5)Топырақ жамылғысы құрылымының микро, мезо және макрокомбинациялары туралы түсініктеме беріңіз. Жауап: Жер бедерінің өзгешелігіне, аналық тау жынысының қасиеттеріне және басқадай жағдайларға байланысты топырақ жамылғысы құрылымы микро, мезо және макрокомбинациялар құрап, топырақ жамылғысы құрылымының белгілі бір түрін қалыптастырады.
Микрокомбинацияларұсақ ауданды (бірнеше немесе ондаған шаршы метр) ЖТА-ның кезектесіп орналасуымен сипатталады. Көбінесе ол жер бедерінің ұсақ өзгешелігіне байланысты.
Мезокомбинациялар ірілеу ауданды ЖТА-мен микрокомбинациялардың кезектесіп орналасуымен сипатталады. Олар жер бедерінің орташа өзгерістерімен немесе аналық тау жынысының кеңістікте өзгеруімен сыбайлас.
Макрокомбинациялар - мезокомбинацилардың жер бедерінің ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Тазабеков Т.Т. ж.т.б. Топырақтар географиясы. А. 2000
2.Тайжанов Ш.Т. ж.т.б. Топырақтану және геология негіздері. Астана, 2008.
3. Кабышева Ж.К. Топырақтану. Алматы,2013
4. http://rmebrk.kz/bilim/kabysheva-topyraktanu.pdf
5. https://malimetter.kz/alemnin-topyrak-kartasy/