ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы:Бедеу жұпты тексеру алгоритімі.
Орындаған: Жұман Айдана
ЖМ-716
Тексерген: Зулпухаров Асатулла Жуманович
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
Бедеулік
Себебі
Клиникасы
Диагностика
Емдеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Бедеулік (sterilitas) – кәмелетке толған әйел немесе еркек ағзасының ұрпақ бермеуі. Әйел бедеулігі екі түрлі. Біріншісі – іштен туа біткен, екіншісі жүре пайда болған бедеулік. Іштен туа біткен бедеулікке жатыр түтігінің бітеу болып, немесе жыныс мүшелерінің жетілмей тууы басты себеп. Жүре пайда болған бедеулік - әртүрлі аурулардың зардабы, түсік жасатудың салдары, жатырдың қисаюынан, жыныс мүшелерінің қабынуынан (түсік тастау, эрозия, т.б.) және де жатырдан тыс жүктілік те 70-80 пайыздық жағдайда бедеулікке алып келеді.
Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, көп жағдайда, нақтылап айтсақ, 45-50 пайыздық деңгейде отбасында бала болмау еркек бедеулігінен. Еркек бедеулігіне басты себептер: жүрек-қан тамыр жүйесі сырқаты, қант диабеті, созылмалы жұқпалы аурулар, аталық ұрық безіндегі ісік және тағы да басқа жағдайлар. Сондай-ақ еркек бедеулігі оның ағзасында түзілетін шәуһеттің (сперманың) аздығы мен әлсіздігінен де болады. Түрлі мерез, сал ауруларымен сырқаттанған еркектер де бедеулікке ұшырайды. Радиацияның да әсері мол.