Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі



бет2/2
Дата08.09.2017
өлшемі0,84 Mb.
#31607
1   2

Шығыс Қазақстан облысының

Семей аймағында 2017 жылы

аталып өтілетін және еске алынатын

күндер тізбегі


Семей – 2016 ж.

Алғы сөз:


Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана 1999 жылдан бері Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығымен бірлесе отырып «Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін» электрондық түрде дайындап, қазақ және орыс тілдерінде шығарып келеді. Әдебиеттерді насихаттауда және еліміздегі көрнекті оқиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Мұнда туған өлкеміздің тарихы, экономика және мәдениет саласындағы маңызды оқиғалар туралы, мерейтойлары аталатын белгілі жерлес тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар берілген.

Аталып отырған күндер тізбесі айы бойынша реттеліп, қысқаша анықтамалар мен әдебиеттері берілген даталар жұлдызшамен белгіленген.

Аталып өтілетін, айы-күні белгісіз есімдер туралы анықтамалар әдебиеттерімен берілді. Сонымен қатар, әдебиеттері берілмеген, аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі енгізілді. Күнтізбе аталып өтілетін тұлғалардың әріптік көрсеткішімен жабдықталған.

Құрал мұғалімдерге, кітапханашыларға, өлкетанушыларға, өз өлкесін танып білгісі келетін оқырмандарға көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Күнтізбе туралы пікірлер туындаса, төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:
071400

Абай көшесі, 86

Шығыс Қазақстан облыстық

Абай атындағы әмбебап кітапхана,

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

Телефон: 8(7222) 52 43 07

Факс: 8 (7222) 52 04 94

Веб-сайт: www. semeylib.kz

E-mail: semeybib@yandex. kz

ibo.bibliotekaabaya@yandex.kz

071400


Абай көшесі, 84

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі,

Телефон: 8(7222) 52-06-07

E-mail: kgu-cdni@rambler.ru


Семей өңірінде 2017 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер


1 қаңтар*

Актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі (1970) Әбілқасым Жаңбырбаевтың туғанына 90 жыл

(1927-2012)



1 қаңтар

Әнші, режиссер, Қазақстанның халық артисі (1954) Байғали Досымжановтың туғанына 95 жыл (1922-1998)

22 ақпан

Кинорежиссер,Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангер Мажит Сапарғалиұлы Бегалиннің туғанына 95 жыл (1922-1978)

1 наурыз*

Ақын, әдебиетші, сыншы Төлеужан Ысмайыловтың туғанына 85 жыл (1932-1973)

24 наурыз*

Ақын Төлеуғали Есімжановтың туғанына 75 жыл (1942-1978)

26 наурыз*

Ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Республикалық «Абай» журналының бас редакторы, ҚР «Мәдениет қайраткері» Мұратбек Оспановтың туғанына 55 жыл (1962)

13 сәуір*

Батыс Сібір Географиялық қоғамының

Семей бөлімшесінің ашылғанына 115 жыл (1902)



5 мамыр

Ақын Төкен Әбдірахмановтың туғанына 100 жыл

(1917- 1990)



15 мамыр*

Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Семей қаласы- Курчатовта Ұлттық Ядролық орталықтың

құрылғанына 25 жыл (1992)



13 маусым*

Ақын, дрматург, журналист Мерғали Жанғалиұлы Ибраевтың туғанына 75 жыл (1942-1997)

16 маусым

Жазушы, журналист Дмитрий Черепановтың туғанына 100 жыл (1907- 1992)

21 шілде*

Жазушы, ұстаз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Таупық Рымжановтың туғанына 80 жыл (1937-2012)

27 шілде*

Ағартушы, аудармашы, қоғам қайраткері Нәзипа Құлжанованың туғанына 130 жыл (1887-1934)

22 қыркүйек*

Халық қаһарманы Аким Иванович Атмачидидің туғанына 80 жыл (1937-2013)

28 қыркүйек*

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957) Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл (1897-1961)

8 қараша

Актер, Ф.М.Достоевский атындағы театрдың директоры Яков Вениаминович Горельниковтің туғанына 70 жыл (1947)

23 қараша*


Қазақстан республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Семей облыстық акушерлер және гинекеологтар ғылыми қоғамының негізін қалаушы Алаш Ахметжанұлы Қозбағаровтың туғанына 100 жыл

(1917-1996)



8 қазан

Республиканың еңбек сіңірген экономисі, Қазақ КСР-нің Қаржы министрі Рымбек Байсейітовтің туғанына 95 жыл (1922-1991)

9 қазан*

Ақын, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Тәңірберген Әміреновтің туғанына 110 жыл (1907-1985)

28 қазан

Кеңестік және қазақ эстрада әншісі, профессор, актриса, Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері, Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаеваның туғанына 60 жыл (1957)

4 желтоқсан*

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Алмахан Мұхаметқалиқызының туғанына 55 жыл (1962)

5 желтоқсан

Жазушы Асқар Лекеровтің туғанына 105 жыл (1912-1964)

5-13 желтоқсан*

Семей қаласында Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917)

6 желтоқсан*

Ақын-импровизатор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939) Нұрлыбек Баймұратовтың туғанына 130 жыл (1887-1969)

12 желтоқсан

Актриса, Қазақстанның халық артисі (1964) Гүлсім Әбдірахманованың туғанына 100 жыл (1917-1970)

15 желтоқсан*

Қазақстанның халық жазушысы, журналист, Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 95 жыл (1922-2011)

19 желтоқсан*

Қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы, ұстаз, майдангер Әди Шәріповтің туғанына 105 жыл

(1912-1993)



23 желтоқсан*

Айтыс өнерінің тарланы, Республикалық айтыстардың жеңімпазы Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаевтың туғанына 90 жыл (1927-2002)







Аталып өтілетін, айы-күні белгісіз есімдер:

Кеңес Одағының батыры Жанғазы Молдағалиевтың туғанына 100 жыл (1917-1943)*

Ақын, ұстаз, зиялы азамат Тұрлықан Қасеновтің туғанына 115 жыл (1902-1942)*

Суырып салма ақын, әнші-композитор,Абайдың талантты шәкірті

Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл (1867-1922)*



Ақын, домбырашы, скрипкашы, әнші, Абайдың талантты шәкірті Мұқа Әділханұлының туғанына 160 жыл (1857-1927)*

Ақын Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл (1802-1871)*



Әдебиеттері берілмеген, аталып өтілетін және еске алынатын

күндер тізбегі:
Семей тоқыма фабрикасының іске қосылғанына 85 жыл (1932)

Семей қаласының Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып құрылғанына 85 жыл (1932, 20 ақпан)

Семей губерниясының білім жөніндегі 1-сиезі өткеніне 90 жыл (1927, 11-19 наурыз)

Семей мал-дәрігерлік институтының ашылғанына 65 жыл (1952, 1 қыркүйек)

Семей губерниясының 1-әйелдер сиезінің өткеніне 90 жыл (1927, қазан).

Қазақ Радио Комитеті негізінде Семей радио-телевидениенің іске қосылғанына 75 жыл (1942)




1 қаңтар Актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі

Әбілқасым Жаңбырбаевтың туғанына 90 жыл

(1927 -2012)
Әбілқасым Жақсылықұлы Жаңбырбаев 1927 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Абыралы ауданы, № 7 ауылда дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын ол би билеуге, ән айтуға, гармонь тартуға, сурет салуға құмар болды. Оның театрға келіп, өнер жолына түсуіне аса талантты әнші-музыкант ағасы, 1934 жылы Семей қаласында құрылған драма театрдың артисі Исайын Жаңбырбаевтың ықпалы зор еді.

Ә.Жаңбырбаев 1942 жылдарға дейін балет өнерін оқып-үйреніп жүреді. Сол кездері арнайы шақыртумен Абай атындағы Семей облыстық музыкалық драма театрының табалдырығын аттаған оның дебюті «Ер Тарғын» қойылымындағы Шығыс биі болды. 1942 жылы Семей облыстық музыкалы драма театрына қабылданып, құрмет демалысына шыққанға дейін жемісті қызмет ете жүріп, күрделі рольдерді аса шеберлікпен сомдады. Театрға арналған 62 жыл ғұмырында 400-ге жуық рольді сомдаған театр тарланы жаңа бейнелер, образ жасап, «Ер Тарғындағы» күтуші баладан, «Ғалиябанудағы» Исмағұл, «Айман-Шолпандағы» Арыстан, «Қозы-Көрпештегі» Қарабай, «Қаракөздегі» Сырым, «Малиновкадағы той» қойлымындағы банды Ряб баба рөлдері Әбілқасымды өнер биігіне жетеледі.

1965 жылы Ленин рөлін ойнау үшін актер таңдауға Алматыға шақырылады. Танымал сахна саңлақтарының ішінен Әбілқасым Жаңбырбаев ілігіп, Ленинді қаз-қалпында сомдағаны үшін 1970 жылы «Қазақстан Республикасының халық әртісі» атағы берілді. 1954 жылы «Қазақстанға еңбек сіңірген әртісі» атағын алды. Орыс, өзбек, грузин тәрізді әр ұлт өкілдерінің рөлін ойнаған Әбілқасым Қытайдың «Делқұлы» образын да сәтті бейнелеп шығады.

Әбілқасым Жаңбырбаев қоюшы-режиссер ретінде де танылды. Онға жуық қойылған қойылымдарының шінде «Адасқан қаз», «Қош бол, менің ертегім», «Аюбайдың ажалы» сынды туындылар бар. Тер төккен сайын ашыла түскен Әбілқасым «Жаушы», «Қан мен тер», «Толқындар жағада өледі» сияқты фильмдерге түсті. Театр сахнасында небір күрделі образдар сомдады. Мұнда ол “Жалбырдағы” Молданы, Сырым мен Кебекті, “Ақан Сері Ақтоқтыдағы” Науанды, “Комиссар Ғаббасовтағы” Сабыржан т.б. бейнелерді сомдады.

1958-1973 жылдар аралығында «Қан мен тер», “Жаушы”, қырғыз фильмі «Толқын жағада өледі” деген киноларға түсіп есімі кеңінен таныла бастады. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдардың иегері.

Әбілқасым Жаңбырбаев 2002 жылы Семей қаласы әкімінің шешімімен «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды

Әдебиеттер:
Жаңбырбаев Әбілқасым // Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық // Астана: Фолиант, 2011. - 221 б.

Жаңбырбаев Әбілқасым // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің Құрметті азаматтары – Почетное граждане Семипалатинского региона.- Алматы: «Арқас, 2005. - 229-230 б.



Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна. - Алматы: Қазақпарат, 2004. - 760 б.

Мұхаметқалиқызы А. Театр тарланы // Ертіс өңірі. - 2005. - 12 мамыр. - 29 - 29 б.

1 наурыз Ақын, әдебиетші, сыншы

Төлеужан Ысмайыловтың туғанына

85 жыл (1932-1973)
Төлеужан Мұхамеджанұлы Ысмайылов – ХХ ғасырдың 50-жылдары қазақ поэзиясына тың серпін, соны мазмұн әкелген талантты ақын, дарынды аудармашы. Ол тұла бойындағы талант қуатын толық жұмсай алмай, жыр өлкесіне бар болғаны он жылын арнады.

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілінің бірі Т.Ысмайылов бұрынғы Семей қаласына қарасты Абыралы өңірінде 1932 жылы 1 наурызда дүниеге келді. Әкесі Мұхамеджан колхоз басқармасы бола жүріп, 1942 жылы әскерге алынып, майданнан оралған жоқ. Қаршадайынан жетім қалған Төлеужан Шоң деген жерде бастауыш класты бітіріп, кейін Қайнар орта мектебінде оқыды. Төлеужанға ақындық нағашы жұртынан дарыды. Шешесі де домбырашы, әнші болған. Арғы тегі атақты жыршы Жанақтан бастау алатын Төлеужан орта мектепті 15 жасында аяқтаған. КазМУ-дің журналистика бөлімінде оқыды. Оқып жүрген кездерінде тұңғыш өлеңдері жариялана бастады. Сол кезде-ақ астанамыз Алматыдағы шығармашылық ортаны мойындатты. Өйткені, ол Маяковский дәстүрі арқылы қазақ поэзиясына соны леп әкелді. "Жазушы" баспасында редактор, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші қызметін атқарды. Павлодар, Қызылжар қалаларының облыстық газеттерінде, сонымен бірге "Лениншіл жас" газетінде жемісті еңбек етті.

Төлеужанның таланты жөнінде белгілі қаламгер Т. Ахтанов: "Мен көрген ақындардың ішіндегі кесек талант - Төлеужан Ысмайылов еді" - дейді.

2012 жылы Төлеужан Ысмайыловтың дүниеге келгеніне 80 жыл толуына орай ақынның мерейтойы 2-3 қазан күндері Семей қаласы мен ақынның туған топырағында жоғары деңгейде атап өтілді. Ең әуелі Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Қазақстан Жазушылар одағының, «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры мен аталған оқу орнының ұйытқы болуымен «Ақын Төлеужан Ысмайыловтың шығармашылығы және қазіргі қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияға белгілі ақын-жазушылар қатысып, Төлеужан ақынның шығармашылығы һәм өмірі жөнінде кеңінен сөз етті.

Ақын, Қазақ ақындары жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай:

«Төлеужан Ысмайылов – тағдырлы, талайлы тұлға. Ол кісінің ерекшелігі – ғажап білімдар адам болған. Жасыратыны жоқ, Төлеужан ақын шығармашылығы мен өмірі жөнінде жұрттың көбірек біле бермейтіні рас. Міне, ақынның 80 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтілді деуге болады. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды. Төлеужан ақынның шын насихаты енді басталды деп айтуға болады. Төлеужантанудың алғы­шарттары осылай жасалатын шығар деп ойлаймын» - дейді.

Жазушы, Халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтың лауреаты Жұмабай Шаштайұлы:

«Қазақ поэзиясына Қасым Аманжоловтан кейін Сағи Жиенбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаевтар келді деп айтып жатамыз. Маған осы ақындардың арасында 50-жылдардың басында поэзия әлеміне келген Төлеужан Ысмайылов рухани көпір секілді көрінеді» - деп бағалады.

Төлеужан шығармасының кең қанат жаюына кезінде Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов қол ұшын берді. Ол талантты ақын ғана емес, талантты журналист те еді. Оның қаламынан туған көркем очерктер мен мақалаларды жұрт қызыға оқыды. Ақынның көзінің тірісінде үш кітабы жарық көрді : "Әлдекімге бір шапалақ","Есіл", "Америка трагедиясы".

Ақынның әдеби мұрасының бір саласы - аударма. Т.Драйзердің "Америка трагедиясы" романының көркем тілмен аударылуына ерекше көңіл бөлді. 1951 - 1961 жылдары "Есіл", "Дала министрі", "Жылқышы", "Үгітші" поэмаларын, қырыққа жуық өлең, отыздан астам сатира жазған. Ысмайылов орыс ақындары А.С.Пушкиннің "Батыс славьяндар жырларын", М.Ю.Лермонтовтың "Мцыри" поэмасын, В.В. Маяковскийдің өлеңдерін, Американ жазушысы Т.Драйзердің "Америка трагедиясын" қазақ тіліне аударған.


Әдебиеттер:

Төлеужан Ысмайылов / Құраст. Ө.Жақып. - Алматы: "Елтаным", 2012. - 464 б.

Ысмайылов Т. Шығармалары. Т.1. Мәңгілік жас рухым-өлеңдерім. Өлеңдер, поэмалар, сын-сықақтар және естеліктер / Т Ысмайылов. - Астана: Фолиант, 2013. - 344 б. - (Алтай - Ертіс кітапханасы).

Жақып, Б. Арманда кеткен есіл ақын // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 10 тамыз. – 10 б.

Жұртбай Т. Есімде, менің, есілім...: Т.Ысмайловтың туғанына 80 жыл // Ертіс өңірі . - 2012. - 19 қыркүйек. – 10 б.

Жұртбай Т. Егіліп өткен есіл өмір: ақын Төлеужан Ысмайылов туралы сыр // Түркістан. - 2012. - 6 қыркүйек. – 8 б.

Ерсәлімов Б. Киелі өлеңнің киігі // Семей таңы . - 2012. - 10 шілде. – 3 б.

Қасымжанұлы С. "Өлеңмен өмірге атын жазып кеткен..." // Абай. - 2012. - № 1-4. - 171-174 б.; Семей таңы . - 2012. - 9 қазан. - 3 б.

Туғанбай, Қ. Ақын трагедиясы // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 26 қыркүйек. – 15 б.

24 наурыз Ақын Төлеуғали Есімжановтың

туғанына 75 жыл (1942-1978)
Төлеужан Есімжанов –ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1976). Шұбартау ауданының Алғабас совхозында 1942 жылдың 24-наурызында дүниеге келген. Семей қаласындағы № 91 мектеп-интернатты бітірген соң Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін сырттай бітірген. Туған ауылында мұғалім, облыстық газетте тілші, аудандық партия комитетінде үгіт насихат бөлімінде нұсқаушы, аудандық «Жаңа өмір» газетінде бөлім меңгерушісі, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы, республикалық «Ара» журналының хат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Болашақ ақын мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ облыстық, республикалық баспасөз беттерінде көлемді мақалалары жарияланып тұрады. Әдебиеттің әр алуан жанрында қалам тербеген жазушының азды-көпті мұрасына көз салсақ Төлеуғали Есімжановтың алуан түрлі шығармашылық қырларын танимыз.

Ақын ретінде ол «Тынысым менің - туған жер» атты үлкен мұра қалдырды. Журналист Есімжановтың тағы бір қыры - көкейтесті проблемаларға батыл үн қосқан ойлы очерктерінен танылады. Аудандық «Жаңа өмір» газетінде, республикалық «Ара» журналында үзбей жарияланып тұрды. Оның өлеңдерінде өз замандастарының ортақ ойын, сырлы сезімін жеткізуге құштарлық аңғарылады. «Сыр», «Далада тудым», «Бұл кең дала» т.б. өлендерінде көптің көңіліндегі туған жерге деген сағыныш пернелерін дөп басады. Ақынның тағы бір қыры сатиралық еңбектерінен де көрінеді. Тілге ұста, өткір ақын шағын сықақтардың тұтастығына да үлкен көңіл бөледі. «Мамыр айы - махаббат айы» жинағының прозалық шығармалары Т.Есімжановтың жазушылық қарымының айғағы. Кітапқа әр жылдары енген жарық көрген повестері мен әңгімелері енген. Жинақ ауыл өміріне арналған прозалық туындылардан тұрады.
Әдебиеттер:
Есімжанов Т. Аяулым: Өлеңдер, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1975.- 87 б.

Есімжанов Т. Мамыр айы - махаббат айы: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1989. - 320 б.

Есімжанов Төлеужан // Төлемісұлы К. Шұбартау тарихы.- Семей, 2016. – Б.295-297.

Раев Қ. Іңкәр жүрек іздері: (Т.Есімжановтың шығармашылығы хақында) // Семей таңы. – 1990. - 17 тамыз.




26 наурыз Ақын, Республикалық «Абай» журналының бас

редакторы, ҚР «Мәдениет қайраткері»

Мұратбек Оспановтың туғанына 55 жыл

Ақын Мұратбек Қабиденұлы Оспанов Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қарауыл селосында 1962 жылы 26 наурызда дүниеге келген. Ең алғашқы өлендері 6-сынып оқып жүргенде «Шыңғыстау« газетінде жарияланды. Студент кезінде жазылған өлендері 1987 жылы шыққан «Аудитория« атты жинаққа енгізілді. 1980 жылы Алматыдағы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түседі. Арасында екі жыл әскери міндетін өтеп қайтқан соң, оқуын 1987 жылы жалғастырып, бітіріп шығады.

1980-90 жж. «Жас алаш» республикалық газетінде Семей, Өскемен, Павлодар облыстарының меншікті тілшісі ретінде сол кездегі өзекті мәселелерде қалам тартқан ұтқыр журналист ретінде танылды. 1980-89 жылдары «Семей таңы« газетінде қызмет етті. М.Оспанов мерзімді басылымдарда жиі жарияланып, өзі тұстас поэзия жүйріктерімен жарысқа түсіп, шындалған ақын. Топтама жырлары жас ақындардың ұжымдық жинағына енгізілді. Ақын өлендері халық комейіндегі айтылмақ ойды дөп басады.

1985-87 жылдары республикалық «Жігер« фестивалінің лауреаты. «Абай» республикалық фольклорлық-этнографиялық әдеби-көркем журналының бас редакторы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.


Әдебиеттер:
Оспанов М. Айна: өлеңдер, балладалар, одалар, элегиялар мен сонеттер және поэма. – Новосібір, 2012. - 380 б.

Оспанов М. Таңдайдағы тамшылар: өлеңдер мен поэмалар.- Астана, Астана-полиграфия, 2008. - 232 б.

Оспанов М.Мұнайшы: поэма // Ертіс өңірі. - 2010. - 20 қаңтар. – 13 б.

Қасымжанұлы С. Табиғатпен тамырласқан Мұратбек // Семей таңы. - 2012. - 27 наурыз. – 5 б.




13 сәуір Батыс Сібір Географиялық қогамының

Семей бөлімшесінің ашылғанына 115 жыл (1902)
Батыс Сібір Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі 1902 жылы сәуірде салтанатты түрде ашылған. Негізінде, оны ашу мәселесі 1898 жылы қозғалған болатын. Статистикалық комитеттің хатшысы болтан Н.Я.Коншин «Семей облыстық ведомствосы» газетіне осы облыстың аса бай табиғи байлығын, археологиялық, архивтік, этнографиялық тарихын зерттеуде географиялық қоғам бөлімін ашу өте қажеттігін айтып, мақала жариялайды. Бұл мақалаға Семей облыстық әскери губернаторы А.Ф.Карпов көңіл бөліп, бөлімше ашу жөнінде Орыс Географиялық қоғамының вице-президенті П.Семеновқа хат жолдап, көмек сұрайды. 1900 жылы ақпан айында Батыс Сібір қоғамының төрағасы Шмидт Семейде Географиялық бөлімше ашу жөнінде нұсқаудың бар екендігін А.Ф.Карповқа хабарлайды. 1902 жылдың 21 ақпанында әскери губернатор А.Ф.Карпов Орыс Географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің төрағасына Семейде бөлімше ашу туралы тағы да өтініш түсіреді. Бөлімшенің ең алғашқы төрағалық қызметін Н.Ф. Ницкевич, ал іс жұмысын Н.Я.Коншин басқарады. Бұл бөлімнің ашылуына жергілікті оқымысты ғалымдармен қатар Семейге жер аударылып келген Е.П.Михаэлис, С.С.Гросс, А.Л.Блэк, А.А.Леонтьев белсене атсалысып, зерттеулер жүргізіп, тамаша құнды материалдар жинап, ғылыми еңбектер, мақалалар жазады.

Бөлім Семей облысындағы ең алғашқы өлкетану орталығы болып, өлкеде географиялық, археологиялық, геологиялық, тарихи, статистикалық зерттеулер жүргізіп ғылым саласын аса құнды мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Алғашқы жылдары қоғам бөлімінде оқымысты ғалымдардың қатары аз, әрі қаражат мәселесі де қиындау болды.

Бөлімшені үйымдастырушылардың бірі Н.Коншин бөлімнің іс жұмыстарын басқара отырып, мұрағат ісін де қолға алады. Оның қажырлы еңбегінің арқасында дала өлкесінің тарихы, әкімшіліктің саяси жер аудару тарихы жөнінде құнды деректер жинақталады. Бөлімше ғылыми кітапхана ашуда да көп жұмыстар атқарды.

Географиялық қоғамның Семей бөлімшесіне мүше болған В.Ф.Семенов, Ф.Н.Педашенко, В.Бенкевич, Ф.К.Злобин өлкенің географиялық жағдайы, осы жерлерге орыс шаруаларының қоныстанып, егіншілікпен айналысуы, әр түрлі пайдалы қазбалары, ежелгі тарихи ескерткіштер, мал шаруашылығы жөнінде зерттеулер жүргізіп, ғылыми еңбектер жазады.

Бөлімшеге қазақ зиялылары да мүше болады. Мәселен, Р.Мәрсеков, Н.Дүлжанов, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов т.б. бөлімше жұмысына белсене араласады. Әлихан Бөкейханов Абайдың көзі тірісінде оның ақындық шеберлігін жоғары бағалап, Ресей Географиялық қоғамы шығарған кітапқа енгізеді. Абай қайтыс болғаннан кейін де Семей географиялық бөлімі шығарған «Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского Императорского русского географического общества» кітабының III шыгарылымында басылады. Заңгер Ж.Ақбаев қазақтардың некелесу зандылықтары туралы бөлімше кітапшасының 3-шығарылымына жариялайды. Бөлімше мүшелерінің саны жылдан-жылға артып, 1913 жылы 140 мүшесі болған.
Әдебиеттер:
Мұқатаева З. Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс сібір Бөлімінің Семей бөлімшесінің қызметі тарихынан // ШҚО ҚЗТҚ орталығының құрылғанына 90 жыл толуына арналған: халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. - Семей, 2010. - Б.405-409

***

Амантай И. Міржақып Дулатовтың штампы соғылған кітап // Абай. - 2005. - № 1. - 76 б.

Әділбекқызы Ж. Ғасырлар мұрасы // Абай. - 2013. - № 2-3. - Б.105-111

Әділбекқызы Ж. Кітап - ғасырлар мұрасы // Семей таңы. - 2012. - 8 мамыр.- 7 б.

Белгібаев М. Семей орыс географиялық қоғамы және қазақ зиялылары мен ғалымдары // География және табиғат. - 2010. - № 5. - Б. 7-10

Қуанғалиева А. Танымдық конференция тарихқа арналды // Семей таңы. - 2012. - 7 желтоқсан. – 7 б.

15 мамыр Қазақстан Республикасының президенті

Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен

Семей қаласы Курчатовта Ұлттық Ядролық

Орталықтың құрылғанына 25 жыл (1992)
1992 жылы 15 мамырда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Семей қаласы Курчатовта Ұлттық Ядролық Орталық құрылды. Бұл дата қаланың жаңа тіршілігінің өзіндік жаңа көкжиегі еді. Еліміздің ғылыми әлеуетінің артуымен, ядролық физиканың еліміздің экономикасында жаңа мазмұнға ие болуына байланысты қаланың атына «ғылым қаласы» деген анықтауыш қосылып айтылатын болды.

Елбасының бейбіт бастамасын бүкіл қазақстандықтар бір кісідей қолдауда. Бұның нақты көрінісі ретінде ядролық сынақтарды тоқтату туралы Келісімнің ашылуынан кейін Қазақстан атынан келісімге Премьер-Министр Қ.Тоқаев қол қойды. Келісім 2001 жылдың 14 мамырында ратифакцияланды және Қазақстан үшін 2001 жылы 14 желтоқсанда күшіне енді. Бұдан кейінгі жылдары Қазақстан келісім кезінде алға қойған міндеттердің іске асуын және оның орындалуын белсенді түрде қадағалап отырды.

Жаппай қырып жоятын ядролық қаруды сынауды тоқтату туралы Келісім ұйымның атқарушы хатшысы Тибор ҚР мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаевпен 2010 жылдың қаңтарында Венадағы кездесуде ядролық сынақты тоқтату және таратпау жөніндегі Қазақстанның ұстанымын, қосып отырған жоғары бағалады.

Әдебиеттер:


Дүйсембаев С. Әлем қауымдастығын бейбіт саясатқа шақырды: [Семей полигоны туралы] // Дидар. - 2012. - 28 тамыз. - Б. 1-2

Кәкішев Н. Халықаралық конференция өтті: [Курчатов қалашығында] // Семей таңы. - 2015, 15 қыркүйек. - Б. 7

Құсайын М. Ортақ ойларын ортаға салған конференция // Семей таңы. - 2014. - 10 қазан. – 2 б.

Мағжан А. Ұлттық ядролық орталық зертханамен толықты // Ертіс өңірі. - 2015. - 30 желтоқсан. – 3 б.



Маусымбаев С. Ғылымның алғы шебінде // Семей таңы. - 2012. - 10 қаңтар. – 4 б.

Нұғманбекова Р. Бейбітшілік кепілі: Курчатовта Фукусимадағыдай апат ешқашан болмайды // Дала мен қала. - 2013. - 24 қазан. – 14 б.


13 маусым Ақын, сазгер,, драматург, журналист

Мерғали Ибраевтың туғанына 75 жыл

(1942- 1997)

Мерғали Ибраев 1942 жылы 13 маусымда Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Семейдің Н.Крупская атындағы педагогикалық институтын бітірген. Абай аудандық газетте бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары жауапты қызметтерін атқарды.

Қаламы ұшқыр журналист, ойлы да өрнекті өлең жазатын ақын ретінде де танылды. 1970-1978 жылдары республикалық «Лениншіл жас» газетінің Семей, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі болды.

1969 жылы Қазақстан жастарының «Жас керуен» атты жинағына енген бір топ өлеңдерінен бастап «Темір тұлпар», «Күміс тау», «Өнегелі өркен», «Құтты қоныс», «Судағы сәуле» атты жинақтары жеке-жеке кітап болып басылып шықты.

Ақынның «Судағы сәуле» өлеңін жазудағы шеберлігі - туған жер, Отан, табиғат, махаббат туралы айта отырып, соның бәрін лирикалық каһарманның өзіндік сезім шарпуына бөлеп, өз жүрек дүрсілін айта білетіндігі. Ал, ел тарихы, өнер тағдыры туралы жазылған шығармаларды көп оқыған ақын «Қалалар мен мамонттар» деген өлеңінде бүгін жоқ болған каланың кешегі салтанатын асқан көрегендікпен суреттей білді. Адам образын жасау шеберлігі «Мінез» деген өлеңінде айқын көрінеді. Жақсы сөз жан семіртер демекші ақын туралы көптеген каламгерлер жылы лебіздерін білдірді: «Абайға арналған мүшәйраның ішінен өзімізге ұнағаны -Мерғалидың толғауы болды» (Ғ.Мүсірепов, 1971 ж.). «Қалқаман-Мамырдың» қабылдануы зор қуаныш. Ал, музыкасын автордың өзі жазуы қуаныштың көкесі» (Ә.Сәрсенбаев, 1985 ж.). «Мерғали ақын және шын ақын» - деп, жазушы Р.Сейсенбаев айтқандай, оның ақындық әлемінің тақырыбы сан алуан, өлең дастандары терең мазмұнға құрылған, ақындық шеберлікпен өрнектелуімен оқырманын баурап алады.

Ақын қысқа ғұмырында 40-қа жуық ән мен күйдің авторы. Оның өлеңдеріне жергілікті сазгерлер ән жазып, ақын туындыларын ел жүрегіне жеткізді. Әнші, сазгер Т.Рахимов музыкаландырған «Ерке жирен», «Қаламқастың қыздары-ай» әндерін автордың өзінің орындауында тыңдаған тыңдаушы ләззаттанып, шынайы рахатқа бөленетін. Ақынның ұлттық театр өнерінің дамуына лайықты үлес қосқан драматургтік еңбегі ерекше. Күй атасы Қүрманғазы өмірінен жазылған «Жігер» пьесасы тұңғыш драма. «Қалқаман-Мамыр», «Құрманғазы», «Шәкәрім», «Қайырлы таң, әке» атты драмалық шығармалары Қарағанды, Семей театрларында сахналанып, көрермендердің жоғары бағасын алды.

Табиғатында сегіз қырлы, бір сырлы М.Ибраев ақынның өмір жолындағы басты қызметі журналистік болып табылады. Жаңалықты жылдам сезгіш, қоғам, заман көшінің алдыңғы сапында болу, өз ұлтын сүю, оның болашақ тағдыры, мәдениетін, тілін, рухани байлық, салт-дәстүрын марапаттау оның журналистік туындыларының өзегі.

М.Ибраев - Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Б.Кенжебаев атындағы республикалық әдеби сыйлықтың иегері, ақиық ақын, сазгер, дарынды драматург, жазушы, тарихшы, этнограф.

Әдебиеттер:
Ыбыраев М. Шығармалары: өлеңдер мен толғаулар, поэмалар, пьесалар. – Астана: Фолиант, 2013. - 265 б.

Ыбыраев М. Шығармалары. Т.1. Жұмбақ жолаушы. Өлеңдер мен толғаулар, поэмалар, пьесалар. - Астана: Фолиант, 2013. - 312 б. - (Алтай - Ертіс кітапханасы).

***

Зәмзебай К. "Жоғалған өзенді" іздеген жазушының жан азабы не дейді? // Семей таңы. - 2011. - 19 шілде. - 5 б.



Зәмзебай К. Сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі // Семей таңы. - 2012. - 12 маусым. - 4 б.

"Мен де бір Абайдың ұшқынымын": (жас ақындардың М.Ибраевқа арналған өлеңдерінен топтамалар) // Ертіс өңірі . - 2012. - 11 шілде. - 13 б.

Қартов М. Ерке жирен шабысы бөлек тұлпар еді... (сазгер Т.Рахимов пен М.Ибраевтың "Екі жирен" әні туралы) // Семей таңы. - 2015. - 24 шілде. - 7 б.

Шакимардан Н. М. Ибраев поэзиясындағы көнерген сөздер мен этнографизмдер // Ертіс өңірі. - 2013. - 8 қаңтар. – 7 б.



21 шілде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,

ұстаз-жазушы Таупық Рымжановтың

туғанына 80 жыл (1937-2012)
Таупық Рымжанов Абыралы ауданының Төлебай ауылында 1937 жылы 21 шілдеде дүниеге келді. 1957 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, Аягөз қаласындағы Сергиополь, Жаңасемей ауданының Знаменка, Ново-Баженова, Бородулиха ауданындағы орта мектептерде қырық жылдай ұстаздық қызметтер атқарды. Еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы боды. Өмірін тұтастай ауылды жерлерде өткізген «Аға мұғалім» қандай да істі абыройлы атқарғаны үшін оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Еңбек ардагері, Бородулиха ауданының Құрметті азаматы, жазушы ретінде танылып, әдебиет айдынына ХХ ғасырдың 60-шы жылдары келіп қосылып, сол жолда ертегілер мен хикаяттар жазды. Негізгі тақырыбы – балалар әдебиеті. Жазушының «Зәйтүн қарлығаштың ерлігі», «Алтын ара», «Гүл ағашы», «Өлместің жұлдызы», «Ертегілер» т.б. еңбектерін оқырман қауым жылы қабылдады.

Ұстаз-жазушының қаламынан туған ертегі–повестерден басқа шынайы повестер мен әңгімелер де, ертегі-әңгімелер де, фантастикалық әңгімелер де бар. «Аруг гүн немесе арғын тайпасының тарихына шолу», «Табғаштар қытай емес», «Петропавловкалар жайлы тарихы не дейді», «Жалықпас шежіресі» атты тарихи-шежірелік кітаптары да көпшіліктің назарында.

Таупық Рымжанов 1995 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының 2007 жылғы көркем проза номинациясы бойынша «Әдеби үрдістің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін» сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер Одағы мен «Әнекей» қорпорациясы ұйымдастырған балалар әдебиеті саласындағы халықаралық дәстүрлі «Дарабоз» конкурсының 2008 және 2009 жылдардағы жүлдегері.


Әдебиеттер:
Еркінұлы Т. Бала жанының бағбаны // Семей таңы. - 2011. - 9 ақпан. - 9 б.

Әбілқасымұлы С.Балалар әлемінің падишахы // Семей таңы. - 2011. - 7 маусым. - 3 б.

Рымжанов Т. 20 жыл өткен соң: естелік-эссе // Семей таңы. - 2012. - 27 наурыз. - С.4

Рымжанов Т. "Ақбұлақтың" авторы - Сегізсері // Семей таңы. - 2011. - 27 қыркүйек. - С.3




27 шілде Құлжанова Нәзипа, ағартушы,

аудармашы, қоғам қайраткері,

туғанына 130 жыл (1887-1934)

Нәзипа Сегізбайқызы 1887 жылдың 27 шілдесінде Қостанай облысы, Жанкелді ауданында туып өскен. 1982 жылы Ленинградтағы Орталық Мемлекеттік архив деректері бойынша Торғай облысындағы бірден-бір оқу орны – Қостанайдағы орыс-қазақ әйелдер прогимназиясының барлық төрт жылдық курсын ойдағыдай бітіріп шыққан (1898-1903).

1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін ойдағыдай аяқтап, біраз уақыт сол училищеде көмекші мұғалім болып тағайындалады. 1905 –20 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен.

Қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет Географиялық қоғамның мүшесі болған Нәзипа Құлжанова 1914 жылы 26 қаңтар күні Семей қаласында ұлы Абайдың қайтыс болғанына байланысты он жыл толуына орай әдебиет кешін ұйымдастырып, сол кеште орыс тілінде тамаша баяндама жасап шығады. Ақын Абайдың өлмес даңқының сыр-сипатына терең баға береді. Алғаш рет Абай өлеңдерінің орысша аудармасынан үзінділер оқиды. Бұл Нәзипаның ең басты тарихи еңбегі болып табылады.

Ол Орыс Географиялық қоғамының мүшесі ретінде қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарын, ауыз әдебиеті мен фольклорлық шығармаларын зерттеп, оларды кеңінен насихаттаумен айналысты. Нәзипа Құлжанова Семей қаласында оқу-ағартаушылық саласында елеулі еңбектер сіңірді, қазақ баспасөзінде қызмет атқарады. «Қазақ», «Сарыарқа» және «Алаш» газеттеріне әйел мәселесіне байланысты мақалалар жариялайды.

1917 жылы Семей облыстық қазақ съезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР Оқу ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі комиссияның белді мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі Орталық Комитеттің құрамына мүшелікке енген. Әлі де еңбек етіп, көлемді туындылар жазбақ болған журналист, ағартушы Нәзипа Құлжанова 1934 жылы Алматы қаласында дүниеден өтеді.


Әдебиеттер:
Кәрібжанова Г.А. Нәзипа Құлжанова. – Семей, 2012. - 198 б.

Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар /Құраст. Д.Дәуренбекова. - Алматы: Қазақстан, 1993. – Б.17-29.

Ерсәлімов Б. Орысша оқыған алғашқы қазақ қызы: [Белгілі қоғам қайраткері, журналист Н. Құлжанова туралы] // Дидар. - 2012. - 27 желтоқсан. – 26 б.

Кәрібжанова Г. Қазақтың қайраткер қызы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 26 желтоқсан. - Б. 6.

Теміров Б. Алғашқы сахналық қойылым [Н.Құлжанованың ұйымдастыруымен өткен] / Б. Теміров // Ертіс өңірі. - 2015. - 11 наурыз. - Б. 8

22 қыркүйек Халық қаһарманы

Аким Иванович Атмачидидің

туғанына 80 жыл (1937-2013)

Аким Иванович Атмачиди 1937 жылдың 22 қыркүйегінде Краснодар өлкесінде жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1958 жылы құрылыс техникумын аяқтағаннан кейін «Семсовнархозстрой» Трестінің КСЖБ-3-бетон торабының шеберінен бастаған. Кейіннен Семейдегі Жамбыл технологиялық институтының экономикалық факультетін сырттай тәмамдайды. Өндірісте үзіліссіз еңбек еткен 10 жылда қатардағы шеберден КСЖБ-1 құрастырмалы темірбетон цехының директорына дейін қызмет жолын жүріп өтті.

1986 жылы ол өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында құрылған, құрамына 2 комбинат, 3 зауыт және жөндеу құрылыс басқармасы кірген базалық кәсіпорын – Құрастырмалы темірбетон өндірісінің бірлестігін басқарды. А.И.Атмачидің басшылығымен 4 бесжылдық барысында КСРО бойынша ең үздік бірлестік деп танылып, жалпыодақтық Құрмет тақтасы мен Республиканың Алтын кітабына енгізілді.

1995-2002 жылдар аралығында «Семей» қаржы-өнеркәсіп тобының президенті болып сайланды. Оның Семей өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, республиканың құрылыс индустриясына қосқан үлесі өлшеусіз. Аким Иванович өзінің дарынды жетекші, ұйымдастырушы, нағыз патриоттық қасиеттерін көрсетіп, қашанда жұмысшы мүддесін бірінші орынға қоя білді.

Қызмет жолындағы жоғарғы табысы, сіңірген еңбегі үшін А.И.Атмачиди екі рет «Құрмет белгісі» ордені, «Халықтар достығы» ордені, «Октябрь революциясы» ордені, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен екі мәрте марапатталып, «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» жоғары атағын иеленді. 1995 жылы Қазақстан Республикасының жоғары ерекше наградасы – «Халық қаһарманы» атағы Алтын жұлдызы берілді.

Әдебиеттер:


Аким Иванович Атмачиди // Семей таңы. - 2013. - 18 қаңтар. – 7 б.

Жанатұлы Е. Ғибратты ғұмыс кешкен жан: халық қаһарманы Аким Атмачиди жайлы естелік // Семей таңы. - 2013. - 19 ақпан.- 3 б.

Жанатұлы Е. Азаматтың ардақтысы еді // Семей таңы. - 2014. - 7 қаңтар. – 5 б.

Жолымбет Қ. Атмачиди атындағы дәрісхана ашылды // Семей таңы . - 2015. - 25 қыркүйек. – 2 б.

Кәріпбаев С. Ел өндірісін өркендеткен қаһарман: Аким Атмачиди 75 жаста // Семей таңы . - 2012. - 21 қыркүйек. – 3 б.


28 қыркүйек Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері,

ғалым, Қазақстан ғылым академиясының

академигі, филология ғылымдарының докторы,

профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына

120 жыл (1897-1961)

Мұхтардың өскен ортасы, ұшқан ұясы — бір кезде қазақ сахарасында мәдениеттің ордасы сияқты болған Абай ауданына қарайтын Шыңғыстау деген жерде. Ескіше сауаты бар атасы Әуездің көмегімен 7-8 жасқа келгенде арабша хат таниды. Осы кезден бастап қазақ әдебиетінің әр түрлі үлгілерін және ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, Абай өлеңдерін жаттап, оқи бастайды. Бала кезінде тұңғыш көрген ақыны - Абай болды. М.Әуезов ең алғаш Абайды көргенде алты жаста екен және алғаш сауатын ашқан оқу құралы - Абайдың қолжазба өлендері.

«Атамыз бізді өзінше оқытатын, аздап қара таныған соң, өлеңнің бірінен соң бірін жаттадым. Арасында Лермонтов, Фошкин, Крылов, Татьян мен Анагин тәрізді қүлақ естімеген өзгеше есімдер кездесіп қалады. Молдаға ұқсап атамыз бізге таң атқаннан күн батқанға дейін кітаптан бас алғызбайтын» - деп, еске алады жазушы. Сөйтіп, болашақ жазушының түңғыш тәлім-тәрбие алған алтын бесігі, қанаттанып ұшқан ұясы - Абай мектебі болды.

1907 жылы он жасында Семейдің бес кластық училищесіне оқуға түсіп, жақсы оқитын шәкірттің бірі болады. Осы училищенің 3-сыныбында оқып жүріп, «Дауыл» деген тақырыпта шығарма жазып, оқушылар арасында ерекше көзге түсіп, талантты оқушы екенін көрсетеді. 1912 жылы Семейдің мүғалімдік семинариясына оқуға түсіп, оны үздік бітірген екі оқушының бірі Мұхтар болды. Семинарияда оқып жүргенде дарынды жасты толғандырған мәселе: өнер, білім, мәдениет, әйел тендігі, еңбекші қамы болды. Жазушы әрқашан да Абай атасының өнегелі создерін есінен есінен шығарған жоқ.

Семинарияны бітіріп шыққаннан кейін Әуезов ең алғашқы еңбек жолын озінің туған ауылында Шаған болысындағы мектепте мүғалім болудан бастады. Жазушының білім алған мемлекеттік оқу орындары мыналар: Семейдің бес кластық училищесі (1908-1914), мүғалімдер семинариясы (1915-1919), Ташкенттегі Орта Азия университетінің (САГУ) аспирантурасы (1923-1924), Санкт-Петербург университеті (1924-1928). Осындай оқу орындарын бітірген және өз бетімен көп ізденген ағартушы-ұстаз, ғалым-жазушы.

М.Әуезов үлкен өмірлік, шығармашылық жолдардан өткен жазушы. Ол жиырма жасында өзінің жазушылық алғашқы қадамында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазып, қазақ даласында театр өнерінің бастапқы үлгісін көрсетті. Дарынды жас жазушы «Еңлік-Кебек» пьесасын тарихта болған уақиға негізінде жазған және «Еңлік-Кебек» Мұхтардың туып өскен

жерінде ХҮІІІ ғасырдың соңғы кезінде болған тарихи шындық. Пьеса күні бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан тозбайтын дүние. Осы пьесадан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повестерімен көзге түсті.

«Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Қыр суреттері», «Жетім», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қаралы сұлу», «Қилы заман» секілді атақты шығармалары мен 1926 жылы қазақтың тұңғыш театрының сахнасын ашқан «Еңлік-Кебек» және «Қаракөз», «Бәйбіше тоқал» драмалық шығармалары оқырман назарын бірден өзіне аударды. Ол осы туындыларымен өзінің құдіретті талант иесі екенін көрсетті. Жазушы, ғалым, педагог, қоғам қайраткері М.Әуезов аса құнды еңбектері үшін халық құрметіне бөленіп, жазушылық сатысының ең жоғарғы сатысына шыққан еді.

Жазушы Ташкентте оқыған жылдары - ұлттық мәдениетіміздің дамуы үшін тарихи кезең болды. Онда жүріп ол әлемдік мәдениеттің мәдени ескерткіштерін шебер меңгере алды. Парсы-иран эпосы «Шаһнама», түрікмен эпосы «Көрұлы», қырғыз эпосы «Манаспен» сусындады. Бүгінгі жан-жақты дамыған үлттық театрымыздың өмірге келуі жазушы атымен тығыз байланысты. Ол тұңғыш театрдың шығармашылық өміріне ұзақ жылдар бойы араласып, негізгі репертуар қорын жасап, оның бағытын анықтаған драматург.

М.Әуезов - журналист те болды. Оның ең алғашқы публицистикалық мақалы 1917 жылы жазылған «Адамдық негізі – әйел» атты еңбегі. Онда жазушы әйел тұрмысына, қоғамда алатын орнына азаматтық ой-пікір тұрғысынан пайымдаулар жасаған. Сонымен қатар, жас Мұхтардың кезінде көтерген ең маңызды мәселесінің бірі - тіл мәселесі болды. Абай ойларымен үндес болған жазушы: «Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тілінді, бесігінді түзе!» деп, тебіренген еді.

Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясынан кейін Батыс Еуропа мен орыс драматургиясынан аударған У.Шекспирдің «Отеллосы» мен «Асауға тұсау», Н.Гогольдің «Ревизорын», К.Треневтің «Любовь Яроваясын» т.б. осы жанрда бірнеше шығарма - драма, опера либереттосын жазды.

Жазушының «Абай жолы» эпопеясы - қазақ өмірінің энциклопедиясы. Осы роман арқылы жазушы ең алдымен өз халқының қадыр-қасиетін алдымен қазақ халқына, сонан кейін бүкіл дүние жүртына айғақтап берді. Абайды әлемге таныта отырып, Әуезовтың өзі де әдебиет әлеміне ұлы дарын, қайталанбас тұлға болып танылды.

Ол туралы Бенжамен Матип: «Қазақтар туралы бұрын ештеңе естімеген едім. Енді оларды өте жақсы танимын. Жақында ғана М.Әуезовтың тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Шынында, қазақтар неткен ғажап халық» - деп, жазған еді. Шыңғыс Айтматов: «Орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі ортаазиялық көркем ойдың және біздің барлық көрші отырған халықтарымыздың рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов сондай әсер еттіә, - деп, жазушының терең білімділігін құрметтейді.

Жазушының ерекше бір бауырмалдығының бірі - туысқан халық әдебиеттерін қадірлей білуі еді. Соның бір дәлелі - өз елінде қудалауға түскен көрші қырғыз халқының атақты «Манас» жырын әлемдік ғылыми маңызы туралы тебірене жазып қорғап шыққаны туралы басылымдарда жарияланды.

М.Әуезов прозаның барлық жанрында еңбек етті. Орыс әдебиетінің классиктері Л.Толстойдың, И.Тургеневтің, Н.Гогольдің және т.б. жазушылардың шығармаларын тәржімалады. Көптеген орыс және шет ел пьесаларын аудара келе жазушы драматургиялық және аудармашылық саласында шеберлік үлгісін көрсетті. Көп ұлтты әдебиетті өркендетудегі зор еңбегі үшін Ленин орденімен, екі рет Қызыл Ту орденімен және «Құрмет белгісі« орденімен марапатталды. Жазушының Алматыда мемориалдық музей үйі бар. Семей қаласындағы байырғы оқу орны - педагогикалық колледж М.Әуезов атында. Ол занды да, өйткені, осы оқу орнында жазушы білім алып қана қоймай, өзі де ұстаздық еткен. Семей қаласындағы Абай әдеби-мемориалдық мұражайы жанына, қаланың Жаңасемей бөлігінде ескерткіш, туған жері Бөріліде жазушының музей үйі бар, Қазақстанның көптеген қалаларына көшеге есімі берілді.

XX ғасыр қазақ қоғамында әдебиет пен мәдениетіміздің өркендеуіне аса зор үлес қосқан қазақ әдебиетінің классигі, көркем сөз шебері, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, филология ғылымынң түңғыш докторы, профессор, Қазақ ССР-нің ғылыми қайраткері М.Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде 1997 жылы аталып өтті.

Әдебиеттер:
Бәдеш К. М. Әуезовтың "Көксерегі" зерттеушілер көзімен // Ақиқат. - 2015. - № 3. - Б.114-115

Жүнісбеков Б. Құнанбай - Әуезов әлемінің бір шыңы // Ақиқат. - 2015. - № 9. - Б.64-72

Қасқабасов С. Әуезов - халық мұрасының шырақшысы: Мұхтар Әуезов туралы бір үзік сыр // Жұлдыз. - 2015. - № 10. - Б.147-153

Кенемолдин М. Әуезов және "Таң" журналы // Абай. - 2016. - № 1. - Б.21-29

Күмісбаев Ө. Мұхтар Әуезов және Шығыс поэзиясы // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 12 маусым. – 6 б.

Мағжан А. Заңғар жазушының кейіпкеріне ескерткіш орнатылмақ: М. Әуезовтың "Қорғансыздың күні" әңгімесіндегі бас кейіпкері - Ғазизаға ескерткіш орнатылмақ // Ертіс өңірі. - 2015. - 9 қыркүйек. – 7 б.

Рахымжанов Қ. А. М.Әуезов - семинария студенті // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 26 желтоқсан. – 14 б.

9 қазан Халық ақыны Тәңірберген Әміреновтың

туғанына 110 жыл (1907-1985)
Халық ақыны Тәңірбергенов 1907 жылдың 9 қазанында Абай ауданы Саржал ауылында дүниеге келді. Ауыл молдасынан оқып хат таныған Тәңірберген ел ауызындағы аңыз, әңгіме, өлең- жыр, ертегілерді үйреніп, жатқа айтатын болған. Халық жырының үлгісімен өзі де ойынан өлең шығаратын болған.

Ақынның өлендері 1930 жылдан бастап республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жариялана бастады. Ол 1943 жылы желтоқсан айында Алматыда өткізілген респуликалық аындар айтысында өзін айтыскер ақын екенін мойындата білген жүйріктердің бірі.

Кезінде Т.Абдырахманова, Қ.Алтынбаев, Ш. Әбеновтермен айтысқа түсіп, жыр додасында өзінің бет- бейнесін, ақындық келбетін жүртшылыққа таныта білген айтыскер. Т.Әміреновтың өлеңдері, айтыстары жинақтарға басылып шықты: «Ақындар айтысы» (1958), «Ақындар шықты айтысқа» (1960), «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» 3-том, 1967 жылы «Жұмбақ тас» өлеңдер жинағы, 1977 жылы «Жол мұраты» атты өлеңдер жинағы шықты. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы өлеңді серік етіп, халық өміріндегі үлкенді - кішілі оқиғаларға өз үнін қосқан ақын шығармаларының ішінде: «Жұмбақ тас», «Сары атан», «Батыр» дастандары көлемі кіші болғанмен, айтар ойы қомақты. 1973 жылы шыққан «Қанды қанжар» дастаны халық жауларының қолынан каза тапқан Зейіт деген жігіттің ерлігін, азаматтық парасатын дәріптейді. «Батыр» дастаны Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевқа арналған. Халық алдында сіңірген еңбегі бағаланып «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Жоғары Советтің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әдебиеттер:
Иманжапар М. Халық ақындары мұрасы: зерттеулер, өлең-толғаулар, поэма-дастандар / М Иманжапар, М Зүкенұлы. - Семей ЖШС : "Үш биік", 2010. - 322 б.

Иманжапар М. Бір суреттің сыры // Ертіс өңірі. - 2009. - 3 маусым. – 12 б.

Қадырова Л. Семейдің мәдениетін паш еткен ақын: Халық ақыны Т.Әміреновтің туғанына 105 жыл // Семей таңы. - 2012. - 13 қараша. – 4 б.
23 қараша Қазақстан республикасының еңбек сіңірген дәрігері,

Семей облыстық акушерлер және

гинекеологтар ғылыми қоғамының негізін қалаушы

Алаш Ахметжанұлы Қозбағаровтың туғанына 100 жыл

(1917-1996)

Алаш Қозбағаров  1917 жылы 23 қарашада Семей өңірінде дүниеге келді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты.

Алаш Ахметжанұлы Алматы қалалық № 10 мектептің 7 сыныбы мен Талдықорған медициналық рабфакты аяқтаған соң, 1934 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық институтына түседі. 1939 жылы ҚазМИ-ды тәмамдап, дәрігер-емдеуші дипломымен Ақмола облыстық денсаулық сақтау бөліміне жолдама алады. Өзінің еңбек жолында Шортанды ауданында учаскелік ауруханада меңгеруші, аудан ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысы жылдары 22-гвардиялық атқыштар бригадасы 3-батальонының дәрігері болады. Өзінің батылдығы мен ерлігі үшін алғаш рет "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады. Днепрді, Украинаның оң жағалауын азат етуде жарақаттар алады. Майдан госпиталінде емделген соң, қайтадан жаралыларды құтқаруға аттанады. Кейін хирургия бөлімінің бастығы, туберкулез бөлімінің бастығы қызметтерін атқарады. Жауынгерлерді құтқарудағы еңбегі үшін екінші мәрте "Қызыл Жұлдыз" орденімен және «Германиядағы жеңісі үшін» медалімен марапатталады.

Соғыс аяқталған соң Семей қаласында акушер-гинеколог, Затон ауданының емдеу бірлестігінің бас дәрігері, 1950-1958 жж. аралығында №1 перзентханада бас дәрігер қызметтерін абыроймен атқарады.

«Клиническая оценка некоторых методов стимуляции и возбуждения родовой деятельности» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады. Бұдан соң, «Акушерлік және гинекологиялық» кафедраның меңгерушісі қызметінде 20 жыл еңбек етеді. 1979 жылы заңды демалысқа шыққан соң Алаш Ахметжанұлы ет-консерві комбинатының медицина санитарлық бөлімінің гинекология саласын басқарады. Ол 70-тен аса ғылыми жұмыс пен көптеген мақалалардың авторы.

Семей қаласының әкімі мен қалалық мәслихат қала тұрғындарының ұсынысы бойынша қаланың орталық көшелерінің біріне Алаш Қозбағаров есімін беру туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Семей облыстық акушерлер және гинекеологтар ғылыми қоғамының негізін қалаушы Алаш Ахметжанұлы Қозбағаровтың 90 жылдығына орай ШҚО Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығы мұрағатшыларының әзірлеуімен 2007 жылы «Дарю тебе жизнь…» («Саған өмір сыйлаймын») атты кітапшасы жарық көрді. Кітапшаны дайындау барысында ШҚО ҚЗҚО А.Қозбағаровтың жеке қорында 896 қор, 72 іс, 1936-1997 жылдар аралығындағы материалдар мен фотолары сақтаулы. Қарашаның соңында Семей қаласының Денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп А.Қозбағаровтың 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Онда бала мен әйелдер өмірін сақтауда аянбай жан-тәнімен еңбек еткен азаматтың жанқяирлық еңбегі, оның өмір сүрген ортасы, айналасымен қарым-қатынасы туралы сөз болды.


Әдебиеттер:

Куттыбаева С. Памяти врача Алаша Козбагарова // Вести Семей. - 2010. - 1 апреля. – 3 с.

«Саған өмір сыйлаймын...»: (А.Қозбағаровтың туғанына 90 жыл толуына орай) // Ертіс өңірі.-2007. - 24 қазан. - 2 б.




4 желтоқсан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,

ақын Алмахан Мұхаметқалиқызының

туғанына 55 жыл
Ақын Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы Жарбұлақ ауылында 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келді. Көп балалы қарапайым отбасында туған болашақ ақын жасынан ән-жыр десе ішкен асын жерге қоятын зерек бала болып өсті. Әдебиетке деген құштарлығы мектеп қабырғасынан басталды. Онда өтетін ойын-сауықтың Алмахансыз сәні кірмейтін. Сөз өнері нағашы атасы Саяхметтен дарыған көрінеді. 1976-79 жылдары мектеп қабырғасында жүргенде жазған өлеңдері республикалық «Балдырған», «Қазақстан пионері» басылымдарында жарияланып тұрды.

Ақынның ең бірінші халыққа танылуы 1979 жылдан басталды. Дәстүрлі аудандық айтыста бірінші орынды жеңіп алып, Жарбұлақ совхозының бетке ұстар ең жас ақыны атанды. Кейіннен Семейге келіп әдебиет сүйер қауыммен танысып, өзінің жазба ақын екенін мойындатты. Сөйтіп, өнердің ең қиын жолын тандады. Ақын жырлары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жиі жариялана бастады.

1991 жылы Семейдегі мұғалімдер даярлайтын Педагогикалық институттың тіл-әдебиет бөлімін ойдағыдай аяқтап, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының ғылыми қызметкері болып Абай мұраларын зерттеп мақалалар жаряилады. 1999 жылы полигон тақырыбына байланысты «Семей таңы» газетіне 140 шумақтан тұратын «Қүрсақсыз ана« деген жан тебірентерлік поэмасы шықты. 1999 жылы Өскемен қаласында өткізілген жазба ақындар мүшайрасында 1-жүлделі орынды жеңіп алды. Сол жылы «Жансая« атты тұңғыш жыр жинағы, 2002 жылы «Жыр-ғұмыр» атты екінші жинағы басылып шықты. «Абай әлемі« атты телехабарды ұйымдастырушы.

Ақын Астана қаласында «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығында жемісті қызмет етуде, Астана қаласы оқу ордалары мен қала жұртшылығының мақтанышына, ел руханиятына айналды. Атқарылып жатқан бағдарламалар негізінде Абай шығармашылығына байланысты байқаулар мен ғылыми-танымдық сабақтарды ұйымдастыру дәстүрге енген. Орталықтың негізгі мақсаты - Абай шығармасы мен мұрасын бір жүйеге түзеп, елорданың жастарының назарын ұлы ақынның шығармашылығына аударту.

Әдебиеттер:
Қасымжанұлы, С. "Мұң - менің мәңгі ұстазым": (Ақын кітабы жайлы) // Ертіс өңірі. - 2010. - 24 наурыз. – 20 б.

Мұхаметқалиқызы А.Бір бөтен ой айтқым келеді: өлең // Ертіс өңірі. - 2010. - 25 тамыз. – 18 б.

Мықтыбай Н. Абайтанушы Алмахан // Қазақстан әйелдері. - 2013. - № 5. – 14 б.

5-13 желтоқсан Семей қаласында Алашорда

үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917)
Семей қаласы тарихқа аса бай, қазақтың біртуар перзенттері дүниеге келген және қызмет істеген қасиетті жер. Көптеген тарихи оқиғалар осы жерде өтті. Соның бірі - Алаш оқиғасы. Сол кезде шығып тұрған «Айқап» журналы, «Қазақ», «Сарыарқа» газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті.

1917 ж. 5 - 13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпы қазақ сиезі өтті. Сиез қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы кабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, казанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бүл бүлікшілік біздің казақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... сиез бірауыздан қаулы қылады.

-Бөкей елі. Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы - қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтган өз алдына ұлттық жерлі автономия құруға;

- қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

- қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттар бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады;

- Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халыктарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті, Семей, 1918, 25 қаңтар).

Осы қаулы күшіне еніп, сол жылдан бастап Алашорда үкіметінің әкімшілік һәм рухани астанасы болып Семей шаһарының сол жағалауы бекітілді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары бостандық туын көтерген Алаш қаласында бүгінде солардың көзіндей архитектуралық жәдігерлер жетерлік. Тарихтан хабардар әр жанға сол ғимараттар өткен күндерден сыр шертетіндей.

Сиез Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі –Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.

2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатан болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “... осы күнде мемлекет ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзуге кірісуі тиіс...”.

Сонымен сиез Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан колдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шакырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақорда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды (“Сарыарқа”, 1918, 22 қаңтар).

Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихына арналған 1929 жылы жарық көрген құжаттар жинағының негізгі көзі Семей қаласындағы қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығында сақталған. Оның басты себебі Алаш автономиясының орталығы Семей қаласы болғандықтан. Алаш қозғалысына қатысты көптеген мұрағат қорлары: Семей уездік земство басқармасы, Алаш қалалық қоғамдық басқармасы, Семей губерниялық төңкерістік комитеті, Семей губерниялық соты сияқты деректерде Алаш көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, А.Қозбағаров т.б. қолтаңбалары қойылған іс-қағаздары сақталып отыр. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, әрі қызықты құжаттардың бірі – Алаш әскери ұйымына қатысты деректер.

Алашорда үкіметінің басты міндеттерінің бірі ұлттық әскери милиция жасағын құру болатын «Заречная слободка» деп аталып жүрген қаланың бір бөлігі 1917 жылдың желтоқсан айынан бастап Алаш қаласы аталған. Алаш әскер полкына шақырылғандардың ішінде көптеген қазақ жастары болды. Тізім ішінде М.Әуезов, Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, А.Қозбағаров, М.Тұрғанбаев, Ы.Мұстамбаев, Т.Абайұлы да болған. Сақталған құжаттардың ішінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың өз қолымен жазылған құжаттың түпнұсқасы сақталған.

Әдебиеттер:

Сыдықов Е. Алаш қаласының тарихы: зерттеу. – Семей: Алаштану ғылыми-зерттеу орталығы, 2010. - 214 б.

Зекенов З. Алашорданың алғашқы үнпарағы: "Сарыарқа" газетінің тарихтағы орны // Ертіс өңірі . - 2013. - 2 қазан. – 10 б.

Мұхамадиұлы М. Алысқа көз тіккен Алаш зиялылары // Ертіс өңірі . - 2013. - 2 қаңтар. – 12 б.

Сайлаубай Е. Семейдегі Алашорда үкіметінің құжаттары мен іс – қағаздары // Абай. - 1999. - №3. - Б.44-47

Төлемісұлы К. Алашордаға атсалысқан шұбартаулықтар // Ертіс өңірі. - 2009. - 15 сәуір. – 12 б.




6 желтоқсан Ақын-импровизатор, Қазақстанның еңбек

сіңірген өнер қайраткері Нұрлыбек

Баймұратовтың туғанына 130 жыл

(1887-1969)
Нұрлыбек Баймұратов 1887 жылы 6 желтоқсанда Бесқарағай ауданы Балапан деген жерде дүниеге келген. Ақынға өлең он жасында дарыған екен. Сол кездегі тәжірибелі Абайдың хатшысы болған ақын Ахметшәріп баланың бойында булығып шыға алмай түрған өнердің барын бірден байқап, оны қасына ертіп, білгенін үйретеді, ақындық жолға баулиды.

Алғашқы ұстазынан осылай тәлім алған ол 15 жасынан ақындық жолын ұстана бастайды. 1922 жылы Семей қаласында ақын Иса Байзақовпен айтысады. Кезінде М. Әуезов бұл айтысты аса жоғары бағалаған. Баймұратовтың тұңғыш баспасөзде жарялаған шығармасы «Қала сұлуы» атты поэмасы 1925 жылы Семейде шығып тұрған «Таң» журналында басылған. Ақынның республика жұртшылығына танылып, тасының өрге домалаған екінші кезеңі - 1939 жыл. Осы жылдың 21-27 маусым күндері Қазақстан жазушыларының Алматыда өткен ІІ-ші сиезінде делегат ақын суырып салма шумақтарымен ұлы жиынды құттықтаған. Сол сиез үстінде Нұрлыбек КСРО Жазушылар Одағына мүшелікке қабылданады.

Н.Баймұратов айтыс өнерін жете меңгерген тұлға. Оның атақты ақындармен айтыстары көп болған. 1939 жылдары «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Ол 1943 жылы қарағандылық М.Жапақовпен, 1944 жылы Т. Көбдіковпен айтысқан. Сол жылдары Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров сынды халқымыздың қас батырларын жырға қосты. «Ер Төлеген» атты дастан жазды. Азамат соғысының оқиғаларын суреттеген «Қанды жорық» атты дастаны 1962 жылы кітап болып шықты. Нұрлыбек ақынның өмірінде жазықсыз жала жауып, тар қапасқа қамап, азап тартқызған күндері де аз болмаған.

Қазақтың біртуар марқасқа үлдары - М. Әуезов, Ж. Аймауытов, Ә.Қашаубаев т.б. қоян- қолтық араласып, халына қызмет көрсеткен перзенті 1969 жылы 8 қарашада 82 жасында дүние салды. 1992 жылы Башкөл совхозының орталығы Жаңа Николаевкада ақын мұражайы ашылып, басына ескерткіш орнатылды.


Әдебиеттер:
Иманжапар М. Халық ақындары мұрасы: зерттеулер, өлең-толғаулар, поэма-дастандар / М Иманжапар, М Зүкенұлы. - Семей ЖШС: "Үш биік", 2010. - 322 б.

Әбділманатқызы Ә. Нұрлыбек Баймұратұлының "Ер Төлеген" поэмасындағы фольклорлық дәстүр мәселесі // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2006. - №10. - Б.75-78

Иманжапар М. Бір суреттің сыры // Ертіс өңірі. - 2009. - 3 маусым.-12 б.

Құсанбаев С. Әуезов пен Аймауытов жоғары бағалаған жыр дүлділі: [Айтылмай жүрген ақын Нұрлыбек Баймұратов туралы] // Дидар. - 2013. - 26 қыркүйек. – 15 б.

Сейсенұлы Д. Осы жұрт Нұрлыбек ақынды біле ме екен?: [айтыс өнерінің дүлдүлі Н. Баймұратовтың есімін мәңгілік есте қалдыру туралы] // Егемен Қазақстан. - 2013. - 31 мамыр. – 9 б.

Сейсенұлы Д. Баймұратов бесқарағайлықтарға ғана керек пе?: [Айтыс өнерінің дүлдүлі Н. Баймұратовтың есімін мәңгілік есте қалдыру туралы] // Дидар. - 2013. - 6 мамыр. – 5 б.



15 желтоқсан Жазушы-журналист,

Қазақстанның халық жазушысы,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әзілхан Нұршайықовтың туғанына

95 жыл (1922-2011)



Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды. 1941-1945 жылдарда Қызыл Армия қатарында қызмет етті. Майданда жүргенде де қолына қаруы мен қаламын қатар ұстап жүрді. Өзінің жауынгер жолдастарының майдандағы ерліктерін мадақтап, үнемі өлендер, очерк, мақалалар жазып жүрді. Олар майдан газеттерінің, республикалық газет беттерінде жарияланып тұрды.

1970 жылы ол өзінің тұңғыш романы «Махаббат, қызық мол жылдарды» жазып бітірді. Роман жарияланғаннан бастап күні бүгінге дейін әр жастағы оқырманның жастығының астынан түспейтін болды және оқырмандары осы романның рухымен тәрбиеленді. Романның негізгі мақсаты - адамгершілік, эстетикалық тәрбие, жан дүние тазалығын, мөлдір махаббатты паш етеді.

Атақты «Ақиқат пен аңыз» атты роман да қазақ халқының қаһармандық бейнесін көрсету үшін даңқы аңызға айналған Бауыржан Момышұлы бейнесімен ғана шектелмей, аспан тәңірісі Талғат Бигелдиновті, фашизм ордасына алғаш ту тіккен батыр Рахымжан Қошқарбаевты, партизан Қасым Қайсеновты келістіре суреттейді. Осы "Ақиқат пен аңыз" роман‑дилогиясы үшін Әзілхан Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Қалың көпшілікке етене жақын "Махаббат қызық, мол жылдар" романы (1970) мен "Ақиқат пен аңыз" роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығар­ма­шы­лығының шырқау биігі саналады. Өлмес туындының алғашқысында жастардың қайнаған жастық өмірі туралы баяндалған, бұл роман оқырманның, әсіресе жалынды жастардың ерекше сү­йіп оқитын махаббат гимніне айналды.

Ғажайып сөз зергері, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың және А.Фадеев атындағы әскери әдебиет Мемлекетаралық сыйлығының лауреаты Ә.Нұршайықовтың «Ұлыма», «Монолог», «Майдан жазбалары», «Автопортрет» атты туындылары, «Өмір орнектері» атты әдеби күнделігі жарық көрді.

Бірқатар шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік, молдован, татар, якут тілдеріне тәржімаланған. Жазушының шығармалары негізінен Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің өмірін үлгі ету арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық, еңбекшілдік, адалдық тәрбиесін беруді басты мақсат тұтады. Ә.Нұршайықов «Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» (1980), А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық күміс медалінің (1987) иегері. "Құрмет белгісі" (1957), "Халықтар достығы" (1984), 3-дәрежелі "Даңқ" ордендерімен және "Ерен еңбегі үшін" (1995) медалімен марапатталған.

Әдебиеттер:


Нұршайықов Ә. Махаббат, қызық мол жылдар: роман. - Алматы: Жазушы, 2011. - 320 б.

Нұршайықов Ә. Махаббат жырлары. - Алматы: Санат, 2010. - 720 с.

Әз-аға / құраст. Ж Нұршайықова. - Алматы : "Қазығұрт"баспасы, 2012. - 328 б

***


Есали А. "Орден таққан" үй: (Алматыда жазушы Әзілхан Нұршайықовтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды) // Егемен Қазақстан. - 2014.- 7 қараша. – 12 б.

Қайырова А. Әзілхан Нұршайықов. "Ақиқат пен аңыз" // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2015. - № 4. - Б.110-113.

Қалиақпаров Ш. Шығармалары - халқының рухани қазынасы: немесе Әз-аға Нұршайықов туралы бір үзік сыр // Семей таңы. - 2014. - 7 қаңтар. - 4 б.

Нұршайықов Ә. "Абай майданда бізбен бірге болды"// Семей таңы . - 2010. - 21 қазан. – 3 б.

Сұлтанбеков М. Әз-Ағаның романдары туралы // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 19 қазан. – 6 б.

Сұлтанов Ө. Махаббат жыршысының беймәлім беттері // Семей таңы. - 2012. - 28 тамыз. – 4 б.



19 желтоқсан   Майдангер-жазушы Әди Шәріповтің

туғанына 105 жыл (1912-1993)

Қазақ тарихында XX ғасырдың басындағы дүрбелең, 1930-жылдардағы ашаршылық, 1937-жылғы қанды қырғын, 1941-1945 ж. соғыс, одан кейінгі қазақ халқының тіршілігі майдангер-жазушы Әди Шәріповтің көзімен көріп, көңіліне тоқыған ұзақ өмір жолы.

Әди Шәріпов 1912 жылдың 19 желтоқсанында  Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Мариновка ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Қазақ педагогикалық институтын  (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) бітірген. Еңбек жолын Әди Шәріпов 1938 жылы Алматы облысының мектептерінде мұғалім болудан бастаған. Ұлы Отан соғысына қатысып, Белоруссиядағы партизан құрамаларының біріне саяси жетекшілік етті. Соғыс жылдарында партизан атанып, қаруымен бірге қаламын да қатар алып жүрген ол осынау қанды қырғында басынан өткен оқиғаларды қағаз бетіне түсіріп, келер ұрпаққа мол мұра ретінде қалдырған. «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Тон», «Қапастағы жұлдыздар», «Дос сыры», «Бір тонның тарихы» атты еңбектерін оқырман қауым жылы қабылдап, сүйіп оқитын шығармаларына айналды.

Соғыстан кейін, бейбіт еңбекке араласып, ұзақ жылдар бойы өдебиеттану ғылымында жемісті еңбек етті. Ол филология ғылымының докторы, 350-ден астам ғылыми мақалалар мен зерттеулердің, монографиялардың авторы.

Көп жылғы еңбектері еленіп «Ленин», «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, КСРО медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Кембридж университетінің халықаралық библиографиялық орталығы шығарған «Планетаның аса көрнекті адамдары» атты анықтамалыққа есімі енгізілді.

Әдебиеттер:


Арынұлы Р. Әлдидің әлемі // Ертіс өңірі. - 2011. - 22 маусым. – 11 б.

Зайкенова, Р. Жақсылыққа жаралған жүрек // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 7 қыркүйек. – 11 б.

Соғымбаев О. Ақберен: Әди Шәріпов - 100 // Семей таңы. - 2012. - 22 мамыр. – 5 б.

Чушекова Ж. Ол күндер ұмытылмайды: (1941-1945) // Семей таңы. - 2012. - 8 мамыр. – 4 б.



23 желтоқсан Суырып салма ақын Қалихан Алтынбаевтың

туғанына 90 жыл (1927-2002)
Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаев - республикаға аты мәлім, әрі жазба, әрі суырып салма ақындардың бірі. 1927 жылы 23 желтоқсанда Жарма ауданының Малай колхозында туған. Шешесі Сағила Смаққызы халық ақыны С.Әлімбетовтің жақын қарындасы. Әкесі Қалиасқар домбырашы, өлеңші, шежіре кісі болған. Қалиханның өзі де жастайынан С. Әлімбетов; Т.Көбдіков, Н. Баймұратов, Т.Әміренов секілді ақындардан үлгі алып өсті.

Көрнекті өнер иесінің ерекше қасиеті - ұлттық өнеріміздің алтын қазығы - ауыз әдебиетін терең білетіндігі, халқымыздың өткен-кеткен тарихынан, көне шежірелерден мол хабардарлығы, шұрайлы тіл байлығы, тіліміздегі ескі сөздердің мағынасын жетік ажырата алатындығы.

Айтыс өнеріне 1957 жылдан бастап белсене араласып келе жатқан ақын талай ұлы дүбірлі сайыстарда суырылып шығып, абыройға ие болды. Оның кезекті бір айтыста қолма-қол тауып айтқан "Үш бәйтерек" деген өлеңі көпшіліктің сұрауымен баспа бетінде қайта жарық көріп, ел аузынан түспейтін аңызға айналып кеткені шындық.

Ақын - онға тарта поэмалардың авторы, шағын да шымыр, поэзияның нағыз асыл маржаны деп айтуға тұратын лирикалық өлендері бар ақын.



Әдебиеттер:
Иманжапар М. Халық ақындары мұрасы: зерттеулер, өлең-толғаулар, поэма-дастандар / М Иманжапар, М Зүкенұлы. – Семей: ЖШС"Үш биік", 2010. - 322 б.

Семей өңірінің ақын-жазушылары.- Семей: «Семей Печать» ШҚО, 2013. – 97 б.

Төлебаева Қ. Қалихан Алтынбаевтың этнографиялық әңгімелері // Семей таңы . - 2009. - 9 шілде. – 4 б.

Аталып өтілетін, айы-күні белгісіз есімдер:

Кеңес Одағының батыры

Жанғазы Молдағалиевтың туғанына 100 жыл

(1917-1943)

Жанғазы Әкімұлы Молдағалиев - 1917 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданындағы Бестамақ ауылында дүниеге келді. Жанғазының ата-анасы кедейліктің тақсіретін көп тартқан қарапайым ғана адамдар. Апасы Қанипа ата-анасынан жетім қалған жалғыз бауыры Жанғазыны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай арқалап жүріп асырайды.

Жанғазы оқуда озат, еңбекке ынталы, пысық бала болып өседі. Алғаш мектеп есігін өз ауылында ашады, кейін Жаңа Семей қаласына көшіп келуіне байланысты 1929 жылы Семейдегі бұрынғы № 19 қазіргі № 2 орта мектебіне оқуға түсіп, оның үш класын 1937 жылы мақтау қағазымен бітіріп шығады.

Мектепте тәрбиеленіп жүрген кезінде-ақ Жанғазы қоғам жұмысына, түрлі үйірме, ойын-сауықтарға белсене араласады. Пионер ұйымында тәрбиеленіп, өзі де пионер вожатый болады. Осы кезде Ленин комсомолына мүше болып өтеді.

1937 жылы апасы Қанипа кездейсоқ науқасқа шалдығып, Жанғазы енді үйдің бас көтерері өзі екенін жауапкершілікпен сезініп, қаладағы ұн қомбинатына жұмысқа тұрады. Жанғазы орта мектептің 8-сыныбын тәмамдап, аудандық кеңес атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарған. Әскери қызметке 1938 жылы өз құрдастарымен қатар ол да шақырылады. Алғаш Қиыр Шығыста атты әскер қатарында болып, әскери даярлықтың озаты атананған Жанғазы кіші командирліктен кіші лейтенанттық дәрежесіне дейін көтеріледі.

Ол қызмет атқарған әскер құрамасы Қиыр Шығыстан Калинин майданына аттанды. Одан әрі Сталинград, Дон, Ворнеж, 3 Украин майдандарында әуелі - взвод, сонан соң рота командирі болып соғысқа қатысады. Ұлы Отан соғысы басталған күннен-ақ Жанғазы Молдағалиев неміс-фашист басқыншылармен батыл айқасқа түсті. Осындағы ұрыстарда Воронежге қарай бет алды. Гвардия лейтенанты Молдағалиев ротасының жауынгерлері Елизарово селосын азат етіп, жаудың жүзден аса солдаты мен офицерін жойып, 25 гитлершіні тұтқынға алды. Көптеген мәліметтер, соғыс құпиялары алынды. Елизарово толық жаудан тазартылды.

1943 жылы 31 қазанда Жанғазы басқарған 2 атқыштар ротасы Чернопаровка селосының батыс бөлігіне орналасқан тірек-пункті – 167,2 - биіктікті басып алу туралы бұйрық алады. Осы бір қиын-қыстау сәтте гвардияшыл лейтенант Молдағалиев жау дзотының аузын өз денесімен жапты. Сол-ақ екен, жауынгерлер де жауға лап қойып, жаудың тас-талқанын шығарды. Жанғазының ерлігі бүкіл майданға тез тарады.

1943 жылы 31 қазанда Украина жеріндегі Елизарово селосының маңындағы 167,2 биіктікке орналасқан бекініс үшін асқан ерлік көрсетіп, жаңбырша оқ боратып тұрған жау дзотының аузын кеудесімен жауып, ротаға жол ашқан Жанғазы Молдағалиевтың денесі сол өзі шайқасқан Днепропетровск облысындағы Черноправка деревнясының жанына жерленді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 19 наурыздағы Указымен Жанғазыға Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.

Жанғазы Молдағалиев Сталинград, Дон майдандарындағы ерліктері үшін 2 рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, Жоғарғы бас қолбасшының бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталды. Елизарово селосындағы №1 Украин орта мектебі мен Семей аймағындағы Абай ауданы, өзінің кіндік қаны тамған жерінде, Тоқтамыс ауылындағы орта мектеп Жанғазы Молдағалиев атымен аталады.
Әдебиеттер:
Бейісқұлов Т. Матросовтың ерлігін одан бұрын жасаған қазақ // Мәдениет. - 2010. - № 5. – Б.10-12.

Жүнісжанов Ж. Тоқтамыс батырдың майдангер ұрпақтары // Ертіс өңірі. - 2010. - 21 сәуір.-17 б.

Көркембаев Р. Жанғазының биігі // Ертіс өңірі. - 2010. - 17 наурыз. – 17 б.

Тусунбаева Т. Жанын қиған Жанғазы // Ертіс өңірі. - 2011. - 4 мамыр. – 7 б.




Ақын, ұстаз, зиялы азамат

Тұрлықан Қасеновтың

туғанына 115 жыл (1902-1942)
Қазақтың әйгілі балуаны, әлемнің, Еуропаның чемпионы, екі
мәрте әлем кубогының иегері, бұрынғы Кеңес Одағының жеті мәрте
чемпионы Дәулет Тұрлықановтың атасы, атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасов, жазушы Мұхтар Әуезовпен таныс болған Тұрлықан Қасенұлы Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс облыстық бөлімшесін басқарған көзі ашық, зиялы азаматы болды. Ақын қызыл империяның қанды шеңгеліне Сәкен, Ілияс, Бейімбеттермен қатар ілініп арманда кеткен азамат.

Архив деректеріне сүйенсек, Тұрлықан Қасенұлы сол кездегі ақын-жазушылармен қоян-қолтық араласқан. Семейде «Еңбек» жинағын шығаруға ұйтқы болған Тұрлықан бір жағынан ұжымшар жастар мектебінің директоры болып қызмет атқарған. Оның шәкірті - белгілі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедханұлы ұстазы туралы былай деп еске алады: «Тұрлықан аға әдебиет пәнінен сабақ бере бастағанда, алдымен әдебиет деген сөздің мағынасын айқындап, ашып түсіндіретін. Көркем әдебиеттің өзіне тән қасиеттерін анықтап, атап ұғындырып, жеріне жеткізіп сипаттап беретін. Көркем әдебиеттің тарауларын айта келіп, ақындық өнерді айрықша атап, «Сөздің асылы – өлең» дейтін өлеңін нақышына келтіріп жатқа айта жөнелгенде жанымызды жадыратып жіберетін. Менің әдебиет жолына түсуіме игі әсер еткен, көп тағылым алған алғашқы ұстазым - Тұрлықан Қасенұлы болды».

Тұрлықан ақын кеңес идеологиясының қыспағында бар қабілет-қарымын таныта алған жоқ. Қасен қажының ұлы, «байдың баласы» деген сөзден құтыла алмады. Үш рет ұсталып, үш рет партиядан аластатылды. 1937 жылы 27 желтоқсанда темір торға қамалды. Отыз жетіде торға түскен Т.Қасенұлы 1942 жылы Төменгі Тагильде дүниеден өтеді. Артында ұрпағы қалды, өлең-жырлары, әңгіме-очерктері «Тұрлықан ақын» деген атпен қалың оқырманға жол тартты.
Әдебиеттер:
Рысбекұлы Қ. Қайтпас қайсар қазақпын. - Астана: Ер-Дәулет, 2002. - 216 б.

Зекенұлы Қ. Қазақ күресінің қайраткерлері // Семей таңы . - 2012. - 12 қазан. – 2 б.

Мұхамедханов К. Тұрлыхан Қасенұлы // Ертіс өңірі. - 2014. - 22 қазан. - Б.10-11.

Төлеген Т. Алаштың қос арысы // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 31 желтоқсан. – 14 б.



Суырып салма ақын, әнші-композитор,

Абайдың талантты шәкірті

Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл

(1867-1922)
Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы дүниеге келген. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтала алмай Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Осында Әсетті медресеге оқуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла бастайды. Жасы үлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш жасында басталғанын айтады:

Елуден жасым менің белең асқан,

Өлеңге он үш жастан араласқам.

Қызыл тіл қимылдаса қызуымен,

Текпінді терең созден жаза баспан... – дейді, ақын Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлендерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлендер болды.

Әсет - ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам. Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген. Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнрінде танылады. «Айтыс - майдан, айтысқан ақындар майданның жекпе-жектегі батыры» - деп, жазушы М.Әуезов айтқандай Әсет ақын да осы жекпе-жектен жеңіп шыққандардың бірі. Әсеттің алғашқы түскен ең үлкен айтысы - Ырысжан қызбен айтысы. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұрғыман-Нағым», «Мәлік-Дарай», «Жәмсап», «Кешубай» атты қисса дастандары бар.

Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен тағылым алған талантты шәкірттердің бірі - Әсет. Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста - халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді. Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді. Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет те келіп қосылған екен. Әсет - Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің «Евгений Онегин» романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.

Әсет - нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма - импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған. Әсет өзінің әрбір өлеңіне арнап ән шығарып, өлең-жырын шаршы топта домбыраға қосып шырқап айтады екен. «Інжу-Маржан» әні өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ, «Ырғақты», «Аққарагер», «Қаракөз», «Майда қоңыр», «Жалған-ай», «Сырмақ үйкер» тағы басқа әндердің авторы. Ақын Әсет асыл жырын әсем әнімен домбыраға қосып, асқақтата ән шырқайтын болған.

Әсет - әнші, сазгер, нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын. Ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де өрен жүйрігі. Әсет ақын алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған ақын. Әсеттің атақты «Қызыл табан - ағаш ат» поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, «Мың бір түн» сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма. «Салиха-Сәмен» поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, құрбан болған жандар туралы. Олар өз заманының қатал заңының құрбандары. 1992 жылы Мақаншы ауылында ақын атында мұражай ашылып, 2007 жылы мұражай алдына бюсті орнатылды.

Әдебиеттер:

Жұмабеков Е. Әсет пен Кемпірбайдың айтысы хақынды // Семей таңы.- 2010. - 23 қыркүйек. – 3 б.

Қалибекұлы Ғ. "Алты Алаш ардақтаған Әсек ақын...": Ә.Найманбайұлының басына жерінің топырағы бұйырды // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 26 шілде.- 7 б.

Разуев Ә. Ақын Әсеттің бойтұмары // Ертіс өңірі . - 2010. - 8 қыркүйек. – 12 б.

Сейсенұлы Д. Әуелете ән салса әнші Әсет // Егемен Қазақстан. - 2012. - 14 қараша. - 12. Б.

Тұйғынұлы Ә. Әсет туындылары әлі де толық зерттеуді қажет етеді // Дидар. - 2011. - 3 наурыз. – 7 б.


Ақын, домбырашы, скрипкашы,

әнші, Абайдың талантты шәкірті

Мұқа Әділханұлының туғанына 160 жыл

(1857-1927)
Абай қасындағы аса талантты әнші-музыканттарды атағанда алдымен Мұқа Әділханұлы есімі айтылады. Абай ауылының ән мен күйін келтіретін Мұқа келе-келе Абай ауылындағы әншілер мектебінің ұстазына айналды. Музыка өнерін қаладан арнайы үйреніп келген Мұқадан «Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Кәкітай, Тұрағұл, Әлмағамбет, Мұхамеджан, Өтегелді тағы бірнеше жастар домбыра, гармон, скрипка тартып, музыка тілін үйреніп шығады.

Бүгінгі тілмен айтсақ, Мұқанікі музыка үйірмесі іспетті. Абайдың Мұқа сияқты талантты ауылына алғызуы сияқты өнегелі ісі өз шәкірттерінің өмір жолында да жалғасқан. Мәселен, Мағауия інісі Тұрағұлдың ән-күйге әуестігін біліп Семейден Яков деген скрипкашыны алдырып, ақы төлеп, Тұрағұлға скрипка үйреткен. Мұқаның талантын аса жоғары бағалаған Абай оны музыка саласында оқыту үшін Мәскеу, Петербор сияқты үлкен қалаларға жібермек болып, арнайы киім тіккізіп, жол жабдығын да дайындаған көрінеді. Ел арасындағы көп кикілжіңнің бірі қолбайлау болып Мұқа бұл сапарға бара алмай қалған екен.

Музыкант Мұқа домбыраны да өзі жасайтын шебер болған. Мұқа скрипкада ойнап орыс күйлерін қазақ даласына әкелді. Австрия композиторы И.Штраустың «Көгілдір Дунайда» вальсін скрипкада тамылжыта орындағаны соншалық, сол күйдің әсерінен «Он саусақ бірі басып, бірі қаға» деп басталатын лирикалық күйге толы өлеңін шығарады. Әнші шәкірттердің көшбасшысы ғана емес, Мұқа солардың ішіндегі үздігі-тін.

Абайтанушы ғалым Қ.Мұхамедханұлы былай дейді: «1909 жылы Семейде «Народный дом» деп аталатын орында қазақ, татар өнерпаздары домбырашы, скрипкашы, әнші-күйшілердің жарысы болғанда, оған Абай шәкірттері Мұқа Әділханов, Әлмағамбет Қапсалямов, Мұхамеджан Майбасаровтар да қатынасады. Осы өнер салыстыру жарысында бас бәйге Мұқаға беріледі». Абай дүниеден өткен соң, ұлы ақынды еске алу кештерінде Мұқа, Әлмағамбеттер ұстаз әндерін айтып, күй орындаған. Абайдың талантты шәкірті деп таныған М.Әуезов Мұқаны ертеден біліп, араласып, кейіннен Мұқа образын эпопеясында ең жарқын бейнелердің бірі ретінде сомдады.


Әдебиеттер:
Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері: 3 кітап. - Алматы: Дәуір, 1995. - Б.227-290.

Ердембеков Б. Абайдың әнші шәкірттері // Ақиқат. - 2010. - № 5. – Б.49-53

Бауыржан Ердембеков: Абайдың әнші шәкірттері // http://old.abai.kz/node/4391


Ақын Дулат Бабатайұлының туғанына

215 жыл (1802-1871)
Халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындарының бірі - Дулат Бабатайұлы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Сандықтас қонысында 1802 жылы дүниеге келген. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулат ақынның өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің жыр-толғауларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманының шындығын бірқыдыру бере білді. Ақынның өлендері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиетнама» деген атпен кітап болып шықты.  Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген.  Шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны - Шәкір Әбенов.

Бабатайұлы патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобаландарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.

Дулат шығармашылығында елеулі орын алатын батырлар жыры үлгісіндегі, Отанды қорғауға арналған патриоттық мәні бар «Еспенбет« атты толғау. Дастанның бір ерекшелігі, тек батырдың жеке тұлғасы ғана емес, халық бейнесі де қоса суреттеліп отырады. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға жем тілеп» деген өлендерінде орынсыз мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп, кішіпейілділікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздайды. Адам бойындағы асыл қасиеттерді ардақтаған ақынның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні бүгінге дейін жойылған жоқ. Дулат ақын өзінің «Бесінші сөз» немесе «Ата қоныс арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баяндайды.

Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына үлес қосты.

Шығармаларының көбі XIX ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты қазақ әдебиеті аренасына шықты. Ақын өлендері ауызша тараса да, қызыл империя тұсында әркімнің қолында сарғайған қағазда сақталып қалды. Тек халқымыз тәуелсіздігін колына алғаннан кейін ғана, 1991 жылы ақынның бір топ шығармалары құрастырылып, «Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасынан жинақ болып шықты.


Әдебиеттер:
Бабатайұлы Д. Шығармалары. - Алматы : "Нұрлы Press.kz", 2014. - 288 б.

Бабатайұлы Д. Шығармалары. - Алматы: "Ана тілі" ЖШС баспасы, 2013. - 296 б.

Бабатайұлы Д. Осындай заман кез болды: өлең-дастандар және мақалалар. - Астана: Фолиант, 2013. - 272 б

Мырзалина, А. Жыл кітабы - "Өсиетнама": («Бір ел – бір кітап» – 2016) // Семей таңы. - 2016. - 31 мамыр. – 7 б.




Есімдер көрсеткіші:


Алтынбаев Қ.

30

Атмачиди А.

17

Әділханұлы М.

35-36

Әміренов Т.

21

Әуезов М.

18-20

Бабатайұлы Д.

36-37

Баймұратов Н.

26-27

Есімжанов Т.

9-10

Ибраев М.

12-14

Жаңбырбаев Ә.

5-6

Қасенов Т.


32-33


Қозбағаров А.

22-23

Құлжанова Н.

16

Молдағалиев Ж.

31-32

Мұхаметқалиқызы А.

23-24

Найманбайұлы Ә.

33-35

Нұршайықов Ә.

27-29

Оспанов М.

10

Рымжанов Т.

15

Шәріпов Ә.

29-30

Ысмайылов Т.

6-8

Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2017 жылы

аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі
Құрастырушылар:

З.Т.- Мағауина библиограф,

ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапхана,

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі


Л.Қ.Қадырова - «ҚЗТҚО» КММ

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет