ШқО, Алтай қаласы №9 орта мектеп химия пәнін белсенді оқытудағы мүмкіндіктер мен жаңартылған білім аясындағы тың Әдіс-тәсілдер



бет24/39
Дата23.08.2020
өлшемі226 Kb.
#76631
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
Химия

Оқыту әдістемесінің салалары.

Жаңаша оқыту деген мәселе оқу жүйесін мүлдем өзгерту, бүкіл мазмұнды жаңарту емес. Бар дүниені тірек етіп, соның мазмұнын толықтыру, жаңаша қарап жаңарту, жаңаша оқыту. Жалпы, оқыту әдістемесінің үлкен екі саласы бар. Оның:

1) Педагогиканың дидактика мәселелері.

2) Оқытылатын негізгі обьектілер.

Оларға бұл тараптан тілдің теориялық салалары жатады. Бұл мейлі таза тереңдетілген қазақ тілі болсын, мейлі басқа тілді аудиторияда оқытылатын қазақ тілі болсын немесе ауызекі сөйлеу, тіл дамыту болсын т.б.

Міне, осы обьектілердің қайсысын болса да, оқыту барысында дидактиканың жалпы мәселелеріне сүйенеді. Ал оларға не жатады? Оның негізгі жататын обьектісі сабақтың тақырыбы деп алатын болсақ, енді сол тақырыптың ғылыми мақсатын қою мәселесі ойластырылады. Ол сабақтың біліктілігі, ал тақырыпқа келетін болсақ, оның обьектісі немесе өзіндік белгілері алынады. Яғни, енді әдістемелік жағы бойынша бұл тақырыптың мазмұнынан нені білгізу, неге көңіл бөлу, нені анықтау керек екенін оқытушы анықтап ойланады. Негізгі көңіл бөлетін мәселелерді тақырыптан тауып белгілейді. Сабақтың ең негізгі мақсаты мен міндеті де осы болады. Мақсаты мен өзіндік белгісінен кейін қалай оқыту, немен оқыту технологиясын қарастырылады. Сонымен сабақтың негізгі мақсатын қоюдың үш кезеңі де анықталады. Бұл жерде сабақ мақсатының қалған екі түріне (дамытушылығы мен тәрбиелілігіне) тоқталмай-ақ қоялық, ол баршасына белгілі мәселе, бізде практика жүзінде тақырыптың мақсатын қоюда ғылыми біліктілігіне нақты көңіл бөлмей, тек үстіртін және жалпылама түрде ғана жүріп жататыны бүгінге дейін бар. Сондықтан бұл жерде тек сабақтың ғылыми мақсатын қою ғана әңгіме етіледі. Келесі мәселе, қойылған мақсатты орындау үшін не істелінуге тиіс, қалай оқытуға, түсіндіруге болады деп оқушылардың ақылына ғылыми жағын ұялатудың, түсіндірудің жолдары ойластырылады. Мақсат қоюдың ең негізгі тақырыптың ғылыми өзіндік белгілерін анықтап көрсету болып келеді де, соны түсіндірудін жолын іздестіру болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет