Қорытынды: Техногенді ластану өте қауіпті жағдайға жетті. Ол шөлге айналуды тездетіп отыр. Техногенді қалдықтар өсімдіктер мен фаунаны сиретіп барады. Қазірдің өзінде республиканың барлық жерінің 80% өсімдіктер мен жануарладың табиғи тіршілік ету ортасы бүлінген немесе жарамсыз. Еліміздің экологиялық ахуалын шешу үшін ғылыми жетістіктерін қолданумен бірге өркениетті елдердегі экологиялық білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың, жаңа технологиялық бағдарламалардың тиімді жақтарын пайдалану қажет. Балтық жағалауындағы елдер, Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттері жер жағдайының аздығына қарамастан, көп халықты жутатапай, аз жерді жүйелі түрде қорғап, тиімді пайдаланып отыр. Соған қарай экологиялық ахуалының көрінісі жоғары деңгейде дамыған. Ал біз мол жерді ысырапсыз пайдаланып, табиғатты жұтаңдатып, экологиялық апатты жағдайға жеткіздік. Табиғат-біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес - өмір үшін күрестің негізі болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, Атматы – 2004
2. Бродский А. К. Жалпы экологияның қысқаша курсы, Алматы, 1998
3. Баешов А. Экология және таза су проблемалары, Алматы, 2003
4. Бейсенова Ә. С. Экология, Алматы - 2001
5. Бейсенова Ә. Экология – ел тағдыры//Егемен қазақстан, 2005, 13 шілде
6. Соколов Л. Өскемен экологиялық апатқа айнала ма?//Атамекен, 2003, 3 желотоқсан