МҚТӘ-23
М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» шығармасындағы мезгіл және уақытты білдіретін сөз тіркестері және қолданылу ерекшелігі
Мағжан Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» шығармасында әсіресе уақыт мезгілге байланысты сөз тіркестерін кһркем түрде өте ұтымды қолданған. Төмендегі мысалдармен келтірсек:
Шолпан Сәрсенбайға шыққан жылы өзіндей жас келіншектермен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой»,– деп аузымен ғана айтушы еді.
Шолпан шынында бастапқы жылы бала керек қылмады.
Күншығыстан ақ жібектей таң атып келе жатқан мезгілде, өзге адам сәждеге құлап, маңдайын топыраққа былғап, тасқа ұрып, Тәңірден бақытты тұрмыс, өшпес бақыт, кетпес байлық, әсіресе бала сұрайтын кезінде, Шолпан күрсіне-күрсіне, Жасағанға: «Бала бере көрме!» – деп жалынып еді.
Бірін-бірі қуалап ай соңынан ай озды, бірін-бірі жетелеп жыл соңынан жыл озды, не керек, Шолпанның «бала болмасын» деген ойы бекігеннен бекіді.
Сонда күздің келгенін адам екі-үш ай бойына сезіп жүрмейді. Бір-ақ уақытта, айталық, бір-ақ түнде әжімді жүзі жылауық күздің келгенін сезіп қалады.
Ұршыққа оралған жіптей басыаяғы жоқ қыстың ұзын кеші еді.
Нұржанның үйінде Сәрсенбай ұзақ отырып, қайтуға шыққанда, ауылдың бәрі-ақ жатып қалған еді.
Үш жыл бойына созылған есалаң тілек. Әлдеқайда алыста бұлдырлап келе жатқан кәрілік.
Қыстың ұзын түні шайтанның шашындай ұзайғаннан ұзайды.
Күншығыстан ағарып алтын таң атып келе жатқанда, Шолпан болар-болмас күбірлеп: «Жасаған-ау, бала бере гөр!» – деп, жас балаша өксігін баса алмай, Жасағаннан бала сұрап жатыр еді.
Өмірдің әрбір минуты сайын Шолпан ойының, Шолпан жанының әрбір ұшқыны өліп жатты
Бес жылдан бері Шолпанның жүрегіне түскен жара мәңгі жазылмайтын жара болғаны ма?
Шолпанның осы күнәлі ойлармен уланып, ыстық жасқа шомылып жатқаны Сәрсенбайға тигенінің сегізінші жылы еді...
Шаршы түс мезгілі.
Сол уақытта ақ отауының алдында күнге жылынған мысықтай керіліп Шолпан отыр еді
Үш айдан бері аруақтай артынан қалмай жүрген күнәлі ойларын ойлап отыр еді
Ұршыққа оралған жіптей бас-аяғы жоқ ойлардың дәл осы жеріне келгенде, Шолпанның ерні күлгендей болды
Таң ағарып келеді...
Талай түндерде мынау түйінді шешу үшін қасіретпен сарғайған Шолпан талай ой теңізіне кірсе де, ой түбіне жете алмады
Сентябрь жұлдызының соңғы күндері. Ауыл қыстаудың ғана алдында отыр. Салқын түн
Қожаның аузынан мынау сөз шығар-шықпаста-ақ, бесалты қатын жаңа есін жинап келе жатқан Шолпанды сүйрелеп ала да жөнелді... Сентябрьдің салқын түнінде қараңғы шорам үйде бесалты қатын тырдай жалаңаш шешіндіріп, сүйемелеп ұстап тұрғанда Шолпанның шала-шарпы есі бар еді. Тап сол секундта Шолпанның миында бүкіл өмірі нажағайдың отындай жарқ етіп өтті...
Ертеңіне түс кезінде Шолпан күшпенен көзін ашып, сыбырлап: – Балам қайда? Әлгі неге келіп бір көріп шықпайды?– деді де, көрпенің бұрышын құшақтағандай болып, ерні беубеу дегендей қимылдап, сұлық болып тағы талып кетті... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Күнмен таласа Шолпан да өмірімен қоштасты.
Әңгіме сол кездің жалаң үгіті мен насихатына еш мойын бұрмаған, шағын жанрдың нағыз көркем үлгісін көрсететін шығарма. Әсіресе Мағжанның адам жанының психологиялық қатпарларын шынайы ашып берген , нәрі мол , қуаты күшті, айшықты жазылған «Шолпанның күнәсі» әңгімесі қазақ прозасына жаңа бағыт сілтегендей болып еді. Бала үшін бақытын құрбан еткен келіншектің ішкі рухани дүниесі оқырманның көз алдына ап-айқын елестейді.
Шығармадағы автор сөздерінің терең философиялық мәні бар. Әйел жанын терең зерттеп, әйел тағдыры жайлы тақырыпты көтерген: «Теңіз терең емес, әйелдің жаны терең. Жеті қабат жер астындағы нәрсені білуге мүмкін, бірақ әйел жанының мінезін білуге мүмкін емес. Бір қарасаң, әйел – бала, күйерін білмей отпен ойнайды. Әйел – ердің тәңірісі, жарата да алады, жоқ қыла да алады, сүйдіре де алады, күйдіре де алады. Әйел – ердің құлы, табанының астында топырақ болады, ердің көлеңкесіне айналады, өзі жоқ болады. Әйелдің аруағы басса, ер күйеді, жанады. Бірақ өзінің жеке бір адам екендігін ұмытпайды, жоймайды. Ердің аруағы басса, әйел адамдықтан шығып, жоққа айналады. Есінен айырылады. Тілі байланады. Әсіресе әйел бұзық жанды болмаса»
Сондай-ақ Шолпанның күнәсін оның ғашықтығымен ақтап алады, «Ғашық адамға Құранның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан!»
Достарыңызбен бөлісу: |