Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2013-2014 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес интерндердің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес интерндердің сабаққа қатысуы міндетті. Интерннің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Интерн сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген интерндер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Интерн семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан интернге хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол интерн деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Кеңес уақыты : 12:20-14:20, 15:00-17:00 Негізгі және қосымша әдебиеттер Негізгі: 1. Балалар аурулары. Оқулық. 2015ж.-1024 б. Ред.басқарған А.А.Баранов қазақ тіліне ауд. Б.Т.Тукбекова.
2. Көрнекті педиатрия. Оқу құралы. 2015ж.-184б. Л. Миалл, М. Рудольф қазақ тіліне ауд. және ред. Б.Е.Тусіпқалиев.
3. Емханалық педиатрия. Оқулық. 2014ж.-752б. Калмыкова А.С.
4. Ерте жастағы балаларда кездесетін гипоксиялық ишемиялық зақымданулары және олардың салдары. Оқу құралы. - Шымкент, 2019ж.-104б. Абасова Г.Б.
5. Балалар аурулары пропедевтикасы. Оқулық. - М., 2021ж.-464б. Ред Н.А.Геппе, қаз тіліне ауд. С.М.Қабиева
Қосымша: 1. Нәресте сепсисінің ерекшеліктері. Оқу-әдістемелік құрал. 2020ж.-98б. Қылышбекова Г.Н. Рашимбетова В.М. Абдиева А.М.
2. Бронх Обструктивті синдромы бар балаларды жургізу ерекшеліктері. Оқу-әдістемелік құрал. 2020ж.-97б. Муханқызы Г. Алимова Т.А.
3. Ентігу синдромы: оқу-әдістемелік құрал. 2020 ж.-81б. Адырбекова Г.С. Абдиева А.М. Таубаева Б.Б.
4. Балалардағы жөтел: заманауи мәселе және оның шешу жолдары. Оқу- әдістемелік құрал. 2020 ж.-79б. Тоқбергенова С.М. Калменова П.Е. Рашимбетова В.М.
5. Жаңа туған нәрестелердің сарғаюы: оқу-әдістемелік құрал. 2015ж.-272б. С. Т. Кизатова.
6. Балалардың негізгі соматикалық ауруларының заманауи жіктелуіне сәйкес диагноз құрастыру. Оқу-әдістемелік құрал. 2015ж.-213б. Асқамбай К.А. Ф.Д. Хатамов.