Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы патша үкіметінің аграрлық саясаты – Қазақстандағы революциялық бас көтерулердің негізгі алғы шарттарының бірі болғандығын дәлелдеңіз



бет47/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

42. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы патша үкіметінің аграрлық саясаты – Қазақстандағы революциялық бас көтерулердің негізгі алғы шарттарының бірі болғандығын дәлелдеңіз.

Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1891 жылғы Дала Ережесінің жер мәселесіне байланысты отаршыл сипаты. Сібір темір жолы Ерекше комитетінің аграрлық саясатын жүргізудегі ролі. Ф.Щербина экспедициясының қызметі. Қоныс аудару қозғалысы. Қоныстанушылар. Қоныстанушылар орналасқан аудандар. Переселен деревнялары. Өкімет орындарының оларды орналастырудағы саясаты. ХІХ ғ. 2-ші жартысында Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару және оларға жасалған жеңілдіктер. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке. ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрі. ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры жұмысының негізгі бағыттары. Ресей әскерінің Іле аймағына кіргізілуі және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғау. 1881 ж. Санкт-Петербор келісімі. 1881-1884 жж. Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуінің жүзеге асырылуы. 1883 жылдан бастап Жетісуда қоныс аударушыларға берілген жеңілдік. Қоныс аударудың экологиялық зардаптары. Қоныс аудару қозғалысының әлеуметтік-экономикалық және саяси нәтижесі. Жергілікті халық пен қоныстанушылардың арасалмағы. Қазақтардың белгілі бір бөлігінің отырықшы тұрмысқа өте бастауы. Қазақ ауылына нарықтық қатынастың енуі. Мал құрамындағы өзгерістер. Қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелудің күшеюі. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп орындары қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері және сипаты. Қазақстанның қалалары. Олардың орналасуы. Қалалар – Қазақстанды отарлық қанаудың әкімшілік орталықтары. Қалалардың экономикалық өмірі. Қалалардың халқы, әлеуметтік-демографиялық құрамы. Қазақстанның жер қыртысы байлығын игеру шаралары. Орыс капиталының тау-кен өндірісіне шоғырлануы. Тас көмір және мыс қорларын игерудің басталуы. Металл өндіру заводтарының пайда болуы. Алғашқы өнеркәсіптік акционерлік қоғамдардың құрылуы. Қазақстандағы өнеркәсіп орындарында жалдамалы жұмысшылардың қалыптаса бастауы. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында қазақ буржуазиясы және сауда. ХІХ ғ. аяғында шетел капиталистерінің тау-кен өнеркәсібінде белсенділігінің артуы. Ауыл шаруашылық шикізат өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп орындарының дамуы. ХІХ ғасырдың ортасындағы жәрмеңкелер. ХІХ ғасырда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысы. Бұқтырма, Семей, Петропавлдың Синьцзянмен сауда жасау орталықтарына айналуы. Жергілікті халықтан жұмысшы мамандардың қалыптасуының ерекшеліктері. ХХ ғ. басындағы Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысы. ХІХ ғ. аяғында Қазақстанда дамыған өндіріс саласы

1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері: 
1) Қазақ жұмысшыларының аздығы. 
2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы. 
3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі. 
4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.

Революцияның тарихи маңызы:

-Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды.

-Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.

-Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.

-Қазақ еңбекшілерін «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шынықтырды.

Реакция және революциялық өрлеу кезеңі.

1905-1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Россияда реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3 маусымда Екінші Мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші Мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Социал-демократиялық фракцияның мүшелері тұтқынға алынып, сотқа тартылды және жер аударылды. Олардың қатарында Қазақстан еңбекшілерінің депутаттары А.К.Виноградов пен И.Ф.Голованов та болды.

Осы кезде революиялық ұйымдар мен революциялық қозғалысқа қатынасқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді. Полиция әсіресе, социал-демократиялық ұйымдарды, олардың мүшелерін аяусыз жазалап отырды. Реакция жылдарында РСДЖП – ның Ташкент, Омбы комитеттері, Петропавл, Семей, Верный қаласындағы социал-демократ топтары талқандалды. Революциялық қозғалысқа қатусышылар жер аударылып, каторгаға айдалды, түрмеге қамалды. Олардың арасында Қазақстаннан шыққан революционерлер – қайраткерлер В.В.Куйбышев, М.В.Фрунзе, К.А.Попов, Ф.А.Березовский т.б. болды.

Реакция жылдары патша өкіметінің ұлттық саясаты халық мүддесіне қарсы сипатта болды. Барлық жерлерде революция кезеңінде пайда болған газеттер мен журналдар жабылып, мәдени ағарту қоғамдарына тиым салынды.

1912 жылы Россияның жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Ол сәуір, мамыр айларында Лена өзені бойындағы алтын өндіру өндірісіндегі жұмыскерлерді атуға байланысты елде болған саяси толқулар бүкіл жерге жайылды. Лена қырғыны Қазақ өлкесінде ереуілдің қайтадан кең таралуына әсер етті.

1912 жылы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қөрыту заводында басталған ереуіл 1913 жылғы маусымға дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартасында Ембі мұнай- шыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу дәуірінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны 20% -ға арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қолы жетті.

Ұлттық зиялы қауым өкілдері қазақ ауылының саяси өмірге тартылуын тездетті.

1909 жылы шілдеде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды. 1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1900 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабі, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты жинағы шықты. 1913 жылы наурызда «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырып, редакторы болды. «Қазақ» газеті (1913-1918 жылдар) либералдық– демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді.

Аграрлық мәселеде қойған талаптары:

1. Жерге мемлекеттік меншікті жою. 


2. Жерді сатуға тыйым салу.

1911-1915 жылдары шығып тұрған (редакторы М.Сералин) «Айқап» журналы аграрлық- демократиялық бағытты білдірді. Журнал қызметкерлері – Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин отаршылдық саясатты әшкерелей отырып, негізгі мәселелерді қарастырды.

1. Аграрлық қатынастар. 
2. Ағарту мен білім беру ісі. 
3. Қазақ ауылдарында товар-ақша қатынастарын дамыту.

1905-1907 жылдардағы революциянық қозғалысқа қатысушы Міржақып Дулатұлының саяси бағытта жазылған шығармалары: «Бақытсыз Жамал» романы (1910 ж.), «Азамат» өлеңдер жинағы (1913 ж.), «Оян, қазақ», «Терме» әдеби-публицистикалық туындысы. М. Дулатұлы 1915 жылы патша үкіметінің аграрлық саясатын өткір сынағандықтан құғынға ұшырап, Семейде, Омбыда, Қарқаралыда болып, қазақ еңбекшілерінің саяси бағытын анықтауда ерекше роль арқарды.

Сөйтіп, осы кезеңдері әлеуметтік күрестің шиеленісуіне алғышарттар қалынтасты: 
1. Революциялық жағдайдың тереңдеуі. 
2. Шаруашылық дағдарыс. 
3. Азық-тулік тапшылығы. 
4. Партиялар мен құпия үйымдардың ашылу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет