Гипоталамо-гипофизарлық жеткіліксіздігінде орын толтырушы терапия. ЛГ аналогтарымен (профаза, хориондық немесе менопаузалық гонадотропин, хоригонин) және ФСГ (пергонал, неопергонал) жүргізіледі. Тапшылығына байланысты бір немесе бірнеше жоғарыда аталған препараттармен аптасына үш рет, екі ай мерзімде емделеді, емдеу мерзімінің арасы 1-2 ай. Бір берілетін доза жеке айқындалады. Гипотиреоз кезінде орын толтырушы тиреоидты гормондар қолданылады. Секреторлық бедеуліктің жиі кездесетін салдары олигоозоспермия.

Антиэстрогендермен (тамоксифен, кломифенцитрит, зитозонеум) қатар андрогендер қолдануға болады. Тестостерон пропионат 25-30 мг бұлшықетке жетісіне 2-3 рет, 6 апта мерзімінде немесе «сустанон 250» бұлшықет ішіне айына екі рет мерзімде 2-5 рет егеді.
Астенозоспермияны емдеуде А, В, С, Е витаминдер, ен қан айналымын жақсарту үшін трентал қолданылады.
Шәует жолдарының бітелуін қалпына келтіру операцияларының түрлері - шәует шығатын түгік пен ен қосалқысын жалғастыру - вазоэпидидимоанастомоз, шәует шығатын түтіктің бітелуінде - вазовазоанастомоз. Сперматогенез сақталған болса, экскреторлық бедеуліктің емдеу нәтижелілігі 40-60%-ға дейін болады. Қазіргі уақытта олигозоспермияның ауыр түрлері жасанды ұрықтандыру әдістерін қолданумен емделеді.