Шко. Көкпекті ауданы. Қарамойыл ауылы Ю. Гагарин атындағы бастауыш мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі Зияданова Сара Нурахмановна Тақырыбы



бет3/4
Дата16.07.2023
өлшемі110,5 Kb.
#179466
1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие сағаты Қазақстан мәдениеті

Ясауи кесенесі
Түркістан - Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан - руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қ. А. Иассауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрынғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен. Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет Иассауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы.Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.
Маңғыстау жерасты мешіті
Бекет Ата жер асты мешіті- Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет