Жарнаманың түрлері
Жарнама хабарламаларының типтерінде төмендегідей айырмашылықтар бар:
сатып алушыға әсер ету тәсілі бойынша;
көрсету тәсілі бойынша;
негізгі мақсаты мен мәні жағынан;
жарнаманы тұтынушымен болатын кері байланысы жағынан.
Жарнама хабарламаларды көрсету тәсілі бойынша екіге бөлінеді:
Рационалды (заттық) жарнама - сатып алушының ой-санасына бағытталып жасалады. Ол сатып алушыны сендіру үшін, айтылған сөздерден алған әсерін күшейту үшін аргументтерді мысалға келтіре отырып, өз пікірін сызба немесе сурет арқылы сөз түрінде жеткізеді.
Эмоционалды (ассоциативті) жарнама - бір нәрсені еске түсіру арқылы жасалады. Ол терең ойды қозғауы тиіс. Санаға, сезімге, эмоцияға көңіл бөледі. Оның ең әсерлісі – сурет, өңі, түсі және аз деңгейдегі әуені.
Кейбір жарнамалар тек рационалды немесе тек эмоционалды болып келеді. Бірақ, жарнама хабарламаларының көпшілігінде, көп жағдайда екі түрлі комбинациядан құралатын жарнамалар кездеседі.
Жарнама қойылымы жағынан «қатты» және «жұмсақ» деп екі түрге бөлінеді.
«Қатты» жарнама өз рухы жағынан өткізуге жігер беруге жақын. Мұндай жарнамалардың аз мерзімді мақсаты бар. Олар: хабарландырудың сыртқы бейнесіне әр беретін, сатып алушы объектіге дауыстап айғайлау арқылы тезірек сатылуына ықпал етеді.
«Жұмсақ» жарнаманың мақсаты тауар туралы және оның маркасы туралы хабарлап қана қоймай, осы тауардың маңайында қолайлы орта тудырады. Әдетте бұлар терең мотивтегі символкада ойнайтын эмоциялы жарнама. Ол ақырындап тұрақты сатып алушының тауарға деген ынтасын жоғарлатады. Оның ішкі сатып алу қызығушылығын арттырады.
Жарнама негізгі мақсаты мен мәні жағынан келесі түрлерге бөлінуі мүмкін:
өнеркәсіптің қоғамдағы мүддесін, беделін көтеру мақсатындағы жарнама немесе «имидж-жарнама» деп аталады;
жігерлендіретін жарнама;
тұрақтылық жарнамасы;
фирма ішіндегі жарнама;
өнімді өткізуді көбейту мақсатындағы жарнама;
жадыда сақталатын жарнама;
салыстырмалы жарнама;
есте қалатын жарнама;
бекітетін немесе үстеме жарнама;
хабарлау жарнамасы;
превентивті жарнама.
Имидж (бейне) жарнама - негізінен фирманың және тауардың партнерлар мен сатып алушыларға жағымды бейне қалыптастыруына бағытталады. Онда сенімділік, жұмыстың нәтижелілігі, клиенттерге деген жақсы ниет, тұрақтылық басым болып келеді.
Жігерлендіретін жарнама - атаулы фирманың өнімін сатып алушылар сатып алу үшін құмарландыруға бағытталады. Мұнда осы фирма өнімдерінің негізгі жағымды жақтарын, басқа тауар және қызметпен салыстырғандағы жақсы сапасын айтуға үлкен мән беріледі.
Тұрақты жарнама - партнерлар мен сатып алушыларға фирма қызметінің тұрақтылығын, оның нарықтағы сенімді тұғырын хабарлауға бағытталады.
Фирма ішіндегі жарнама - әріптестердің өзінің өнеркәсібіне деген сенімін оятуға, өз тағдырымен тығыз байланыста екенін сезіндіруге бағытталған. Егер өнеркәсіптің әр қызметкері өз жұмысына қажетті шешім қабылдай алса, оған жауапкершілікпен қараса, онда қызметкерлер фирма жұмысын қанағат тұтып және осы фирманың жарнамасын қоғамға жеткізуші болып есептеледі. Фирма ішіндегі жарнаманың құралы:
фирма газеті;
басшылар мен қызметкерлер арасындағы жақсы қарым-қатынас;
қызметкерлер үшін көптеген әлеуметтік жеңілдіктер.
Өнім өткізуді көбейту мақсатындағы жарнама – жарнама қызметінің негізгі саласы.
Жадыда сақталатын жарнама – жарнаманың барынша агрессивті түрі. Негізгі мәселесі сатып алушыны бәсекелестердің тауары, қызметі емес, өздерінің тауары мен қызметін сатып алуға көндіру.
Салыстырмалы жарнама – бұл жадыда сақталатын жарнаманың бір түрі. Ол жаранамаланатын тауар және қызметті бәсекелсетердің тауар және қызметімен салыстыруға негізделген. Бәрімізге белгілі көптеген өркениетті елдерде бәсекелес таураларды немесе оларды өндірушілерді тікелей сынауға тыйм салынған заң бар, бірақ мұндай жарнамалар әлі күнге дейін өмір сүріп келеді.
Есте қалатын жарнама – тұрақты сатып алушыға нарықтағы атаулы тауарды немесе фирманы және оның мінездемесін есіне салып отыруға арналған жарнама.
Бекітетін немесе үстеме жарнама – есте қалатын жарнаманың бір түрі. Тауарды сатып алған тұтынушыны қолдауға, олардың таңдауының дұрыстығына сенім білдіруге бағытталған жарнама. Ол тұтынушыны тұрақтандырады.
Превентивті жарнама - өзіне қажетті шығыннан көп мөлшердегі қаржы жұмасайтын жарнама. Мұндай жарнама компаниялардың мақсаты – жарнама қызметіне көп мөлшерде сома жұмсауға жағдайы жоқ бәсекелестердің тұғырын бұзу. Қандай жарнама болмасын бір мезгілде жарнаманың бірнеше түрінен құралатыны түсінікті. Жарнама хабарламасының кең көлемін жарнама тұтынушымен болатын кері байланысы жағынан екі түрге бөлуге болады. Олар жарнама хабарламасының нақты тасымалдаушысымен төмендегі жағдайда байланысып отырады:
жарнама құралымен кері байланыс;
жарнама құралымен кері емес байланыс.
Жарнама құралымен кері байланыстағылар – жиі персонифицияланған жарнама жіберушілерді және олардың мүмкін болатын реакцияларын тікелей болжайтын жарнаманың бір түрі. Жарнаманың бұл түрлері оқулықта жеке қарастырылған. Кері емес байланыстағы жарнама құралдары ол – жалпы ақпарат құралдары, оның ішінде электронды және сыртқы жарнамалардың барлық түрлері деп айтуға болады.
Жарнама технологиясы
Жарнаманың жасалып, бұқара арасында таралуы барысында оған негізгі төрт тарап қатысады:
жарнама беруші;
жарнама агенттіктері;
жарнама таратушы;
жарнаманы тұтынушы.
Жарнама агенттіктері анықтамасының бірінде: «...өздерінің тауар және қызметін өткізуге сатып алушылар іздеп жүрген клиенттердің тапсырмасы бойынша ақпараттық құралдарға жарнаманы жасайтын, өңдейтін және жіберетін шығармашылық еңбек пен іскер адамдардан тұратын тәуелсіз іскер кәсіпорын»,- делінген.
Барлық жарнама агенттіктерін негізгі жіктеу бойынша үш түрге бөлінеді:
мамандандырылған және ұсынылатын жарнамалық қызмет;
жеке өнеркәсіптік базаның болмауы немесе болуы;
жарнама арнасының болуы немесе болмауы.
Жарнама агенттіктерінің қызметі негізгі төрт бағыттан тұрады:
тапсырыс берушілер мен ұйымдардың менеджметтермен қарым қатынасын жақсарту;
жарнама өнімдерін жасау және өңдеу: суретшілердің, сценаристердің, фотографтардың, режиссерлердің шығармашылығы;
жарнама өнімінің өндірісі: полиграфия, таралым саны;
жарнаманы газетте, журналда, эфирде немесе көшеде орналастыру.
Жарнама қызметінің психологиялық құрылымында алты элемент бар: мақсатты, эмоционалды, себепті, символикалық, эстетикалық, персонифициялық. Олардың гармониялық үйлесімділігі кез келген жарнаманың ұтымды шығуына түрткі болады. Алайда, тәжірибе жүзінде осы аталғандардың бір-екі элементтері болса, қалғандары да байқалып тұрады.
Кері байланыссыз жарнама технологиясы
Жарнаманы байқау және оны есте қалдыру үшін терең ой, мазмұнды
идея қажет. Онсыз жарнама елеусіз қалады. Жарқ етер идея тек жүздеген жарнамалардың біреуінде ғана болады. Кәсіпқой мамандар жарнамашыға идеяның құндылығын түсінуі үшін мынадай мәтінге жауап беруді ұсынады.
іске асқан идеяны алғаш көргенде таң қалдым ба?
осыны мен ойлап таппағаныма өкінемін бе?
ол 30 күн бойы өміршең бола ала ма?
идеяның өзі ерекше ме?
Психологтар жарнамалық идеяны таңдаудың дұрыс болуы үшін
мынадай нақты қадамдар ұсынады.
Бірінші қадам «бірінші заңдылық, яғни тауарға деген махаббат»
жолымен басталады. Өндіруші үшін өз тауарының әдеттегі күші мен қызметін, тұтынушының назарын аударатын қасиетін және негізгі жарнама компаниясы болуды естен шығарып алады. Сондықтан бірінші қадам - өндіруші тұтынушыға ұсынатын барлық тауарлардың тізімін жасап алуы қажет.
Екінші қадам - тізім жасалғаннан кейін пайдалы немесе түрткі
болатын, тұтынушыны тауар сатып алуға итермелейтін, дәлелді талдау жасау қажет.
Үшінші қадам - дәлелді талдау жасалғаннан кейін, нарық талабы
тарапынан сатып алушы себебі мен фирманың артықшылығын бағалау керек.
Осы үш қадам - жарнамалық-коммерциялық тақырыптың
қалыптасуына мүмкіндік береді. Соның өзінде қатаң түрде «тауарға деген сүйіспеншілік заңын» сақтау қажет. Егер өндіруші тұрақты өз тауарымен бірге және оның әрбір ерекшелігіне масаттанатын болса, онда орта әлеуетті тұтынушы осы тауардың жағымды жағын сезінбеуі мүмкін. Осы заңға сүйене отырып, тұтынушы тауардың атауын және тауардың басты сапасымен байланыстыра және сатып алу үшін негізі себебін есінде сақтау қажет. Негізгі коммерциялық жарнама тақырыбын қалыптастыра отырып, жарнаманың басты екі қағидасын есте ұстау қажет.
Тұрақтылық қағидасы. Жарнама компаниясы ағымында негізгі
тақырыбын, ұранын және келбетін ауыстыруға болмайды;
Қайталаушылық. Жарнама қаншалықты көп қайталанса, соғұрлым есте
қалады және мақсатқа жетеді;
Кейде жарнама хабарламаларында түсініксіз тұстар көп кездеседі.
Негізінен бұл жарнама мәтінін қабылдауға кедергі келтіреді.
Мәтінде нақты түсініктеме болуы шарт.
Өнім не үшін қажет?
Ол тұтынушыға не үшін қажет пе?
Тауарды қайдан сатып алға болады?
Бағасы қанша? ( бөлшек бағасы, егер мүмкін болса, безендіру, шрифтің көлемі, ерекше элементтер жиынтығы арқылы «тұспалдау» керек).
Жарнама мәтінінің графикасы
Мамандар жарнама мәтінінің графикалық безендірілуіне қатысты белгіленген заңдылықтарды былай анықтайды: макетті дайындау кезінде бүгілу орынды жасыратынын, безендіру мен мәтінді бұрмалайтынын ескерген жөн.
Мәтін міндетті түрде көрерменнің, оқырманның назарын аударуы қажет. Көз шұбалаңқы азат жолсыз жазылған, анық көрсетілмеген атаусыз мәтінді оқырмен бір-ақ қабылдай алмайды. Жарнама шрифті күнделікті баспа бетіндегі материалдардың шрифтінен кіші болмауы керек. Негізінен газет шрифті өте кіші. Оқырманға жарнаманы оқуды жеңілдету қажет. Бас әріптермен басылған мәтін, бір көлемдегі әріптермен жазылған мәтінге қарағанда тез қабылданады. Баса жазылған шрифт ауыр сөз, қомақты ойды, тауарға деген сенімділікті, ал нәзік жазулар, дәлділік пен нәзіктікті білдіреді. Шрифтің «сабақтастығын» сақтап, бірдей безендірулерді үш реттен артық қолданбаған жөн. Түрлі-түсті бояулармен жазылған мәтіндер тез қабылданады.
Жарнаманың көлемі де басты мәселе болып табылады. Кейбіреулердің көзқарасымен көрнекі әрі бүтіндей бет өте жақсы болып көрінуі мүмкін. Жарнаманың мақсаты - адамды сатып алуға немесе қызметті пайдалануға итермелеу. Жарнама қағаз бетінде міндетті түрдетүлі-түсті болуы шарт емес. Бар болғаны оқырманды қызықтырып, жарнама берушінің тілегін орындауға итермелейтіндей болуы қажет. Жарнаманың тиімділігі көлемінің кішілігіне қарамастан, мысалы жиегінің қуаты мен ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін. Көлденең жолақты әріптер ауырлықты білдіреді, қиғаш жолақтар қозғалысқа әкеледі. Рамкаға орнатылған мәтін рамкасыз мәтінге қарағанда көңіл аударады. Шаршы немесе шеңберге (тұрақты симметрия) орналасқан мәтін сенімділік шақырады. Эллипс шығармашылық ізденісті тұрақтандырады. Үш бұрыштың бір бұрышына рамкада орнатылған мәтін қозғалысты тұрақтандырады. Кертілген таңбалық шрифт жақсы оқылатын және оны тақырыпқа емес жақсысы жарнамалық мәтінге пайдаланған дұрыс. Нағыз жақсы оқылатын аралығы екі интервалдан алынған 10-12 шрифт.
Негізінен бағанда 40 белгіден артық қолданбаған жөн. Ұзақ қатарлы мәтінде келесі қатарды табу қиын. Сондай- ақ ол беттердің бүгілуін қиындатады, жарнамалық хабарламаның боз және ашық түсті элементтерін жоғары, қара және ауыр түсті бөлігін төменге орналастырған жөн. Егер жарнама бір беттен аз болса онда тік орналастырған жөн. Дизайнды дайындау кезінде пайдаланатын сызық түрлері:
қиғаш сызықтар - тартымды қозғалыс жасау үшін, жылдамдық пен қуат;
- тік сызықтар - үстемдік, ұлылық пен күшқуат;
- көлденең сызықтар – тыныштықты және байсалдылықты сенімділік және жайлылықты сезіну үшін;
оқырман үшін табиғи «Маршрут» көзқарасын белгілеу пайдалы.
Мысалы безендіру тақырыбынан өтіп, тауардың ерекшелігіне немесе атауына, содан соң төмен жағына жарнама мәтінін және соңына логотип немесе тауар белгісін орналастыру қажет;
тиімді жарнама барлық бетті, жолақпен қоса «жиектеу» көрнекті
болып есептеледі. Егер оны орындау қиын болса жарнаманың айналасына жіңішке рамка жасау керек, ол элементтердің өзара әрекетіне септігін тигізеді және жұмыстың аяқталғандығын білдіреді.
«жиектеу» жарнамасында мәтін беттің шетіне дейін жетпеуі керек: ол
бүгілу мен «кесілуі» мүмкін. Мәтін мен ішкі жиек арасында 1см қалдыру керек. Логотипті ортаның төменгі немесе оң жақтың төменгі жағына орналастырған жөн. Ол көзге түсетіндей көлемді болуы керек
Жарнама мәтінінде төмендегі жағдайлар болмағаны жөн:
- тақырып бөлшектеніп немесе бас әріптермен жазылу;
- кері шрифт;
- курсив немесе шрифтің сәндік түрлері;
- суреттің үстіне түскен мәтін немесе тақырып;
- әріптер мен сөздердің өте алшақ арақашықтығы; бәрі жинақы болуы
керек;
- элементтердің қатаң орналасуы қабылдауды қиындатады, элементтердің өзара жеңіл асимметриясы;
- мәтін пайдалануда сүйір кескін - оқуды төмендетеді, мәтіннің сол жағы
тегіс болуы керек. Айтылған ұсыныстар мен талаптарды жүзеге асыру үшін, шрифтің көлемі мен басқа көркем элементтер және олардың ара қашықтығын білу керек. Анық көрсетілген жақсы оқылатын болуы шарт.
-
Қашықтықтан оқу
|
Ұсынылатын
шрифт көлемі
|
1 м................................
|
7 мм
|
3 м...............................
|
15 мм
|
5 м...............................
|
25 мм
|
10 м............................
|
40 мм
|
15 м..............................
|
70 мм
|
Мамандар жарнаманы қабылдаудың композициялық – графикалық
әдістерін ұсынады.
«Нәтижелі» тәсіл - жарнама беруші фирманың қол жеткізген
нәтижелерін графика түрінде көрнекі көрсетуде қолданылады. Осы мақсатта:
жарнама материалында тауар іс-әрекетте көрсетіледі;
тауардың белгілі сипатының бір бөлігі немесе тұтынушы жағымды жағын көрсетеді;
нәтиже салыстыру түрінде көрсетіледі «Болғаны - болады», «Оларда – Сізде» , «Бәсекелестерде - бізде».
Көбіне артықшылық жөнінде қысқа әрі нұсқа түсіндірме жасалады
Тұтынушыны жаңа ұстанымға бағыттау тәсілі
белсенді жеңімпаз кейіпкер немесе тауар, қызмет көрсетіліп,
қасында болу кезінде «бізге қосылыңдар» деген ұрандар айтылады. Кейде осындай кейіпкер немесе тауар, қызмет тікелей мағынада шектен шығып кетеді.
Тұтынушы графика құралдары арқылы белсенді қызметкер,
қожайын ретінде көрсетеді;
әрбір адам қолға үйреткен жануар, жануарлардың сүп- сүйкімді ,
мамық төлдері, бала қатысатын жарнама материалдарында әрбір жөні түзу адам автоматты түрде өзін «қожайын», «ата- ана» ретінде психологиялық ұтымды жағынан қарайды.
Жарнаманы безендіру технологиясы
Әсіресе жарнамалық хабарламада мына талаптарға сай келетін
безендіру ерекше рөл атқарады. Мәселен:
- Жарнамадағы өнімге белгілі қызығушылық танытатын және
оқырманның назар аударатын;
тауардың артықшылығын көрсетіп, оны қолданудағы нәтижелері
немесе әрекеттерді көзбен шолып көрсету;
бірнеше ұсақ безендіруден гөрі , бір ғана көлемді безендіру
пайдаланған жөн;
мүмкіндікке қарай суреттер емес фотосуреттер пайдаланған дұрыс.
Көркемсурет жәй суретке қарағанда оқырмандардың назарын аударады. Көркесуретке фотосурет, қолмен салынған карикатуралық сурет, компьютермен құрастырылған суреттер ж.т.б бейне көріністерді жатқызуға болады. Осылардың ішінде фотосурет шынайы көрінеді, адамның көңілінде сенім ұялатады. Бірақ фотосурет адамды тауар артықшылығын назарын «тартпауы» керек. Бір жарнамадағы сурет немесе фотосуретті бірге қолданбаған жөн.
Жарнама мәтінінің тақырыбы және ұрандар
Слоган – жарнаманың ұраны. Ұран жасау «мен нақты нұсқауды талап ететін адаммын» дегендей әрекетті оятады. Жарнама материалындағы слоган жасау – іс-әрекетті оятып назарды тартады. Слогандарды байқайтын адамдарды санайтын болсақ, олар барлық жарнаманы оқитын адамдардан 4-5 есе көп.
Слоган - сауда ұсынысының күшті әрекет ететін түрі, әрбір слоганда ұсыныс болуы керек. Жарнама ұранын ойлап табу кезінде мына талаптарды ескерілетін болу керек:
жалпы жарнама тақырыбына сөзсіз сәйкес келуі;
қарапайымдылық: «Ортекс» фирмасының ескі слоганы- «Ортек - не
ждет рынка, он формирует, делая ваши рубли свабодно конвертируемымы сегодня!». Фирманың жаңа слоганы (олар екеу)- «Ортекс: сөз - іс! және «Үміт пен сапа - біздің стиль».
Лозунгты есте сақтау үшін ерекше сөздер ойыны жолымен іске
асады.
«Пермавиа - акция с вериталным взлетем! » «Пермавиа» фирмасының
атауын еске түсіреді.
Жарнамалық хабарламада басты рөл оның тақырыбы болып
табылады. Тақырыпсыз жарнамалық хабарлама өте тиімсіз. Орта есеппен мәтінге қарағанда тақырыпты бес есе көп оқиды. Тақырыбында 80 пайыз тауар туралы айтылмаған мәтін берілді делік, онда әлеуетті тұтынушылар шынайы бола алмайды. Тақырыптың тұтынушы оқып үлгеретін сөз болатынын ескерген дұрыс.
Тақырыпқа қарап тұтынушы жарнаманы елестету арқылы және
тауарды қолданудан түсетін нақты пайда туралы түсінік беретіндей анық болу керек.
Тақырып – жарнаманың мәтіннің мазмұны және оны елестетіп
суреттеу арқылы қызғушылықты арттырады. Бұл көпір іспеттес.
Мамандар тақырыпты дұрыс қолданудың бірнеше жолдарын көрсеткен. Ол мына талаптарды қанағаттандыра алу керек:
1. Қысқа әрі нұсқа да болуы. Оннан көп сөзден құралған тақырып
қысқа тақырыпқа қарағанда нашар есте қалады.
2. Мүмкіндік болған жағдайда «тырнақша» ішінде болса оның
ұтымдылығы 28 пайызға өседі.
3. Қызмет немесе тауар артықшылығына нұсқау жасау әуесқойлықты оятады.
4. Белгілі нарыққа, тұтынушының белгілі бір түрінде сәйкестік болу
керек.
5. Жеке қызығушылықты ояту.
6. Өнімнің артықшылығына адресаттың бірден назар аударуы.
7. Тұтынушының қызығушылығын жарнаманың шығармашылық жағына
емес, өнім сапасына аударып бағыттау.
8. Жарнамаланатын өнімнің жалпы кейпін көрсету.
9. Ескі өнімдерді жаңа әдістермен пайдалану туралы айтатын жаңалық
стилімен тарту.
10. Қажет болмаған жағдайда тақырыпты қисайтуға, егер тақырып бір
қатарға сыймаған жағдайда тақырыпты екінші сөйлемнің ортасынан бөлмеген дұрыс.
Жарнама мәтінінің лингвистикасы
Жарнама мәтіндерін зерттеу нәтижелерінде жарнаманы қабылдауға кері әсер ететін қателер анықталып жатады. Мамандар жарнамалық хабарламаларда мәтіндегі лингвистиканы жетілдіру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше ұсыныстар жасап отыр:
ойды жүйелеу және жеңілдету. Қарапайым және тіке айту. Күнделікті
сөздер мен қысқа сөйлемдерді пайдалану. Оның мағынасын кез келген адам бірден түсіну керек. Техникалық және басқа да жаргон түрлерін пайдаланбау;
хабарламаны шабытты және еліктіретіндей етіп көрсету. Егер ол
әуесқойлықты оятса, тіпті қызығушылық тудырса одан да жақсы болар еді. Түрі ұзақ созылыңқы түсіндірмелерден, сондай-ақ мақұлдаулардан аулақ болу қажет;
Тұтынушыны осы тауар мен қызметтен түсетін пайдаға бағдарлауы
керек;
Нақты және түрткі болатындай етіп айту қажет. Сұраулы
сөйлемдерден гөрі келісу сөйлемдерін «Сізге неге біздің дүкенге кірмеске?» деген сияқты сөйлемнің орнына «дәл қазір біздің дүкендегі тауарды көріңіз» сөйлемін пайдаланған дұрыс;
Адал да шыншыл болу. Тауарды өтірік насихаттау дұрыс емес,
мұндай жағдайда қателіктің орнын толтыру өте қиынға соғады;
Мұнтаздай болу. Безендіру арқылы назар аудару - нәтижелі іс емес.
Оны қолданған көрермен мен оқырман тауар немесе жарнама тартымсыздығын жарнама берушінің соңғы үміті деп болжайды.
Ойша бейне тудыратын сөйлемдер мен сөздерді пайдалану;
Сенімді болу, көрерменге, оқырманға әсіресе тікелей сатып алу
кезінде қалай, қайтіп тауарды сату-сатып алуға болатынын айту керек.
БАҚ -тағы жарнама ерекшеліктері
Бүгінгі таңда баспасөздегі жарнама дәстүрлі БАҚ-тың бір бөлігі болып табылады. Ол ғылым мен техника жетістіктерінің ықпалы нәтижесінде бірнеше ғасыр бойы қоршаған әлемнің тіршілігімен бірге сан салалы өзгерістерге ұшырап келеді.
ХХ ғасыр басында баспасөз саласында жарнама қуатты маркетинг құралы болып саналса, ХХІ ғасыр оған өзіндік түзетулер енгізді. Бұл кезеңде пайда болған радио, телевизия, директ-маркетинг, интернет баспасөздегі жарнаманың тікелей бәсекелесі ретінде қабылданды. Мәселен, алпысыншы жылдары бірқатар компаниялар газет жарнамасынан түгелдей телевизиялыққа ауысты. Ал, жиырмасыншы ғасырдың соңында жарнама таратудың ең тиімді бірнеше жолы айқындалады. Себебі, әрбір жарнаматасушы құралдың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан олар ерекшеліктеріне сай қолданылуы тиіс.
Баспасөз басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда жарнама берушілердің барлық дерлік түрлері мен типтерінің мүдделерін анықтаушы болып табылады. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, адам ақпаратты жазбаша, яғни, баспа түрінде тез қабылдап меңгереді. Мұны жарнама берушілердің баспасөздегі жарнама қызметін пайдалануы айқындайды.
Газет пен журналдарға негізінен ұсынып отырған қызмет пен тауар сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда рационалды немесе рационалды-эмоциялық дәлелдері бар едәуір көлемді ақпаратты қажет ететін компаниялар жарнама береді.
Жарнаманың рационалды сипаты дегеніміз – иллюстрация немесе иллюстрациясыз берілетін көлемді мәліметтер мен сілтемелер, дәйексөздер мен деректерді қолдану. Жарнама беруші оқырманның әлдебір нәрсеге сеніп, көзін жеткізу мақсатында өзінің ұсынысын логикалық түрде құрап, егжей-тегжейлі тексереді. Газет-журналдардың мүмкіндіктері жарнама берушінің бұл әрекеттерінің басқа ақпарат құралдарына қарағанда нәтижелі болуына мүмкіндік береді.
Баспасөздегі жарнаманы үш негізгі топқа бөлуге болады:
- газеттегі жарнама;
- журналдағы жарнама;
- қосымшадағы жарнама.
Жарнама берушілердің көзқарасы бойынша, аталған категориялардың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Газеттегі жарнама – баспасөздегі жарнаманың ең көп тараған түрі. Бұл бірінші кезекте жарнаманың осы түрінде кемшіліктің аз болып, керісінше, артықшылықтың басымдылығына және әртүрлі газеттер ұсынатын мүмкіндіктердің ауқымына байланысты.
Көптеген жарнама берушілерді газеттің шығармашылық әлеуетінің төмендігі қанағаттандырмайды. Бірінші кезекте - баспа сапасының төмендігі. Осыны есепке ала отырып, апталық газеттер мен күнделікті басылымдар әр түрлі түстермен безендірудің және жаңа сортты қағаздарды пайдалана отырып басудың ең озық тәсіліне ауысып отырған.
Дегенмен, оларға электрондық ақпарат құралдарымен бәсекелесуі қиын. Бұл электронды бұқаралық ақпарат құралдарының тек көз алдымызға суреттеп көрсету сапасына ғана байланысты емес. Теледидар мен интернет әр түрлі түстерді ғана емес, белгілі бір жүйелі бірізділікті, кейде интерактивті тәртіпте дыбысталған қимыл-қозғалысты да көрсете алады. Осыған сәйкес, сатып алушы бұйымдар мен тауарлар, қызметтер, керек десеңіз, технологиялар туралы экрандағы көрсетілімдерден өзіне жеткілікті түрде мағлұмат ала алады. Әлбетте, газеттерде мұндай мүмкіндік жоқ.
Баспасөздегі жарнаманың келесі бір кемшілігі – оның уақытқа байланысты тұрақсыздығында. Әдетте газет тек бір мәрте ғана оқылады. Хабарландыру да соған сай «тіршілік етеді» деп айтуға болады. Күнделікті газетте – бір күн, апталық газетте – бірнеше күн. Көп жағдайда газет жастар аудиториясын толықтай қамти алмай жатады. Сондықтан жарнама берушілерге бұл топтағылардың қызығушылығын арттыру үшін басқа бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тура келеді.
Жарнама берушілер кемшілік факторы ретінде оқырмандардың газеттегі жарнамаларды елемеуін атап айтады. Олардың көпшілігі тек жаңалықтар мен редакциялық мақалаларды, сұхбаттар мен репортаждарды оқиды. Ал жарнамаларды, жеке хабарландыруларды көзбен шолып қана қояды. Қазіргі оқырманның газет оқуға уақыты аз. Көптеген оқырмандар газеттегі мақалаларға көз жүгірте өтіп, кейбіреулері тек бір айдарды оқумен шектеліп қана қояды. БАҚ-тағы жарнаманы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, бүгінгі оқырман мерзімді басылымды күнделікті оқуға 12-14 минут уақытын жұмсайды екен. Сондықтан газет шығарушылар ең басты ақпараттарды неғұрлым тиімді ету үшін газеттің алғашқы бетіне, ал сараптамалық материалдар мен шолуды басқа беттерге орналастыруға тырысады.
Тәртіп бойынша, хабарландырулар арнайы жарнама блогында жарияланатындықтан, оқырмандардың көңілін аудару үшін басқа жарнамалармен бәсекелесуге мәжбүр болады. Мұндай жағдайда шағын жарнамалар өзімен қатар орналасқан үлкен хабарландырулардың қасында мүлдем еленбей қалуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, жарнаманың дәл қай жерде орналасатындығы айқын болмайтын жағдайлар жиі кездесіп тұрады. Егер жарнама беруші арнайы орын үшін ақы төлемесе, онда оның жарнамасы басқалармен бірге немесе қаламайтын редакциялық мәтінмен қатарлас кептеліп қалмауы ықтимал. Десек те, баспасөздің басқадай жарнаматасушылардан тиімділігі мен артықшылықтарын атап өтпеуге болмайды. Жарнама берушілердің барлық категориялары үшін газеттегі жарнама құнының қымбат болмайтындығы өте жағымды дәлел болып табылады. Теледидарға жарнама беру үшін кез келген компанияның қалтасы көтере бермейді. Газетте жарнамалау орны ғана емес, сонымен бірге жарнама дайындаудың өзі арзанға түседі.
Жарнама берушілерге баспасөзде әртүрлі нұсқалы жарнамалар беруге болатындығы маңызды. Компаниялар өздерінің қаржылық мүмкіндіктері мен шығармашылық талғамына сай жарнама көлемін таңдай алады. Сонымен қатар, газеттер жарнаманы географиялық орналасуына байланысты барлық таралымдарда немесе олардың нақты бір аудандарға таралатын кейбір бөлімдеріне ғана жариялау тәсілдерін ұсына алады.
Газеттің радио мен теледидардан айырмашылығы, ол жарнамаланып отырған тауар немесе қызмет түрі жайында егжей-тегжейлі баяндауға мүмкіндігі бар. Шағын жарнаманың өзіне жеткілікті түрде қажетті ақпаратты сыйғыза отырып, түрлі мінездемелер, бағалар, байланыс телефон нөмірін, мекен-жайлар, купон және тағы басқалары кірістіре алады Оларды телевизиялық немесе радиожарнамадан көрсетуге болады, бірақ естілгенде немесе экранда жылдам көрсетілген ұсақ сандарды, бағаны, байланыс телефон нөмірін және мекен-жайды адам тез қабылдап, қас-қағым сәтте есте сақтай алмайды.
Газеттегі жарнама қызметі аз уақыттың ішінде тез пайдалануға болатындығымен ерекшеленеді. Кейде жарнаманы газеттің жуық арадағы сандарының біріне немесе келесі санға, тіпті хабарландырудың макет-түпнұсқасы дайын болмағанына қарамастан қайта беруге болады. Бұл жаппай сату, қандай да бір шұғыл хабарлама жайында немесе жарнаманы тестілеу туралы айтылған жағдайда өте маңызды. Газет шыққан күні-ақ жарнама өз нәтижесін береді. Ал келесі күндері оның қаншалықты сәтті шыққандығы туралы ой түйіп, сатылымдағы байланысты бақылауға болады.
Журналға жарнама беретіндер сатылымда өздері күтетін нәтиженің ойдағыдай болатынына көп ретте сене бермейді. Ал, жарнама басылған газет жарыққа шыққаннан кейін, көп кешікпей көптеген сатушылар дүкенге келушілер санын есептеп, сатылған тауарларды тізімдеуіне болады. Уақыты шектелген акциялар үшін газет жарнамасының әсер ету ықпалы маңызды. Басылымдағы жарнама уақытты үнемдеп, оқылу кезінде, белгілі бір уақыт аралығында тартымды әсер қалдырады. Атап айтқанда, күнделікті газетте бір күн, апталық газетте – жарияланған күннен бастап жеті күнге дейін жарнама жариялана береді. Газеттер теледидарға көрнекілікке жол беретіндігіне қарамастан, жарнама берушілерге шығармашылық ыңғай танытуда зор мүмкіндіктер ұсынады. Тапсырыс беруші компаниялар жарнама көлемін, тұрпатын, бояуын таңдай алады. Сондай-ақ, еш қаржы шығынынсыз хабарландыру мазмұнын түрлендіріп, баспасөз бетіне арнаулы шығарылымдарды орналастыруға, газетпен бірге өзінің анықтамалық қосымшаларын, үлгілерін таратуға, оқырмандардың барынша қызығушылығын туғызу үшін мүмкін болатын барлық амал-тәсілдерді пайдалануына болады. Газетте тауарлар мен қызметтердің тізбегін кең түрде жарнамалауға болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұл түрі адам баласы тұрмыс-тіршілігінің барлық саласын қамтитындықтан, мұнда кез-келген жарнама орынды. Газетте жарияланатын мақалалардың қазіргі заманға сай жаңалығын ерекшелеп көрсетеді. Жарнамада жаңалыққа қатысты сілтеме болмаса да, жаңалық элементі оған қоғамдық, экономикалық, спорттық және басқа да соңғы жаңалықтар туралы баяндайтын редакциялық мақалалардан ауысады.
Баспасөзді негізгі жарнама құралы ретінде пайдалануға болады. Теледидардағы немесе радиодағы жарнаманы газетке меңзеудің еш қиындығы жоқ. Мысалы, «Толық мағлұматты сіздер осындай газеттің осындай санынан біле аласыздар...» деген мәтіндерді бүгінгі таңда жиі кездестіреміз. Сонымен қатар, жарнама жарияланған газетті директ-маркетинг құралы ретінде делдал мен клиенттерге тарату үшін пайдалануға болады. Газеттер аудиторияның кең ауқымын қамти алады. Олардың әрқайсысын бірнеше мыңнан бастап миллиондаған тұтынушылар оқиды. Сондай-ақ, газет арқылы жарнамалар қоғамның барлық бөлігіне тарайды.
Белгілі бір географиялық орындарға таралып, көп жағдайда нақты бір аймаққа қатысты ақпаратты жариялайтындықтан, газеттегі жарнама жергілікті аймақты толығымен қамту мүмкіндігіне ие. Осылайша газет арқылы белгілі бір жергілікті нарық жағдайын анықтау ыңғайлы. Сонымен қатар, газет жарнама ықпалын іріктеуші қару болуы да мүмкін. Бір жағынан, ыңғайлас аудиториясы бар газетті таңдауға болады. Ал екінші жағынан, жарнаманы мүдделері ортақ адамдар үшін белгілі бір бетке немесе белгілі айдармен орналастыруға мүмкіндігі зор.
Газеттің басқа ақпарат құралдарынан ең маңызды ерекшелігі – аудиториясының айқын басымдығы. Баспасөз ақпаратты қабылдаудың мейлінше күрделі жолы болып табылады. Оның оқылуы едәуір интеллектуальды күш салуды талап етіп, аудиторияның белгілі бір білім деңгейін шамалайды. Білім неғұрлым жоғары болса, баспасөзге деген қызығушылық соғұрлым мол болмақ. Оған көбінесе қызмет бабына байланысты шешім қабылдайтын және адамдарға жетекшілік ететін, жас ерекшелігіне қарай – ересектер, жыныс ерекшелігіне қарай – ер адамдар мен әйелдер көп көңіл бөледі.
2009 жылы «Alvin Market» зерттеу компаниясы Қазақстанның он тоғыз ірі қаласындағы жарнама берушілер мен жарнама тұтынушылардың арасында баспасөздегі жарнама, радиожарнама, телевизяидағы жарнама, сыртқы жарнама, интернеттегі жарнама, есепшоттағы жарнама (коммуналдық, телекоммуникация үшін төлемдер) бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнама барысында халықтың қандай әлеуметтік тобы жарнаманың қай түрін таңдайтыны, оқитыны, көретіні анықталған. Сауалнаманың баспасөздегі жарнамаға қатысты нәтижесіне сараптама жасаған.
Аймақтар бойынша: Баспасөздегі жарнаманың көп үлесі Алматы қаласына тиесілі. Қазақстанның оңтүстік аймақтары ең төмен белсенділік көрсеткішіне ие екен.
Жас ерекшелік бойынша: Баспасөздегі жарнамаға 35 және одан жоғары жастағы адамдар қызығушылық білдірсе, зейнет жасына жақындағандар (55-65 жас аралығындағы) ерекше ықылас танытады екен. Ал 16 мен 19 жас аралығындағы жастар баспасөз жарнамасын оншалықты кажетсіне қоймайды екен.
Жынысы бойынша: Баспасөз жарнамасын көбіне әйел адамдар оқиды екен.
Отбасы жағдайы бойынша: Көп жағдайда баспасөз жарнамасына балалары бар отбасылы адамдар көп назар аударатыны мәлім болған.
Әлеуметтік статусы бойынша: Жұмыс істейтін адамдар. (Мектеп оқушылары мүлде қарамайды екен).
Білімі: Жоғары білімі бар. Әсіресе, гуманитарлық жоғары білімі бар адамдар ерекше қызығушылық танытатыны анықталған.
Тұтынушылық оптимизмі бойынша: Баспасөздегі жарнамаға аса зор ықылас танытатындар өздерінің табыстарына көңілдері толмай, төмен оптимизм деңгейін көрсететін адамдар болып шыққан.
Баспасөздегі аудиторияның тұрақтылығы тиімділікті анықтайды. Адамдар теледидар көргенде әдетте арнаны жиі ауыстырады. Радио тыңдағанда, бір радиотолқынды келесісіне ауыстырып тұрады. Ал, газет тәртіп бойынша, бір қалыпта оқылады. Сондықтан газет аудиториясының құрамы туралы дәл айтуға болады. Осыған сәйкес жарнаманы баспасөзге бағыттау оңайға соғады. Оқырмандардың белгілі бір бөлігі газеттегі жарнаманы елеп-ескермейтін болса да көпшілігі жарнамаланған тауарды тұтынуға әзірліктерін танытады.
Газет жарнамасын пайдалануда оның дағдылығы, орнықтылығы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол үш ғасыр бұрын пайда болды. Бұл теледидар мен радиоға қарағанда едәуір көп уақыт екендігі анық.
Баспасөз жарнамасы оқуға мәжбүрлемейді. Бұл да газет жарнамасының бір артықшылығы. Ол радио мен теледидарда кездесетіндей, ақпараттық лекті қиып өтпейді. Халық оны өз еркімен оқиды. Баспасөз аудиторияға кері әсер етпеу жағдайында көшбасшы болып табылатыны сондықтан. Егер тележарнамаға көпшілік қайшы көзқараста болса, радиожарнамаға бейтарап қарайды, ал газеттегі жарнамаға кейде бейтарап, кейде қызығушылық білдіреді. Көбіне баспасөздегі жарнамаға оң көзқараста немесе бейтарап қарайтындар «егде жастағылар», яғни, алпысқа тақағандар. Газет жарнамасын теледидар мен радиодан тағы бір ерекшелейтін жағы – газетке деген аудиторияның жоғары сенімі. Бұл «қауырсынмен жазғанды, балтамен шаппайды»,- деген нақылдың, яғни басылым сөзінің күштілігіне байланысты деуге болады. Радио мен телеэфирдегі өтпелі сөздерге қарағанда, газеттегі сөздер сақталып тұратындықтан, оны кез-келген уақытта қайта оқу мүмкіндігі оқырман сенімін арттыра түседі.
Газет жарнамасы оқырмандарды тек мазмұнымен ғана емес, оқуға ыңғайлығымен қызықтырады. Басылымды кез-келген уақытта парақтап, бірнеше мәрте қарауға болады. Бұл жағынан алғанда, теледидар мен радио қалаған уақытта қайталап көруге немесе тыңдауға жағдай жасай алмайды. Сондықтан газет жарнамасы қайталауды аз қажет етеді және арзанға түседі. Одан басқа газет пен оның ішіндегі жарнаманы кез-келген жерден оқуға болады. Егер адам теледидардан немесе радиоқабылдағыштан қалт кетсе, онда бұл жарнама беруші үшін тапсырыстан айрылуы дегенмен пара-пар.
«Alvin Market» зерттеу компаниясының мәліметтеріне сүйене отырып, біраз топшылаулар жасауға мүмкіндік туып отыр. Газетті адам өзімен бірге алып жүре алады, тастап кеткен жеріне қайта оралып алып кетуіне болады. Егер газеттегі жарнама адамды еліктірген болса, оны сақтауға, біреуге көрсетуге, талқылауға, беріп жіберуге болады. Осылайша жарнаманың ықпалын бірнеше рет күшейтуге тиімді әсер етеді.
Газеттер оқырманға жарнамаларды сұрыптауға мүмкіндік береді. Егер адамды белгілі тауар немесе қызмет түрі қызықтырған болса, онда ол түрлі жарнамаларды бір уақыт аралығында қарай алады. Әр түрлі топтағы жарнама берушілер өздерінің мақсатына қарай түрлі газеттерді пайдаланып, олардың географиялық таралуына, ақпараттық мазмұнына, оқырмандар аудиториясына, басылым таралымына, шығу мерзіміне, уақытына, таралу тәсіліне, форматына т.б. қолайлы сипаттамаларына сай таңдайды.
Жарнама берушіні қашан да газеттің географиялық таралымы олардың тауарлары мен қызметтерінің таралуына қаншалықты сәйкес келетіндігі қызықтырады. Газеттер географиялық таралуына байланысты жергілікті, өңірлік, ұлттық және трансұлттық болып бөлінеді.
Жергілікті газет - шамамен бір елді-мекенге немесе оның жақын аймақтарына таралады. Бұл жағдайда аудандық, округтік немесе қала газеттері болуы мүмкін. Олардың көмегімен шағын аумақты қамтуға болады. Бұл газеттерде хабарландыру бағасы салыстырмалы түрде төмен. Жергілікті газеттердегі жарнаманың көп бөлігін сол жердегі дүкендер, мейрамханалар, спорттық, сауықтыру және ойын-сауық орталықтарынан түсетін ұсыныстар құрайды.
Өңірлік газеттер - шамамен нақты бір ірі елді-мекенге және оған тиісті аумаққа таратылады. Ол облыс, өлке болуы мүмкін. Өңірлік газеттер біршама аумақты қамтиды. Жарнама беруші ретінде негізінен белгілі бір тауар мен қызметті сол географиялық аймаққа сататын компаниялар таратады. Бұл фирмалар орта бизнес өкілдеріне жатады.
Ұлттық газеттер – мемлекеттің барлық аумағына таратылатын газеттер. Оларға негізінен «үлкен» бизнес өкілдері, ірі компаниялар жарнама бере алады.
Трансұлттық газеттер - әлемнің бірнеше еліне тарайды. Бұл басылымдарға әр елдің ірі компаниялары мен іскерлері жарнама береді.
Газет оқырмандар аудиториясынының типіне байланысты көпшілікке танымал, мамандандырылған, іскерлер газеті болып бөлінеді.
Газет өзінің мазмұнына байланысты да ерекшелінеді. Егер газет негізінен редакциялық материалдарды: мақалалар, заметка, репортаждар, сұхбаттарды қамтыса, онда ол ақпараттық газетке жатады. Оған мысал ретінде, «Астана ақшамы», «Алматы ақшамы» газеттерін атауға болады.
Егер жарнамалық хабарламаларға ерекше көңіл бөлінсе, онда ол жарнамалық газет болып табылады. Оған «Караван», «Инфо-Цес», «Из рук в руки», «Недвижемость» т.б. Негізінен жарнамалық газетті «қызығып» сатып алушылар, яғни белгіленген бір нәрсені сатып алуға немесе сатуға ниетті адамдар оқиды.
Таралым бойынша белгілі бір жағдайда газетті қанша адам оқитындығын анықтауға болады. Дегенмен, басылымның таралым саны толықтай ешқашан да оқырмандардың нақты санына сәйкес келмейді. Шамамен алғанда, әрбір газет санын үш-төрт адам оқиды. Сондықтан бір газетте басқа басылымға қарағанда таралым саны көп болса да, оқырмандар саны төмен болуы мүмкін.
Жарнаманың қарқындылығын және оның белгілі оқиға мен уақытқа орайласып шығуына байланысты жарнама берушілер газеттің шығу кезеңін есепке алғаны дұрыс. Күнделікті газет тәртіп бойынша күн сайын шығады. Олар негізінен жаңалықты беруге зейін қояды. Апталық газеттер жұма сайын, сенбі немесе жексенбі күндерге жоспарланады. Апталық оқиғаларға түсіндіру, шолу жасаумен айналысады.
Жарнаманы берушілер тарату тәсіліне қарай аудитория құрамының тұрақтылығын, оның кірістерін білуіне болады. Таралымның неғұрлым көп бөлігі арнайы тапсырыс бойынша таралса, соғұрлым аудиторияның құрамы мен санын анықтап, жарнаманың нәтижелілігін күн ілгері көздеуге болады. Егер газет тегін таратылатын болса, онда алдын-ала тапсырыс беріп, сатып алмайтындардың қолына түсуі мүмкін. Сондықтан оны оқу міндетті де емес. Мұндай кезде аудиторияның әрекетін болжау қиынға соғады. Алайда кейде қалыпты жағдайдан тыс тегін «VІР-жазылымдар» болады. Оларды көбінесе әкімшіліктегі, ірі компаниялардағы беделді адамдар, қоғам қайраткерлері жаздырып алады. Кейде газет құрамдастырылып таратылады. Яғни, таралымның бір бөлігі алдын-ала жазылу бойынша, тағы бір бөлігі – жеке және енді бір бөлігі тегін таратылады. Ондай жағдайда жарнама берушілерге түрлі тарапқа таратылатын таралымның нақты санын білу маңызды болмақ. Тек сондай жағдайда ғана ол жарнамасының нәтижелілігіне сене алады.
Негізінен газеттер толық форматты (А-2) және аз форматты (А-3) болады. Сирек жағдайда арнайы кіші А-3 («таблоидты») форматы кездеседі. Жарнаманың нәтижелілігіне қарай формат қосалқы мағынаға ие. Жарнаманың тиімділігіне оның тікелей әсері жоқ. Десек те, толық форматты газеттер көрнекті және жарнама үшін құнды, қымбат тауарлар мен қызметтерге ыңғайлы болып саналады. Жарнама берушілерге формат хабарландырудың түрі мен көлемі жағынан маңызды. Мысалы, толық форматты газетте жарияланып, ¼ жолға арналған түпнұсқа-макет, кіші форматты басылымға келмей қалып, оны қайта жөндеуге тура келеді.
Енді журналдарға назар аударайық. Басылымның бұл түрі көп жағдайда газетке ұқсас келеді. Газетте кездесетін көптеген артықшылықтар мен кемшіліктер журналға да қатысты. Дегенмен журналдың кейбір өзіндік ерекшеліктері бар. Журнал газетке қарағанда уақыт жағынан кемшін түседі. Себебі, ол материалдарды басылымға шығару үшін бірнеше апталық дайындықты қажет етеді. Бұл уақыт аралығында жарнамаланатын тауар ескіріп, оның бағасы көтеріліп, басқа да шарттар мен талаптар өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, журналдың оқылуы баяу, демек, жарнаманың нәтижесі тез арада біліне қоймайды. Айлық журналдарда бір айдан бірнеше айларға дейін. Апталық журналдардағы жарнамамен жалпы аудиторияның орташа есеппен алпыс пайызы журналдың кезекті саны сатылымға түскен күннен бастап бір апта ішінде танысып шығады. Төртінші аптаның басында ғана аудиторияның тоқсан пайызы журналды толықтай оқи бастайды. Соған сәйкес журнал жарнамасының әсер ету ықпалы газеттегідей болмайды. Журналдарда аудиторияны географиялық тұрғыдан қамту деңгейі төмен. Әдетте, журнал таралымы газеттегіден аз болады. Журналдарда газеттегі сияқты аудитория соншалықты жергілікті емес. Журналдың оқырмандары, қалыптасқан жағдай бойынша бір географиялық ауданда топталмаған, түрлері де аз. Журнал жарнаманы ¼ жолдан төмен беруге құлшыныс етпейді. Сондықтан журналдағы жарнаманың төлемақысы да соған лайық жоғары болады. Десек те, журналдағы жарнаманың ең басты артықшылығы ретінде оның сапасының жоғары болатындығын атап көрсетуге болады. Әсіресе, түрлі жылтыр журналдардағы бейнелер мен суреттердің қай қайсысы өңін өзгертпей басылады. Журналдар жарнама мәтіндерін газеттегідей жариялап қана қоймай, оларды тауарлар үлгісімен таныстыру мүмкіндігіне ие. Журнал заманауи озық технологиямен басылады. Журналды айлар бойы, тіпті жылдар бойы сақталады. Соған сай оқырмандардың қызығушылығы мол. Оқырмандар кейде белгілі бір тақырыптарды ынта қойып оқиды, сондықтан сауатты дайындалған жарнаманы маңызды редакциялық материал ретінде қабылдауға болады. Журнал барынша ұзақ және толықтай мағлұмат алуға болатын жарнамалық мәтіндерді жариялауға мүмкіндік береді. Оқырмандар журналды газеттегі сияқты жаңалық білуден бұрын уақыт өткізу үшін оқиды. Осыдан барып тұтынушылардың жарнаманы қабылдау сапасының жоғарылығы туындайды. Қазіргі заманғы озық технология журналға арнайы қосымшалар жасауға мүмкіндік береді. Редакция журнал бетіндегі нақты бір орын немесе бөлімдер арқылы нақты бір оқырманның назарын аудара алады.
Журналдарды газеттегідей географиялық таралуына, ақпараттық мазмұнына, оқырмандар аудиториясына, басылым таралымына, шығу мерзіміне, уақытына, таралу тәсіліне, форматына т.б. сай топтастыруға болады. Журналдың географиялық таралымы негізінен ұлттық болып келеді. Трансұлттық пен қалалық таралым сирек кездеседі. Оқырман аудиториясы қарай журнал газеттегідей мамандандырылған және көпшілікке танымал болып келеді. Бірақ мамандандырылған журналдар газетке қарағанда, әдетте, аясы тар топтағы адамдардың мүддесіне қызмет етеді. Журнал арқылы әр түрлі сипаттағы аудиторияға қол жеткізуге болады. Мәселен, олар жас шамасы, мамандық, қызығушылықтары, дінге қатысты қалауы, киім таңдаудағы өзгешелігі, тамақ талғамы, демалыс түріне қатысты топтастырылуы мүмкін. Жарнама берушінің қызығушылығын туғызатын әр түрлі топтағы адамдар үшін жеке-жеке журналдар бар. Газеттегідей журнал ақпаратты және жарнамалы, аз таралымды және көп таралымды болып бөлінеді. Әдетте, журналдар апталық және айлық болады. Сонымен қатар, екі аптада бір рет, айына бір-екі мәрте немесе тоқсан сайын шығатын журналдар кездеседі. Журналдардың таралу үлгісі газеттегідей: алдын-ала жазылу бойынша, жеке түрде, тегін немесе құрама болып бөлінеді. Баспаға шығаруда пайдаланылатын негізгі формат – А-4. Қазіргі кезде А-4-ке жақын қалыптан тыс формат жиі қолданылып жүр.
Газеттер мен журналдар өзінің жарнамалық мүмкіндіктерін түрлі қосымшалардың көмегімен едәуір кеңейте алады. Оларды географиялық таралуына, ақпараттық мазмұнына, оқырмандар аудиториясына, басылым таралымына, шығу мерзіміне, уақытына, таралу тәсіліне, форматына сай топтастыруға болады. Тәжірибеде жарнама берушілер әдетте үш түрлі қосымшаны пайдаланады. Біріншісі, ақпараттық мазмұнға сай – тақырыптық. Екіншісі, географиялық таралымға сай – аумақтық. Үшіншісі, ақпаратты тасымалдаушыға қарай – электрондық болып бөлінеді.
Тақырыптық қосымша ең көп таралған түрге жатады. Әдетте журнал базасында мерзімділікке (аптасына бір мәрте, айына, тоқсан бойынша т.б. кезеңдермен) немесе арнайы жағдайларға (мерекелерге, жаңа маусымның ашылуына, т.б.) байланысты шығарылады. Тақырыптық жарнама қосымшасы журнал немесе газет жолдарына қарағанда тиімдірек. Бұл оқырмандардың тақырыптық қосымшаны өте мұқият зерделейтініне байланысты. Көп жағдайда қосымшаны негізгі беттен бөлек алып қояды. Қосымшадағы жарнама қосымша үлгісіне байланысты және нарықтағы ахуалға сай бір жылға дейін өзінің тиімділігін жоймауы мүмкін.
Әдетте қосымша негізгі беттегі қағазда және сол форматта даярланады. Алайда, егер ол негізгі беттен сапалы қағаз және басқа форматта жасалса, газет пен журналда ерекшеленіп тұрады, соған сай өзіне көпшілік назарын аудартып, үлкен жарнамалық әсерге ие болады. Кейбір басылымдарда қосымша мүлде қолданылмайды, кейбіреуінде кей жағдайларда ғана, басқаларында жылдық бағдарламаларға сай жасалады. Жарнама берушілер өзінің жарнамалық әрекетін ұзақ уақытқа жоспарлағанда соңғы жағдайдағы қосымшаның мүмкіндігін пайдалана алады. Қосымшаның тақырыбы, әдетте, басылымның ақпараттық мазмұнымен сарындас болып келеді. Кей тұста олар ойластырылған сәтке, мысалы, «Жаңа жылдық сыйлық», «Бәрі де білім күніне», «8 Наурызға», «Күздік киім маусымы» т.б. байланысты.
Аймақтық қосымша жарнама берушілер үшін басылым таралатын барлық аумаққа емес, оның белгілі бір бөлігіне ғана ықпал етуге болатынымен пайдалы. Бұл жарнама берушінің тауарлары мен қызметтері белгілі бір аумаққа таратылған жағдайда немесе жарнама беруші тауарды өзі белгілеген шағын аумаққа жарнамалап, қаражатын үнемдегісі келгенде өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |