Кататоникалық симптоматика болған жағдайда –этаперазин, мажептил, френолон, эглонил қолданылады. Созылмалы шизофрения кезінде ұзақ уақыт ұстап тұрушы ем жүргіземіз. Бұл жағдайда ұзақ әсерлі нейролептиктер –модитен-депо, галоперидол-деканоат (3-4 аптада 1 рет жүргізілетін инъекция) пайдаланылады.
Нейролептиктерді жоғары мөлшерде қабылдайтын науқастарда неврологиялық әсерлер-нейролептикалық синдром, дәрілік паркинсонизм дамуы мүмкін. Бұл жағдайлардың алдын алу үшін науқастарға паркинсонға қарсы препараттар(циклодол, акинетон), димедрол, бензодиазепинді транквилизаторлар және ноотроптар қолданылады. Егер депрессия, ипохондрия көріністері, сенестопатиялар болса, антидепрессанттар-амитриптилин, мелипрамин, анафранил, лудиомил тағайындайды.