Шымкент қаласы хбб нзм



Дата23.10.2023
өлшемі17,46 Kb.
#187467
түріҚұрамы
Байланысты:
Дидактикалық материал. (1)


Шымкент қаласы ХББ НЗМ

Жасуша құрамында көмірсулар, майлар (липидтер), нәруыздар, нуклеин қышқылдары, т.б. тәрізді ағзалық заттар болады. Олар табиғатта тек тірі ағзаларда ғана кездесетін болғандықтан органикалық заттар деп аталған. Жасушаның ағзалық заттары негізінен бірімен-бірі тізбектеліп қосыла алатын көміртегі, оттегі, сутегі, азот, күкірт, фосфор атомдарынан түзіледі.
Нәруыздар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады.



Химиялық элемент

Оның рөлі

Сутегі (Н)

Судың және барлық биологиялық қосылыстардың құрамына енеді

Көміртегі (С)

Барлық биологиялық қосылыстар құрамына енеді

Оттег (О)

Судың және барлық биологиялық қосылыстардың құрамына енеді

Азот (N)

Нәруыз бен нуклеин қышқылының құрылымдық бірлігі

Күкірт (S)

Нәруыз құрамына енеді

Фосфор (Р)

Тұз түрінде – сүйекте, аниондар түрінде АТФ және нуклеин қышқылдарында (ДНҚ, РНҚ) болады

Көмірсулар – барлық тірі ағзалар жасушаларының құрамында болатын оргаикалық зат. Олар жасыл өсімдіктер жасушаларындағы фотосинтез үдерісінде түзіледі. Көмірсу молекуласы көміртегі, сутегі, оттегі атомдарынан түзіледі.
Барлық тірі ағзалар жасушаларында көмірсу болады. Өсімдік жасушасының құрғақ массасында (крахмал – картоп түйнегінде) 90%-ына дейін жетеді, ал жануарларда 5%-дан көп болмайды. Мақта талшығында 98% целлюлоза бар.
Көмірсулар – глюкоза, крахмал, гликоген, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, хитин, целлюлоза.
Жай көмірсулар (глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза) суда жақсы ериды, дәмі тәтті. Ал, күрделі көмірсулар (хитин, гликоген, целлюлоза, крахмал) іс жүзінде ерімейді.
Майлар (липидтер). Майлар үш элементтен құралған: көміртегі, сутегі, оттегі. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.Майлар және майға ұқсас заттар липидтер деп аталады. Өсімдік жасушаларында заттың құрғақ массасының 5-15% май болады. Жануар мен адам жасушасында 90%-ға жуық болуы мүмкін. Өсімдік жемісі мен тұқымында, жануар ұлпаларында жинақталған май энергетикалық қор қызметін атқарады. Жасушаларда майдан өзге майға ұқсас заттар – липидтер болады. Құрамында фосфоры бар липидтер фосфолипидтер деп аталады.
Майлар суда ерімейді, жылуды нашар өткізеді.
Нәруыздар – көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді.
Нәруыздар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады.
Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus - ядро) жасуша ядросында түзілетіндіктен осылай аталған. Нуклеин қышқылдарының құрамында көміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады. Нуклеин қышқылдары 2 топка бөлінеді:
1. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ);
2. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ).
ДНҚ - жасуша хромосомасында (ядрода) болады, ол тұқымқуалау белгілерін ата-аналарынан ұрпақка берілуін кадағалайды. Жасушадағы нәруыздардың құрамын анықтайды.
РНҚ - жасушаның цитоплазмасында болады. РНҚ әр жасушаның өзіне ғана тән нәруыздардың түзілуіне қатысады



Мен ...

+/-

Органикалық заттарды ажырата аламын




Органикалық заттардың негізгі құраушы бірліктерін білемін




Органикалық заттар құрамына кіретін элементтерді білемін




Элементтердің биологиялық рөлін сипаттаймын





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет