Школа будущего



бет1/5
Дата21.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#112715
  1   2   3   4   5
Байланысты:
14 апта жаратылыстану

Ғарышқа саяхат. Қазақстанның ғарышкерлері.


Орындаған: Камиденова Ажар

4

1

2

3



Жер шарының айналу білігінің (ось) оның беткі бөлігімен түйісетін нүктелерін географиялық полюстер (оңтүстік және солтүстік) деп атайды. Полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы өтетінін білесіңдер. Соңғы жылдардағы зерттеулер Жер шарының географиялық полюстері біртіндеп ығысатынын дәлелдеп отыр, ығысу жылдамдығы жылына 10 см-ге тең.

Ғалымдар географиялық полюстердің орын ауыстыруына ғаламшардағы салмақ күшінің өзгерістері әсер етеді деп болжайды. Мәселен, мұздықтардың еріп, Дүниежүзілік мұхитқа қосылуы; жерсілкінулер нәтижесінде жер қыртысының қозғалысқа келуі; литосфералық тақталардың жылжуы географиялық полюстердің ығысуына себепші болуы мүмкін.

Географиялық полюстерден басқа Жер шарының магнитті полюстері болады. Жердегі магнит өрісі шамамен 3,5 млрд жыл бұрын пайда болған, бұл уақыт аралығында магниттік полюстер бірнеше рет орын алмастырған. Жердегі магнит өрісі әсерінен атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы (100 км биікте) сиреген ауаның жарық шашуын полярлық шұғыла деп атайды. Бұл ғарыштағы ұсақ бөлшектер мен ауа құрамындағы заттардың Жердің магнит өрісінде өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады. Бұл заттардын ағыны магниттік полюстер арасын қамтып, полюстер маңында тұтасады.

Өз білігінен айналуы және соның нәтижесінде пайда болатын ішкі айналу күші әсерінен Жер полюстер маңында қатты сығылады. Сондықтан оның экваторлық радиусы полярлық радиустан 21,4 км артық, осындай полюс маңында сығылған шар сфероид немесе эллипсоид деп аталады. Бұл өлшем бойынша экваторлық радиус — 6378,2 км, полярлық радиус — 6356,8 км, меридиан ұзындығы — 40008,5 км, экватордың ұзындығы — 40075,7 км, жер бетінің жалпы ауданы — 510 млн км2.

Жер туралы түсінік




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет