Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстан аумағында патша үкіметі жүзеге асырған қоныстандыру саясатының келеңсіз салдары



бет40/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

37. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстан аумағында патша үкіметі жүзеге асырған қоныстандыру саясатының келеңсіз салдары

Жергілікті халық жағдайының нашарлай түсуі[өңдеу]

Ішкі Ресейдегі шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аудару тасқыны мұндағы байырғы халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар өздері ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныстарын, ондағы қыстауларын, ата-баба зираттарын тастап, қиыр шеттегі әрі құнарсыз жерлерге көшуге мәжбүр болды. Отаршылдық саясат келімсек орыс шаруалары мен жергілікті қазақтардың арасында ғана емес, қазақтардың өз араларында да жанжалды дау-дамайлар тудырды.

Тартып алынған жерлердің ең жоғары мөлшері Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы неғұрлым құнарлы жерлер еді. Мәселен, қоныс аударып келген шаруалар қорына деп Омбы уезінде бүкіл жердің 52%-ы, Қостанай уезінде - 54%-ы, Ақмола уезінде - 73%-ы тартып алынды.

Мұның өзі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күйзелтті. Кедейленіп, қайыршыланған қазақтардың күнкөріс қамымен түрлі кәсіпшіліктерге, соның ішінде тау-кен өнеркәсібіне жұмыс іздеп кетуіне тура келді. Олар жатақтар деп аталды.

XIX ғасырдың аяғына қарай жатақтардың қалалар мен казактар поселкелеріне қарай ағылуы күшейді. Осыған байланысты патша үкіметінің жергілікті өкімет билігі Дала генерал-губернаторының алдына оларды бұрынғы тұрғын орындарына қайтару мәселесін қойды. Жатақтар аянышты хал кешті, бір күндік ұсақ-түйек жұмыстар атқаруға жалданып күн көрді. Ондаған мың қазақтар зауыттар мен фабриктерге, кен орындарына, тұз өндіру кәсіпшіліктеріне жұмыс іздеп кетті. Қазақстанмен көршілес Томск және Тобыл губернияларының аумағында 50 мыңға жуық қазақ билет бойынша тұрып жатты. Олардың көпшілігі маусымдық жұмыстар атқаруға жалданды. Іс жүзінде Батыс Сібірдегі қоныс аударушы орыс шаруаларының малын тақыр кедейге айналып, әбден қайыршыланған қазақтар бақты. Олар өздерінің жүрген жерлерінде түтін салығын да, жалгерлік жұмыс істеу үшін жиналатын алымдарды да толық көлемінде төлеп тұрды.

Күн көру, тіршілік ету және өздерінің жерлерін аман сақтап қалу мақсатымен қазақтар отырықшы өмір салтына көшуге мәжбүр болды. Оларды бұл жағдай да құтқара алмады. Дәстүрлі бақташылықтан бірден егіншілік кәсібіне көшу оңай тиген жоқ. Қазақтардың көпшілігінде егіншілікпен айналысуға қажетті құрал-саймандар болмады, тұқымдық дән де жеткіліксіз еді. Оның үстіне, жер өңдеудің дағдылы әдістерін де білмеді.

Столыпиннің агрардық реформасы қазақтардың мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратты. Аймақтағы демографиялық жағдайда өзгерді. Бір жағынан, қазақтардың, екінші жағынан, шаруалар мен казактардың арасындағы қарама-қайшылық шиеленісе түсті. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Куропаткин былай деп мойындауға мәжбүр болды: «Қырғыздар (қазақтар. - авт.) соңғы 30 жылда, әсіресе соңғы 12 жылда барлық жағынан да қыспаққа алынды. 1904 жылдан бастап тек Жетісу облысы бойынша ғана олардан бірнеше миллион десятина жер тартып алынды».

Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының қарсылығы[өңдеу]

Бірінші орыс революциясынан кейін қазақ халқы патша үкіметі жүргізіп отырған отаршылдық саясатқа қарсы күресті күшейте түсті. Алым-салықтар төлеуден және міндетті борыштарды атқарудан ашықтан-ашық бас тартты. Отаршылдардың сенімді тірегі — әскер құрамаларына шабуыл жасау да жиілей түсті. Қазақтар мен келімсек орыс шаруалары арасындағы шиеленісті оқиғалар орын алды. Отаршыл өкімет билігінің органдары тарапынан ұлтаралық араздықты ұшықтыра түсу әрекеттері жиілеп кетті. Мәселен, 1914 жылғы 9 қазанда Жетісу облысының әскери губернаторы уезд бастықтарын жинап алып, оларға қоныс аударушы шаруалар қатарынан сенімді қарулы отрядтар құруды міндеттеді. Олар ел арасында шолғыншылық қызмет атқаруға тиісті болды. Жалпы жағдай шиеленісе қалған кезде олар өлкедегі мұсылман халқына қарсы соғысуға міндетті еді. Әскерилендірілген қарулы шаруалар қазақ ауылдарына шабуыл жасаумен айналысты. Олардың малдарын айдап әкетті. Ал ертерек келіп орналасып қалған шаруалардың көпшілігі ондай озбырлықты ашықтан-ашық айыптады. Өйткені өлкеде бұрыннан тұратын шаруалар жергілікті қазақтармен едәуір достасып, аралас-құралас байланыс орнатып та үлгерген еді. Олар бір-бірінің тілдерін, әдет- ғұрыптарын және салт-саналарын жап-жақсы біліп қалған болатын.[1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет