ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ
9(10)-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫН
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» N 125 Бұйрығы (2019 жылдың 26 қарашасындағы №509 өзгерістермен)
Шымкент - 2022
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау —мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін үдеріс.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау —мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін үдеріс.
Өткізу түрі: мектепішілік қорытынды емтихан
Өткізу орны: білім алушы оқыған мектепте
Өткізу уақыты: жобамен 29.05.2022 - 09.06.2022 жж.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.";