Қазіргі күнде Ұлттық Ғылым академиясының Тарих, Археология және Этнография институтына, Республикамыздың бірнеше мектептері мен Алматыдағы №12 қазақ орта мектебіне, кеңшарларға, ауыл-селоларға, көшелерге Ш.Уәлиханов есімі берілген. «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел».
1969 жылы биіктігі 8 метр, тұғыры габбрс тасынан өрілген, Ұлттық Ғылым академия ғимаратының бас корпусына қаратып орналастырылған Шоқан ескерткіші қоладан құйылды. Ал Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі биіктігі 4234 метрлік шыңға да ұлы ғалым есімі берілді.
Шоқан жайлы алғашқы фильм 1957 жылы түсірілген. 1985 жылы Асанәлі Әшімовтың жетекшілігімен «Шоқан Уәлиханов» атты 4 сериялы телевизиялық көркемфильм жасап шығарылды. Онда Шоқанның 12 жасынын өмірінің соңына дейінгі тағдыры қамтылған. Шоқан роліндегі Сағи Әшімовтың таланты айдан анық көрінді.
Мүсіндеу өнерінде Шоқан образы айтулы дәрежеде өз шешімін тапқан. Мысалы: Шоқан Уәлихановтың Алматыдағы ескерткіші.
1 – жүргізуші: Дастан
Ия, айта берсек, Шоқан таусылмайтын жыр, сарқылмайтын сыр. Халқымыздың ұлы перзенті, өз елінің теңдігі мен өрлеп дамуы, елдік дәрежесі туралы армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асырып, егеменді еліміз дүниежүзілік өркениетті елдердің қатарында тұрғанын мақтанышпен айта аламыз. Еліміздің шоқтығы биіктей түссін, Шоқандай жастар арқылы көркейіп, гүлдене берсін! Төлендин Жантөре «Алға, Қазақстан!» әні