Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет44/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
4.2 Дамыта оқыту
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару- еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселесі.
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды,біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үдерісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде және т.б.
Әлемдік педагогиканың көбінесе жүгінетін - Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген жоғарғы оқу орындарында оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ, оны жалпы білім беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені ұсынылған әдістеме мен технологиялар көбінесе дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте әр түрлі ерекше қабілеті бар балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.
Сонымен қатар, оқушы тұлғасын дамыту оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма (құралы ма) деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген ғалымдар оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан, мектептің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін: дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және жеке тәжірибе, т.б.) оң өзгерістер енеді.
Даму дегеніміз - материалдық және идеялық объективтілердің қайтымсыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады.
Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін - өнімді іс-әрекет. Өнімді іс-әрекет жан-жақты ізденудің нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Мұндай жағдайда екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағлұматтар (өнімдер) туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс-әрекет арқылы іске асады.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып-танып, әртүрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әр түрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оқу-танымдық әрекет-ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептеуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде Дамыта оқыту халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың Президенті - академик В.П.Зинченко.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі - дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі профессор Эльконин Борис Данилович болып табылады.
Профессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және оны тану үдерісі баланың сол үдеріспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не баламалық психологиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру.
В.С.Лазарев бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, педагогтарды ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю.В.Громыко қолайлы деп санайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.
А.Б.Воронцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер-жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда Мәскеу, Санк-Петербург, Харьков т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үдерісінде қолданылып жүр. Брақ, біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс әлі айтарлықтай қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін «осылай істе» деген ұстаным бойынша танымал және тәжірибелік міндеттері шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.
Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген «еркін тәрбие» мектептеріндегі білім беру үдерісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық еске сақтау қызметі дағдылар мен ебдейліктер игерілмейді. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту элементтері мен балама оқыту әдістемесінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мәселе - қайсысынан қандай элементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет