
Мұқа Әділханұлы - Семей облысы қазіргі Жаңасемей ауданында 1857 жылы туған. Мұқа ауыл молдасынан оқып сауатын ашқан соң табиғатынан талантты, ән-күй, өлең-жырға құштар жастың бар ынта-жігері өнерге ауады. Әкесі Әділхан немере ағасы Үрістемнен (Өзбекханның баласы) екеуі де ірі домбырашы екен. Солардан үйренген домбыра өнерін місе тұтпаған талапты, талантты жас биікке қол сермеп, өнер-білім іздеуді көксейді. Бар ынтасы музыка өнеріне ауған Мұқа, ауылының калаға жақын жерге көшіп келуін пайдаланып, бір-ақ күнде Семейге кетеді.

Қаланы тұңғыш көрген ол көшені аралап жүргенде, бір үйде тартылып жатқан әсерлі күй естиді де, күй тартушыны көруге құмарланып үйге кіріп барса, ол — қонақ үйі екен. Күй тартып жатқан сол қонақ үйдің музыканты, скрипкашы - Ғарифолла деген татар болады. Мұқа Ғарифоллаға жабысып, айрылмай скрипка ойнауды үйретуін өтінеді. Сөйтіп, әркімнің үйіне қонақтай жүріп, Ғарифолладан скрипка үйренеді. Ғарифолладан бастап, сол замандағы Семей қаласының музыканттарымен танысып, әсіресе, скрипка ойнау өнерін меңгеріп алады. Осы кезде Мұқа Абайдың өлеңдерін қолжазбалар арқылы оқып танысып, Абай әндерін домбыра, скрипкаға қосып айтып жүреді. Енді сол Абайдың өзін көріп, жүздесіп, лебізін естісем-ау деп ынтығып, арман етеді.

1889 жылдан бастап Мұқаның Абаймен достығы ұлы ақын дүниеден қайтқанша үзілмейді. Абай қалаға барса, Мұқаны қасынан тастамай, орыс және басқа халықтардың музыка өнерін меңгеріп, жетілуіне үнемі зер салады. Әрдайым қалаға жіберіп, театрда, кала бақшасында музыка тындауын, музыка мамандарынан үйреніп, өнерін өркендетуін қадағалап отырады. Мұқадан үлгі-өнеге алған Абай балалары шебер скрипкашы болып шығады.

Мұқа ақын да болған. Оған Абайдың, Ақылбай мен Мағауияның ақындық ықпалы тиген. Мұқа домбыра жасайтын шебер де болған. Оның жасаған домбырасы қазақтың ескі домбырасынан әлдеқайда үнді, орыс күйлерін де орындауға қолайлы болған.

Мұхтар Әуезов Мұқаны жас шағынан естіп, білген. Семейге келгенде, демалысының бір кезеңін өнерлі Мұқамен кездесу үшін, оның мекен-жайы Көкенге келіп, ақынмен әңгімелесіп, ән-күйін тыңдап қайтады. Бұл саяхат сапарында Мұхтардың қасында өз ағалары: Ағзам, Ахмет Әуезовтер, Абайдың баласы әнші, домбырашы, скрипкашы Ізкәйіл, немересі Исраилдар болады. Абайдың досы, талантты шәкірті Мұқа мен Мұхтар 1926 жылы Көкенде осындай жағдайда кездесіп еді.

Мұхтардың "Абай жолы" романындағы белгілі тарихи тұлғаның бірі осы Мұқа Әділханов және Мұхтар өзі жақсы білетін Мұқаның аты-жөнін өзгертпей, оның бейнесін, өнерін, адамгершілігін, мінез-құлқын дәл де көркем суреттеп берген. Абайдың өнерпаз шәкірттері Мұқа, Әлмағамбеттер ұлы ұстаздары дүниеден қайтқаннан кейін, оның әдебиет, өнердегі дәстүрін халыққа кең жайып насихаттауда, өздері өле-өлгенше мол мағыналы еңбек еткен.

Мұқа 1927 жылы 70 жасында дүниеден қайтады. Бейіті Көкен тауында орналасқан.

Әдебиеттер:


Мұқа Әділханұлы // Абай. Энциклопедия.-Алматы, 1995.-415 б.

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы.4 том.- Алматы, 2005.- 153-160 б.

Мұхамедханұлы Қ. Әнші Мұқа // Семей таңы.-1994.-1 қаңтар.

Мұхамедханұлы Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.-№ 7.-25 б.

Ердембеков Б. Абайдың ақын шәкірттері // Ақиқат.-2010.-№5.-53 б.

Әсет Найманбайұлы,

туғанына 145 жыл (1867-1923)
Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтай алмай Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла бастайды. Жасы ұлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш жасында басталғанын айтады:

Елуден жасым менің белең асқан,

Өлеңге он үш жастан араласқам.

Қызыл тіл қимылдаса қызуымен,

Текпінді терең сөзден жаза баспан...-дейді ақын

Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлендерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы жоне суырып салма айтыс өлендер болды.

Әсет - ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам. Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген. Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнерінде танылады. «Айтыс - майдан, айтысқан ақындар майданның жекпе-жектегі батыры»- деп, М.Әуезов айтқандай Әсет ақын да осы жекпе-жектен жеңіп шыққандардың бірі. Әсеттің алғашқы түскен ең үлкен айтысы - Рысжан қызбен айтысы.

Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен тағылым алған талантты шәкірттердің бірі - Әсет. Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста — халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді.

Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы Абайдың алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді. Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған екен. Әсет- Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің «Евгений Онегин» романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.

Әсет - нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма — импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған.

Әсет өзінің әрбір өлеңіне арнап ән шығарып, өлең-жырын шаршы топта домбыраға қосып шырқап айтады екен. Ақын Әсет асыл жырын әсем әнімен домбыраға қосып, асқақтата ән шырқайтын болған.

...Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,

Қоздырып делебенді әсерлі етіп,

Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,

Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.

Атақты музыкатанушы Ахмет Жұбанов, Әсеттің сөзіне музыкасы сай келетінін айта келе: «Орындауы келіссе «Әсет» сахна сәні. Әсіресе қайырмасында ән құйқылжып, төгіліп, шын мәнісінде ойнақтап, делебенді қоздырып кетеді». Әсет - әнші, сазгер.

Әсет - нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де өрен жүйрігі, ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған ақын. Әсеттің атақты «Қызыл табан - ағаш ат» поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, «Мың бір түн» сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма. «Салиха-Сәмен» поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, құрбан болған жандар туралы. Олар өз заманының қатал заңының құрбандары.

Осындай тамаша туындылары бар, айтыскер ақын, нағыз сегіз қырлы Әсеттің қазақ мәдениеті тарихында өзіндік орны бар тұлға.



Әдебиеттер:
Әсеттің жария болмаған өлеңдері // Дидар.-1998.-17 қараша.

Бекбосынов О.Әсет ақын қайда туған // Халық кеңесі.-1992.-24 маусым.

Болғанбаев Ә. Алашқа аты шыққан Әсет ақын // Халық кеңесі.-1991.-2 қараша.

Жанбота Д. Сағындық, Әсет, өзінді//Қазақ елі.-1998.-13қараша. Құдайбергенов Т. Ақынды еске алғанда: (Ақынның 125 жыл

толуына орай) // Семей таңы.-1992.-4 шілде.

Маманова Ж. «Абайдай арт жағына сөз қалдырған» // Абай.-2009.-№4.-50-55 б.

Керейқұлов Қ. Шабытты шақ // Лениншіл жас.-1989.-31наурыз. Мамырбаев Ш. Ақын арманы //Семей таңы.-1992.-1ақпан. Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері: 3-кітап.- Алматы: Дәуір,

1995.-320 6.

Нұржекеев Б. Найманбаев Ә.- Алматы:Жазушы, 1988.-303 б.

Түгелбаев А. Тереңге тамыр тартқан: Әсеттің аударма өлендері// Білім және еңбек.-1987.-№7.-47 б.



Тұрлықан Қасенов,

туғанына 110 жыл (1902-1942)
Қазақтың әйгілі балуаны, өлеңнің, Еуропаның чемпионы, екі
мәрте әлем кубогының иегері, бұрынғы Кеңес Одағының жеті мәрте
чемпионы Дәулет Тұрлықановтың атасы Қажымұқан, М.Әуезовтермен
таныс болған Тұрлықан Қасенұлы Қазақстан Жазушылар Одағынын
Шығыс облыстарындағы бөлімшесін басқарған көзі ашық, зиялы
азаматы еді. Оның Жазушылар Одағына қабылдануы туралы 1934 жылғы
шілде айындағы «Қазақ әдебиеті» газетінде жазылған.

Тұрлықан «Еңбек» журналының бас редакторы, ақын, балуан, ұстаз болған кісі. Ақын - қызыл империяның қанды шеңгеліне Сәкен, Ілияс, Бейімбеттермен қатар ілініп арманда кеткен азамат.

Архив деректеріне сүйенсек, Тұрлықан Қасенұлының сол кездегі ақын-жазушылармен қоян-қолтық араласқан. Семейде «Еңбек» жинағын шығаруға ұйтқы болған Тұрлықан бір жағынан ұжымшар жастар мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Оның шәкірті белгілі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мүхамедханұлы ұстазы туралы: «Тұрлықан аға әдебиет пәнінен сабақ бере бастағанда, алдымен әдебиет деген сөздің мағынасын айқындап, ашып түсіндіретін. Көркем әдебиеттің өзіне тән қасиеттерін анықтап, атап ұғындырып, жеріне жеткізіп сипаттап беретін. Көркем әдебиеттің тарауларын айта келіп, ақындық өнерді айрықша атап, «Сөздің асылы-өлең» дейтін өлеңін нақышына келтіріп жатқа айта жөнелгенде жанымызды жадыратып жіберетін. Менің әдебиет жолына түсуіме игі әсер еткен, көп тағылым алған алғашқы ұстазым- Тұрлықан Қасенұлы болды,-деп еске алады.

Тұрлықан ақын кеңес идеологиясының қыспағында бар қабіле-қарымын таныта алған жоқ. Қасен қажының ұлы, «байдың бал асы» деген сөзден құтыла алмады. Амалсыздан саясаттың ығына жығылып, партияға өтті. Үш рет ұсталып, үш рет партиядан аластатылды. Ақыры 1937 жылы 27 желтоқсанда темір торға қамалды. Отыз жетіде торға түскен Т.Қасенүлы 1942 жылы Төменгі Тагильде бұл жалғанмен қош айтысты.

Өзі кеткенмен, артында ұрпағы қалды, өлең-жырлары, әңгіме-очерктері «Тұрлықан ақын» деген атпен қалың оқырманға жол тартты.
Әдебиеттер:
Әшірбаев А. Мектеп тарихы - ұрпақтар жалғастығы: Т.Қасенұлының туғанына 100 жылдығы туралы //Семей таңы.-2002.-19 шілде.-Б.2.

Мұхамедова Р. Қайтпас қайсар қазақ: (Т.Қасенұлы туралы) //Семей таңы.-2002.-30 тамыз.-Б.З.

Рамазанов С. Алаштың жалынды сардары //Семей таңы.-2002.-16 тамыз.-2 б.

Рамазанов С. Атамекендегі салтанат: (Ақынның мерейтойы Жарма ауданында жалғасты) //Семей таңы.-2002.-6 қыркүйек.-Б.2

Рысбекүлы Қ. Дәулет.-Алматы: Қазақстан. 1994.-173 б.

Рысбекүлы Қ. Қайтпас қайсар қазақпын: (Тұрлықан Қасенов).-Астана: «Ер-Дәулет»,2002.-216 б.


Асқар Лекеров,

туғанына 100 жыл (1912-1964)
Асқар Лекеров 1912 жылы бұрынғы Семей облысы Аякөз ауданындағы Коммунар колхозында кедей шаруаның семьясында туған. Әдебиет саласына 1930-жылдардың орта шенінен келді. Коммунистік журналистика институтында оқып білім алған соң, «Социалистік Қазақстан» газетінде, «Әдебиет және искусство» журналында қызмет істеді. Ол Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Отанын қорғауға қатысты. Майданда жүріп «Отан туралы», «Досым сөзі», «Кестелі орамал», «Жалғыз оқ» т.б. очерктер жазып жауынгерлердің рухын көтерді.

Асқар тым жас күндерінде-ақ «Лениншіл жас» және т.б. газеттерде мақалалары мен өлендерін жариялап жүрді. Ол 1953 жылы Москвадағы жоғары партия мектебін бітіріп шыққан соң, «Жұлдыз» журналының редакторының орынбасары болып тағайындалады, ал 1955 жылы Мемлекеттік көркем әдебиет баспасына аға редакторлық қызметке ауысады. Көзі тірісінде оның «Достар» атты өлендер жинағы, «Сөнбейтін жүлдыздар», «Гауһар», «Түз гүлі», «Өмір оты» атты кітаптары жарық көрді.

Қорыта айтқанда, жазушының қаламын ұштаған: қилы-қилы өмір өткелдері, халықтың басына түскен сын сағаттар, алуан түрлі жылдар мен жолдар торабы, осылардың ізі оның шығармаларында қалды.
Әдебиеттер:
Лекеров А. Алуа.-Алматы: Жазушы, 1979.-134 б.

Лекеров А. Қырдағы ән.-Алматы: Қазмемкөркемәдбас, 1962.-100 б.

Лекеров А. Ой көзімен.-Алматы: Қазақстан, 1965.-216 б.

Лекеров А. Өмір оты.-Алматы: 1969.-140 б.

Лекеров А. Сонбейтін жұлдыздар.- Алматы: Жалын, 1980.-201 б.


Батыс Сібір Географиялық қоғамының

Семей бөлімшесінің ашылғанына 110 жыл (1902)
Батыс Сібір Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі 1902 жылы сәуірде салтанатты түрде ашылған. Негізінде, оны ашу мәселесі 1898 жылы қозғалған болатын. Статистикалық комитеттің хатшысы болтан Н.Я.Коншин «Семей облыстық ведомствосы» газетіне осы облыстың аса бай табиғи байлығын, археологиялық, архивтік, этнографиялық тарихын зерттеуде географиялық қоғам бөлімін ашу өте қажеттігін айтып, мақала жариялайды. Бұл мақалаға Семей облыстық әскери губернаторы А.Ф.Карпов көңіл бөліп, бөлімше ашу жөнінде Орыс Географиялық қоғамының вице-президенті П.Семеновқа хат жолдап, көмек сұрайды. 1900 жылы ақпан айында Батыс Сібір қоғамының төрағасы Шмидт Семейде Географиялық бөлімше ашу жөнінде нұсқаудың бар екендігін А.Ф.Карповқа хабарлайды.

1902 жылдың 21 ақпанында әскери губернатор А.Ф.Карпов Орыс Географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің төрағасына Семейде бөлімше ашу туралы тағы да өтініш түсіреді. Бөлімшенің ең алғашқы төрағалық қызметін Н.Ф.Ницкевич, ал іс жұмысын Н.Я.Коншин басқарады. Бұл бөлімнің ашылуына жергілікті оқымысты ғалымдармен қатар Семейге жер аударылып келген Е.П.Михаэлис, С.С.Гросс, А.Л.Блэк, А.А.Леонтьев белсене атсалысып, зерттеулер жүргізіп, тамаша құнды материалдар жинап, ғылыми еңбектер, мақалалар жазады.

Бөлім Семей облысындағы ең алғашқы өлкетану орталығы болып, өлкеде географиялық, археологиялық, геологиялық, тарихи, статистикалық зерттеулер жүргізіп ғылым саласын аса құнды мағлұматтармен қамтамасыз етеді.

Алғашқы жылдары қоғам бөлімінде оқымысты ғалымдардың қатары аз, әрі қаражат мәселесі де қиындау болды. Бөлімшені үйымдастырушылардың бірі Коншин Н. бөлімнің іс жұмыстарын басқара отырып, мұрағат ісін де қолға алады. Оның қажырлы еңбегінің арқасында дала өлкесінің тарихы, әкімшіліктің саяси жер аудару тарихы жөнінде құнды деректер жинақталады. Бөлімше ғылыми кітапхана ашуда да көп жұмыстар атқарды.

Географиялық қоғамның Семей бөлімшесіне мүше болған В.Ф.Семенов, Ф.Н.Педашенко, В.Бенкевич, Ф.К.Злобин өлкенің географиялық жағдайы, осы жерлерге орыс шаруаларының қоныстанып, егіншілікпен айналысуы, әр түрлі пайдалы қазбалары, ежелгі тарихи ескерткіштер, мал шаруашылығы жөнінде зерттеулер жүргізіп, ғылыми еңбектер жазады.

Бөлімшеге қазақ зиялылары да мүше болады. Мәселен, Мәрсеков Р., Дүлжанов Н., Ақбаев Ж., Құдайбердіұлы Ш., Бөкейханов Ә. т.б. бөлімше жұмысына белсене араласады. Әлихан Бөкейханов Абайдың көзі тірісінде оның ақындық шеберлігін жоғары бағалап, Ресей Географиялық қоғамы шығарған кітапқа енгізеді. Абай қайтыс болғаннан кейін де Семей географиялық бөлімі шығарған «Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского Императорского русского географического общества» кітабының III шығарылымында басылады.

Заңгер Ақбаев Ж. қазақтардың некелесу зандылықтары туралы бөлімше кітапшасының 3-шығарылымына жариялайды. Бөлімше мүшелерінің саны жылдан-жылға артып, 1913 жылы 140 мүшесі болған.
Әдебиеттер:
Әдепқызы С. Семей бөлімшесінің қызметі// Қазақ тарихы, 2000; №1.

Әділбекқызы Ж. Семей Орыс Географиялық Қоғамы және қазақ зиялылары// Абай.-2004.- №1.

Белгібаев М.Е., Әділбекқызы Ж. Семей орыс географиялық бөлімінің XX ғасырда атқарған жұмысы// География және табиғат, 2004 №3.; География және табиғат, 2010 №4.-3-6; №5.-7-10 б.

Кәрібжанова Г. Н.Құлжанова және Ресей географиялық қоғамы // Қазақ тарихы.-2003.-№3.-21-23 б.



Алаш Қозбағаров,

туғанына 95 жыл (1917-1997)
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Семей облыстық акушерлер және гинекеологтар ғылыми қоғамының негізін қалаушы Алаш Ахметжанұлы Қозбағаровтың 90 жылдығына орай ШҚО Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығы мұрағатшыларының әзірлеуімен 2007 жылы «Дарю тебе жизнь…» (Саған өмір сыйлаймын) атты кітапшасы жарық көрді. Кітапшаны дайындау барысында ШҚО ҚЗҚО А.Қозбағаровтың жеке қорында 896 қор, 72 іс, 1936-1997 жылдар аралығындағы материалдар мен фотолары сақтаулы.

Қарашаның соңында Семей қаласының Денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп А.Қозбағаровтың 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Онда бала мен әйелдер өмірін сақтауда аянбай жан-тәнімен еңбек еткен азаматтың жанқяирлық еңбегі, оның өмір сүрген ортасы, айналасымен қарым-қатынасы туралы сөз болды.


Әдебиеттер:
«Саған өмір сыйлаймын...»: (А.Қозбағаровтың туғанына 90 жыл толуына орай)

// Ертіс өңірі.-2007.-24 қазан.-2 б.

«Дарю тебе жизнь...».-Семей, 2007.-С.34


Жанғазы Молдағаиев,

туғанына 95 жыл (1917-1943)
Жанғазы Әкімұлы Молдағалиев - 1917 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданындағы Бестамақ ауылында туған. Жанғазы оқуда озат, еңбекке ынталы, пысық бала болып өседі. Алғаш мектеп есігін өз ауылында ашады, кейін Жаңа Семей қаласына көшіп келуіне байланысты 1929 жылы Семейдегі бұрынғы № 19 қазіргі № 2 орта мектебіне оқуға түсіп, оның үш класын 1937 жылы мақтау қағазымен бітіріп шығады.

Мектепте тәрбиеленіп жүрген кезінде-ақ Жанғазы қоғам жұмысына, түрлі үйірме, ойын-сауықтарға белсене араласады. Пионер ұйымында тәрбиеленіп, өзі де пионер вожатый болады. Осы кезде Ленин комсомолына мүше болып өтеді. Жанғазы орта мектептің 8-сыныбын тәмамдап, аудандық кеңес атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарған.

Әскери қызметке 1938 жылы өз құрдастарымен қатар ол да шақырылады. Алғаш Қиыр Шығыста атты әскер қатарында болып, әскери даярлықтың озаты атананған Жанғазы кіші командирліктен кіші лейтенанттық дәрежесіне дейін көтеріледі. Осындай ерен еңбектерімен ерекше көзге түскен ол партия мүшелігіне өтеді. Бірақ, осы сәтте, кең байтақ Отанымыздың екінші бір шеті батыста неміс-фашист басқыншыларының келісімді бұзып, тұтқиылдан шабуыл жасаған сұрапыл соғысы басталған еді. Сөйтіп, ол қызмет атқарған әскер құрамасы Қиыр Шығыстан Калинин майданына аттанды. Одан әрі Сталинград, Дон, Ворнеж, 3 Украин майдандарында әуелі - взвод, сонан соң рота командирі болып соғысқа қатысады.

Ұлы Отан соғысы басталған күннен-ақ Жанғазы Молдағалиев неміс-фашист басқыншылармен батыл айқасқа түсті. Сталинград түбіндегі қызу шайқастан кейін біздің әскерлер Воронежге қарай бет алды. Осындағы ұрыстарда Воронежге қарай бет алды. Жанғазының ротасына берілген тапсырма жаудың оң қапталынан орағыта барып, мықты бекінген тылды бұзу еді. Жас алғыр командир жанындағы серіктеріне бұйрық бере отырып, өзі екі жауынгермен алға қарай кетті. Іле-шала граната жарылып, 3-рота жауынгерлерінің «Уралаған» дауысы естілді. Сөйтіп, бұл жолғы ұрыста Жанғазының жауынгерлері тағы да жеңіске жетіп Украина жеріне кірді.

Гвардия лейтенанты Молдағалиев ротасының жауынгерлері Елизарово селосын азат етіп, жаудың жүзден аса солдаты мен офицерін жойып, 25 гитлершіні тұтқынға алды. Көптеген мәліметтер, соғыс құпиялары алынды. Елизарово толық жаудан тазартылды.

1943 жылы 31 қазанда Жанғазы басқарған 2 атқыштар ротасы Чернопаровка селосының батыс бөлігіне орналасқан тірек-пункті – 167,2 - биіктікті басып алу туралы бұйрық алады. Молдағалиевтің басшылығындағы рота түн ішінде қиындықтарға қарамастан өзеннен өтіп, қатты қақтығыстан соң Днепрдің оң жақ жағалауында бекініп алды. Соның нәтижесінде біздің әскерлер Днепрден өтіп фашистерге тұтқиылдан шабуыл жасады. Жау қатты қарсылық көрсетті. Чернопаровка деревнясы маңында немістер күшті қорғаныс бекіністерін жасаған еді. 167, 2 биіктіктегі жаудың атқан оғынан аспан әлемі гүрілдеп, жер күңіреніп кетті. Олар мұнда бір дзотты қалдырып күш жинап алмақ болды. Жанғазының да аңдығаны осы дзот болатын.

Біздің әскери бөлімшелердің шабуылдары тоқтап қалды. Жау оқтың астына алды. Ер жүрек командир осы кезде «Отан үшін» деп бар дауысымен айғайлап дзоттың аузына қарай атылды. Осы бір қиын қыстау сәтте гвардияшыл лейтенант Молдағалиев жау дзотының аузын өз денесімен жапты. Сол-ақ екен, жауынгерлер де жауға лап қойып, тас-талқанын шығарды.

Жанғазының денесі жерленген жер Чернопаровкадағы Елизарово селосында 1956 жылы 9 мамырда батырды мәңгі есте сақтау үшін монументті ескерткіш орнатылды. Сол монумент ескерткіштің дәл қарсы алдындағы темір шарбақты бауырластар зиратында өзінің қарулас дос-жолдастарымен бірге біздің жерлесіміз Ж.Молдағалиевтың да сүйегі № 34 зиратта жатыр.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 19 наурыздағы Указымен Жанғазыға Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.

Әдебиеттер:

Бейісқұлов Т. Матросовтың ерлігін одан бұрын жасаған қазақ // Мәдениет.-2010.-№5.-10-12 б.

Жүнісжанов Ж. Тоқтамыс батырдың майдангер ұрпақтары // Ертіс өңірі.-2010.-21 сәуір.-17 б.

Көркембаев Р. Жанғазының биігі // Ертіс өңірі.-2010.-17 наурыз.-7 б.

Молдағалиев Ж. Совет Одағының қазақстандық батырлары.-Алматы: «Қазақстан», 1969.-69-70 б.



Өміржанов Ә. Келер деп хаты елеңдер...-Алматы: «Қазақстан», 1985.-103 б.

Аталып өтілетін есімдер көрсеткіші:



Алтынбаев Қ.

-

Әбдірахманов Т.

-

Әділханұлы М.

-

Әміренов Т.

-

Әуезов М.

-

Бабатайұлы Д.

-

Баймұратов Н.

-

Есімжанов Т.

-

Ибраев М.

-

Жаңбырбаев Ә.

-

Қасенов Т.

-

Құлжанова Н.

-

Лекеров А.

-

Молдағалиев Ж.

-

Мұхаметқалиқызы А.

-

Найманбайұлы Ә.

-

Нұршайықов Ә.

-

Оспанов М.

-

Шәріпов Ә.

-

Ысмайлов Т.

-






Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет