Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет22/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

ІІ кезең (1950ж. ортасы -1960ж) тұтастай оқыту үдерісін құруда технологиялық бағыт пайда болды. Бұл кезеңде «педагогикалық әдістер технологиясы, яғни оқыту үдерісін құрудың технологиясы» өмірге келді.
Осылайша, бұл кезең соңғы нәтижеге кепілдік беретін педагогикалық үдерістің әдіс-тәсілдер жиынтығын сипаттайтын «білім беру технологиясы» ұғымының ғылымға енуімен ерекшеленеді.
ІІІ кезең (1970-1980ж.ж.) –жүйелік бағыт негізінде педагогикалық технологияны құрумен байланысты: білім беру саласындағы көкейкесті дидактикалллық мәселелерді шешуге бағытталған педагогикалық технологиялллар пайдаланылады.
Бұл кезең педагогикалық технологиялық мәселелерді шешудің арнайы ерекшеліктерімен сипатталады:
1) педагогикалық технологиялардың базасы кеңейді: білім берудің аудиовизуалды жүйесі мен бағдарланған оқытудың орнына педагогикалық технологияның іргетасы - информатика, телекоммуникация теориясы, педагогикалық квалиметрия, жүйелік анализ және психологиялық-педагогикалық ғылымдар (оқыту психологиясы, танымдық іс-әрекетті басқару теориясы, оқыту үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру);
2) соңғы нәтижелерде вербальды оқытудан аудиовизуалды оқытуға өтетін педагогикалық технологияның әдістемелік негізінің өзгерісі;
3) кәсіби педагог-технологтарды белсенді даярлау;
4) жаңа аудиовизуалдық құралдарды (үнтаспа, видеомагнитофон, кадрпроектор, полиэкран, интерактивті тақта және т.б) жаппай шығару.
Осылайша, «педагогикалық технология» ұғымын сипаттауда сапалық өзгерістер болды: «оқыту технологиясы» терминінің орнына «педагогикалық технология» термині келді. Осы кезеңдегі педагогикалық технологияға төмендегідей анықтама беруге болады: бұл тек оқытудың технологиялық құралдары мен компьютерді пайдалану саласындағы зерттеулер емес, бұл білім беру үдерісінің тиімділігін арттыратын факторларды талдау, қолданылатын әдіс-тәсілдерді бақылау болып табылады.
IV кезең (1990ж. - 2000 ж. басы) «педагогикалық технология» ұғымы эволюциясында тұтастай алғанда педагогикалық үдерістің технологиялық аспектілерін қарастырумен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет