Шжн об 001/13 2005 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Есту қабілеті нашар дамыған балалардың ерекшелігі



бет3/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,53 Mb.
#5421
1   2   3

Есту қабілеті нашар дамыған балалардың ерекшелігі

Есту органы адам организмінде өте үлкен рөл атқарады. Адамның есту органы үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Іштен туа біткен сыртқы құлақтың зақымдануы сирек кездеседі. Сыртқы құлақтың толық бітеліп қалуын «атрезия» дейді. Атрезия сыртқы дыбыс тесігінің қабынуынан болады. Сыртқы құлақтың зақымдануына сыртқы дыбыс тесігінде жиналып қалған құлық та жатады. Егер адамның құлағына құлық жиналып қалса, ол маман дәрігерге баруы тиіс.

Ортаңғы құлаққа ауру қоздырғыштар енсе, ол ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда ортаңғы құлақ қабынады. Ол әр түрлі себептерден болады, мысалы, ангина, грипп аурулары.

Ішкі құлақтың зақымдалуы мына себептерге байланысты: қабыну процесінің ортаңғы құлақтан ішкі құлаққа енуі, инфекциялық аурулардың асқынуы, ми қабынуының құлаққа таралуы.

Есту органының күшті бұзылуы бұл – өздігінен немесе емделудің нәтижесінде есту органының жақсармауы. Есту органының күшті бұзылуы іштен туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа біткен есту органының күшті бұзылуы сирек кездеседі. Оның себептері: тұқым қуалаушылық, әйел баласының түрлі дәрі-дәрмектерді қолдануы, оның инфекциялық аурулармен ауруы.

Жүре пайда болған себептер: ортаңғы құлақтың күшті қабынуы, мұрын және жұтқыншақ аурулары, ауыр инфекциялық аурулар (менингит, скарлатина, қызылша) туылу кезіндегі баланың алған жарақаттары.

Есту функциясының бұзылу дәрежесіне қарай есту жетіспеушілігі екіге бөлінеді: кереңдер және құлағының мүкісі бар адамдар.

Кереңдік – есту қабілетінің толық жойылуы.

Құлағының мүкісі бар адамдар – сөз-сөйлемді қабылдаған кезде түрлі қиыншылықтардың кездесуі. Сөз-сөйлемді қабылдағанда түрлі тәсілдер қолданылады (дауысты қатты шығару, дыбыс күшейткіш приборларды қолдану, нашар еститін адамның құлағына жақындап сөйлеу).

Есту жетіспеушілігінің түрлеріне байланысты балаларды екі топқа бөледі: кереңдер және нашар еститіндер.

Кереңдердің өзі екі түрге бөлінеді:



  1. Сөз сөйлеу қабілетінен айырылған кереңдер (керең-мылқаулар);

  2. Сөз сөйлеу қабілеті бар кереңдер (есту қабілетінен кеш айырылғандар).


Көру қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі

Оқу процесіндегі қиындықтар кейде көру қабілетінің бұзылуымен байланысты болады. Шар тәрізді көз алмасы бас сүйектің көз шарасында орналасқан. Көз алмасы келесі бөліктерден тұрады: ақ қабықша, қасаң қабық, тамырлы қабықша, түсті қабықша. Қасаң қабық пен түсті қабықшаның арасында мөлдір сұйық болады. Жарық сәулесі көздің қарашығы арқылы көздің ішіне өтеді. Қарашықтың артында мөлдір көз бұршағы, шыны тәріздес дене және тор қабықшасы орналасқан. Тор қабықшасында жарық сәулелерінің тітіркенуі әсерінен қозу толқыны пайда болатын жасушалар орналасқан.

Зат анық және нақты қабылданған кезде дұрыс рефракция болады, яғни, заттан келетін сәулелер тор қабықшасында шағылысады, содан заттар анық қабылданады.

Көрудің жақыннан және алыстан көргіштік түрлері жиі кездеседі.



Жақыннан көргіштік күшті рефракцияны сипаттайды, яғни, заттан келе жатқан сәулелер тор қабықшасының алдында шағылысады, содан алыстағы заттардың бейнесі анық көрінбейді.

Алыстан көргіштік әлсіз рефракцияны сипаттайды, яғни, заттан келе жатқан сәулелер тор қабықшасының артында шағылысады, содан заттардың бейнесі жақыннан бұлыңғыр болып қабылданады. Сондықтан жақыннан орналасқан заттарды қабылдау үшін ынталы зейін қажет. Балаларда алыстан көргіштік жақыннан көргіштікке қарағанда сирек кездеседі.

Астигматизм – заттардың бейнесі тор қабықшада бір нүктеде шағылыспайды, керісінше тор қабықшадан әртүрлі қашықтықта орналасқан бірнеше нүктеде шағылысады, содан заттардың бейнесі қате қабылданады.

Көру қабілеті бұзылуының бұл түрлері рефракцияның ауытқуларымен байланысты, бірақ бұл жағдай көзілдірік кию арқылы орнына келе алады. Мұндай балаларға мектепте және отбасында дұрыс санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасалуы қажет. Таблица, карта, кесте, тақтадағы оқу материалдарын балалар дұрыс қабылдай алулары қажет.



Соқырлар – бұл жарықты түйсіне алмайтын балалар. Егер қалыпты жағдайда біздің көруімізді 1-ге тең деп алсақ, онда қараңғы мен жарықты ажырата алатын адамның көруі 0,03-0,04-ке тең болады. Соқырлар өте әлсіз жарықты түйсіне алады, яғни, жарық пен қараңғыны ажыратады.

Осындай көру қалдықтары соқырларды айналадағы өмірге бейімделуге көмектеседі.



    1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 11 арнайы коррекциялық мектеп-интернаты бар. Бұл мекемелерде жалпы саны 1958 оқушы оқиды. Ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернаттар Шымкент, Жетісай, Түркістан, Сайрам және Ленгір қалаларында орналасқан. Шымкент қаласында ақыл-есі кем балаларға арналған қосалқы мектеп және құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат бар. Ленгір қаласында тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернат, қосалқы мектеп-интернат және құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп интернат орналасқан. Түркістан қаласында қосалқы мектеп және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат орналасқан.

Аномальды балаларға арналған арнайы оқулықтар бар. Бұл оқулықтардың ерекшелігі осы мектептердегі мақсат-міндеттерге негізделген. Оқулықтардың мазмұны қарапайым тілмен сипатталған. Нашар көретін және соқыр балаларға арналған мектептің бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына негізделген.

Нашар көретін балалар үшін, оқулықтар, олардың ерекшеліктерін ескере отырып ірі шрифтпен басылады. Оқулықтарға қосымша ретінде рельефті суреттер, сызбалар, географиялық карталар қолданылады. Нашар көретін балалар – бұл біраз көру қалдықтары сақталған балалар. Бұл балалар көзілдірікті қолданған уақытта олардың көруі 0,04-0,2 аралығында болуы керек.

Жақыннан көргіштік, алыстан көргіштік және астигматизм атты көздің бұзылуы бар балалар кәдімгі жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Соқырлар арнаулы мектептерде Луи Брайль (нүктелі шрифт) жүйесі арқылы оқытылады. Сонымен қатар бұл мектепте түрлі оқу машиналары да қолданылады. Мысалы, типографиялық белгілер белгілі дыбыс сигналдары арқылы беріледі.

Нашар еститін және керең балалар үшін жоғары сыныптарда жалпы білім беретін мектептің оқулықтары қолданылады. Бұл балалар үшін оқу, оқу-әдістемелік құралдар көру қабылдауына бейімделген. Нашар еститін балалар үшін арнаулы мектепке, кәдімгі сөйлемді 2 метр аралығында, ал сыбырлап сөйлегенді 0,5 метр аралығында ести алатын балалар қабылданады. Нашар еститін балалардың сөйлемінде өзіндік ерекшеліктер болады. Олар естімеудің нәтижесінде айтылған сөйлемнің мағынасын толық түсінбейді. Дауысы қатаң, ашық емес, сөздері анық шықпайды.

Нашар еститін балалар үшін түрлі күшейткіш приборлар қолданылады. Бұл приборлар керек уақытысында дауысты күшейтіп тұрады. Нашар еститін балалар үшін арнаулы мектептерде микрофондық сыныптар бар. Нашар еститін және керең балалар еріннен оқу әдісін де қолданады. Бұл әдістің негізінде еліктеу рефлексі жатыр. Керең бала айтылған сөзді естімейді, бірақ ол тіл органдарының қимылын көреді. Сондықтан ол барлық уақытта артикуляция аппаратының қозғалысын байқап, қайталап, оған анализ жасап және сол қозғалыстарды есінде қалдыруға тырысады. Бірте-бірте бала әр әріптің артикуляциясын емес, сөздердің, сөйлемдердің суретін қабылдай бастайды. Мектептегі оқу дактилалогия әдісіне негізделген. Әр әріп дактильдік таңбамен белгіленеді. Сонымен қатар мимика-жест әдісі де қолданылады. Бұл қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым, жай формасы.
Ақыл-ойы кем балалар қосалқы мектептерде тәрбиеленді. Бастауыш сыныптарда ерекше назар сөз-сөйлемді қалыптастыру ерекшелігіне аударылады, яғни сөз-сөйлемді дұрыс түсініп қабылдау, сұрақты дұрыс түсіну, дұрыс сұрақ бере алу, өзінің іс-әрекеті туралы ойын дұрыс жеткізе білу, тапсыраны дұрыс орындау т.б. Сурет салу, пластилинмен жұмыс орындау, дене шынықтыру, өлең айту сабақтары ақыл - есі кем балаларды дамытуда, олармен коррекциялық жұмыстар өткізуде ерекше рөль атқарады.

Жоғары сыныптарда (5-8 сынып) ақыл есі кем балаларды арнайы мамандықтарға үйрету, оқыту жұмыстары басталады. Оқу шеберханаларында оқушылар жүйелі дайындық арқылы арнайы мамандықтарды игере бастайды (ағаш өңдеу, темір өңдеу, тігін шебері, қағаз-картонды түптеу жұмыстары, ауыл шаруашылық мамандықтардың кейбір түрлері т.б.).

Еңбек тәрбиесі ақыл-ойы кем балалардың жан-жақты, интеллектуалдық жағынан дамуына, сонымен қатар баланың бойында өнегелі қасиеттерді қалыптастыруға ерекше ықпал етеді. Сондықтан ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысында еңбек-оқытудың ең негізгі әдісі болып саналады. Өнегелі қасиеттерді қалыптастыру, яғни ұжым арқылы, ұжым үшін тәрбиелеу, мадақтау, ұялту, түсіндіру, үйрету әдістерін қолдану ақыл-ойы кем балалар үшін өте қажет.

Қосалқы мектептерде ұйымдастырылған оқыту және тәрбие процестері, ақыл-ой кемістігін дұрыс коррекциялау және емдеу әдістерін қолдану баланың қалыптасуына ерекше әсер етеді. Қосалқы мектептердің тәрбиеленушілері мектепті бітіргеннен кейін, нәтижелі түрде өндірістік еңбекпен айналысып, өздерінің міндеттеріне жауапкершілікпен қарай отырып қоғамға пайда келтіре алады.



2.2. Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметі.
Психикалық және физикалық кемістігі бар балаларға түрлі коррекциялық жұмыстар ұйымдастырылады. Оларға психологиялық, медициналық және педагогикалық тұрғыдан кеңестер беріледі. Осы кеңес қызметін ұйымдастыруда арнайы ереже бар. Бұл ережелер психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді, даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру арқылы халыққа көмек көрсетеді, оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешу, кемтар балаларға әлеуметтік және психологиялық-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету құқығын белгілеу үшін құрылады.

Ереженің негізгі міндеттері:

а) Туылғаннан 18-ге дейінгі балалар мен жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін анықтау, диагнозын белгілеу және оларды емдеу, оқыту мен тәрбиелеудің лайықты жағдайларын анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру;

б) Балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар әзірлеу, кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және оларды арнайы білім беру ұйымдарында емдеуді, тәрбиелеуді, оқытуды ұйымдастыру;

в) Баланың жай-күйінің өзгеруіне байланысты оған бұрын қойылған диагнозды және арнайы қызмет көрсетуге берілген құқығын қажет болған жағдайда растау, нақтылау және өзгерту;

г) Балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету мүмкіндігі, оларды халықтық білім жүйесінде арнайы оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік қорғау және альтернативті білім мекемелеріне ұйымдастыру;

д) Дамуында әр түрлі ауытқушылықтары бар: мектепте үлгермейтін, тәртібі, эмоциялық ерік аясы бұзылған, басқалармен қарым-қатынасы қиындық көретін, оның ішінде арнайы түзеу ұйымдарына жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша олардың ата-аналарына, педагогтарға, дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету;

е) Дамуында әр түрлі ауытқушылығы бар және мамандандырылған жәрдемді қажет ететін балаларды, оның ішіндегі ерте сәби жастағы балаларды дер кезінде анықтау мәселелері бойынша білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу;

ж) Кемтар балалардың физиологиялық психологиясы жай-күйінің ерекшеліктері туралы халық арасында білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстары.

Психологиялық-медициналық- педагогикалық комиссияның жұмысының негізгі мазмұны балаға медициналық-психологилық-педагогикалық тексеру жүргізу мақсатында медициналық диагнозын қою, ауруының пайда болу ерекшеліктерін анықтау және оған қатысты патологиялық өзгертулер мен оның дамуының психологиялық-педагогикалық дәрежесін анықтап, ақыл-ой және тілінің даму ерекшеліктеріне негізделген бала білімінің ауқымы, оның жасы мен білім дәрежесіне сай келетінін анықтау болып табылады.


Балаларды қабылдау және тексеру тәртібі:
Балалар мен жасөспірімдерді консультацияға жіберу білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарының бастамасы, сондай-ақ ата-аналардың мынадай құжаттарды көрсетуі бойынша жүзеге асырылады:

  • Туу туралы куәлік;

  • Маман-дәрігерлердің қорытындылары мен тексеру нәтижелері және баланың даму тарихынан толық көшірме;

  • Мектепке дейінгі білім мекемелері мен жалпы білім беретін мектептердің және өзге де ұйымдардың баланың осы ұйымдарда болған уақытын, оның дамуын талдауды, эмоциялық аясы мен мінез-құлқын, сондай-ақ дамуы мен үлгерімін арттыруды жақсарту мақсатында жүргізілген іс-шаралардың қорытындылары;

  • Баланың ана-тілі, математика, сурет бойынша жазба жұмыстары мен басқа да қызметінің жемісі.

Психологиялық – медициналық - педагогикалық комиссияда тексерілген балалар мен жасөспірімдерге (білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау бөлімдеріне) қарасты мекемелерге қорытынды жолдама беріледі.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия – мамандарының функциональды міндеттері.

Психологиялық- медициналық- педагогикалық комиссия мамандарының басты міндеттері: дәрігер балаларға дәрігерлік тексеру жүргізіп, ауруының түрін анықтайды, организмдегі қалыптан тыс патологияны тауып, оның жәй-күйіне қарай клиникалық баға береді.

Педагог-психолог, дефектолог, логопед кемістіктің құрылымын (структурасын) тауып, оның сөйлеу тілінің даму дәрежесін және тілдік кемістіктің түрін анықтай отырып, психологиялық-педагогикалық диагноз қояды.

Дамуында ауытқушылығы бар балалардың дұрыс бағдарда білім алуына және тәрбиеленуіне ықпал жасайды.


Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия– принциптері:

  1. Мүмкіншілігі шектеулі балалар мен олардың жанұясына әлеуметтік қолдау көрсетіп оңалту көмегіне кепілдеме беру;

  2. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың жанұясымен бірлесе отырып, оларға мекеменің мамандары әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзетуге көмек көрсетеді;

  3. Балаларға ерте көмек көрсетуде олардың тең құқылы және қол жеткізу мүмкіншіліктерінің шектеулігіне қарамай жасына және әлеуметтік жағдайына байланысты білім беру;

  4. Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету көмегін көрсету мақсатында әр балаға жеке жағдай жасау;

  5. Мүгедек балалармен айналысатын мұғалімдерді кадрлық жағынан іріктеу;

  6. Мүмкіншілігі шектеулі балалармен тікелей жұмыс істеу үшін жоғарғы оқу орындарында арнайы мамандар дайындайтын факультететер ашу;

  7. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оңалтудың жаңа әдісітерін енгізу;

  8. Мүгедек балаларды оңалту мен әлеуметтік бейімделуге мемелекеттің саясатын жүргізу;

  9. Бүгінгі заман талабына сай мүгедек балалалардың оқуына және келешекте жұмысқа орналасуына мүмкіншілік жасау;

  10. БАҚ-ның көмегімен мүгедек балалардың «толық қанды» өмір сүруі атты тақырыпта- салауатты жағдай жасау туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  11. Толық-қанды өмір сүре алмай, зардап шегуші мүгедек балаларға ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін жеткізу;

  12. Әр балаға жеке жағдай жасау үшін шағын мамандандырылған жаңа оқу орындарын ашу.

Аномальды балалар психологиялық, медициналық, педагогикалық және әлеуметтік жағынан тексеріледі.

Психологиялық тексеру – кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктер анықталады.

Медициналық тексеру – балалардың тіршілік әрекетінің шектелуіне себеп болатын жекелеген ағза немесе организм функциясының бұзылу түрін, ауырлығын анықтайды.

Педагогикалық тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтайды.

Әлеуметтік тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас ерекшеліктерін ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті, экономикаға дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтайды.

Аномальды балаларды оңалтудың жеке бағдарламасы бар. Бұл баланың соматикалық жай-күйі деңгейінің болжамы, психикалық дене төзімділігін, отбасының әлеуметтік мәртебесі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның қажеттіліктерінің құрылымына ден қоятын мәселелерінің шеңберіне, құштарлықтарының деңгейіне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметке қабілетін қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралар тізбесі болып табылады.

Қорытынды
Дефектология – бала дамуындағы әр түрлі ауытқулар мен денсаулықтың бұзылу себептерін зерттейтін ғылым. Бұл пәннің мақсаты – әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру. Дефектология ғылым ретінде әлі де кеңінен мәлім бола қоймағанымен, ғалымдар және әр түрлі ғылым саласындағы мамандар оған аса зор мән беріп отыр.

Ақыл-ойы кем, өсуі нашар (аномальды) бала тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіретіні белгілі. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы мен өсуінің бұзылуы оның организмін жаңадан қалыптаса бастаған кезде пайда болады. Балалардың көпшілігінде ондай бұзылу 1-2 жас шамасында, яғни организм әлі қалыптасып, жетілмеген мезгілде болады.

Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болғандықтан, аномальды балаларды зерттеу қиындай түседі. Мысалы, есту мүшелері, көзі зақымданады, балаланың қимылында, жүріс-тұрысында иекемсіздік байқалады, орталық жүйке жүйесі және т.б. қызметі бұзылады. Ондай бұзылудың қайсысы да баланың өсіп-дамуына өз тарапынан әсер етеді.

Аномальды балалар біздің елімізде жылдан-жылға азаюда. Жұқпалы ауруларды профилактикалық емдеу әдістерімен жолға қою арқылы елімізде балалардың денсаулығы жақсарып келеді.

Дефектология көптеген ғылымдармен байланысты. Дефектология аномальды балалардың психологиялық ерекшеліктерін білу мақсатында жалпы психологияға сүйенеді. Дефектология мен педагогиканың алдына қойған мақсаттары бір бағытқа негізделген, сондықтан олар мына мәселелерді шешеді: білім беру әдісінің мазмұны, бағдарлама түзу принципі, арнаулы мектептерге арналып шығарылған оқулықтар, бағдарлама мазмұны, қабылдау ерекшеліктері. Дефектология ғылымы жалпы педагогикадағы білімнің мазмұнына сүйене отырып, аномальды балалардың әр категориядағы мүмкіндіктеріне қарай өздерінің білім беру жүйесін ендіреді.

Дефектология ғылымы медицина, ортопедия, спорттық емдеу, массаж атты салалармен байланысты. Бұл сала қозғалыс аппарат функциясының бұзылуын емдейтін профилактикалық емдеу түрлері. Дефектология өздерінің әдістемелік, әлеуметтік және ғылыми жетістіктері жағынан аномальды балалар дамуындағы теориялық және практикалық жағынан жаңа кезең болып табылады. Өзінің даму кезеңінде дефектология үнемі жаңа ғылыми ізденістермен, жаңалықтармен байыпталып отыр.



Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқытудың мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш білім беретін сыныптар ғана жұмыс істеп қана қоймайды, сонымен қатар орталау және орта білім беретін сыныптар да жұмыс істейді. Дефектологияның зерттеу аймағындағы негізгі мақсаты – аномальды балаларға жалпы білім беру болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер


  1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2008 жылғы 6 ақпан.

  2. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заң». 2002 жыл 23 шілде

  3. ҚР Білім туралы заңы 7.06.1999 ж.

  4. ҚР Білім туралы заңы (толықтырулар мен өзгертулер енгізілген) 15.08.2007 ж.

  5. ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы 9.01.2004 ж.

  6. ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 14.05.2004 ж.

  7. Абдуллина Г. «Арнайы мекемелерге көмек» «Бастауыш мектеп» №4 2005 ж.

  8. Басова А. Г., Егоров С.Ф. «История сурдопедагогики» М., 1984 г.

  9. Белкин А.С. «Нравственное воспитание учащихся вспомогательной школы» М., 1987 г.

  10. Богомолова А.И. «Нарушение произношения у детей» М., 1979 г.

  11. Брёзе Б. «Активизация ослабленного интеллекта при обучении во вспомогательных школах»: пер. с нем. М., 1981 г.

  12. Волкова А.С. «Выявление и коррекция нарушений устной речи у слепых и слабовидящих детей» Ленинград., 1985 г.

  13. «В помощь директору спец. школы» под ред. Кузнецова А. М., 1982 г.

  14. Григорьева Г.В. «Особенности владения невербальными средствами общения дошкольниками с нарушениями зрения» Дефектология. М., 1998 г.

  15. Грищенко Л. Л. «Устранение дефектов речи», «Семья и детский сад» №1 2005 г.

  16. Дуанбай Ж. «Саңыраулардың сағыныш сезімі», «Жас Алаш» №37 2002 ж.

  17. Дульнев Г. М. «Учебно-воспитательная работа во вспомогательной школе» М., 1981 г.

  18. Елубаева Қ. К. «Дайындық сыныбы оқушыларының есту қабілетін дамыту сабағына әдістемелік нұсқаулар» А., 2003 ж.

  19. Ермаков В. П., Якунин Г. А. «Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения» М., 1990 г.

  20. Жарықбаев Қ., Сангилбаев О. «Жантану атауларының түсіндірме сөздігі» А., 2006 ж.

  21. Забромная С.Д. «Отбор умственно отсталых детей в специальные учереждения» М., 1988 г.

  22. Зайцева Г. Л. «Дактилология. Жестовая речь» М., 1991 г.

  23. Земцева М.И. «Обучение и воспитание дошкольников с нарушениями зрения» М., 1988 г.

  24. Зыков С. А. «Методика обучения глухих детей языку» М., 1987 г.

  25. Крайнин В. А., Крайнина З. М. «Человек не слышит» М., 1990 г.

  26. Курбатова С.В. «Профессиональная компетентность педагога - дефектолога» , «Менеджмент в образовании» №3 2007 г.

  27. Лапшин В. А., Пузанов Б.П. «Основы дефектологии» М., 1990 г.

  28. Малдыбаева А.О., Орынбаева Э.Ә. «Дефектология негіздері» Шымкент 2007 ж.

  29. Намазбаева Ж. «Дефектологтың кеңесі» А., 1980 ж.

  30. Намазбаева Ж., Сүлейменова Р. «Дефектологиялық сөздік» А.,1993 ж.

  31. Назарова Л.П. «Методика слуховой работы в школе слабослышащих» М., 1981 г.

  32. Өмірбекова Қ., Серікбаев Қ. «Логопедия» А., 1996 ж.

  33. Петров Ю.И. «Организация и методика обучения слепых ориентировке в пространстве» М., 1988 г.

  34. Плаксина Л.И., Григорян Л.А., «Проблемы воспитания и социальной адаптации детей с нарушением зрения» М., ВОС 1995

  35. Рубинштейн С. Я. «Психология умственно отсталого школьника» М., 1986 г.

  36. Серкебаев Қ. «Менинго-энцефалит ауруының зардабынан ақыл-ойларының даму процестері бұзылып жетілмей қалған балалар», «Ұлағат» №4 2006 ж.

  37. Сивинская М.В. «Обучение неслышащих и слабослышащих учащихся с помощью компьютерных прграмм», «Начальная школа Казахстана» №6 2006 г.

  38. Феоктистова В. А. «Хрестоматия по истории тифлопедагогики»

М., 1995 г.

  1. Филичева Т.Б., Чевелева Н. А. «Логопедическая работа в специальном детском саду» М., 1997 г.

  2. Литвак А.Г. «Тифлопсихология» М., 1995 г.

  3. Еременко И.Г. «Олигофренопедагогика» Киев., 1985 г.

  4. «Аутичный ребенок в быту» под ред. С.А. Морозова. М., 1998 г.

  5. «Специальная педагогика» под ред. М.Н.Назаровой. М., 2000 г.

  6. Венгер Д. «Реабилитация детей - инвалидов» М., 1995 г.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет